М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет173/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мысалы, К.Д. Ушинскийдің «Наблюдательность» 
деген әңгімесін «Үнді» («Индиец») деп берді. 
Орыс жазушысының «Ворона и рак» деген 
әңгімесі Ыбырай Алтынсаринде «Қарға мен құрт» 
(«Ворона и червяк») болды; Л.Н. Толстой жазған 
«Царь и рубашка» атты орыс ертегісі Ыбырай 
Алтынсаринде «Бақытты адам» («Счастливый 
человек») болып алынған еді. Осы әңгімелердің 
аттарындағы айырмасы олардың ішкі мазмұнымен 
байланысты. Мысалы, Л.Н. Толстой жазған 
әңгімеде бір патша ауырып жатып: «Мені осы 
науқастан емдеп жазған адамға патшалығымның 
тең жартысын сыйлар едім», - дейді. Ал
Ы. Алтынсарин осы оқиғаны өзінше шертеді: «Бір 
патшаның әйелі (ханымы) ауырып қалады. Толып 
жатқан тәуіптер (дәрігерлер) шақырылады. Бәрі 
жабыла емдеп, бірақ ауру әйелді жаза алмайды. 
Осыдан кейін патша бақсы-балгерлерді жинап 
алады да: «Ей, бақсы-балгерлер, ханымды кеселді 
дертінен айықтыратын дәрі іздеп табыңдар, егер 
таба алмасаңдар бәріңді де қырып-жоямын» - деген 
бұйрық береді.
Осы авторлардың екеуі де өз ортасын өте 
жақсы ұғады, халқының салт-санасын жете 
түсінеді. Мысалы, Л.Н. Толстойдың патшасы 
ығы-жығы жоқ қу және шексіз мырза, ол жалынып-
жалбарынады, өлердегі сөзін айтып өтінеді, тіпті 
патшалығының жарым-жартысын сыйламаққа уәде 
береді. Ал Ы. Алтынсариннің патшасы – жүгенсіз, 
бетімен кеткен дозақы, шығыстың ауыздықсыз 
деспоты. Ол өтінбейді, қорқытады, «табаныңнан 
тұр», - деп бұйырады.
Ы. Алтынсариннің «Байлықты пайдаға асыру» 
деген әңгімесі Л.Н. Толстойдың «Петр І и мужик» 
(«Петр I мен мұжық») атты әңгімесіне байланысты. 
Бұл әңгіме «Азбука» деген оқулықта (екінші 
кітабында, СПб., 1872) жарияланды. 
Ы . А л т ы н с а р и н н і ң « Ж а л қ а у » 
(«Неряшливость») әңгімесі В.И. Дальдің 
«Нечистоплотный крестьянин» деген әңгімесіне 
ұқсайды. Алайда араларында айырмасы да бар. 
Мысалы, В.И. Дальдің кейіпкері жалқау Иван, ал 
Ы. Алтынсаринде – еңбекқор, жақсы жігіт, ұлты 
мешер (татар) Керім.
Қ а з а қ ж а з у ш ы с ы , а ғ а р т у ш ы с ы
Ы. Алтынсаринге И.А. Крыловтың, Л.Н. 
Толстойдың, В.И. Дальдің және орыс елінің 
көрнекті педагогтары К.Д. Ушинскийдің, 
И.И. Паульсонның тигізген әсері ұшан-теңіз. 
Мысалы, И.А. Крыловтың «Ворона и лисица»,
К.Д. Ушинскийдің «Коза и лисица», Л.Н. 
Толстойдың «Визир Абдул» деген мысалдарына Ы. 
Алтынсарин «Жақсылық пен жамандық» деп бір-ақ 
ат қояды. И.И. Паульсонның «Петр Великий под 
судом» деген мысалын Алтынсарин «Ізгі бала»,- 
деп алыпты. Тізе берсек мұндайлар көп-ақ екен.
Ы. Алтынсарин өлгеннен кейін оның досы 
профессор Н.К. Ильминский бастаған біраз 
авторлар бірігіп, 1891 жылы «Воспоминания 
об И.А. Алтынсарине» атты кітап шығарды. 
Орыс-қазақ мектебінің мұғалімі Н. Иванов Ы. 
Алтынсариннің «Бай баласы мен кедей баласы» 
деген әңгімесін орысшаға аударды. Әңгімедегі 
кейіпкерлердің аттарын қойды да, «Асан мен Үсен» 
деп жазды. Бұл әңгіме («Асан и Усен») 1890 жылғы 
«Родник» журналында жарық көрді [2, -Б. 186-195]. 
Абай XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің 
атақты ақын-жазушылары: А.С. Пушкиннің, 
М.Ю. Лермонтовтың, М.Е. Салтыков-Щедриннің, 
Н.А. Некрасовтың, Л.Н. Толстойдың, т.б. 
Шығармаларын оқыды. Бұларды тек өзі біліп, 
үйреніп қана қойған жоқ, Крыловтың, Пушкиннің, 
Лермонтовтың өлеңдерін өзінің ана тіліне аударып, 
қазақ халқын орыс мәдениетімен таныстырып, 
оның сана-сезімін оятты. 
Абай орыс классиктерінің көптеген өлеңдерін: 
Крыловтың «Қарға мен түлкісін», «Шегіртке 
мен құмырсқасын», «Өгіз бен бақасын», «Есек 
пен бұлбұлын», т.б., Пушкиннің «Евгений 
Онегин» романының үзінділерін, Лермонтовтың 
«Жалауын», «Қанжарын», «Теректің сыйын», 
«Бородиносын», «Ойын», т.б. аударды. Абайдың 
бұл аудармалары күні бүгінге дейін өзге тілден 
аудару техникасын, мәдениетін меңгеруде 
ақындарға үлгі-өнеге болып отыр.
Орыстың ұлы ақындарының асқан шеберлігін, 
ой-пікір тереңділігін, осыдан туған бай мазмұнды, 
өршіл идеяны, өлеңдегі қуатты күш пен көркемдік 
бояуды бір кемітпей, солғындатпай, дәл жеткізу 
Абай аудармаларының негізгі ерекшеліктері болып 
табылады. Оның үстіне аударма екенін білдіртпей 
тұратын, тілге, ұғымға жеңіл мінсіздік те Абай 
аудармаларына тән қасиет.
Орыс классиктерін аудару үстінде Абайдың өзі 
де шарықтап өсті. Оның бойына орыс ақындарының 
әсерімен сіңген тамаша қасиеттердің басқасын қоя 
тұрып, тек бірден көзге түсетіндерін ғана айтсақ: 
Абай, алдымен, Пушкин поэзиясының мұхиттай 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет