Макет заголовка


Буаздық белгілері: 1-айлық буаздық белгілері



бет11/12
Дата07.01.2022
өлшемі5,77 Mb.
#17680
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2 зертханалық сабақ

Буаздық белгілері: 1-айлық буаздық белгілері. Жатыр мойыны жамбас қуысының ортасында, бір тармағы үлкендеу, құрсақ қуысына қарай ығысқан, сипағанда жиырылмайды, ішіне шарана суы жиналғаны байқалады. Осы жағының ұрық безі үлкендеу, бұлтиып сары дене білінеді. Жатыр алақанға түгелдей симайды. 2-айлық буаздық белгілері. Жатыр мойыны жамбас қуысының алдыңғы жағына қарай ығысқан, Жатырдың буаз тармағы екіншісімен салыстырғанда екі есе үлкен былқылдаған дорба тәрізді, жиырылмайды, құрсақ қуысына салбырап тұрады. Тармақаралық өзек анық білінбейді. 3-айлық буаздық белгілері. Жатырдың буаз тармағының көлемі ересек кісінің басындай ішіне су толған дорба тәрізді. Онда зәр толған қуықпен шатастырмау үшін жатыр мойынымен байланысын анықтау керек. Тармақаралық өзек мүлдем білінбейді. Жатыр қабырғасы жұқарған, сыртынан сипағанда үлкендігі бұршақтай карункулдер байқалады және үлкендігі сіріңке қорабындай болып саусақтың үшына төл бөлінеді. 4-айлық буаздық белгілері. Жатыр мойыны құрсақ қуысына қарай еңкейе бастаған. Жатыр ішіне су толған үлкен қапшық тәрізді. Карункулдерінің үлкендігі орман жаңғағындай (1,5-2см). Төлдің дене мүшелерін ажыратуға болады. Жатырдың буаз тармағы жағынан ортаншы артерияның дірілдеп соққаны байқалады. 5-айлық буаздық белгілері. Ортаншы жатыр артериясының дірілдеп соғуы, шуылы өте күшті білінеді. Төлдің көлемі 30-40 см шамасында болса, карункулдері көгершін жұмыртқасындай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет