Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Ірімшіктің және сүт қышқыл өнімінің қышқылдылығын анықтау



бет21/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Ірімшіктің және сүт қышқыл өнімінің қышқылдылығын анықтау.
Құрылғылар: Пестикті фарфорлы келі, технохимиялық таразылар, сүттің қышқылдылығын анықтағандағылар.
Анықтау жолы. Фарфорлы келіге 5 г ірімшікті немесе сүт қышқыл өнімінің 5 г өлшеп алып 50 мл температурасы 30-400С суды қосады және гомогенді масса алынғанша пестикпен сүртеді. Кейін 3 тамшы 1%-тік фенолфталеин ертіндісін қосады және 0,1 н сілті ертіндісімен араластырғанда немесе ішіндегісін естикпен сүркен кезде ақшыл –қызғылт түс пайда болғанша титірлейді,
Титірлеуге жұсалған сілті мөлшерін 20-ға көбейтеді (ірімшік массасын 100 г келтіреді), алынған көлем ірімшіктің қышқылдылығының көрсеткіші болып табылады. Паралеллді анықтаулар арасындағы айырмашылық 40 Т-дан аспауы керек.
Сүт қышқыл өнімдерінің пастерилизациясын бақылау (МСТ 3623-73). Йодты калийлі крахмалды реакция бойынша пероксидазаны анықтау.
Құралдар мен реактивтер: сүтті пастерилизацилайда қолданылғандар
Анықтау жолы: Түтікшеге 2,3 мл өнімді енгізеді, 3-5 мл су, 5 тамшы сутек тотығының 1 пайыздық ерітіндісін және 5 тамшы йодты калилі крахмалдың 1 пайыздық ерітіндісін қосады. Көк түстің пайда болуы үт қышқыл өнімі пастерилизацияланбаған сүттен (кілегей) алынбағандығын көрсетеді.
Ірімшік құрамында ылғалдығын анықтау. Ет-сүт бақылау станцияларының жағдайларында ылғалды анықтаудың тездетілген әдістері сүт өнімдерінде ылғалдылықты анықтау (МСТ 3626-73).
Чижова аспабының көмегімен ылғалдықты анықтау
Құралдар мен реактивтер: технохимиялық таразылар, Чижова аспабы, газет қағазы, пергаментті қағаз, эксикатор.
Анықтау жолы. Чижова құралы стержень тәрізді тұтқасы бар, ішінде термометр бар, екі біріккен электропештерден тұрады. Жанасқан қыздырушылар бір – бірімен қатты жақындаспау керек және 2 см аспау қажет. Электропештердің төменгі беткейі 5 г ірімшігі бар қағаз пакетті өлшекге кедергі жасайды және 5 мин 1500С температурада кептіреді. Эксикатор суыған кезде пакетті өлшейді. Құрамындағы ылғалдылықты формула бойынша анықтайды:
В=[(А – Б) · 100]/5,
мұндағы В – құрамындағы ылғал, %
А – Кептіруге дейінгі пакеттің массасы, г;
Б – Кептіргеннен кейінгі пакеттің массасы, г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет