Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

Екіншіден,  қаншама  ұзақ  жасауға,  өз  тұжырымын  сақтауға  тырысса 

да,  мәңгілік  жасайтын,  қатып  қалған  қасаң  заң  болмайды.  Сондықтан  да 

Конституциямыздың  «Өтпелі  кезең  ережелері»  деген  бөлімінде  бұрынғы 

қабылданған  заңдар  мен  қалыпты  құжаттардың  бәрі  енді  Негізгі  Заңмен 

сәйкестендірілуі сөз болып отыр. Демек, бұрынғы «Тіл туралы Заң» бұдан үш 

жылға ғана ілгері (1989 ж.) қабылданса да, қайтадан қаралып, әрі сәйкестендіру, 

әрі замана талабына сай кейбір өзгерістерге түсуі сөзсіз. Бұл, әрине, мүлдем 

қайтадан жазылатын жаңа Заң емес, қазақ тілінің мемлекеттік, орыс тілінің 

ұлтаралық тіл мәртебелерін (статустарын) паш етуші Конституциямыздың 

табиғи жалғасы, оның негізгі тұжырымдамасын (концепциясын), тіл туралы 

идеясын ілгері дамытудың, талдап-тарқатып, жүзеге асырудың жол-жобасы, 

тілдерді қолданудың нақтылы тәсілдері мен салалары, мөлшері мен ауқымын 

(деңгейін) анықтайтын мәні зор ресми құжат. 

Үшіншіден, бүгінде ұлттық сананың оянуына, тілге деген қоғамдық 

көзқарастың өзгеруіне байланысты халықтың өзіне де, тіл туралы заңға 

да қосылар талап пен талғам өсіп отыр. Тілді ендігі жерде мемлекет өз 

қамқорлығына алып, қаржы жағынан да, идеология жағынан да қолдап, 

қуаттауды көздеп отыр.

Міне, осы аталған үш фактор қабылданатын заңның өміршеңдігіне, 

тіліміздің  болашағына  сенімімізді  арттырып,  қоғамдық  оптимизмнің 

арта  түсуіне  негіз  болмақ.  Алайда,  «мемлекеттік  тілді  өйтіп-бүйтіп, 

әйтеуір, алдық қой, енді несіне қам жейміз...» деп баяғы табиғатымызға 

тән  жайбарақаттыққа  салынсақ,  «Тіл  туралы  заңымыз»  өз  мүддесінен 

шыға алмайды. Қаншама заң забылдасақ та тіл тағдырына байланысты 

бүгін терең ойланып, түбегейлі шешуге бел байламасақ, ертең тым кеш 

болатын жәйттер аз емес. 

Осыған  орай,  көпшілік  қауымға  кеңінен  жария  етілмей,  негізінен 

маман-зиялылар  мен  Парламент  комиссиясы  тарапынан  ғана  қаралып, 

Жоғарғы  Кеңесте  жақын  мерзімде  қабылдануға  тиісті  Қазақстан 

Республикасы  «Тіл  туралы  заңының»  Конституцияға  сәйкес  нұсқасын 

«Қазақ  тілі»  халықаралық  қоғамының  төралқа  мүшелері  мен  Ахмет 

Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бір топ ғалымдары өз 

тарапынан  талқылап,  кейбір  пікір-тұжырымдарын  тиісті  жерге  жолдап 

отыр.  Біз  осы  талқылау  барысында  айтылған  ой-пікіріміз  бен  талап-


78

тілектерімізді  енді  ортаға  салып,  «Ана  тілі»  газетінің  оқырмандарына 

хабардар етуді мақұл көрдік. 

«Конституция қабылданып кеткеннен кейін тіл туралы тағы қандай 

әңгіме болуы мүмкін?» дейтіндер де табылады. Бұл, әрине, ұшқары пікір. 

Өйткені,  Конституцияда  негізінен  екі  тілдің  статусы  (мәртебесі)  ғана 

белгіленеді. Ал олардың сол статус дәрежесіндей өзіндік құқықтары мен 

өзара қарым-қатынастары, қолданыс аясы мен қоғамдық қызметтері, т.б. 

толып  жатқан  ерекшеліктері  жөніндегі  әңгіме  Конституцияның  өзінде 

емес, оның жалғасы ретіндегі қалыпты құжат – Тіл туралы заңда ғана 

жан-жақты, толық түрде айтылуға тиіс. Бұл – бір. Екіншіден, өз кезінде 

ең мақтаулы демократиялық заң болып саналған «Қазақ ССР-і Тіл туралы 

заңының» қай кезде жазылғаны, қандай идеологияның әсер-ықпалымен, 

қай  тоталитарлық  режимнің  тұсында  қабылданғаны  баршаға  аян. 

Үшіншіден, содан бері өткен үш жылдың ішінде елімізде үш ғасырлық 

өзгеріске татитын тарихи оқиғалар жүз берді; енді, міне, кешегі Ресей 

империясының  бұғауында  келген  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  болып, 

жер жүзіне танылып отыр. Оның бүгінгі жағдайы мен ертеңгі болашағы, 

тілге деген жаңаша қоғамдық көзқарастар, тіл негізінде қалыптасуға тиісті 

қарым-қатынастар, т.б. – осының бәрі кешегі Тіл заңын, ол қанша мақтаулы 

болса  да,  сол  қалпында  бұлжытпай  қабылдай  салуға  болмайтындығын 

көрсетеді. Сондықтан да аталмыш топ бұл Заңның әрбір бабын тәптіштеп 

қайта отырып, оның екі-үш өзекті мәселесіне ерекше назар аударған еді. 

Соның бірі – бұрын да екі түрлі мәртебеге, мемлекеттік тіл мен ұлтаралық 

тіл мәртебесіне ие болған қазақ және орыс тілдерінің қоғамдағы өзара қарым-

қатынасына байланысты. Бұл «мәртебелер» бірдей және бір деңгейде емес. 

Солай бола тұрса да, бұрынғы Тіл туралы заңның негізгі 33 бабының жиырма 

үшінде орыс тілі мемлекеттік тілмен терезесі тең тіл ретінде қаралып, екі 

жерде (15 пен 22-баптарында) одан да биік тұғырдан көрсетілген болатын. 

Біздің пікіріміз бойынша қандай жағдайда болмасын бұл екеуі тілдің екі түрлі, 

екі деңгейдегі мәртебелері (статустары). Мемлекеттік тіл белгілі жағдайда 

ұлтаралық  қатынас  құралы  бола  алады  да,  ал  ұлтаралық  тіл  мемлекеттік 

тілмен  бәсекелесуге,  онымен  «терезем  тең»  деп  тайталасуға  заңды  түрде 

құқығы жоқ. Ал бола қалған күнде оның ресми мемлекеттік тілді барлық 

жағынан  шектейтіні,  дамуына  тосалғы  болатыны  сөзсіз.  Қазақ  мемлекет 

тілінің  бүгінгі  мүшкіл  жағдайының  объективті  бір  себебі,  міне,  осыған 

байланысты.  Ұлтаралық  тілдің  қолданыс  аясы  қанша  кең  және  тұлғалық 

жағынан қанша дамыған болса да, ресми мәртебесі төмен тұруға тиісті. Бұл 

орыс тілін кемсіту емес, оның ендігі жердегі орнын анықтау. 


79

«Тіл туралы заңның» баптарын тәртіппен қайта карап шыққанда, біз осы 

ерекше етек алып кеткен «тіл үстемдігін» шектеуге ерекше мән бердік. 

Осыған орай, аталмыш заңдағы негізгі 33 баптың төрт бабын (олар: 6, 

25, 26, 33) түгел, 4 бабын (олар: 2, 18, 22, 24) жарым-жартылай қысқартып, 

8 түрлі түзету енгізілді. Атап айтқанда, олар мыналар. Заңның «орыс тілі 



ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады» деген 2-баптың келесі 

екі сөйлемін бірдей екі бабын алып тастауды ұсындық. Онда: Республика 



«орыс тілінің мемлекеттік тілмен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз 

етеді» және «Республикадағы барлық ұлттар өкілдерінің орыс тілін білуі 

олардың түбегейлі мүддесіне сай келеді» делінген еді (Заңды қолға алып, 

салыстырып оқығандарға бұл өзгерістер түсініктірек болар еді). 

Келесі  ұсыныста  3-бап  түгелдей  алынып  тасталсын  делінген. 

Өйткені  онда  «қазақ  және  орыс  тілдер  республикадағы  басқа 

тілдердің дамуына, қолданылуына бөгет жасамайды» деген қажетсіз 

ескерту  беріліпті.  Оны  біз  «Қазақстан  Республикасы  ұлтаралық 



тіл менен республикада жасайтын басқа ұлт өкілдері тілдерінің 

еркін қолданылуын қаматамасыз етеді» деп өзгертуді ұсындық. 

Заңның  5-ші  бабындағы  «ұлттық-орыс  және  орыс-ұлттық 



қостілдігі»  деген  анықтаманы  «қазақ-орыс  және  орыс-қазақ 

қостілдігі»  деп  өзгертуді  қаладық.  Өйткені  Қазақстанда  жасайтын 

жүзден  астам  ұлт-өкілдерінің  «ұлттық  орыс  қостілдігін»  дамыту 

деген шындыққа жанаспайтын қияли әңгіме. 

Келесі ұсыныс 9-баптың 2-сөйлеміндегі «орыс» деген бір-ақ сөзді 

алып  тастауға  байланысты.  Түпнұсқада:  «Жергілікті  өкімет  және 

басқару органдарының актілерін, сол анықтама іс жүргізу үшін 

қабылданған тілдің негізінде ала отырып, қазақ, орыс тілдерінде 

немесе  жергілікті  ресми  тілдерде  қабылдауға  болады»  делінген 

екен. Осындағы «қазақ, орыс тілдерінде» дегенді «қазақ тілінде...» 

етіп өзгертудегі мақсатымыз – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, 

орыс тілін кез-келген жерде мемлекет тілімен жарыстыра бермеу. 

Заңның  15-бабына  енгізілген  түзетулердің  де  мәні  зор  деп 

білеміз.  Бұл  екі  ел  арасындағы  өкімет  адамдарының  ресми  қарым-

қатынастары кезінде қай тілде сөйлесуіне қатысты ұсыныс. Түпнұсқада 

бұл  қатынастар  тек  ұлтаралық  тілде  ғана  деп  көрсетілген,  біз  оны 



«мемлекеттік тілде немесе өзара қолайлы тілде жүруін» қаладық. 

Сонымен  қатар  бұл  бапқа:  «Шет  елдерге  ҚР  мемлекеті,  өкіметі 



атынан делегацияларды басқарып баратын ел басшылары ресми 

келіссөздерді  мемлекет  тілінде  жүргізіп,  құжаттарды  мемлекет 

80

тілінде  дайындайтын  болсын»  деген  қосымша  ұсыныс  енгізілді. 

Бұл  талап  орындалған  жағдайда  тіліміздің  де,  еліміздің  де  шет 

елдерде беделі өсіп, марқая түсетіні сөзсіз.

Қабылданған  Тіл  заңының  ең  бір  түйінді  мәселесі  оның 



16-бабында  болатын.  Ондағы  әңгіме  басшы  қызметкерлерінің  қол 

астындағы  азаматтарды  өз  ана  тілінде  қабылдап,  әңгімелесу  жайында. 

Республикамызда жүзден астам ұлт өкілдерін «өз тілдерінде қабылдау» 

деген талаптың негізсіз екені белгілі болып отыр. Осыған орай оларды 



«мемлекеттік  немесе  ұлтаралық  тілде  қабылдау»  деп  өзгерткенді 

мақұл  көреміз.  Бұл  тілдерді  қатынас  жасауға  қажетті  деңгейде  білу 

республикадағы  әрбір  азаматтың  абыройлы  борышы  болса  керек. 

Дегенмен, осы бір «борышты» айқындай түсу мақсатымен біз кадрларды 

жұмысқа  тартуда  олардың  іскерлік,  моральдық  қасиеттерімен  қатар 

мемлекеттік  тіл  мен  ұлтаралық  тілді  білу  дәрежесін  анықтайтын 

аттестациядан  міндетті  түрде  өтуін  ұсындық.  Бұл  талап  басқа  ұлт 

өкілдері  үшін  ғана  емес,  тіпті  қазақтардың  өздері  үшін  де  үлкен  сын. 

