Мақалалар, баяндамалар жинағы



жүктеу 4.98 Mb.

бет3/45
Дата22.12.2016
өлшемі4.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Мемлекеттік тіл қандай мүмкіндік береді?

* Бірінші пікір: «Ешқандай өзгерістің қажеті жоқ, бәрі тамаша» 

дегене сақтық қана.



* Екінші пікір: «Мемлекеттік тіл статусы етіп қазақша-орысша 

қостілділікті тану». Бұл пікірді ұсынып отырғандар негізінен, ақын-

жазушылар қоғамы. 



*  Үшініші  пікір:  «Қостілді  мемлекет  тілінің  құрамында  қазақ 

тілін мемлекеттік тіл ретінде тану».

Тіл  проблемасы  қайта  құру,  жаппай  жаңғыру,  түлей  түрлену 

мезетінде  алдымызға  айрықша  толғаныспен  қойылып  отырғаны 

бұлтартпас шындық. Халық, кең ауқымдағы мәселені бір жаққа бұра 

тартпай,  барша  байыбымен,  ой-тілекті  әбден  пісіруімен,  жан-жақты, 

мейлінше  әділеттілікпен  кеңесіп  пішуді,  нақты  шешімге  келуді 

қажетсінеді. Осы орайда мемлекеттік тіл жай-жапсарына байланысты 

журналымыздың жүздеген мың оқырмандарының тілек-сұраныстарын 

ескеріп,  одаққа,  шетелге  белгілі  тіл  маманы,  Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясы  Тіл  білімі  институтының  директоры,  Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор 

Әбдуәлі  Туғанбайұлы  Қайдаровпен  жүргізілген  ашық  пікір  алысуды 

назарларыңызға ұсынып отырмыз.

–  Әбеке,  әңгіме  басын  республикамызға  (республикаларға) 

мемлекеттік тіл қажет пе деген төтен сауалдан бастасақ қайтеді?

– Бұл сауалға «керек» десең де, «керегі жоқ» десең де елге түсінікті 

болып шықпайды. Өйткені оның сан алуан себептері мен өзіндік мән-

мағынасы бар. 

Болмыстағы  нақтылы  көрініс  «Тілге  байланысты  теңдік,  тең 

праволылық,  еркіндік  іс  жүзінде  қалай  орындалып  келеді»  –  деген 

сұраққа  итермелейді.  Лениндік  принцип  тұрғысынан  бүгінгі  ұлт 

тілдерінің жағдайын көңіл тоярлық деуге бола ма? Анығырақ айтқанда: 

әрбір ұлт өкілі өз баласын өзі қалаған тілінде (бала жасынан) оқытып, 



28

тәрбиелеуге толық мүмкіншілігі бар ма? Немесе, әркімнің өз ана тілінде 

оқып, қалаған мамандығы бойынша білім алуға толық мүмкіндігі бар 

ма, өз республикасындағы кез келген мәдени орында, жиналыс-жиында, 

өндіріс саласында өз тілінде сөйлеп кетуге хұқы бар ма?

Міне,  бұл  сұрақтардың  бәріне  бірдей  бас  изеп,  «иә»  деп  шұлғып 

жауап берудің реті жоқ сияқты. Өйткені ұлт тілдерінің, соның ішінде 

қазақ тілінің нақтылы жағдайы да оған жар бермейді. Ана тілін болашақ 

ұрпаққа  аман  сақтап  қалу  арманы  талайдың  ойын  оятып,  санасын 

сергітіп отыр. Осы бір рухани өмірдің жалғастығы үшін ішкі күрестің 

шарықтау шегі, міне, қайта құру дәуірімен қабаттаса, қарбаласа келіп, 

әрбір ұлт пен ұлыс өз тілін тіпті мемлекеттік тіл биігінен көруді көрсетіп 

отыр!

–  Енді  осы  талап-тілек  қаншалықты  орынды-орынсыз  екенін 

бағамдау үшін оның себеп-салдарына үңіліп көрсек болмас па?

–  Себептердің  ең  бастысы  –  лениндік  ұлт  саясатының  тамаша 

принциптерінің  ұзақ  жылдар  бойы  әртүрлі  жағдайларға  байланысты 

өрескел бұрмаланып, орталықта да, ұлт аймақтарында да деформацияға 

ұшырап келуінде болып отыр. 

Шынымен-ақ  осындай  жағдай  болды  ма?  Ол  рас.  Мәселен,  1926 

жылғы  халық  санағы  бойынша  елімізде  өмір  сүретін  194  үлкенді-

кішілі ұлт, ұлыс және этностық топтар хатталып қағазға түскен екен. 

Ал  енді  жарты  ғасырдан    кейінгі,  яғни    1979  жылы  өткен    санақтың  

ресми хабарына қарасақ, 194-тің тек 101-ғана қалыпты. Сонда қалай, 93 

тілде сөйлеуші халықтың із-түзсіз жоғалып кеткені ме? («Коммунист» 

журналы,  1988.  16  номерін  қараңыз).  Осы  бір  айғақты  бәз  біреулер 

жасырып-жапқысы келсе, енді біреулер «айыптың» барлығын сол кездегі 

(1926 ж.) санақ жүргізушілердің тәжірибесіздігіне аудара салғысы бар. 

Бірақ мұның да көп қисыны жоқ. Өйткені, 1897 жылы өткен санақта да 

Патшалық Россияда «146 тіл және наречие» бар деп көрсетілген еді (Бұл 

да сол журналда айтылған).

Ал  Сібір,  Қиыр  Шығыс  өлкесін  мекендеп  келе  жатқан  саха 

(якут),  хакас,  шор,  тува,  тоф,  алтай,  сібір  татарлары  т.  б.  түркі  тілдес 

халықтардың көңілді алаңға бөлейтін жай-жапсарлары тіпті мүшкіл.

Осы тектес тағы бір мысал келтірейік. Мәселен, еліміздегі жүзден 

астам дербес халықтар мен ұлыстардың бүгінгі таңда 78-нің ұлт жазуы, 

яғни жазба әдебиеті бар екен (Профессор С.Бруктың айтуынша бүгінде 

ол  75  шамалас  болып  шықты.  «Известия»,  11.01.89.).  Демек,  қалған 

тілдік топ тар әліге шейін ұлттық жазу-сызудан мақұрым деген сөз ғой. 


29

Оған  да  шүкіршілік!  Бірақ  осы  жазуы  бар  халықтарымыздың  бұдан  он 

жыл бұрын тек 55-інің ғана өз балаларын ана тілінде оқытып тәрбиелеуге 

мүмкіншілігі болған. Ал қазіргі жағдай одан да мүшкіл, 55 деген сан 39-

ға  дейін  күрт  түсіп  кетіп  отыр.  Демек  біз  30-шы  жылдардың  басындағы 

деңгейден  де  төмен  құлдилап  кеткенбіз.  Сонда  бұл  құлдыраудың  себеп-

сыры неде болғаны?!

В.  И.  Лениннің  «Ұлттардың  өзара  жақындасуы  және  тіпті  бірігуі» 

деген  тезисін  көбіне  тіл  аясына  ауыстырып,  «ұлт  тілдерінің  бірігіп, 

түбінде бір тілге айналуына мезгеп отыр» деп топшылап елді шатастырып 

келдік. Осы орай да И. В. Сталиннің «Марксизм және тіл білімі» (М.,1951) 

деген  орашолақ  еңбегі  де  есімізге  түседі.  Ол  өзінің  А.  Холоповқа  берген 

жауабында:  «Ұлттардың  экономикалық,  саяси  және  мәдени  өзара  ұзақ 

қарым-қатынасының нәтижесінде алдымен әбден байыған бір тұтас аймақ 

тілі  бөлініп  шығады,  одан  соң  олар  жержүзілік  жалпы  бір  тілге  барып 

саяды...» (сол еңбектің 52-бетінде) деген болатын. Жасыратыны жоқ, күні 

бүгінге дейін кейбір ұлт өкілдерінің ана тіліне енжарлықпен қарап, «Ана 

тіліміздің  алдында  жарқырап  тұрған  болашағы  жоқ,  бас  қатырып  оған 

балаларды  үйретудің  қажеті  не,  қазірден-ақ  бір  тілге  ауыса  берейік»,– 

дегендей пиғыл танытуы соның салдары болса керек.

Бұған  қосымша  кейбір  ғалымдардың  кейінгі  кезде  ұлт  тілдерінің 

әлеуметтік жағдайын, қолданыс шеңбері мен қоғамдық қызметін анықтауға 

байла нысты  оларды  өзара  «болашағы  бар»,  «болашағы  шамалы»  және 

«болашағы жоқ» деп жіктеп, «көріпкелділікке» салынуын да құптарлық іс 

деп қарауға болмайды. Тілдің қатыспайтын жері жоқ. Ол сайып келгенде 

экономикалык,  саяси-әлеуметтік,  мәдени-рухани  өміріміздің  барлық 

саласына,  демо графия,  миграция,  урбанизация,  ғылым,  ағарту  ісі  т.с.с. 

толып жатқан құбылыстардың камертоны болып саналады!



–  Бірақ,  «қазақ  тілін  мемлекеттік  дәрежеге  көтерудің  нендей 

қажеттігі  бар?»  деушілер  әр  ортадан  шығып  қалмағы  кәміл.  Ендеше 

қажеттіктен туып, ғылымға берік негізделген жауабымыз болуы керек 

сияқты?

  Бұл  үшін  қазақ  тілінің  тікелей  өз  басына  байланысты  кейбір 

кінараттар  бетін  де  аша  кеткен  жөн.  Ана  тіліміздің  қоғамдық  қызметін 

тарылтқан себептер сан алуан. Солардың бірі – «сол тілде қазақ этносының 

қаншасы  сөйлеп  келді,  сөйлейді  және  болашақта  сөйлемекші?»  –  деген 

сұраққа жауап.

Алдымен қоғамдық қызметі деп нені ұғамыз? Жан-жақты дамып, 

өркендеп-өскен  тілдердің  ғылымда  30-дан  50-ге  дейін  әлеуметтік 


30

қызметі  бар  екені  анықталған.  Орайы  келгенде  осыған  қарай  бір  мысал 

келтірейік. Финляндияда конституцияға сай фин және швед тілдері 1919 

жылдан тең хұқықты мемлекеттік тіл болып сана лады. Демек халқының 

тек 6 проценті ғана сөйлейтін швед тілінің правосы фин тілімен теңгерілген. 

Мемлекеттік  мекемелердегі  –  ресми  қатынас  қағаздар,  банктегі  есептер, 

түрлі  документтер  жүргізу,  мектепте  және  жоғары  білім  беру  жүйесінде 

оқыту, диплом мен диссертация қорғау, әлеуметтік және мәдени орындарда 

қызмет көрсету, көше, жер атаулары хабарларының барлығы да бірін-бірі 

өгейсітпейтін, кемсітпейтін екі тілде қатар, тең атқарылады, орындалады 

екен.

Партия  мен  үкіметіміздің  арнайы  қазақ  және  орыс  тілдерін  үйрену 



туралы  қаулысы  бола  тұра,  кос  тілділік  әлі  кібіртіктеп  отыр.  Сақтық 

кассасы, почта қатынасы қағаздарын, анықтама, жарнама т.б. қазақшалауға 

толық болады ғой? Ендеше оған кедергі келтіріп отырған не?

Тоқырау  жылдарында  Алматы  облысы  бойынша  жабыла-жабыла 

200  қазақ  мектебінің  67-і  ғана  қалыпты.  Ал  250  мың  халқы  бар  Шығыс 

Қазақстан  облысында  да  үш-ақ  қазақ  мектебі  бар,  онда  417  бала  оқиды. 

Ал  қазақ  тілінің  қоғамдық  қызмет  өрісін:  көркем  әдебиет,  баспа,  радио, 

телевидение,  театр,  бала  оқыту  тілі,  өзара  қатынас  құралы  тілі  ретіндегі 

қызметтері  т.б.  деп  термелеп  айтсақ,  10-нан  аспай ды  екен.  Оның  үстіне 

балабақша тілі, мамандар дайындау тілі, ғылыми-техника тілі т.б. ретіндегі 

қызметін толыққанды дей алмаймыз.

 «Қазақ тілінде бүгінде қазақтың қаншасы сөйлейді?» – деген сұрақ 

та  еріккеннің  ермегі  емес.  Демограф  ғалымдардың  (М.  Тәтімов  т.б.) 

зерттеулеріне қарағанда қазақтардың жал пы саны 10 миллиоиға жетіпті. 

Оның республикада тұратындары казір 7 миллионға жақын. Бұдан 10 жыл 

бұрынғы мәлімет бойынша қазақ тілін ана тілім дап санаушы қазақтар 98 

проценттен  асқан  екен.  Байыптап  көрсеңіз,  98  проценттің  шамамен  тең 

жартысы  тілді  мүлде  білмейтін  «ноқайлар»,  ептеп  түсініп,  бірақ  сөйлай 

алмайтын  «төбесі  тесіктер»,  үй  ішінде,  жолдас-жорамен  жүрдім-бардым 

пікір алысатын «қара жаяу», «шалақазақтар» болып шығады. Бұл топты 

толықтыратын  аралас  некеге  тұрғандар.  Ресми  баяндамалардың  бірінде 

бүгінде шаңырақ көтеруші қазақ жастарының 20 проценті солар екендігі 

анықталған. Бұлардың ана тіліне «әсері» қандайлығын түсіну қиын емес.

Енді  ұлттық  жазу-сызу  мәселесіне,  ана  тілде  білім  алу  жүйесінің 

жалғастығына тоқталмай болмайды. Мысалы, 20-30 жылдағы бас-аяғы 15 

жылдың ішінде 3 түрлі (арабша, латынша, орысша) алфавитті ауыстырып 

үлгергенімізде  болып  отыр.  «Онда  тұрған  не  бар?»  –  деуіміз  да  мүмкін. 


31

Жоқ, олай емес! Өткен іске салауат дей отырып, мұндай «өзгерістер» жалпы 

рухани өміріміздегі қол жеткен табыстарымызды жеткен жерінен жаңаша 

жазумен бірге қиып тастап отырғанын әсте жадымыздан шығармалық.

Тіпті сауаты асығыс ашылған шала сауат кешегі біздің қарапайым ата- 

бабаларымызды  былай  қойғанда,  40  жылдан  кейінгі  сауатты  қауымның 

өзі де арабша, латынша жазылған әдеби, тарихи мұрамыздан күні бүгінге 

дейін құралақан. Революциядан бұрын шыққан жарты ғасырлық тарихы 

бар толып жатқан газет-журналдар мен кітаптарды бұрын да, бұдан кейін 

де жастардың қолынан көру қиын болар.

Осы тұрғыдан: «Республикамызға мемлекеттік тіл керек пе?» – деген 

мәселеге  қайтып  оралсақ,  жоғарыда  келтірілген  дерек-айғақтар  саналы 

азаматтардың біразын ойландыратыны анық.

Ал  ұлт  тілдерінің,  соның  ішінде  одақтас  распубликалар  өз  атымен 

аталған  халықтар  тілдерінің  мемлекеттік  статусы  жайлы  тек  кейінгі 

уақыттарда  ғана  Грузияда,  Арменияда,  Әзербайжанда,  ал  бертіңгі  кезде 

Балтық бойы республикаларында айтыла бастады. Содан бері сегіз ұлт тілі 

мемлекеттік статус алып үлгеруі де жасампаз жаңғыруды таныта түскендей.

Бұл мәселе енді Қазақстанда да күн тәртібіне қойылып отыр.

–  «Қазақ  республикасына  мемлекеттік  тіл  керек  пе,  керек  болса, 

қайсы тіл мемлекет тілі бола алады, оның мемлекеттік статусы қалай 

анықталады?»  –  деген  секілді  сұрақтардың  күн  тәртібіне  қойылуына 

мұрындық  болып  отырғандар,  шынын  айту  керек,  қазірше  ғылыми-

творчестволық  интеллигенция  өкілдері  мен  студент  қауымы  ғана.  Ал 

мемлекеттік тіл статусын нақтылы қалыптастыру үшін, тіпті дайындық 

жұмыстарымен  кемінде  2-3  жыл  уақыт  кетерін  бүкіл  әлеумет  болып, 

неліктен сезіне алмай отырмыз?! Халыққа талқылауға неге ұсынбаймыз?!

– Қазақ «тас түскен жеріне ауыр» дейді ғой. Сол сияқты ана тіліміздің 

ауыр жағдайын дұрыс түсіну үшін ең алдымен осы ұлттың шын перзенті 

болып сезіну, түйсіну қажет. Осылай дәл айтуға жүктейтін жағдайлар да 

баршылық. Ұлт мәселесін көтергенді «ұлтшыл» деп айып тағатын уақыт 

кеткен. Ұлт мәселесі мен ұлтшылдықтың парқын XIX Бүкілодақтық партия 

конференциясынан кейін біз де түсіне бастадық. 

Ұлт  өкілі  болмағанның  барлығы  бірдей  оның  жүрек  сезімін,  көңіл 

күйін  сезбейді  десек  қателесеміз.  Жалын  атып  тұрған  ақындық  жүрегін 

қолына алып, ана тілінің сырын да, жырын да ағынан жарылып ақтарған 

қайраткер-патриот ақынымыз Мұхтар Шахановты Қазақстан Компартиясы 

Орталық Комитетінің  бірінші секретары Г. В. Колбин жолдас қалай дұрыс 

түсінді!  Сондықтан  да  сарабдал  басшы  ұлт  өкілдерінің  заң  арқылы  ана 



32

тіліне қажетті праволық гарантияны орнатуға ұмтылған ізгі талабын түсінуге 

болады деген ақ-әділ пікірін айтты.

Әрбір ұлт республикасының өзіндік ұлттық дәстүрі, тілдік ситуациясы 

бар.  Қазақ  тілін  мемлекетттік  тіл  ретінде  ұсынғанда  біз  төмендегі 

принциптерді қатал сақтауымыз керек: Біріншіден, бұл статус тек республика 

территориясындағы  қазақ  халқы  үшін  ғана  бірізділікпен  сақталуы  талап 

етіледі;  республикадан  тыс  туратын  қазақтар  үшін,  тілдің  мемлекеттік 

статусын  қабылдау-қабылдамау,  ұстану-ұстанбау  ерікті;  екіншіден, 

республикада орыс тілі орыс тілдес халықтар үшін ұлттық әдеби тіл, басқа 

ұлттар өкілі, соның ішінде жергілікті қазақтар үшін ұлтаралық қызметін тең 

тіл ретінде атқара бермекші; оның бұл статусы мемлекеттік тіл статусымен 

терезесі тең тұрған паритетті жағдайда қызмет атқармақ; үшіншіден, қазақ 

тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі (функциясы) талғамалы-талдамалы 

талапқа  (избирательно-дифференцированный)  сай,  халықтың  әлеуметтік-

демографиялық  микро-макро-инфраструктурасына  (яғни  халықтардың  аз-

көп, аралас-құралас отыруына) байланысты толық еркіндікті сақтау арқылы 

жүзеге  асырылады;  төртіншіден,  республика  территориясында  жасайтын 

басқа халықтарға өз тілінде оқып білім алуына, қажеттігіне қарай үй; өндіріс, 

мәдениет салаларында толық пайдалануына мүмкіндік жасауды мемлекеттік 

тіл өз статусымен қорғауы керек; басқа ұлттардың өкілдері үшін қазақ тілінің 

статусын қабылдау-қабылдамау ерікті, бірақ барлық жағдайда ол өзіне сол 

халықтар өкілдерінің құрметпен қарауын талап етеді.

Осы сияқты қазақ тілінің мемлекеттік статусына байланысты ережелер, 

талап-тілектер  Тіл  туралы  заң  болып,  Қазақ  ССР-ның  Конституциясына  

еніп, заңды  түрде қабылдануы  керек. Бұл болашақтың ісі, Қазақ ССР Ғылым 

академиясының  жалпы  жиналысының  қаулысында  болашақ  Тіл  ту ралы 

заңның  жобасын  жасау  Тіл  білімі  институты  мен  Философия  және  право 

ииститутына тапсырылып отыр. Әрине, ол Заңның жобасы дәстүрлі тәртіп 

бойынша қалың көпшілік талқылауынан өтуі қажет.



 Біздің бүгінгі әңгімеміз сол үлкен де жауапты істің бастамасы іспетті – 

пікір алысу. Енді қалың көпшіліктің патиқасын күтеміз!



«Мәдениет және тұрмыс», 1989. (Сұхбаттасқан Б.Сапаралин)

Тіл тағдыры – ел тағдыры

–  Әбдуәли  Туғанбайұлы,  бүгінде  тіл  мәселесі  өзекті  проблемаға 

айналып,  күн  тәртібінен  берік  орын  алды.  Өйткені  кең-байтақ 

Отанымызды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бойында ана тілінің 

ертеңіне  деген  алаңдаушылық  сезілмей  қалмайды.  Бірқатар  ұлттық 

33

республикаларымыз  жергілікті  халық  тілін  мемлекеттік  тіл  деп 

жариялай бастады. Ұлт мәселесін шешудегі мұндай үрдістің сыры неде?

– Өйткені, тіл  – әрбір ұлттың баға жетпес байлығы, «халықтың жаны» 

(В. Быков). Сондықтан да Коммунистік партияның Программалары мен 

СССР Конституциясында еліміздегі ірілі-уақты ұлттар мен ұлыстардың 

бәрі бірдей өз ана тілінде сөйлеуге, білім алуға, балаларын тәрбиелеуге, 

сондай-ақ  ана  тілдерін  жан-жақты  дамытуға,  қоғам  өмірінде  кеңінен 

қолдануға  праволы  екендігі  анық  айтылды.  Бұл  –  социалистік  елдің 

ұстанған бірден-бір гуманистік принципінің айқын айғағы болса керек.

Бірақ  болмыстағы  нақтылы  көрініс  қалай?  Лениндік  принцип 

тұрғысынан  бүгінгі  ұлт  тілдерінің  жағдайын  көңіл  тоярлық  деуге  бола 

ма? Анығырақ айтқанда, әрбір ұлт өкілі өз баласын қалаған тілінде (бала 

жасынан)  оқытып,  тәрбиелеуге  толық  мүмкіншілігі  бар  ма?  Немесе, 

әркімнің өз ана тілінде оқып, қалаған мамандығы бойынша білім алуға 

толық  мүмкіндігі  бар  ма?  Өз  республикасындағы  кез  келген  мәдени 

орында,  жиналыс-жиында,  өндіріс  саласында  ана  тілінде  сөйлеуге 

мүмкіндік  туа  бере  ме?  Әрине,  оның  түрлі  объективті  де  субъективті 

себептері  бар.  Тіл  мәселесінің  шиеленісіп,  бүгінгі  таңның  өзекжарды, 

көкейкесті проблемасына айналуы да сондықтан.



– Яғни, қайта құру дәуірінің қанат жаюымен қатар ұлттық сана-

сезімдері  оянған  халықтардың  өз  тілінің  беделін  көтеруге,  тіпті  оны 

мемлекеттік тіл биігінен көруге тілек білдіруі де сол себептерден демексіз 

ғой? Ал енді сол – өзіңіз айтқан объективті де субъективті себептерді 

атап өтіңізші?

– Ұлт тілдерін бұл халге душар еткен себептердің ең бастысы қоғам 

өмірінің күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан байыптап, демократиялық 

жолмен шешуді артық санаған жеке басқа табынушылық, волюнтаристік 

және тоқырау жылдары лениндік ұлт саясатының бұрмалануы. Мәселен, 

мына бір аса өкінішті фактіге көңіл бөлейікші: 1926 жылғы халық санағы 

бойынша елімізде өмір сүрген 194 үлкенді-кішілі ұлт пен ұлыс, этностық 

топтар  хатталып,  қағазға  түскен  екен.  Ал  енді  жарты  ғасырдан  кейінгі, 

яғни 1979 жылы өткен санақтың ресми хабарына қарасақ, 194-тің тек 101-і 

ғана қалыпты. Сонда қалай, 93 тілде сөйлеуші халықтың із-түзсіз жоғалып 

кеткені  ме?  «Мұны  қалай  түсінеміз?»  –  дейді  Е.  Зеймель  «Коммунист» 

журналының  1988  жылғы  15-санында  жарияланған  «Социализмдегі 

халықтар және олардың тілдері» атты ғылыми мақаласында.

Тілге байланысты елге ортақ кінараттардың бірі – осы болса, екіншісі 

– «жойылып кету» тәрізді жағдайға ұшырамаса да, соған жақын тұрған, 


34

жалпы  рухани  өмір  сферасындағы  экологиялық  сырқатқа  шалдыға 

бастаған  аз  санды  халықтар  тілдерінің  жағдайын  жатқызуға  болады. 

Оған біз мысал үшін ежелден Сібір, Қиыр Шығыс, Қиыр терістік өлкесін 

мекендеп келе жатқан хакас, шор, тува, тоф, алтай, сібір татарлары, нивх, 

эскимос, селькуй, саам, манси, ханты,эвенк, ульч, ительмен, ненец секілді 

халықтардың бүгінгі ахуалын еске алсақ та жеткілікті.

Егер біздер, адамдар шын мәнінде өзіміздің гуманистік принципімізге 

сүйеніп, бейбіт әлем астындағы табиғи ортамызды экологиялық апаттан 

қорғауға ұмтылып, құрып бара жатқан теңіз, не жойылу қаупіне ұшыраған 

жан-жануар мен өсімдіктер дүниесі үшін дабыл қағып, оларға «Қызыл 

кітап»  ашып,  шынайы  қамқорлық  жасап  келсек,  ендігі  жерде  адамзат 

тарихында сирек кездесетін қасиетті ескерткіш-феномен – этнос тілдерін 

де түгел сақтап қалу үшін де неге сондай қамқорлық жасамаймыз?!

Біздер В. И. Лениннің ұлттардың өзара жақындасуы туралы тезисін 

көбіне тіл аясына ауыстырып, «ұлт тілдерінің бірігіп, түбінде бір тілге 

айналуын  меңзеп  отыр»  деп  топшылап,  елді  шатастырып  келдік.  Осы 

орайда И. В. Сталиннің «Марксизм және тіл білімінің мәселелері» деген 

еңбегі еске түседі. Ол өзінің А. Хлоповқа берген жауабында: «Ұлттардың 

экономикалық, саяси және мәдени ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде 

алдымен  байыған  біртұтас  аймақ  тілі  бөлініп  шығады,  одан  соң  олар 

жержүзілік жалпы бір тілге барып саяды...» деген болатын. Бұл долбар 

қарапайым халықтың санасына өз салқынын тигізді. Күні бүгінге дейін 

кейбір  ұлт  өкілдерінің  өз  тіліне  енжарлықпен  қарап,  «ана  тіліміздің 

алдында жарқырап тұрған болашағы жоқ, бас қатырып оған балаларды 

үйретудің қажеті не, қазірден-ақ бір тілге ауыса берейік» дегендей пиғыл 

танытуы соның салдары болса керек.

– Сонда қалай, жоғарыда аталған тілге қатысты кінараттарды 

біз бұрын білмей келдік пе, жоқ білсек те білмегендікке салдық па?

– Жоқ біз оны білдік те, сезіндік те. Бірақ ол туралы белгілі себептермен 

бүгінгі демократия мен жариялылық заманына дейін жұмған аузымызды 

ашпай келдік. Оны айтам деп кезінде аузы күйген, арамыздан «аласталған» 

аға буынды көріп өстік. Оны айтқандарға қит етсе болды «халық жауы», 

«ұлтшыл»,  «пантүркист»  деген  «қоңырау»  тағылуға  дайын  тұратын. 

Сондықтан да «бітеу жараның» барлық уыты сыртқа шықпай, ішке кетті...

– Әбдуәли Туғанбайұлы, ендігі кезекте қазақ тіліне тікелей қатысты 

мәселеге  тоқталайық.  Ана  тіліміздің  қадірін,  көпшілік  алдындағы 

беделін  түсірген,  оның  қоғам  өміріндегі  қолдану  аясын  тарылтқан 

қандай-қандай басты себептерді атауға болады?


35

–  Ана  тіліміздің  қоғамдық  қызметін  тарылтқан  себептер  сан  алуан. 

Солардың  бірі  –  «сол  тілде  қазақ  этносының  қаншасы  сөйлесіп  келді, 

сөйлейді және болашақта сөйлемекші?» деген сұраққа жауап.

Алдымен  тілдің  қоғамдық  қызметі  деп  нені  ұғамыз?  Жан-жақты 

дамып, өркендеп-өскен тілдердің ғылымда 30-дан 50-ге дейін әлеуметтік 

қызметі  бар  екені  анықталған.  Ал  қазақ  тілінде  көркем  әдебиет,  баспа, 

радио, телевидение, театр, бала оқыту тілі, өзара қатынас құралы тілі 

ретіндегі  қызметтері  т.б.  деп  термелеп  айтсақ,  олардың  саны  бар-жоғы 

10-нан  аспайды.Оның  балабақша  тілі,  маман  дайындау  тілі,  ғылыми-

техника тілі т.б. ретіндегі қызметін толыққанды дей алмаймыз.

Ана  тілінде  оқып  білім  алудың  жүйелі  де  жалғасты  болуы  –  аса 

қажеттілік.  Ең  абзалы,  баланың  тілі  қазақша  шығып,  тәрбиесі  қазақша 

бала бақшасынан басталған екен. Оны мектепте де, жоғары білім алуда 

да жалғастыру қажет. Олай болмаған жағдайда мектепті қазақша бітірген 

бала  орыс  тілін  жетік  біліп  келмесе,  мамандық  игеруде,  сөз  жоқ,  қатты 

қиналады.  «Жүзден  жүйрік»  дегендей,  олардың  зерегі  мен  зерделілері 

ғана төтеп бере алады да, қалғандары 1–2 курстан кейін үлгіре алмай, не 

ауылдарына қайтады, не қалада қалып жұмыс істейді, не қиналып жүріп 

институтты, әйтеуір, бір бітіреді.

Бұл жағдайды таратып айта берсе, әңгіме көп. Оның тоқ етері, осы 

мәселені республикада заңды түрде шешу қажет. Ауыл шаруашылық, мал 

дәрігерлік,  т.б.  институттарды  бітіріп,  қарапайым  халық  арасына  барып 

қызмет көрсететін жас мамандардың екі тілді бірдей білгені дұрыс-ақ.

Бірақ,  амал  нешік,  бұл  мәселе  бізідің  республикада  күні  бүгінге 

дейін түбегейлі түрде шешілмей келеді. Сондықтан да болар, ұлттық тіл, 

ұлтаралық қатынас сөз бола қалған жердің бәрінде де осы мәселе көлбеңдеп 

алдыңнан шыға береді. Халық арасындағы кейбір түсінбеушілікті, мәселен 

«баламызды қазақша оқытпаймыз, өйткені тілдің болашағы жоқ, оқуға түсе 

алмайды» тіпті «нанын тауып жей алмайды (?!)» деп коллектив атынан хат 

жазатын, алдыңды орағытып, сөйлетпейтін ата-аналардың қаланы былай 

қойғанда,  ауылдан  да  табылатындығын  енді  жасыруға  болмайды.  Бұл 

әлеуметтік құбылысты терең түсініп, дұрыс шешу қажет.

Сөзіміз  дәлелдірек  болу  үшін  кейбір  фактілерге  де  жүгіне 

отырайық. Мәселен, республикамызда тек кейінгі 30 жылдың ішінде 

700-ден астам қазақ мектебі жабылып қалғандығын «Қазақ әдебиеті» газеті 

жазды (ноябрь,1988). Мұншама құлдыраудың себебі не екен десеңіз, жоғарыда 

сөз болған ана тілі негізіндегі жалғастықтың бұзылуы деп жорамалдаймыз.



36

– Осыған орай Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен 

Қазақ ССР Министрлер Советінің қазақ және орыс тілдерін оқып-үйренуді 

жақсарту  жөніндегі  қаулыларының  қабылдануы  аталмыш  мәселенің  оң 

шешім табуына жол ашты емес пе?

– Сөз жоқ, бұл екі қаулы жергілікті ұлт тілі мен ұлтаралық қатынас тілін 

оқып-үйренуді жақсарту ісіндегі игі қадам болды. Жер-жерлерде үйірмелер 

мен курстар ашылды, түрлі сөздіктер мен оқулықтар жарық көре бастады. 

Республика халқының бойында бір-бірінің ана тілін құрметтеу сезімі оянды.

Алайда  бүгінгі  күннің  биігінен  қарағанда,  қаулыларда  көрсетілген 

міндеттердің жүзеге асу қарқыны тым баяу. Оған ең алдымен қалалар мен 

қалашықтарда қазақ тілін үйренген күнде, оны күнделікті өмірде қолдануға 

толық жағдайдың, зәру қажеттіліктің жоқтығы өз әсерін тигізуде. Өйткені 

қалада тұратын қазақтардың бір қатары, әсіресе олардың балалары өз тілінде 

еркін  сөйлей  алмайды.  Сосын  қалаларда  жергілікті  тұрғын  халықтың  сан 

жағынан аз екені де белгілі. 



– Осы орайда Тіл білімі институтының тындырған ісі қандай?

–  Әдетте,  бұл  саладағы  олқылықтарды  сөз  еткенде,  сын  Тіл  білімі 

институтының атына да айтылып жүр. Бірақ ол  бір кезде ғұлама ғалым әл-

Фарабидің тіл туралы ғылымды бірінші орынға қойса, бүгінде ғылымдардың 

арасында соңғы орынды иемденіп, сан жағынан тілші-ғалымдардың Ғылым 

академиясындағы  барлық  ғалымдардың  бір-ақ  процентін  құрайтынын 

білмеушіліктен  туған  пікір  болса  керек.  Сондай-ақ,  Тіл  білімі  институты 

тілдердің  практикалық  қолданылуы  бағытындағы  жұмыстармен    ғана 

емес,  негізінен  тілдің  фундаментальдық  ғылыми  проблемаларымен 

шұғылданатынын да ұмытпайық.

Ал  енді  тындырған  іске  тоқталсақ,  ортақ  іс  үшін  Институт 

қызметкерлерінің  аянып  қалған  жері  жоқ.  Тек  биылғы  жылдың  өзінде 

баспаға жиырмаға жуық еңбек тапсыруды жоспарлаған едік, ол ойдағыдай 

орындалуда. Солардың бірі таяуда жарық көрген қазақ тілінің орфографиялық 

сөздігінің толықтырылған үшінші басылымы.

Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін жазған ғалым Қазақ ССР 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Жақында қоғамдық ғылымдар 

терминдері сөздігінің 2 томдығы жасалып баспаға тапсырылды.

Алайда мұның бәрі тіл экологиясын қорғауға қосылған тамшыдай 

ғана  үлес.  Жалпы  тіл  экологиясын  қалпына  келтіруге  бүкіл  халық 

болып  атсалыспасақ  болмайды.  Сол  үшін  Қазақстан  Компартиясы 

Орталық  Комитеті  мен  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің  қос 

қаулысында  көрсетілген  міндеттерді  басшылыққа  ала  отырып,  Тіл 


37

білімі  институтының  жанынан  республикалық  «Ана  тілі»  қоғамын 

құруды  қолға  алдық.  Оның  арнайы  статусы  белгіленіп,  өз  Уставы  мен 

программасы жасалды. Қоғамның «Қазақ тілі» атты өз журналы болуы 

керек. Сондай-ақ Тіл білімі институты жанынан ашылған «Желмая» атты 

ғылыми-өндірістік  кооператив  астана  мекемелері  мен  ұйымдарының 

жиын  мәжілістеріндегі  сөздерді  синхронды  түрде  қолма-қол  аударуға, 

тілдерді оқып-үйрену жұмыстарын жақсартуға көмектесуді мақсат етеді.

Меніңше, тілші-ғалымдардың орынды ұсыныс-тілегі тиісті органдар 

мен республика басшылығы тарапынан қолдау табуға тиіс. Өйткені, бұл 

– бүгінгі өмір талабы.

– Әбдуәли Туғанбайұлы, біздің осыған дейінгі әңгімемізде қазақ тілінің 

бүгінгі  халі  мен  ертеңгі  болашағы  туралы  сөз  болды.  Біз  өз  тілімізде 

Ленин мұраларын оқыдық, энциклопедия шығардық. Қазақстанның бес 

томдық тарихын жасадық. Бұны бір деңіз.

Ал  екіншіден,  қазақ  тілі  оның  тұтынушы  халқымен  бірге  талай 

қиын  тарихи  ауыртпалықты  бастан  өткерген.  Соның  нәтижесінде, 

өзінің  туған  топырағының  қоғамдық  өмірінде  тілдің  әлеуметтік 

қызметінің бестен біріне ғана ие болды, яғни қолдану аясы тар деген 

сөз. Мен бұл арада қазақ тілінің орыс тілімен қатар 20-шы жылдары 

ресми  іс-қағаздарында  халыққа  білім  беру  мен  өндіріс  салаларында 

кеңінен қолданылғанын еске алып отырмын (1923 жылғы декрет).

