Сабақтың мақсаты: Ауру жануарлардың ішкі ағзаларының және ұшаларының ветеринариялық-санитариялық бағалау әдісін меңгеру. Ауру жануарлардың етінің санитарлық бағасына түсініктеме беру.
Құралдар мен реактивтер: Родер реактиві (0,1 мл. Леффлер көгі, 40 мл дистилденген су. 0,5 мл.10 рет сумен езілген қаныққан фуксиннің спиртті ерітіндісі), 0,1 н. NaОН ерітіндісі(4 г NaОН +1 л дистилденген су), 0,4 н күкірт қышқыл ерітіндісі; 0,1 н каллий маргенец қышқылы; физиологиялық ерітіндір (0,85 г ас тұзы +100 мл дистиллиденген су); 6,5%-тік қымыздық қышқылы ерітіндіс, индикатор (0,2%-тік бейтарап ортаның сулы ерітіндісі, метилен көгі), бейтараптаушы формалин.
Егер алдағы уақытта емдеу мүмкін емес болса немесе үлкен экономикалық шығын әкелетін болса шаруашылықтарда ол малдарды сойысқа жібереді.
Мәжбүр сойыс емделмейтін аурулар кезінде рұқсат етіледі. Ол жағыдайларға соққылар, ісіктер, улануларды жатқызуға болады. Сойысқа рұқсатты ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер береді. Мәжбүр сойыс қауіпті аурулар пайда болғанда және жазылуға мүмкін болмағанда рұқсат етіледі (көздің қасаң қабығының бұлдырауы, жүрек соғысының әлсіреп қалуы және т . б). Әр шаруашылықта болған сойыстар жайлы ветеринарлық дәрігер акт толтырады. Бұлшық ет ұлпасының, май ұлпасының сынамалары, ішкі ағзалар мен лимфа түйіндері зертханаға бактериологиялық зерттеуге, керек жағдайда бөгде иістердің болуына байланысты биохимиялық зерттеугеде жіберіледі. Тіпті керек болса токсикологиялық талдауда жүргізеді.
Ауру жануарлардың етін зерттеу келесі әдістермен жүргізіледі: сенсорлық (органолептикалық) әдістемелер;
биохимиялық зерттеу;
бактериологиялық зерттеу.
Органолептикалық әдіс. Құлаған, ауырған, өлген жануарлардың сыртқы көрінісіне көңіл аудару қажет: кесілген жердің жағыдайына, қансыздану дәрежесіне, гипостазға және лимфа түйінділерінің өзгерісіне.