Макет заголовка



бет10/12
Дата07.01.2022
өлшемі5,77 Mb.
#17680
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2 зертханалық сабақ

Буаздықты анықтау



сыртқы

ішкі

Рефлексологиялық;

Көру;

Ұстап көру, сипау;

Тыңдау .

Қынапты зерттеу;

Тік ішек арқылы зерттеу.

Буаздықты тік ішек арқылы анықтау. Бұл әдісті малды ұрықтандырған күннен бастап 1,5-2 айдан кейін қолданады, одан бұрын зерттегенде мал іш тастап кетуі мүмкін. Қолдың тырнағын алып, сыртын сабындап, саусақтарды біріктіріп ақырындап ырғай отырып тік ішекке кіргізе береді. Ішіндегі жиналған нәжісті алып тастап қолды ілгері жылжыта береміз. Тік ішектің қампима тәрізді жерінен өтіп, оның жіңішке тар жеріне жеткенде ғана малды біраз тыныштандырып тиісті органдарды зерттей бастады. Мұндағы көңіл аударатын жағдай: жатыр, жатыр мойыны, тармақтарының, аналық ұрық безінің орналасқан жері, сыртқы пішіні, көлемі, жатыр артериясының дірілі, күші. Тік ішек арқылы зерттеуді негізінен таңертенгілікте жүргізген дұрыс. Зерттеу жүргізетін кісінің үстінде арнайы киім болады, атап айтқанда резиналы алжапқыш, акушерлік- гинекологиялық қолғап, аяғына шылғау мен етік киеді. Зерттеуді жатыр мойнын табудан бастайды. Ауру емес, қысыр сиырдың жатыры (мойны, тармақтары), екі ұрық безі де жамбас қуысында жатады. Жатыр мойыны 8-12 см цилиндр тәрізді өте тығыз орган, одан әрі қарай жұмсақ ұзындығы 2-3 см, жатыр денесі және екі жаққа бөлініп, астына қарай бүктеліп ұзындығы 20-25 см жатыр тармақтары жатады. Тек кәрі көп бұзауланған сиырлардың жатыр тармақтары құрсақ қуысына азырақ салбырап тұрады. Тармақаралық өзек жақсы білінеді. Екі тармағының ұзындығы, жуандығы, серпімділігі, тығыздығы да бірдей, Қолмен жайлап сипай бастаған-ақ жатыр тармақтары қошқар мүйізі тәрізденіп жиырылып, тығызданып дөнгелене қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет