Еттің морфологиялық құрылысы Морфологиялық құрылысын анықтау үшін бұлшық ет ұлпасының шетінен майысқақ қайшымен тіліп аладыда оларды заттық шыныда буда ұсталған инелермен жеке талшықтарға бөледі, кейін басқа заттық шынымен жабадыда микроскоппен кішкене ұлғайтумен жарықтың қараңғы жазығында қарайды. Осы арқылы бұлшық ет ұлпасының ұзындығын және жуандығын өлшейді. Осы көрсеткіштерге байланысты әр түрлі жануарлардың еті мінезделінеді: бұғыда - қысқа, қасқырда - ұзын, жіңішке талшықты; жылқыда - жуан,қысқа; түйеде - жуан, қысқа; итте - жіңішке, қысқа; мысықта, қоянда - жіңішке, қысқа.
Сүйектің анатомиялық ерекшелігі Етті сүйектің анатомиялық ерекшелігіне байланысты тану бұл сенімді және оңай жүргізілетін әдістердің бірі. Сүйектерді еттен тазартып не еттерін жұлып олардың құрылысын қарайды. Кейбір жануарлардың сүйектері түтік тәрізді: мысалы, жылқыда толықтай не бөліктерінде кеуекті заттармен толтырылған. Ал ірі қарада эпифизден басқасында, кемік май болады.
Үй және жабайы аңдардың сүйектерінің құрылысының негізгі айырмашылықтары 7, 8, 9 кестелерде көрсетілген.
7-кесте
Жылқының, ірі қара малдың және бұланның сүйектерінің айырмашылықтары.