Сондықтан бұл талапқа қарсы шығатындар да аз болмаса керек. Дегенмен 

мемлекеттік  ұлтаралық  тілдер  статусы  осыны  талап  етеді.  Бұл  ТМД 

мемлекеттерінің көбінде ешбір дау-дамайсыз-ақ шешіліп жатқан мәселе. 

Ол ең соңынан болса да біздің ауылда да, әйтеуір, бір шешілуге тиіс қой. 

Онсыз мемлекет тілінің абыройы, мәні болмайды. 

Заңның  18-бабы  балаларды  ана  тілінде  оқытып  тәрбиелеуге 

байланысты  ата-ананың  құқығын  сөз  етсе,  19-бапта  сол  тілде  білім, 

тәрбие  алуды  жалғастыру  принципі  айқындала  түседі.  Бұрынғы  Заңда 

көрсетілген «үзбей жалғастыру» дегенді біз алып тастауды ұсынамыз. 

Өйткені  жүзден  астам  ұлт  өкілдері  өз  балаларына  мүмкіндігіне  қарай 

орта  мектеп  деңгейінде  білім-тәрбие  бергенімен,  енді  оларға  соншама 

тілде жоғарғы білім беру республикамызда мүмкін емес. Ал болмайтын 

істі орындаймын деп елді дүрліктіруге заңның еш қақысы жоқ.

Заңның  21-бабындағы  «Қазақ  тілі  мен  орыс  тілінің  мәдениет 



пен бұқаралық информация саласында тең праволы қолданылуын 

қамтамасыз» етудегі «тең праволы» деген тіркесті алып тастауды талап 

етеміз. Оның да мәнісі түсінікті болса керек. 



22-бапқа  енгізілген  өзгеріс  ғылыми  еңбек  жазып,  диссертация 

қорғауға байланысты. Бұл жөнінде біз мемлекетімізде жаңадан құралған 

Жоғарғы  аттестациялық  комиссияның (ЖАК)  қабылдайтын ережелеріне 

сүйенуді  ұсынамыз.  Ғылыми  еңбекті  әркім  қай  тілде  жазамын  десе  де 

ерікті. Бірақ ғылымды қазақша жазуды мемлекеттік тілді дамытудың ең 


81

қажетті жолы деп қараған жөн. Заңның 24-бабы да осыған байланысты: 



Ғылыми  конференциялар  мен  симпозиумдардың  мемлекет  және 

ұлтаралық  тілдерінде  өткізіліп,  міндетті  түрде  ілеспе  аудармамен 

қамтамасыз етілуі сөз болады. 

Заңның  27-бабында  елді-мекен,  жер-су,  т.б.  ономастикалық 

объектілердің дәстүрлі аттары сақталып, орыс және басқа тілдерге олар 

транслитерация ережелері бойынша аударылу жайында сөз болады. 

Демек, бұл ұсыныс қазақ жер-су атауларын әркімнің өз бетінше бұзып 

жазуына жол бермеуді талап етеді. Мекеме, кәсіпорын, ұйым, т.б. аттары 

маңдайшаларда  алдымен  міндетті  түрде  мемлекеттік  тілде,  одан  соң 

қажеттілікке байланысты басқа ұлт тілдерінде жазылуы керек деп ашық 

айтып отырамыз. 

Жеке адамдардың аты-жөні мен этнонимдерді реттеуге бағытталған 

Заңның 28-бабына біздің қосқанымыз: басқа тілдерге «оларды түпнұсқа 



тілінің нормасына үйлестіріп беру».

Заңның  29-бабында  мекемелердің  мөрі,  штампы,  бланкалары, 

республикада  шығатын  тауар,  т.б.  өндірістік  бұйымдардың  белгілері, 

сондай-ақ мекеме аттары, маңдайшалар, көрнекі құралдар, жарнамалар 

мемлекет  және  ұлтаралық  тілде  жазылады»  деген  ережеге  қосымша 

ретінде  «ретіне  қарай  басқа  тілдерде  де  жазылады»  деген  ұсыныс 

айтылды, олардың орын тәртібі анықтала түсті. 

Заңның  30-бабына  «Республикадан  тыс  жерлерге  жіберілетін 



почта-телеграф,  хат-хабарлары  сол  мемлекеттердің  тілінде  немесе 

халықаралық тілдердің бірінде жазылуы тиіс» деген ұсыныс енгізілді. 

Көріп  отырғанымыздай,  бұрынғы  «Тіл  туралы  заңға»  бұдан  басқа 

да өзгерістер енгізіп, ширата түсуге, тіпті оны қайтадан жазып шығуға 

болар еді. Бірақ оның дәл қазір қажеті де жоқ, оған ешкім бізге рұқсат 

та бере алмайды. Өйткені, Заңды қайтадан жазу деген Конституцияның 

негізінде нұқсан келтірумен барабар. Жоғарыда осыған да «шүкіршілік 

етейік!» деуіміздің бір себебі осы еді.

Ал,  мәселе  шынтуайтқа  келгенде  Заңның  баптарын  өзгертуге  де 

байланысты  емес.  Бүгінгі  таңдағы  және  болашақтағы  ең  басты  мақсат 

мемлекеттік  тілімізді  марапаттап,  беделін  көтеруде,  мәртебесін  өсіріп, 

мерейін  үстем  етуде.  Ол  үшін  нақтылы  іс  керек.  Шығыста  «Халуа, 

халуа»  дей  бергеннен,  аузыңның  дәмі  кірмейді»  деген  мәтел  бар.  Сол 

сияқты  «мемлекеттік  тіл,  мемлекеттік  тіл»  деп  құр  бекерге  жар  сала 

беруден,  ол  тілдің  өздігінен  өркені  өспейді.  Басқаға  тіліңді  сыйлатам 

десең, оны алдымен өзің сыйлай біл. «Қырық процент» деген қасіреттен 


82

қашан құтыламыз? Ол туралы ел болып, жұрт болып мықтап ойланатын 

уақыт  енді  келді.  Тілдегі  дүбәрәлерге  мемлекет  тілін  сөз  жүзінде 

мойындатқанымызбен, іс жүзінде мойындату – қиямет қайым. Дегенмен, 

қоздың шоғындай үрлей берсең, от-жалын болып лаулайтын халқымызың 

рухани күші әлі де бойында тұрғанда, жалпы бір, әйтеуір, тіл үшін емес, 



мемлекеттік тіл үшін соңғы да соны серпіліс енді басталу керек. Бұл – 

тарихтың әрбір халыққа сирек сыйлайтын бақыты мен шапағаты. Осы 

мүмкіншілікті дұрыс пайдалана алмаған халық мықтап ұтылады. 

Мемлекеттік  тілдің  жеке-дара  болғанын  аңсадық.  Бұл  ұлттық 

сананың  өсуінен  туған  өскелең  талап  еді.  Оған  да  қолымыз  жетті.  Біз 

орыс тілінің балама болып, мемлекет тілімен қабаттасуын қаламадық. Ол 

да заңды еді. Өйткені біз бұл тілден қағажуды көп көрдік. Оның игілікті 

әсері  деп  жүргенімізде  өз  тіліміздің  қоғамдық  өмірден  тым  алыстап 

кеткенін кеш болса да енді сезіне бастадық

Орыс тілін бұрынғы одаққа ортақ мемлекет тілі етуге қарсы тұрған 

Ленин  де,  барлық  тілдерді  қамшыра  илеп,  алдымен  аймақтық,  одан 

соң  тұтас  бір  тілге  айналдыруды  армандаған  Сталин  де,  орыс  тіліне 

барлық  елді  түгел  көшіру  арқылы  коммунизмді  тезірек  орнатқысы 

келген Хрущев та «ұлтаралық қатынас құралы» немесе «ұлтаралық 



тіл»  деген  терминді  қолданған  емес.  Бұл  басқа  аз  санды  халықтарды 

кеңес  дәуірінде  орыстандыру  саясатымен  қатты  шұғылданған  бір 

топ  ғалымдардың  ойлап  тапқан  жаңа  термині  болатын.  Ол  барып 

«қостілділікке»,  одан  кейін  «екінші  ана  тілі»,  «екі  бірдей  ана  тілі» 

деген  ұғымдармен  жалғасып,  әбден  сіңіп,  қауашағымызда  қалыптасып 

алған қасаң қағидаға айналды. Міне, бұл терминдердің мазмұнын енді 

ғана  терең  түсіне  бастадық.  «Қостілділік»  деген  ұғым  бүгінгі  таңда 

өзінің  классикалық  мәнінен  мүлдем  басқаша  әлеуметтік  мазмұнға  ие 

болған құбылыс. Екі ұлт арасында болуға тиісті екі жақты, құстың қос 

қанатындай қостілділік, кейбір туыстас ұлттар тілдерінде болмаса, қазақ 

пен орыс тілдері арасында болған емес, оның жақын жылдарда болуы 

да неғайбыл. Сондықтан, бұл құбылыстарды тіл саясатына, Тіл туралы 

заңға айналдырудың еш реті жоқ. 

