Ешкі еті: ешкі етінің ұшаларының артқы бөлігі тар, кеуде жасушасы дөңгелектеу, мойны сопақ-сығылған; тері асты майы жоқ, ол бүйрек маңайында жиналады. Етінің түсі ақшыл немесе кірпіш қызыл түсті, ауада тез қарайады. Тілі ірі қара тілінің пішініне ұқсас, үш бұрышты, жұмсақ; бүйректері жазық, бұршақ тәрізді, тығыз. Етінің консистенциясы тығыз. ешкі етіне жағымсыз спецификалық иіс тән (әсіресе пісірген кезде сезіледі). Көлденең кескінінің беткейі дөрекі түйіршікті, мраморлық жоқ. Бұлшық ет аралық дәнекер ұлпасы тығыз және қатты дамыған. Майы сұр-ақ түсті, қатты, спецефикалық иісті (жағымсыз).
Қоян еті: үй қояндарын түндік сойғанда және қояндарды базарда сатқан кезде секіргіш буындардан төмен кішкене табандарының бірінде 3 см тері сызығы қалуы қажет. Рең асты майы жота аумағына жиналады. Етінің түсі қоңдылығына байланысты ақшыл немесе ақшыл-қызғылт түсті. Консистенциясы нәзік, үй қояндары үшін иісі спецификалық. Көлденең кескінінің беткейі ұсақ түйіршікті, Бұлшық ет аралық дәнекер ұлпасы борпылдақ, әлсәз дамыған. Майы ақ түсті, консистенциясы жұмсақ, спецификалық иісті.
Мысық еті: мысықтың тілінің бетінде мүйізді бүртіктер жайлаған. Етінің түсі көгілдір реңді ақшыл – қызғылт немесе ақшыл қызыл (қоңдылығына байланысты). Консистенциясы нәзік. Мысық еті үшін иісі спецификалық. Көлденең кескінінің беткейі ұсақ түйіршікті. Майы сұр түсті, жұмсақ, жағынды тәрізді консистенциялы, иісі спецификалық.
Тапсырма 1. Иіс пен дәмнің негізгі түрлеріне сезімталдылықты анықтаудың әдістемесін меңгеру.
2. Еттің түрлік қажеттілігн анықтаудың сенсорлы әдісін меңгеру.
Еттің морфологиясы және сүйектердің анатомиялық ерекшеліктері,
преципитация реакциясы
Сабақтың мақсаты: Жануарлар ұшаларының анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін меңгеру.