Соңғы  жылдары  қазақ  жұртының  бірқатары  ұлт  және  ұлыс 

тілдерінің даму заңдарына қарап, өз ана тілінің де болашағына сенуден 

қалғандай...

Міне, осындай екі түрлі сипаты бар ұлт тіліне Қазақстан сияқты 

көпұлтты республикада мемлекеттік тіл статусын беруге болар ма еді? 

Егер болса, жергілікті тұрғын халықтың тіліне берілген артықшылық 

бауырлас басқа ұлт тілдерінің дамуына кері әсер етпес пе екен?

–  Сұрағың  өте  ауқымды  екен.  Алдымен  «мемлекетік  тіл»  туралы 

мәселенің басын ашып алайық. Өйткені мемлекеттік тіл дегенде елдің 

бәрінің есіне келетіні ұлт көсеміміз В. И. Лениннің ертеректе патшалық 

Россияның  реакцияшыл,  шовинистік  саясатшылдарына  қарсы  айтқан 

«бір де бір ұлтқа, бір де бір тілге артықшылық болмасын» деген пікірі. 

Бұл контексте әңгіме орыс тілі жайында болды.

Ал ұлт тілдеріне келсек, қазірдің өзінде одақтас республикалардың 

жетеуінде  (Грузия,  Армения,  Әзербайжан,  Эстония,  Латвия,  Литва, 

Молдавия)  ұлт  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  танылып  отыр.  Бұл 

білместіктен, я болмаса, ұлттық ерекшеліктен туған, не демографиялық 


38

жағдайдың өзгешелігінен туған шешім емес. Советтік еліміздің қай 

түкпіріне бармайық, қай ұлттық өлкені араламайық – барлық жерден 

біз  аралас-құралас  өмір  сүрген  көпұлтты  халықтардың  өкілдерін 

көреміз. Мүмкін бір республикада олар аз, енді біреуінде көп шығар. 

Бірақ бұл әрқашан да өзгеріп отыратын құбылыс. Қалай болғанда да 

жергілікті халықтың өз жерінде басқа ұлттардан аз, не көп болуына 

қарамастан  ана  тілін  дамытуға,  оның  толыққанды  тіл  ретіндегі 

әлеуметтік  қызметін,  қолданыс  аясын  кеңейтіп,  өмірдің  барлық 

саласында пайдалануға праволы болса керек.

Мәселенің  осы  ыңғайда  қойылып,  қазақ  тілін  республика 

көлеміндегі мемлекеттік тіл деп тануға итерамелеп отырған жағдайдың 

бірі,  сайып  келгенде,  ана  тіліміздің  көптеген  объективті  себептер 

салдарынан  беделінің  төмендеуі,  қолданыс  аясының  тарылып, 

атқаратын  қоғамдық  қызметінің  ауқымы  «от  басы,  ошақ  қасымен» 

шектеле  бастауы  болса  керек.  Сондықтан  да  оны  мемлекеттік  тіл 

дәрежесінен  көруге  талпынуды  –  есейген  елдің  елдігін  танығысы 

келетіндігі, ұлттық санасы оянып, ана тілінің аянышты халін терең 

сезіне  білгендігі,  демократия  жағдайында  мәселені  ашық  айтып, 

халықтың конституциялық правосын талап етуі деп білген жөн.

Осы  бір  шындықты  бұрмаламай,  бұзбай,  бәріміздің  де  дұрыс 

түсінгеніміз    жөн.  Бұл  ескертудің  себебі  де  жоқ  емес.  Мәселенің 

байыбына  терең  барса  да,  бармаса  да  «қазақ  тіліне  мемлекеттік  тіл 

статусын беру керек» деп оның күн тәртібіне қойылуына мұрындық 

болып  жүргендер,  қазірше  ғылыми-творчестволық  зиялылар  мен 

студенттер қауымы. Дегенмен, бұл талаптың орынды екеніне, оның 

ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір дұрыс шешімін табатынын іштей сезсе 

де, кейбір жолдастардың бұл жөніндегі пікірі басқаша.

Сөйтіп, республикамыздағы тілдердің статусы жайында бүгінде 

елге белгілі екі түрлі пікір, принцип бар. Оның бірі – газет беттерінде 

біршама  қолдау  тауып  отырған,  «мемлекеттік  қостілділік»,  яғни 

қазақ және орыс тілдерінің мемлекет тілі ретінде қатар қолданылуы 

болса, екіншісі – біз сөз еткендей, тек қазақ тіліне ғана мемлекеттік 

статус беру, орыс тілінің ұлтаралық қатынас қызметін сақтай отыра 

республикадағы басқа ұлт тілдерінің толық дамуына мүмкіндік жасау.

Осы  арада  біз  екінші  принципті  қолдай  отырып,  «мемлекеттік 

қостілділік»  принципін  мүлде  жоққа  шығара  алмаймыз.  Ол  күні 

бүгінге дейін орын алып келген (қазақ тілі мен орыс тілінің және басқа 

ұлт тілдерінің ара қатынасының, нақтылы жағдайын айтып отырмыз) 


39

тілге деген стереотипті көзқарастан әлдеқайда прогрессивті принцип. 

Мұнда тоқырау заманындағы тілдік тоқыраудан шығудың ізденістері 

бар. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге тырысу, қайткен күнде де 

ана тілді сақтап қалу тенденциясы байқалады.

«Қазақ әдебиеті», 1989 . 3 наурыз, 

(Сұхбаттасқан Ж.Қалыбаев)



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал