Меняем кириллицу на латиницу?
В печати появилась инфор мация о том, что на конфе ренции в Анкаре,
которая про ходила 8–10 марта, пред ставители республик Средней Азии
и Казахстана приняли решение перевести письмен ность тюркоязычных
народов на латинский алфавит.
Это сообщение мы попро сили прокомментировать участ ника
конференции в Анкаре, директора казахстанского Инс титута языкознания
им. А. Байтурсынова академика Абдуали Туганбаевича Кайдарова:
– Прежде всего должен за метить, что информация, про мелькнувшая
в наших газетах, во всяком случае та, что я видел, как помягче сказать,
слишком пря молинейная, с привкусом сен сации. Некоторые факты, мне
ду мается, нельзя давать в массовой печати без толковых, взвешенных
разъяснений, комментариев. В на шем случае речь идет о процессе
непростом, уходящем корнями в историю, в прошлое, а ветвями – в
будущее.
Начать, видимо, надо с того, что в 1926 году в Баку состоялась пер-
вая в СССР тюркологическая кон ференция, на которой было приня то
решение перевести письмен ность народов Средней Азии и Ка захстана
на основу латинского алфавита. Какие-то республики осу ществили этот
переход побыстрее, какие-то помедленнее, казахи, например, перешли на
латиницу в 1929 году.
Необходимо подчеркнуть: Турция для того, чтобы не отры ваться от
тюркоязычных собрать ев, в 1928 году отказалась от араб ского алфавита
в пользу латинско го.
454
Но... В нашей-то стране все всегда идет через «но». В 1940 году
«наверху», в Москве, вдруг решили избранную, утвержденную в Баку
латиницу отменить и срочно за менить кириллицей. Ученые-языковеды
даже в сталинские времена пытались возражать, доказывали, что-де
латиница точнее передает звуковую специфику тюркских языков.
Конечно, это был глас вопиющего в пустыне. Приказная кириллица
победила.
В среде ученых, особенно язы коведов, вопрос об алфавите
никогда не снимался с повестки дня. Дебаты вокруг него стали осо-
бенно горячими несколько лет на зад, когда республики Средней
Азии, Казахстан стали суверен ными государствами. Из ака-
демических аудиторий дискуссии выплеснулись на страницы
массо вых газет, журналов. Мнения вы сказывались самые разные:
например, придумать для казах ского языка совершенно новый ал-
фавит или отдать предпочтение арабскому... Лично я всегда рато-
вал за латиницу. Потому очень охотно поехал в Анкару, на конфе-
ренцию шести тюркоязычных госу дарств: Турции, Азербайджана,
Уз бекистана, Кыргызстана, Турк менистана, Казахстана. Инициато-
ром сбора тюркоязычных ученых-языковедов стала TIKА – агентст-
во, работающее при Министерстве иностранных дел Турции,
извест ное миру как посредник-координатор во взаимосвязях между
государствами – экономических и культурных. Тема конференции
бы ла сформулирована так: «Вопросы алфавита и правописания».
Мы собрались в Анкаре для то го, чтобы посоветоваться, как нам
жить дальше, как укреплять ду ховные связи между тюркоязычными
народами, разбросанными по всему миру. Участники конфе ренции
оказались горячими сто ронниками латиницы. Турция – само собой.
Она не изменяла латинице с 1928 года. Азербайд жан, как выяснилось,
третий год постепенно осваивает латинскую графику. В Туркмении
издан пре зидентский указ: начать переход на латиницу с 1994 года. В
Узбе кистане и Кыргызстане организо ваны государственные комиссии
для изучения вопросов, связан ных с переходом на латиницу. В
Казахстане пока ведутся только разговоры вокруг да около.
На конференции в Анкаре, ко нечно, никаких директивных
решений-постановлений о сроч ном переходе на латиницу никто
не принимал. Вообще вопрос так не стоял. Прежде всего было вы-
явлено взаимопонимание, вза имовлечение к духовному сбли жению. На
конференции было много споров.
455
Из практических дел, на мой взгляд, самое главное – обсужде-
на, одобрена, принята единая осно ва латинского алфавита для
письменности всех тюркских наро дов из 34 букв. Каждое суверенное
государство, естественно, само решит, как ему этим алфавитом вос-
пользоваться.
Премьер-министр Турции Сулейман Демирель назвал конфе ренцию
ученых в Анкаре событием историческим, знаменующим но вый этап
сближения тюркоязычных народов в духовной сфере как воз можность
нового этапа сближения со всеми народами мира. В своем выступлении
на приеме в честь участников конференции Деми рель говорил о том,
что переход на латиницу сегодня – необходимый прогрессивный шаг:
ведь вся мировая печатная техника, компьютеры построены на латыни.
Как с этим не согласиться?
Слышу трезвые сердитые голо са оппонентов: дескать, время
ли нынче в нашей трагической эко номической ситуации хлопотать
о переходе на латиницу. А когда мы были в лучшей экономической
ситуации? В 1929 году? В 1940-м? А когда будет у нас прекрасная
ситуация? Сидеть сложа руки и ждать?
Надо понять, что переход на основу латинского алфавита дли-
тельный, постепенный процесс, к которому необходимо готовиться,
все обдумав, взвесив. Видимо, и в Казахстане, чтобы дело тронулось
с мертвой точки, следует создать специальную государственную
комиссию.
Повторяю, лично я за латиницу. По итогам конференции в Анкаре
готовлю записку на имя президе нта Назарбаева.
Валерия Маричева («Азия»).
Азия international weekly, № 11 (49), март, 1993.
ҚоСТІЛдІЛІк – ҚоС ҚАнАТ
Қазақ топырағындағы қостілділік проблемалары туралы
Қоғам өміріндегі бүгінгі таңда кең өріс алып отырған қайта құру,
жариялылық пен демократияландыру процестері, сайып келгенде,
адам факторына, қоғам мүшелерінің рухани өміріне, ой-санасына,
мәдениетіне, интернационалдық тағлымына, творчестволық күш-
қуатына т.б. ізгі қасиеттеріне тікелей байланысты.
Қоғамның негізгі тұлғасы – адам. Халық аузында: «Адам адаммен
ғана адам» деген сөз бар. Оның мәнісі: «адамсыз қоғам жоқ, қоғамнан
456
тыс адам болмайды» дегенге саяды. Ал қай қоғам болмасын, қоғам
мүшелері өзара бірлесе, қауымдаса өмір сүруі үшін ең алдымен тіл
қажет екен. Сондықтан да табиғаттың тек адам баласына ғана сыйлаған
құдіретті құралы – тілдің қоғам өмірінде атқаратын қызметін тілмен
айтып жеткізу қиын.
Тіл-тілдің осы бір қоғамдық қызметін табиғаттың керемет
құбылысы, құдіретті күші, сиқырлы сырға толы ғажайып дүниесі
деп түсінген адам баласы оның алдында бас иіп, ғибрат етті. Сол бір
дүниетанымымыздың балаң кезіндегі елесі ретінде тілімізде сақталып
келген: «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Атқан оқ бір кісіні
өлтіреді, айтқан сөз мың кісіні өлтіреді», «Жақсы сөз – жарым ырыс»,
«Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді», «Жылы-жылы сөйлесе, жылан
інінен шығады» сияқты ұғымдар осының айғағы болса керек.
Ал тілдің қоғамдағы қызметіне келсек, oл сан алуан. Оның
басты да негізгі қызметі қарым-қатынастық құралы. Көркем шығарма
арқылы рухани өмірімізге ерекше ләззат сыйлайтын да тіл. Бұл тілдің
эстетикалық қызметіне тән. Ал енді сол рухани өміріміздің барлық
байлығын өз бойында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға асыл
мұра етіп жеткізіп отыру да, әсіресе, жазу-сызуы болмаған, не кенжелеп
қалған халықтар мен ұлыстар үшін, бірден-бір тілдің міндетінe жатады.
Тілдің тағы бір тамаша қызметі тек өзара ғана емес, басқа да ұлт
өкілдерімен, көрші халықтармен қарым-қатынас жасауға байланысты.
Бұл оның қоғамдық қызметінің, қолданыс шеңберінің кеңеюіне
байланысты да бо латын әлеуметтік құбылыстың бірі – қостілділік пен
көп тілділік. Бұл құбылыс барлық заманда, барлық қоғамда болып
келе жатқан адам баласына көптен белгілі құбылыс болып саналады.
Мәселен, ежелгі грек елінде латын-грек қостілділігінің дамығаны бізге
тарихтан белгілі. Бұл құбылыс шығыс елдерінде де кеңінен тарағаны
мәлім. Шығыстың барлық ғұламалары, ақын-жазушылары көп тілде
сөйлеп, тамаша шығармаларын қос тілде жазған болатын. Дәл бүгінгі
таңның өзінде жер жүзіндегі мемлекеттердің көбінде-ақ қостілділік
кең тараған құбылыс. Бұл құбылыс біздің көп ұлтты отанымыз
халықтарының тіліне де тән.
Алайда, советтік қоғамдағы қостілділік құбылысын көп жағдайда
басқалармен ұқсас құбылыс деп қарауға болмай ды. Өйткені бұл
құбылыстың өзіндік ерекшеліктері көп. Әсіресе, Совет Одағындағы
жүзден астам ұлттардың ұлтаралық қатынас құралына айналып отырған
oрыс тілінің бүгінде атқарып отырған қоғамдық қызметіне байланысты
457
пай да болған ұлттық-орыс қостілділік деп аталатын құбылысты тілдің
табиғатына, әлеуметтік маңызына, даму қарқыны мен таралу шеңберіне
байланысты шын мәнісіндегі қоғамдық феномен деп қарауға толық
правомыз бар. Өйткені ол «қостілділік» деп аталатын дәстүрлі ұғымның
ауқымынан әлдеқайда кең, социалистік қоғамның ерекшелігінен туған
құбылыс. Оның ең басты ерекшелігі деп біз мыналарды айтқан болар
едік: біріншіден, біздегі қостілділіктің екі компоненті де терезесінің
теңдігімен көзге түссе, басқа капиталистік елдерде біреуінің
үстемділігімен, екіншісінің бағыныңқылығымен сипатталынады;
екіншіден, біздегі қостілділік өзінің ауқымдылығымен, даму, қолданыс
шегінің барған сайын өсумен, кеңеюімен, жалпыхалықтық сипат
алуымен ерекшеленсе, басқа елдердегі қостілділік белгілі қоғамдық
топтармен, этностық региондармен ғана шектеліп, жан-жақты дамуға
мүмкіншілік ала алмайды; үшіншіден, басқа елдерде қостілділік пен көп
тілділіктің жетекші компоненті (сыңары) ретінде көбіне-көп «үстем тап
тілі», «мемлекет тілі» деп аталатын «міндетті түрде қолдануды талап
ететін» тілдер танылса, көп ұлтты біздің елімізде ондай «үстемдік
жасайтын мемлекеттік тіл жоқ», қостілділіктің еліміздегі тамаша
салтанаты, бүгінгі табысы мен ертеңгі болашағы СССР халықтарының
ұлтаралық қатынас құралы, ортақ тіл ретінде ұлы орыс тілін таңдап
алуына байланысты. Өйткені еліміздегі жүзден астам ұлт өкілдерінің
өзара қарым-қатынас жасауына, бірлесе, достаса, қауымдаса отырып
өмір сүруіне бір тіл қажет болды. Осы бір ардақты да абзал тарихи
миссия қазіргі дәуірде ең бір дамыған, жер жүзіндегі беделді де
болашағы зор тілдердің бірі – орыс тілінің үлесіне тиген еді. Орыс
тілін ешкімге де зорлап үйретудің қажеті жоқ, керек болса оны
әркім-ақ өз бетімен үйреніп, өмір қажетіне жарата алады деген В.И.
Лениннің көрегендік өсиетін бүгінгі өміріміз толық дәлелдеп отыр.
Сондықтан да біз көп ұлтты Совет мемлекетіндегі қостілділікті өзі
тәріздес құбылыстардан ерекше тұрған, тілі басқа болса да мақсаты
мен мүддесі бір, ынтымақ пен достығы жарасқан халықтардың өмір
салтанатынан, социалистік болмыстың тұла бойынан туындаған
тамаша феномен деп танимыз.
Осы құбылыстың бір көрінісін біз Советтік Қазақстан топырағынан
табамыз. Еліміздегі сан алуан қостілділіктің ішінде қазақша-орысша
қостілділік қатысушы халықтың саны жағынан төртінші орынға ие.
Бұл өлкедегі жасаушы жүзден ас там ұлт өкілдерінің өзара қарым-
қатынасына байланысты қостілділіктің басқа да түрлері кездеседі
458
Әңгіме осылар жайында болмақшы.
Бірақ бұл мәселеге көшпестен бұрын біз республикамыздағы
жалпы тілдік қарым-қатынастар жайында, тіл тағдырына, оның
болашағына, қадір-қасиетіне, қызметіне қоғамдық мән берілуіне, coл
тілдерде сөйлеуші ұлттарды, оны тұтынушы қауымның, зерттеуші
мамандардың көзқарасына қысқаша болса да тоқталып өтпекшіміз.
Өйткені бұл мәселелердің қостілділікке тікелей қатысы бар.
Бәрімізге белгілі, қоғам өміріндегі бүгінгі бетбұрыс, қайта
құру, түбегейлі өзгерістер тек рухани байлығымызды бағалаумен
шектеліп қана қоймай, өміріміздегі әбден қалыптасып, дәстүрге
айналып кеткен стереотиптік, сыңаржақты көзқарас-қағидаларды
да қайта қарап, қажетті қорытынды шығаруға жағдай жасап отыр.
Жариялылық пен демократиялылық арқасында бұрын соңды басқаша
айтылып, басқаша дәріптеліп келген құбылыстар немесе мүлдем
айтылмай, аталмай келген небір жағымсыз жағдайлардың бүгін бет-
пердесі ашылып, шынайы шындықтың өзі белең ала бастады.
Жасыратыны жоқ, қоғам өміріндегі дәл осындай жағдайлар тіл
өмірінде де, әсіресе, ұлттық тілдердің тағдырында да аз болған жоқ. Бізде
ұлттық тілдердің бүгінгі халі мен ертеңгі болашағын сөз еткенде, әсіре
қызыл сөздер, орынсыз мақтау, мадақтаулар өте көп болды. Тіл тағдырына
қатысты жергілікті ұлт өкілдері өз тілдерінің жағдайын қайткен күнде
де жақсы жағынан көрсетуге тырысса, орталықтағы зерттеушілер оны
заңдастыруға, тігісін жатқызып жымдастыруға, ұланғайыр еліміздегі
тіл стихиясын «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманның» бір
керемет құбылысы етіп көрсетіп, тіл проблемасын дау-дамайсыз, талас-
тартыссыз өзінен-өзі оп-оңай шешіліп жат қан дүние деп танытуға
тырысты. Ал тіл өміріне тән шындық басқашалау болды: үлкенді-кішілі
ұлт тілдерінің тағдыры барлық жерде бірдей дәл осылай оңай шешіліп
жатқан жоқ еді. Лениндік ұлт саясатының нұрлы сәулесі жүзден астам
ұлт тілдерінің түкпір-түкпіріне түгел түсіп, тілдерге берілген тең
праволылық, еркін даму правосы қатал сақталып келді деп айтсақ, бүгінгі
жариялылық принципіне нұқсан келтірген болар едік. Тіл мәселесінің
оқтын-оқтын күн тәртібіне қойылып, елдің назарын аударып отыруы,
тіпті, тіл кінаратының кейде дертке айналып, асқына түсуі де, сайып
келгенде жоғарыдағы себептерге байланысты болса керек.
Лингвистикалық әдебиеттерде «130 терезесі тең тілдер» деген теңеуді
жиі кездестіруге болады. Ондағы айтып отырғаны сан жағынан ұсақты-
ірілі 130 халықтың тілі ғой. Біздің қоғамымыздағы қостілділіктің негізгі
459
ерекшеліктерінің бірі, жоғарыда айтқандай, тіл қатынасындағы осыншама
ұлт тілдерінің тең праволылығы болса керек еді. Бірақ мәселенің нақты
жағдайы, турасын айтқанда, бұл принципке сәйкес келе бермейді.
Жақында Таулы Алтай аймағындағы аз халықтардың бірі – тофалар 79
болып өз жазуына ие болды. Дегенмен, кейбір тілдердің қолданыс аясы
тартылып, болашағы сиырқұйымшақтап бара жатқанын жасыруға бола
ма? Солардың бірі – шор тілінің кондом диалектісі. Ол бүгінде құрып
кету алдында тұр, кондомдықтар өз тілін мүлдем ұмытып, сан жағынан
көбірек көршілерінің тіліне ауыса бастады. Мұндай жағдайды қоғамдағы
экологияның бұзылуы деп қарауға болады. Егер біздің табиғат өңірінен
мүлдем кеткен, не жойылып кету қаупіне душар болған құрт-құмырсқа,
бақа-шаянға дейін «Қызыл кітап» беттеріне тіркеп, қамқорлық жасауға
құдіретіміз келгенде, ғасырлар қойнауынан көненің көзіндей бізге жеткен
бір тайпа елдің ана тілін сақтай алмасақ, рухани дүниесінен мақұрым
болуына жол берсек, ол гуманистік принциптерге жат болар еді. Бұл,
әрине, өз алдына бір мәселе.
Ал енді, қазақ тілі сияқты, «төрт құбыласы тең», «қағанағы қарқ,
сағанағы сарқ» болып отырған тілдерге келсек, олар сырт қарағанда
дәл солай болып көрінуі де мүмкін. Оны бәріміз де күні кешеге дейін
солай деп сипаттап та келдік. Қазақстанды «жүз тілдің планетасы»
деп дәріптедік, оны «тіларалық қатынастардың экспериментальдық
лабораториясы» деп жарияладық. Бірақ осы сөздерді қанша қайталап
айтсақ та, coл «эксперименттің» әлеуметтік мәнін терең түсінбедік, сол
«лабораторияның» ішінде болып жатқан «реакциялардың» тоқырау
кезеңінде нендей нәтижеге әкеліп соғатынына мән бермей келдік,
республика жағдайындағы тіл дамуына, әсіресе ұлтаралық қатынас
құралы болып саналатын орыс тілі мен қазақ т.б. ұлт тідерінің бағыт-
бағдарына саналы түрде ықпал жасауға немқұрайды қарадық, сөйтіп
тіл саясатына «жақсысын асырып, жаманын жасыру» принципін арқау
етіп келдік. Ал, шын мәнісінде республика өміріндегі кейбір келеңсіз
жағдайлар тіл саласында орын алып келді. Басқасын былай қойғанда, біз
«қазақ тілі жан-жақты дамып, гүлденуде» деген мадақ тұжырымдарға
мас болып, өзімізді-өзіміз жұбатып, тоқмейілсіп жүргенде оның
қоғамдағы беделін қалай түсіріп алғанымызды, ана тіліміздің қала
жағдайында, әсіресе, қала жастары арасында практикалық қолдану
аясын қалайша тарылтып алғанымызды байқамай да қалдық. Мәселен,
біз «барлық мүмкіншіліктер бола тұрса да, қазақ әдеби тілі өткен 70
жыл ішінде неге үлкен ғылым тілі деңгейіне көтеріле алмады?» немесе
460
«неге қазақ тілі жоғары оқу орындарында жергілікті жастар үшін
жаратылыстану мен техника пәндерінен білім алу тілі бола алмады?»
деген заңды сұрақтарға күмілжіп, нақтылы жауап бере алмаймыз. Ал
жоғары білімді, зерделі де зейінді ұлт зиялыларының, әр түрлі дәрежедегі
жауапты қызметкерлеріміздің қарапайым халық өкілдерімен, даладағы
егінші, таудағы шопанмен кездесе қалғанда өз тілінде емес, орыс тілінде
сөйлесіп, тіпті ғылым-техника табыстары мен халықаралық жағдай
туралы лекция оқу нормаға айналғанын қалай түсіндіріп, немен жуып-
шаюға болады?
«Себепсіз салдар болмайды» дегендей, осындай етек ала бастаған
енжар көзқарастың нәтижесінде ана тіліне де ген ынтазарлық, ілтипат,
құрмет төмендеп кеткенін бүгін айтпасақ, ертең кеш болатын сияқты. Бұл
кінараттың бүкіл оқу-тәрбие жүйесіне, атап айтқанда; мектепке дейінгі,
мектеп жасындағы және жоғары оқу орындарындағы жас жеткіншектердің
тіл тәрбиесіне салқынын тигізіп отырғанын жасыруға болмайды.
Айта берсе, бұдан басқа да келеңсіз жағдайлар тіл саласында
баршылық. Оларды әңгіме жүйесіне қарай қарастырсақ, біразы ең
алдымен республикадағы қостілділіктің практикалық мәселелеріне барып
саяды. Республикада тұратын аз санды халықтардың (неміс, корей, ұйғыр,
түрік, дүңген, курд, гагауыз т. б.) өзара тілдік қарым-қатынасын былай
қойғанда, тіпті негізгі тілдер санатына жататын қазақ тілі мен орыс
тілінің қоғамдық өмір талабына сай кеңінен дамуына осы уақытқа дейін
дұрыс көңіл бөлінбей келгендігін мойындауымыз керек. Сондықтан
болу керек, бұл мәселеге партиялық жаңа көзқарас бұрын қаға берісте
қалып, ескерілмей келген жақтарымызды тап басып, ашып беріп отыр.
Республикада ұлтаралық тәрбие берудегі қостілділіктің нақтылы рөлін
көтеруге бағытталған жаңа қадам көптеген ғылыми-педагогикалық
мекемелердің, соның ішінде, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі
институтының да, бұл процеске толық дайын емес екендігін бірден
көрсетті. Осыған орай, айтылған дұрыс сыннан тиісті қорытындылар
шығара бастадық. Соның нәтижесінде қостілділіктің практикалық
қажеттігін өтеуге тиісті әр түрлі сөздіктер, оқулықтар мен программалар,
тілашарлар, методикалық және анықтама құралдар аз уақыттың ішінде
дүниеге келіп, қалың көпшіліктің қолына тиiп отыр. Бұл саладағы
жұмыстар бұдан кейін де жалғаса бермекші. Осыны бұрын неге
істемедік?
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР
Министрлер Советінің қазақ және орыс тілдерін республикада оқып
461
үйренуді жақсарту туралы қаулылары Қазақстан жұртшылығының мәдени
өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды десек, артық айтқандық емес.
Бұл документтер біздің шетелдердегі тұрақты оппонент-даукестеріміздің
құлағын елең еткізіп, тұйыққа тіресе, туыстас республикаларда дәл
осындай мәселелерді шешуге шарапатын тигізіп отыр. Жасыратыны
жоқ, әсіресе, жергілікті қазақ тілін бас қа ұлт өкілдерінің үйренуіне
респуб ликада жағдай жасалуы ілтипатпен қабылданды. Олар бұл
игілікті бастаманы жұмыс бабына байланысты ішкі қажеттіліктен туған
талпыныс, достықтың шынайы көрінісі, интернационалдық өнегенің
нышаны деп топшылауымызды дұрыс бағалап отыр.
Әрине, басқа тілді үйрену яки үйренбеу әркімнің өз ықтияры.
Еркіндік – лениндік прициптің өзекті мәселесі. Бұл принцип барлық
жағдайда бірдей, бірізділікпен сақталуға тиісті. Көптеген ұлт өкілдерінің
орыс тілінің үйренуінде де осы принцип сақталады. Бірақ еркіндік бар
да, қажеттілік, зәрулік тағы бар. Совет еліндегі қостілділіктің барлық
түрі осы принципке нсгізделеді. Осындай қажеттілікке бай ланысты
республикамызда қалыптасып, дами бастаған қостілділіктің алуан түрі
бар. Олардың бір жағында ұлт тілдері тұрса, екінші жағында орыс тілі
тұр. Бірақ барлық жағдайда бұл құбылысты осылай бірыңғай, біржақты
екен деп түсінбеуіміз керек. Орыс және басқа халықтар өздерінің ана
тілімен қатар басқа ұлт тілдерінде де қарым-қатынас жасайды. Осыған
байланысты біз қазақ-орыс қостілділігімен қатар орыс-қазақ қостілділігін
де атай аламыз. Бұл құбылыс орыстардың және орыс тілін меңгеретін
басқа өкілдерінің қазақтармен қазақ тілінде де сөйлесе алатындығының
айғағы. Бірақ екеуі барабар емес. Бірінші қостілділік көпшілік қауымға
тән болса, екіншісі әзірге азшылыққа тән құбылыс. Оны 1979 жылғы
санақтың деректерімен де көрсетуге болады: республикадағы 5.289.349
қазақтың 2.676.599-ы орыс тілін біледі екен, бұл жалпы халықтың 50,6
процентін құрайды. Ал, республикадағы 9.064.875 орыс және бас ка
ұлт өкілдерінің қазақ тілін білетіні – 82.858 адам, яғни, ол жалпы сан-
ның 9 проценті ғана. Бұл проценттің ішіне онсыз да қазақ тілін жақсы
білетін қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, қарашай-балқар сияқты туыстас
халықтардың еніп отырғанын аңғарсақ, орыс, украин, белорустардың
үлесі онша көп болмаса керек. Оны былай қойғанда, қазақтардың
өздерінің ішінен қанша проценті қазақ тілін білмейтіндерін санақ
деректері ашып айта алмайды.
Әрине, бұл келтірілген көрсеткіштер өткен он жылдың ішінде аз-
кем өзгеруі де мүмкін. Бірақ жалпы жағдай шамамен қазір де осылай.
462
Қазақ-орыс қостілділігіне байланысты санақта дәл анықталынбай,
тек долбар, жоба ретінде айтылып келе жатқан мәліметтің бірі – ол
қазақтардың, сондай-ақ басқа халықтардың, орыс тілін қай дәрежеде,
қаншалықты білетіндігі. Қостілділіктің табиғатын анықтай түсу үшін
ғылымда, тіл саясатында бұл мәселенің маңызы зор. Өйткені тілді жетік
білу бар да, қара дүрсін жүрдім-бардым білу деген тағы бар. Ал осы
екі «білудің» арасында талай сыр жатқан сияқты. «Тілін еркін білу»
мен «тілді меңгерудің» өзі бір емес. Үйренген бір-екі ауыз сөзін, «моя-
твоясын» араластыра, шатып-бұтып сөйлеп, анау-мынау ойын түсіндіре
алатындар да өзінше тілін білемін десе, орыс тілінде көсіле еркін
сөйлейтіндер де «білетіндер» санатына жатады. Осылардың бәрін санақ
анкетасы анықтай алмайды, өйткені мәлімет беруші азамат өз білгенінше
жаздырады да, сол негізінде социологтар қорытынды шығарып, неше
саққа жүгіртеді. Бұл документте білуге қатысты басқа да факторлар атап
айтқанда, қостілді адамның жынысы, білім дәрежесі, мамандығы, қызмет
түрі, өзін қоршаған тілдік орта т. б. ескеріле бермейді.
Ал қостілділіктің статусы жайына келсек, ол туралы пікірлер
әртүрлі. Солардың ішінде кең тарағаны – профессор О. С. Ахманованың
анықтамасы. Ол бойынша: «қостілділік – екі тілді бірдей жетік білу»
(Словарь лингвистических терминов. М. 1986, С. 125). Өз басым бұл
сықылды топшылаумен келісе алмаймын. Өйткені екі тілді меңгеруге
әбден болады да, бірақ екеуін тең дәрежеде бірдей меңгеру сирек
кездесетін жағдай. Бұл – екі тілділіктің шарықтау шегі оған «жүзден –
жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, тек Шыңғыс Айтматов, Эфенди
Қапиев, Г. Гулиа, П. Хузангай секілді саңлақтардың ғана қолы жетеді.
Мұндай азаматтар қазақ топырағында да баршылық, олар әсіресе
творчестволық зиялылар, мәдениет, ғылым қайраткерлері арасынан
кездеседі. (Басқа мамандық саласында да қостілде еркін сөйлейтіндер
бар екенін жоққа шығарып отырған жоқпыз). Демек, екі тілге де жетіктік
ұлттық аймақтарда негізінен творчество саласында істейтін қауымға тән
құбылыс болса керек. Егер қостілділіктің биік өресіне соларды жатқызып,
қалғандарын «жақсы», «орташа», «шамалы» тәрізді шартты бағалармен
«қостілді» деп танысақ, онда қазақ-орыс қостілділігі 50.6 процент емес,
одан әлдеқайда жоғары тұрған болар еді. Ш.Айтматов «қырғыздардың
бәрі де қос тілде сөйлейді» дегенде мәселенің осы жағын ескеріп отырған
сияқты.
Біздің қоғамда бүгінде бұқаралық сипат алып отырған қостілділік
феномені тең праволы, паритеттік жағдайда дамып отырса да, екі тілдің
463
біреуі меңгерілуі жағынан басымдау болып келеді, ол билингвтің жетік
меңгерген ана тілі болуы да, немесе екінші тіл болуы да мүмкін. Ол
оның күнделікті тілдік қарым-қатынасында негізгі тіл ретінде жетекші
қызмет атқарып көбірек жұмсалады. Бұл ерекшелікті әрбір қостілді
азамат өз тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан бүгінгі таңда екі
тілділіктің символы ретінде жиі айтылып жүрген «қос канат» деген
тіркесті, «құстың ұшуына қос қанат қандай қажет болса, қостілділік
бізге де сондай қажет» деген сөздерді тура мағынасында емес, ауыс,
бейнелеуіш мағынасында түсінгеніміз жөн.
Қостілділіктің әлеуметтік мәнін, табиғатын дұрыс түсіну
үшін тағы бір жағдайдың бетін ашып алған жөн. Ол «ана тілі» және
«екінші ана тілі» деген ұғымдарға байланысты. Бір қарағанда, бұл
ұғымдардың мәнісі баршамызға түсінікті сияқты. Ал тереңірек ойлап
қарасақ, бұл – күрделі мәселе. Ең алдымен анықтайтын нәрсе: екі тілде
сөйлейтін билингв қай тілді өзінің ана тілі деп есептейді: өзі емін-еркін
сөйлейтін тілді ме, жоқ әлде, ата-анасы сөйлейтін, немесе ата-бабасы
сөйлеген тілді ме? Бірінші жағдай ана тілдің статусы жақсы меңгерген
тілге байланысты да, екіншісінде этностың мұрагерлік дәстүріне
байланысты. Сонда қалай: «ана тілі» деп тану үшін оны жетік меңгеру
принципі сақталу керек пе, әлде, оны атадан балаға қалған мұра деп
таныған жөн бе? Лингвистикада қостілділіктің ұлттық компоненті
(сыңары) доминанттық (жетекшілік) қызмет атқару керек деген қағида
бар. Сонда қалай, білсең де, білмесең де бабаңның, атаңның немесе
туған анаңның тілі ана тілің болып саналмақшы ма? Ал ана тілін
біле бермейтін қала жастары мен кейбір орта жастағы қазақтар үшін
ана тілінің статусы қалай болмақшы? Бұл ойлануды, зерттеуді қажет
ететін өмір салтымыздағы жаңа құбылыс. Біздің дәстүрлі ұғымымыз
бойынша: ана тілі – ананың ақ сүтімен бойға дарыған асыл қасиет, бесік
жырымен нәрестенің құлағына сіңген алғашқы сиқырлы сөз, атаның
ғибратына ұласып, халықтың рухани байлығына айналған мұра.
Олай болса, ана тілі мен екінші ана тіліне байланысты туған ана
немесе екінші ана туралы сөз логикалық тұрғыдан қисынсыз сияқты.
Өйткені бір баланың екі бірдей туған анасы болуы мүмкін емес,
сондықтан да бір адам басында бірден екі ана тілдің болуы да табиғи
шындыққа жатпаса керек. Бұл арада мен өзімнің ұстазым, ғұлама
ғалым Қырғыз ССР Ғылым академиясының академигі К.К.Юдахиннің
бір кезде айтқан сөзін қайталап отырмын. Бұл сөзі үшін ол кісіге кезінде
«қырғыз ұлтшылы» деген айдар да тағылған еді. Бірақ ол уақыттар
464
кетті. Әр нәрсені өз атымен атауды үйреніп келе жатырмыз. Екінші ана
тіл туралы тезисті жақтаушылардың қарсыластары мен ғана емес. Бұл
жөнінде Расул Ғамзатовтың айтқандарымен жұрт таныс болса керек.
«Екінші ана тілім» деп бейнелі ойға ерекше мән беру үшін айтуға
болады. Бірақ тура мағынасында терминдік ұғым ретінде қолдануға
болмайтын сияқты.
Біз жоғарыда қазақ-орыс қостілділігінің екінші сыңарын меңгеру
жайында айта келіп, бұл мәселеге билингвтердің жас ерекшелігінің де
қатысы барлығын ескерттік. Ешкімнің де жарық дүниеге белгілі бір
тілді біліп тумайтыны белгілі. Әдетте, балаға тілді анасы, семьясы,
өзі өскен ортасы үйретеді. Бір ғажабы, бала жас кезінде кез келген
тілді және бір ғана емес, бірнеше тілді бірдей үйреніп кетуге бейім.
