Мағжан Жұмабаев педагогика



бет4/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Баланың тамағы. Баланың жақсы өсуі үшін оның тамағы жақсы болуға тиіс. Тамақ баланың өсуіне қарай өзгеріп отыру кереқ. Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың сүті. Сүттің ішінде денеге керек тамақ заттарының бәрі бар. Ана сүті бала өскен сайын өзгеріп отырады. Ана бір себептерден баласын емізе алмайтын болса, әрине, қолдан асырауға тура келеді.
Бірақ емізуге мүмкін болғанда абзалы – ананың өзі емізуі. Статистика – санақ пәнінің көрсетуі бойынша ана сүтін емген 100 баладан бір жылда 15–20‑сы ғана өледі. Ал қолдан асыраған 100 баладан бір жылда 65 шамалы өледі.
Қолдан асырау. Қолдан асыралғанда балаға лайықты тамақ – есек сүті мен ешкі сүті, Бұл екеуінің бірі болмаған күнде сиыр сүті. Бірақ сиыр сүтінде ақ (белковина) пен май көп, қант аз. Сондықтан сиыр сүтін сұйылту һәм тәттілеу керек. Жаңа туған балаға берілетін сиыр сүтіне үш есе су қосу керек. Мұнан соң 2–3 айға шейін бір бөлім сүт, екі бөлім су, 3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей, ал тоғыз айдан былай таза сүттің өзін беріп отыру керек. Бір ішкізгеннен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға беретін сүттің жылылығы адам денесінің жылылығындай болу керек (Цельсий бойынша – 35–37°, Рьюмер бойынша – 26–28°).
Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір стакан сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға берілетін сүт сау сиырдың жаңа сауылған сүті болсын. Әр сиырдың сүтін бір бергеннен бір ғана сиырдың сүтін берген дұрыс. Сүт, ыдысы таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті.
Емізік. Қолдан асырағанда балаға тамақ беру үшін қолайлы әдіс – емізік. Көбінесе емізіктің емшегі желімнен жасалған болады. Болмаса сиыр емшегі кигізіледі. Ішіндегі сүтін еміп болған соң құр емізікті балаға сорғызып қою тіпті дұрыс емес. Бірінші, баланың іші желге толып аурулы болуға себеп болады. Екінші, желімнен жасалған емшек баланың денесіне зиян келтіреді. Баласына құр емізікті сорғызып қойып, қол қусырып өсек аңду анаға лайық іс емес. Баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға біл.
Аралас тамақтандыру. Анасы емізген бала біраз өскен соң анасының сүтінен басқа тамақ та тілей бастайды, Ол уақытта ана сүтінен басқа тамақ бере бастауға мүмкін. Балаға жай тамақты алты айсыз бере бастау дұрыс емес. Жай тамақ бергенде әуелі жеңілінен бастап, бірте‑бірте ауырына көшу керек. Мысалы, былай: сиыр сүті, бал қаймақ, ақ ірімшік, қатық (ащы қылып ұйытпау шартымен), қаймақ, жұмыртқа һәм сорпа.
Ал енді жас балаға (бір жасқа толмаған) май, нан, ет беру тіпті дұрыс емес. Қызыл иегімен қажалатқызып балаға нан беріп, ет беріп, сорғалатып май беріп қойған ана – баланың досы емес, қасы. Маған майлы бауырсақ, не болмаса қазықарта шайнап бере гөр дегендей баласына ет, нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны. Барлық денесі, асқазаны тіпті нәзік баланың нан, май, ет жеп көтеретін қанша күші бар? Қазақ баласының ауру болуы, көбінесе осы талғамай тамақ жегеннен болады. «Ауру – астан» деген қазақ мақалынан айналып кетсең болмай ма?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет