Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Сүттің қышқылдылығын анықтау



бет9/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Сүттің қышқылдылығын анықтау. Сүттің қышқылдылығын Тернер (0Т) градусы бойынша анықтайды. Тәжірібиеде стандартты әдісті шекті қышқылдылық пен анықтайды (максимальды ықтималдылықпен).
Стандартты әдіс (титрометриялық, арбитраждық).
Анықтау жолы. Шошақты жұмыр шыныға 10 мл сүт және 20 мл дистилденген су құяды, кейін 2- тамшы 1%-тік фенолфталеин ерітіндісін қосады. Қоспаны мұқият араластырады және 0,1 н күйдіргіш натриймен (калий) ақшыл-қызғылт бояу пайда болғанша титірлейді.
Сілтінің титірлеге жұмсалған миллилитр мөлшерін 10-ға көбейтеді (100 мл сүт мөлшеріне келтіреді) және Тернер (0Т) градусында сүттің қышқылдылығын табады.
Қортынды эталон бояуының дайындалуы үшін осындай шошақты жұмыр шыныға 10 мл сүт және 1 мл 2,5%-қ күкірт қышқыл кобальтін құяды. Эталон тәулік ішінде жұмыс жасау үшін жарамды. Егер оған 40%-тік формальдегид ертіндісінің (формалин) бір тамшысын қосса эталонның сақталу мерзімі ұзарады.
Шекті қышқылды анықтау әдісі (жаппай анықтау кезінде ықтималданады).
Құралдар мен реактивтер. Түтікшенің тамызғышы 5-10 мл бар штатив, 1 л өлшегіш жұмыр шыны, 0,1 н күйдіргіш калий мен натрийдің ерітіндісі, 1%-тік фенолфталеиннің сулы ерітіндісі.
Анықтау жолы. Алдын ала қышқылдылықты сәйкес градусын анықтайтын ерітінді дайындалады.
Сыйымдылығы 1 өлшегіш жұмыр шыныға 0,1 н. күйдіргіш натрийдің (калий) қажетті мөлшерін өлшеп алады (3-кесте), 10 мл 1%-тік фенолфталеинді құйяды және таңбасына дейін дистилденген су қосады. Түтікшеге 10 мл алынған ерітіндіні және 5 мл зерттелетін сүтті құйып араластырады. Сүттің қышқылдылығы ақшыл-қызғылт түсті қоспасы бар түтік шыныға сәйкес келуі керек.
Ет-сүт және азықтық бақылау орындарында 200Т шектік қышқылдылықты анықтау үшін ерітінді дайындайды.
Қайнату сынамасы. Қайнату арқылы балауса сүттің қышқылдау мен жалған деректерді қоюға болады, ол бұрмалау (фальсификация) деп аталады. Осындай жағыдайларда қышқылдық көрсеткіші ережеге сәйкес келеді, бірақ сүт қайнаған кезде іриді.
Егер сілтінің концентрациясы 0,1 н ерітіндіден жоғары болса, лас ыдыстар (жұмыр шыны, тамызғыш, бюретка), титірлегенде сілтінің артылуы, эталонның болмауы, дистилденбеген су қолданған жағыдайда сүттің қышқылдылығының дәл анықталуы бұзылады.
3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет