Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет30/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Тапсырмалар
1. Әр түрлі жануарлардың анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін оқу.
2. Преципитация реакциясы әдісінің маңызын оқу және меңгеру.
3. Глюкогенді үлгі жүргізу әдісін оқу және меңгеру.
4. Жануар текті майлардың балқу және қату температурасын анықтау.
5. Еттің түрлік қажеттілігі туралы қортынды жасау.

    1. Еттің балаусалығын анықтау



Сабақтың мақсаты: 1 Еттің орташа сынама үлгісін алу ережесін меңгеру.
2 Препараттардың микроскопиясын жүргізу әдісін меңгеру.
Құралдар: 150 мл конустық жұмыр шынылар, спиртовка, қайшы, заттық шыны, Грамм бойынша бояу, микроскоп.
Еттің балаусалығын зерттеуді келесі жағдайларды іске асырады:
а) еттің бұзылуының органолептикалық белгілерінің пайда болуы;
б) мұздатқышта ұзақ мерзімде сақталу кезінде;
в) соттық сараптамада.
Еттің балаусалығын зерттеу мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізіледі. Нәтижесі бойыша еттің балаусалығын үш дәрежеге бөледі: балауса, күмәнді балауса және балауса емес.
Етті балаусылығына ветеринариялық-санитариялық сараптамасының сызбасы.
Міндетті талдау:
а) Ұшаларды жалпы қарау, орташа сынама үлгілері, органолептикалық бағасы;
б) Мемлекеттік стандарт бойынша препараттарды микроскопиялық зерттеу;
в) Сойылған малды ветеринарлық қараудың ережелеріне және мемлекеттік стандартқа сәйкес май қышқылдарының санын анықтау және ет және ет өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы;
г) Сойылған малды ветеринарлық қараудың ережелеріне және мемлекеттік стандартқа сәйкес жез сульфаты реакциясының және ет және ет өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы;
д) Аминді-аммиакты азоттың сақталуын анықтау;
е) Сойылған малды ветеринарлық қараудың ережелеріне және мемлекеттік стандартқа сәйкес еттің рН мөлшерін анықтау және ет және ет өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы;
ж) Сойылған малды ветеринарлық қараудың ережелеріне және мемлекеттік стандартқа сәйкес пероксидазға реакцияся жүргізу және ет және ет өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет