7 Шошқа шпигінің трихинеллоскопиясы (Меркушева бойынша). Бұлшық еттің жұқа қабаты бар шпигін қарапайым әдіспен зерттейді. Көрінбейтін бұлшық еттің жұқа қабаты бар шпикті барлық жуаныдыққа кеседі, және қабыршақтану сызығы бойынша кескіндерді ішкі бетінен алады (осындай сызықтар аттрофиленген бұлшық ет орындарында болады). Кескін алып оларды екі заттық шыны арасына салып басады. Кейін үстіңгі шыныны алып, әр кескінге 1% - тік метилен көгі ерітіндісін тамызады. Кескіндерді қайта зыттық шынылар мен басып газдық күйдіргіште немесе жарықтануғанша 5-10 сек. спиртовкада күйдіреді, одан кеиін микроскоптайды.
8 Жүргіз әдісі.Трихинеллараларды анықтаудың тиімді әдісі ол – жасанды қарын сөлінде қайнату. Бұл әдісті жүргізу үшін жасанды қарын сөлін 1 : 10 қатынасындағы 20-30 г ет үлгісін фарышқа ұнтақтайды және үлкен конустық жұмыр шыныға салады. Жасанды қарын сөлін 1% - тік тұз қышқылымен 3%-тік пепсинді қосу арқылы жасайды. Тұз қышқылы ерітінідісін қақпақпен жауып, ішіндегісін мұқият араластырады, осыдан кейін қайта қайнату үшін жұмыр шыныны 12-24 сағ. 370С – қа термостатқа қояды. Осы уақыт аралығында жұмыр шыныны бірнеше рет шайқап, ұсақ елеуіште сүзіп немесе түтікшеда центрифугалайды. Тұнбаны пастер пипеткасы мен немесе бактерологиялық ілгешекпен заттық шыныға қояды да микроскоппен не болмаса трихинеллоскоппен қарайды.
Етті цистицеркозға зерттеу Ет өңдейтін өндіріс орындарында цистеркозға ірі қара ұшасын зерттеу кезінде шайнау бұлшық еттерін ашады, және жүректің сыртыңғы бұлшық еттерін және тіліктерін зерттейді: шошқаларда шайнау, жүрек, бел бұлшық еттерінен тіліктер алады.
Ұшалардың сойғаннан кейінгі сараптамасын жүргізген кезде қосымша мойын, жауырын, бел, сан бұлшық еттерін, ал шошқаларда көкетті, желке бұлшық еттерін ашады.
Сурет – 2. Цистицеркамен зақымдалған бұзаудың жүрегі
Жануар цистицеркозының түрлілігі Цистицеркозға ұқсас туындыны кесіп алып, компрессориумның екі шыны аралығында қысады және микроскопты сәл ұлғайтып қарайды. Микроскопиялық зерттеу цистицеркоздарды дәнекер ұлпасының туындыларынан, ұсақ эхинококктардан, май кесектернен ажыратуға мүмкіндік береді. Ірі қараның дұрыс дамыған цистицерктары - мөлдір, дөңгелек немесе сопақ формалы, көлемі тереуіштің басынан ұсақ бұршақтарға дейінгі көпіршіктер. Сыртынан қарағанда дәнекер қабықшасымен жабылған.
Ірі қара малда цистицерктарды жүрек бұлшық етінен, тіл бұлшық етінен, бел, тырнақ, мойын, және сан бұлшық еттерінен табады. Шошқа цистицеркасы ірі қара малдың цистицерктарына қарағанда біраз кішкентай. Өт ерітінділерінде цистицерктардың өміршеңдігін анықтау. Өттің жылы ерітінділерінде цистицерктардың өміршеңдігін анықтау өзінің тірі паразиттердің мүмкіндіктеріне негізделген. Егер тұздалған еттің цистицерктарын зерттесе, онда олардың тұздарын жылы сумен жуып тастайды, кейін бұлшық ет ұлпасынан босатады, және әр цистицерктың сыртқы дәнекер қабықшасының үстінен сколекс көрінгенше ақырын басады. Олардың бәрін өт ерітіндісі бар бактериологиялық аяқшаға орналастырады (50% немесе 80%-тік на физиологиялық ертіндіде). Ерітіндіні дайындау үшін қандай болмасын жануардың өт сұйықтығын ала береді. Егер цистицерк өміршең болса, онда өт ерітіндісін 37°С температурада қайнатады, осы кезде 10-30 минуттан кейін сколекс сыртынан көрініп әр жаққа қозғалады, ал цистицерктің құйрық жағы қозғалмай қалады.
Тапсырма 1. Етті трихинеллезге бар жоқтығын қарапайым әдіспен және бұлшық ет кескіндерін
өңдеумен зерттеу.
2. Етті цистицеркозға зерттеу.
3. Цистицерктардың міршеңдігін белгілеу.
4. Еттің паразит балаңқұрттарымен зақымдалуының қорытындысын жасау.