Жеке  адамдардың,  қоғамдық,  этностық  топтардың  өзара  тілдік 

қарым-қатынасын  ешбір  заң  реттей  алмайды,  оны  реттеудің  де  қажеті 

жоқ.  Сол  сияқты  Қазақстанда  тұратын  халықтар  өкілдерінің  өзара  тіл 

арқылы  араласуына  орыс  тілін  ортақ  құрал  етіп  заңдастырмаса  да, 

олардың  өздері-ақ  бір-бірімен  тіл  табыса  алады.  Осыған  орай  ұлы 

гуманист академик А.Д.Сахаровтың мына бір пікірін ескерте кеткіміз 



83

келеді.  «...я  не  согласен  с  тем,  что  в  ряде  республик  он  (русский 

язык  –  Ә.Қ.)  выбирался  языком  межнационального  общения.  Это  – 

предмет не Конституций, а сама жизнь – в каждой деревне по-своему» 

(«Комсомольская правда» 16.12.1989).

Орыс  тілін  Конституциямызға  ұлтаралық  тіл  ретінде 

қабылдағанымызда, біз оның әр кезде, әртүрлі тілдік ортада өзгеріп 

тұратын ерекшелігін емес, көп ұлтты Қазақстан жағдайында ұзақтан 

бері  атқарып  келе  жатқан  тарихи  миссиясын,  дәстүрге  айналған 

қоғамдық-мәдени  қызметін  көз  алдымзға  елестетеміз.  Бұл  дәстүрді 

бірден қиып тастау мүмкін емес, ол әлі де өз жалғасын таба бермекші. 

Сондықтан  да  орыс  тілінің  «Ұлтаралық»  деген  мәртебесінен 

(статусынан)  шошына  берудің  реті  жоқ.  Мәселе  оның  мемлкеттік 

тілмен қарым-қатынасын дұрыс анықтап, заңдастырылуына және сол 

ретте  жүзеге  асырылуында.  Бұл  республика  жұртшылығының  өзіне 

байланысты.  Ал  Конституция  қабылданғаннан  кейін  кейбір  басшы, 

зиялылардың ел алдына шығып алып: «Ал енді мен Конституцияда 

көрсетілген  ұлтаралық  тілде  сөйлеймін...!»  деп  баяғы  ескі  әніне 

басуына  қоғам  өз  сөзін  айтуға  тиісті.  Бұл  –  мемлекеттік  тілді 

құрметтемеу болып саналады. 

Міне,  қазақ  тілінің  мемелекеттік  мәртебесін  алған,  ресми 

түрде  паш  еткен  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 

рухына сәйкестендірілетін Тіл заңына ғалымдардың шұқшия қарап, 

оның  әрбір  сөзіне  мән  беріп  талап-тілектерін  ашық  айтып,  ағынан 

жарылуында осындай сыр бар. 

«Ана тілі», 1993. 18 ақпан. 

Ел мәдениеті тілден басталады

Ана  тілінің  қадір-қасиетін  біле  білген  екі  қазақтың  бірі  оны 

ұлттың рухына, халықтың қазына-байлығына балайтыны бар. Талас 

жоқ, бәрі дұрыс. Халықтың қасиетті тілімізге беріп жүрген бағасы бұл 

ғана  емес.  Кейбіреулерін  атап  өтейік:  «Тіл  –  халықтың  жаны,  ділі, 

рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы», «Тіл – атадан қалған асыл 

мұра»,  «Тіл  –  асыл  ойдың  бұлағы»,  «Тіл  –  ел  басқарудың  құралы», 

«Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры», «Тіл – елдігіміздің іргетасы», «Тіл – 

білім, тәрбие тұғыры», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – тәуелсіздік 

тұғыры»,  «Тіл  –  достықтың  мерейі»,  «Әдеп  басы  –  тіл»,  «Тілді 

қорлау  –  халықты  қорлау»,  «Тілі  өлген  ел  –  тірі  өлген  ел»,  «Тіл  - 

өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем», «Ұлттың қуаты – тілінде».


84

Бұл тәрізді халықтың жүрегінен шыққан, ана тіліне деген мейірім, 

махаббат  сезімін  білдіретін  қанатты  сөздер  көп-ақ.  «Халықтікі»  деп 

отырғанымыздың себебі – көбісінің авторы белгісіз, ұмыт болған. Бірақ 

олар  –  ел  қамын  жеген,  тіл  тағдырына  бейтарап  қала  алмаған  халық 

перзенттері.  Және  бұлар  ойланып-толғанып  барып,  ақиқатқа  көзін 

жеткізіп барып айтылған ой-тұжырымдар. Бұл тәрізді ой-тұжырымдардың 

баршасы – ел аузынан түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған 

қанатты сөздер.

Сөзіміз  дәйекті  болу  үшін  бірер  дерек  келтіре  кетейік:  мәселен, 

«Тәрбие басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған 

қанатты сөзді ХІ ғасырдың ұлы филологі – Махмут Қашғари айтса, «Әдеп 



басы – тіл» деген тағылым-өсиет ХІІ ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі 

– Ахмет Йүгнәкийдің есіміне қатысты.

Бұлардың баршасы - өз кезінде айтыла салған әсіре қызыл сөз емес, 

ойшыл да ақылман бабаларымыздың өмірден алынған, жүрегінен қайнап 

шыққан,  құдіреті  күшті  ана  тіліміздің  қадір-қасиетін  терең  түсінуден 

туындаған қанатты сөздер.

Үзілмей  келе  жатқан  даналық  дәстүрінің  жалғасын  біз  бүгінгі 

ұрпақтан да көріп отырмыз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын 

асыл да абзал қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөзге айналдырып 

жіберген  зиялыларымыз  да  баршылық.  Олардың  бір  айырмашылығы: 

тіл  туралы  айтқан  ой-тұжырымын  нақтылы  деректермен  дәлелдеп, 

сипаттап  айтады.  Мысалы,  заманымыздың  әйгілі  жазушысы  Шыңғыс 

Айтматовтың:  «Әрбір  халық  жер  бетінде  мәңгі-бақи  жасау  үшін 

келеді» деген пікірі бар. Осы пікірге унисон айтылған Ғабеңнің де тілге 

байланысты «Тіл – мәңгіліктің мәңгілігі» деген пікірі бар. Және бұл пікір 

мынандай жағдаятта дүниеге келгенін көреміз:

«Ана  тілі  дегеніміз  –  сол  тілде  жасаған,  жасап  келе  жатқан  (және 

жасай  да  бермекші  -  Ә.Ә.)  халықтың  баяғысын  да,  бүгінгісін  де, 

болашағын  да  танытатын,  сол  халықтың  мәңгілігінің  мәселесі.  Ана 

тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. 

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол 

үзеді» (Ғ.Мүсірепов).

Тағы бір мысал. «Тіл – халықтың жаны» деген қанатты сөздің жәй 

айтыла  салған  әсіре  қызыл  сөз  емес,  өмірлік  мәні  зор  философиялық 

кредо  екендігін  дәлелдейтін  ой-тұжырымды  біз  жазушы  Дүкенбай 

Досжаннан естідік. Ол: «Менің жаным - қазақ тілінде» деп алып, соны 

дәлелдейді. Ана тіліміздің жаршысы, ар-намысы, ұйытқысы саналатын 



85

қаламгерлер  қауымының  жаны  өз  тілінде  болса,  онда  халқының  жаны 

да сол тілде болғаны ғой. Сол Д.Досжан әңгімесін мынандай салыстыру 

арқылы өрбітеді:

«Ертеде  былай  дейтін:  «Пәлен  жерде  Өтеген»  деген  сұрапыл  күш 

иесі  дәу  тұрады.  Оны  жеңу  өте  қиын.  Өйткені,  оның  жаны  кеудесінде 

емес, басқа жерде. Оны өлтіремін десең, биік дарақ басына іліп қойған 

сандық  бар,  сандық  ішінде  балапан  кептер  бар,  әлгі  сандықты  атып 

түсірсең, кептер ұшып шығады, кептерді атып түсірсең, сонда ғана әлгі 

дәудің  жаны  шығады»  -  дейтін.  Мына  өмір  де  айна  қатесіз.  Біздердің, 

қазақ тілінде жазатын жазушылардың жаны ана сүтімен сіңген ұлттық 

тілімізде. Қазақ тілі, әсіресе, бұл – қаламгерлердің жаны, ана тілі өлген 

күні  олардың  да  күні  бітеді»  -  деп,  жазушы  өзін  алып  күш  иесі  дәуге, 

кеудесіндегі жанын – ақ кептерге балайды («Ана тілі», №29, 24.07.2003, 1).

Бұл  ой-тұжырым  негізінде  символика  жатса  да,  ана  тіліміздің 

табиғаты мен тағдыр-тауқыметін дұрыс көрсетіп тұрған шындық.

Бұл  тәрізді  қанатты  сөздерді  хан  да  айтқан,  қара  да  айтқан  және 

қарақан басының қамы үшін емес, халқының қасиетті тілінің тағдыры 

үшін қабырғасы қайыса отырып айтқан ғой.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті елбасын 

да  аз  ойландырып,  аз  толғандырып  жүрген  жоқ.  Сондықтан  да  болар, 

елбасының  уәли  ауыздан  шыққан:  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ 



тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», 

ал кейінгі (2005) Қазақстан халықтарына арналған жолдауында айтылған: 

«Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі 

–  еліміздің  мемлекеттік  тілін,  барлық  қазақтардың  ана  тілін,  одан  әрі 

дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» (Н.Назарбаев) деген 

уәжінде қазақ тілін Қазақстан халықтарының басын біріктіруіне ұйытқы 

болуын уағыздап отыр.

Міне,  елбасының  осы  сияқты  ұлағатты  ой-тұжырымдары 

Мемлекеттік мәртебеге ие болса да, діттеген биігінен көріне алмай келе 

жатқан қазақ тілін жай мадақтау үшін ғана емес, оның зор болашағына 

деген  сенімін,  тарихтың  талғауымен  (тәлкегімен)  көп  ұлттың  өкілдері 

қауышып,  қауымдаса  өмір  сүріп  келе  жатқан  Қазақ  жерінде  соларды 

дүрліктірмей,  дүрдараз  қылмай,  тас-түйін  болып  бірігіп,  бейбіт  өмір 

сүруіне ұйытқы болатын аса биік миссиясының барлығын да аңғартып 

отыр. «Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» 

деген  қанатты  сөздің  мән-мағынасы  бәрінен  де  терең.  Өйткені  ұлт 

болу  –  этникалық  дамудың  ең  жоғары  сатысы,  шарықтау  шегі.  Оны 


86

ұйыстырушы, ұйымдастырушы факторларға ортақ табиғи мекен, ортақ 

өмір-тіршілік  көздері,  ортақ  мәдениет,  ортақ  дәстүр,  ортақ  психология 

және тіл жататыны белгілі. Тілдің «ұлт анасы» болуын оны сүйіп өскен 

ұл-қыздарымен қатар, әр алуан себептермен осы ұядан тәркіленіп, алыстап 

кеткендерді,  не  өз  қағынан  жеріген  киіктей,  «ана  тілі»  деген  құдіретті 

күшті мойындамай жүрген нигилистерді, не қоғам дамуының әсерінен 

бұл ұлттық құндылықты бағалай алмай жүрген «жаңа қазақтардың т.т. өз 

құзырына алуы деп түсінген жөн.

Елбасының ана тіліміз табиғи болмысы мен болашағы туралы бұдан 

басқа да айтқан пікір-тұжырымдары баршылық. Біле білсе, олар елімізде 

жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясатының негізгі де өзекті мәселелерін 

баяндайтын,  ана  тіліміздің  бүгіні  мен  алдағы  болашағын  болжалдайтын 

бағдарламаның қысқа жобасы іспетті: «Қазақстанның болашағы - қазақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет