Кесілген жердің күйі. Сау жануарларда кесілген жер орыны түзу емес және ұшаның басқа орындардағы еттеріне қарағанда қанталанған; өлген жануарлардың мәйіттерінде кесілген жер тегіс және барлық бұлшық еттерде қанталанған.
Ұшаның қансыздану дәрежесі. Төрт дәрежесі бойынша ажыратады: жақсы, қанағаттанарлық, нашар және өте нашар. Ет жақсы қансызданған кезде таңқурай немесе қызыл-таңқурай түсті; майы ақшыл және сарғыш, бұлшық ет кескіндерінде және тамырларының қалдықтарында қан болмайды, өкпе қабықшасының және сан тамырларында көрінбейді. Қызыл түсті еттің қанағаттанарлық түсті қансыздануы кезінде: майы ақшыл және сарғыш, өкпе қабықшасы мен санның қан тамырларында қанның шексіз көлемі болады, тамырлары ақырын көрінеді,бұлшық еттерді кескенде қан көрінбейді, басқан кезде ұсақ қан тамшылары шығуы мүмкін. Ет нашар қансызданған кезде қара-қызыл түсті бұлшық етін кескен кезде бөлек қанды бөліктері кездеседі, май ұлпасы қызғылт түсті; тамырларда қан қалдықтары болады, қатты басқанда қанның қаралай тамшылары шығады. Ет өте нашар қансызданған кезде күлгін реңді қара-қызыл түсті болады; май ұлпасы қарқынды қызыл түсті; қан тамырлары қанға толған; қабықшалары мен санның беті күлгін түсті; бұлшық еттерінің кескіндерінде қара – қызыл аумақтар көрінеді, және басқан кездетамшы шығады.
Гипастаздың болуы. Гипостаз қатты науқас жануарларда, олардың мәйіттері мен ұшаларында, ішкі ағзалар мен серозды қабықшаларда, тері асты клетчаткасында болады. Ең алды мен қан тамырларда суылады, кейін көк-қызыл түсті шектелген түрдегі ұлпаға сіңеді.
Лимфа түйіндерінің өзгерісі: Сау жануарлардың ұшаларының кескіндерінің үстіңгі бетінде лимфа түйіндері ақшыл сұр және әлсіз сары түсті болып келеді. Агонилерде өлген жануарлардың лимфа түйіндерінің кескінідегі түсі ашық күлгін-қызғылт түсті болады. Бұл лимфа түйіндерінің ұсақ тамырларына жиналып қалған қан, тамырлар қабырғасы арқылы синустарға өтіп, лимфа түйіндерінің ұлпасын қызғылт түске бояуы нәтежиесінде пайда болады, ал, ашу үрдістерінің тұрып қалуы, ұлпаның көкшіл түке боялуының себебі болып табылатын көмірқышқыл газының жиналуына тудырады.
Еттің қансыздану дәрежесін визуальді және зертханалық әдіспен анықтайды (С.А.Лубянец және Родер әдісі бойынша).