Психолингвистердің айтуынша, адамдардың тілді үйрену қабілеті
өте зор, бірақ ол да шексіз емес. Сегіз-тоғыз жасқа дейін баланың сөйлеу,
дыбыстау аппараты қалыптасып, ол кез келген тілдің дыбыстық жүйесін
кабылдауға бейім тұрады екен. Он алты он жеті жасқа дейін баланың жадында,
өзі игерген тілдің грамматикалық кұрылысы жатталса, одан кейінгі жылдары
(өмірдің аяғына дейін) адам өзінің сөз қорын толықтырумен болады екен. Тіл
игеруге байланысты негізгі кезеңдерді ғалымдар міне, осылай бағдарлайды.
Солай бола тұрса да, егер тіл үйрену қажеттікке, қызығуға, құмарлыққа
байланысты болса, оған шек қоюға болмайды. Мәселен, Карл Маркс 52
жасында орыс тілін үйрене бастап, жарты жылдан кейін Пушкин, Гоголь,
Салтыков-Шедрин, Чернышевскийлердің шығармаларын түпнұсқасынан
еркін оқып, олар тура лы өз топшылауын айта алатындай дәрежеге жеткенін
білеміз. Ол кейін бұл туралы: «Классикалық, герман және ро ман тілдеріне
мүлдем ұқсамайтын бұл тілді үйрену үшін менің жасымдағылар қатты еңбек
ету керек» деп жазды (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. 2-ші басылымы, Т. 9, 78-
6.) Полиглоттықтың тамаша үлгісін оннан астам тіл білген В. И. Ленин де
көрсете білді.
Дегенмен, ғылыми негізге сүйенсек, нағыз тіл үйренетін дәуір жастық
шақ қой. Жалпы халықтық сипат алып отырған қостілділік жағдайында,
әсіресе, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және жоғары оқу орындарында
оқитын жастардың тіл тәрбиесіне ерекше назар аударғаны абзал. Бұл игілікті
істе қалыптасып калған дәстүрлер, жастарды мезі қылған оқу программалары
мен оқулықтар, мәнсіз де мәнерсіз методикалык әдістер ендігі жерде бөгет
болуы сөзсіз. Тіл тәрбиесінің маңызын арттырып, оны дамытудың жаңа жолын
іздестіретін уақыт жеткен сияқты. Қостілділіктің болашағы жас ұрпаққа
байланысты деп түсінсек, интернационалдық тағылымның қайнар көзі тіл
465
және тіл мәдениетінің өскелеңдігіне қатысты деп ұқсақ, мектеп реформасына
байланысты шаралардың толық орындалуына қажетті қаржыны қысудан біз
ұтылмасақ, ұтпаймыз.
Қос қаулыдан кейін республика бой ынша қолға алынып ересектерге
екінші тіл үйрету үшін жер-жерлерде ұйымдастырылған үйірмелердің,
курстардың, семинарлардың жағдайына келсек, шынын айту керек, әзірше
онша мәз емес. Бұл игілікті істің қиыншылығы мен «нәзік» жақтары да
баршылық. Ең алдымен барлық жерде еркіндік прин ципі сақталуы қажет.
Бұл істі науқанға айналдырмай жұртшылықтың қажетіне сай жүргізіп,
елдің ілтипатына бөлеу ка жет. Бұл процесті жасанды түрде «ықтиярсыз»
жеделдетуге, немесе босаңдатуға да болмайды. Бұл істе «оқып жатырмыз»,
«үйреніп жатырмыз» деген жалған ақпар, көзбояушылық, нәтижені
процентпен өлшеп, формализмге бой ұру да өте зиянды.
Біздің ойымызша, істің негізгі тетігі: тілдік қарым-қатынастың
жаңа арнасына қадам басып отырған қазақ, орыс т. б. ұлт өкілдерінің
өзара достығы мен сыйластығында, тіл үйренем деушілерге ілтипатпен
қарап, қажетті жағдай жасауда, қолдап-қуаттауда.
Қазақ-орыс қостілділігіне байла нысты проблемалардың бәрі
бірдей республикаға ғана қатысты бола бермейді. Кейбір мәселелер
партиямыздың ұстанып отырған жалпы тіл саясатымен де астарлас келеді.
В. И. Ленин талай-талай қызу айтыстарда көп ұлтты мемлекет жағдайында
жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік тілдің қажеті жоқ, өйткені ол басқа
халықтар үшін зорлаудың, қысым жасаудың құралы болып саналады,
егер ол халықтар өздерінің тұрмыс, жұмыс жағдайына байланысты
орыс тілін қажет деп тапса, оны күштеусіз-ақ өз еркімен үйреніп
алады деп, көрсеткен еді. Уақыт көсемнің данышпан болжамын
бұлжытпай дәлелдеп отыр. Орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы
ретінде тамаша қызмет атқарып келеді.
Ұлт тілдерінің, қостілділіктің болашағына байланысты айтылып
жүргені оғаш пікірлердің бірі – ұлт тілдерін «болашағы бар»,
«болашағы жоқ» деп топтастыру. Былайша тұжырымдау, біріншіден,
сол тілде сөйлеуші, сол тілді тұтынушы үлкенді-кішілі халықтардың
өздеріне қандай әсер ететінін ескермесе, екіншіден, ол тілдерге
«тірідей көр қазуға» ұқсайтын әрекет. Мұндай сәуегейлікке ешбір
халық көнбейді. Ең аз санды халықтардың өзі өз тілін сақтап қалуға
тырысады. Мұндай пікірдің салдары, сайып келгенде, ұлттық
қатынасқа салқынын тигізіп, тіл кінаратына ұшыратады. Көп тілдің
бір қоғамда қатар өмір сүруі әбден мүмкін де, тіл мәселесі дұрыс жолға
466
қойылған жерде, олар бір-біріне бөгет жасамайды, еркін дами береді.
Р.Ғамзатовша айтқанда, «Тіл тілге дұшпан емес». Сондықтан да
болар, біздің еліміздегі ұлттық-орыс қостілділігі – кілемнің түріндей
құлпырған сан алуан қыры мен сыры мол күрделі құбылыс. Советтік
Қазақстанда да тек қазақ-орыс қана емес, сондай-ақ неміс-орыс,
корей-орыс, ұйғыр-орыс, түрік-орыс, дүңген-орыс т.б. қостілділіктің
тамаша мозаикалық өрнегі көз тартады.
Кейде біз «қазақ тілінің болашағы жоқ» деген сөздерді де естіп
қаламыз. Ондай әңгіменің себеп-салдарын ойластырсақ, бір кезде И.
В. Сталиннің «Марксизм және тіл білімі мәселелері» атты еңбегіндегі
«болашақта тілдердің бәрі бірігіп, ортақ бір тілге айналады» деген
жаңсақ пікірі еріксіз еске түседі.
Тіл тәрбиесі – ұлтаралық қатынас пен интернационалдық
тағылымның тікелей кепілі. Тіл тәрбиесіне екі проблеманың тікелей
қатысы бар: біріншіден оған қоғамның дұрыс көзқарасы, тұрақты
қамқорлығы қажет, екіншіден жастарға тіл ұстартатын шебер
тәрбиешілерді тәрбиелеу қажет.
Қоғам өмірінде кейінгі кездерде тіл қадірі кеміп, «беделі түсе»
бастағанын мамандар түрліше жобалайды. Keйбіреулер оны бұрын-
соңды болып көрмеген техникалық прогрестің әсерінен болған
қоғамдағы дегуманизация процесіне (дүниетаным, адамгершілік
принциптердің төмендеуіне) байланысты деп қараса, енді біреулер
тілдік феноменді, оның асыл табиғаты мен мәнді де маңызды қызметін
бағалай білмегендіктен деп түсіндіреді. Осы ретте атақты педагог В.
А. Сухомлинскийдің мына бір жалынды сөздері ойға оралады: «Тіл –
мектептегі жоқ оңай пән дегенді естігенде жаның ауырады. Айталық,
математика, физика, химия, міне, нағыз пәндер осылар, олардың
болашағы да зор... Бұл – қандай үлкен қателік. Ондай пікір қаншама
зиян келтіруі мүмкін. Себебі, тілді меңгеру жай ғана білім, дағды,
шеберлік бе ру емес, ол – ең алдымен тәрбие, тәрбие болғанда да жан
дүниесінің тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, ойлау жүйесінің қалыптасуы...
Ана тілін сүймей тұрып, Отанын сүю мүмкін емес». Бұл сөздерге
түсінік беріп жатудың қажеті жоқ шығар.
Дәл, осы тәрізді жағдай біздің арамызда да кездеседі. «Тіл мен
әдебиет ең оңай пәндер» деген жалған ұғым етек ала келе, кейде мектеп
бітірген кейбір жастардың болашақ мамандық таңдауында бейне бір
«кәсіби бағдарлауға» айналып, жан-тәнімен сүймеген, табиғатына
терең түсінбеген ана тілінен ұстаз болуға әрекеттенуі аянышты-ақ.
467
Өйткені, тілдің сиқырлы күшін сезінбеген «ұстаз» жас ұрпаққа тіл
ұстартуы неғайбыл. Ол тек өзіне ұқсас, өз жолын қайталайтын, өз
тәсілін қолданатын шәкірт тәрбиелеуі мүмкін. Сондықтан талантты
да талғамы зор ұстаздарға тек математика, физика, химия пәндері ғана
емес, жас ұрпаққа тіл ұстартатын, «мәңгілігіміздің мәңгілігі», рухани
байлығымыздың қайнар бұлағы ана тіліміз де зәру-ақ. Қостілділікті
дамытудың тағы бір кепілі осы. Өйткені, өз тілін сүйе алмаған адам,
өзге тілді де сүйіп жарытпайды. Профессор Вильгельм фон Гумбольт
«Халықтың тілі – оның жаны, халықтың жаны – оның тілі, бұдан
салтанатты нәрсені ойлап табу қиын» десе, А.В.Луначарский «басқа
тілді білу адамға тағы бір қос жанар сыйлайды тағы бір жүрек береді,
миыңа ми қосады» деген болатын.
Осыны түсіне білсек, ана тілімізді де, орыс тілін де жетік білетін
замана арманындай азаматтарды тәрбиелеу бүкіл қоғамның абзал
борышы, партия мен үкіметіміздің ең асыл мақсаты деп білеміз.
Тіл тәрбиесін жолға қою, тіл мәдениетін көтеру бүгінгі таңның
биік талабына сай шешілуі кажет. Қазақ тілінің қоғамдық қызметін,
қолданыс аясын кеңейту үшін, беделін көтеру үшін «Қазақ тілі» деген
журнал шығарсақ, күнделікті баспасөз бетінде тіл мәдениеті туралы
материалдарды үзбей жариялап тұруды дәстүрге айналдырсақ, нұр
үстіне нұр жауған болар еді. Бұл салада ойланатын мәселелер көп-ақ.
«Жұлдыз», 1988. 10 қазан. 153-159 б.
Достарыңызбен бөлісу: |