Мамандығы: 101303000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Біліктілігі



бет24/26
Дата21.06.2023
өлшемі0,86 Mb.
#102755
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
5 диплом Нуржанова Ж

Пияз қосылған сүт тұздық.Басты пиязды ұсақтап кесіп, сары майда былғап араластыра отырып (артық қуырылып кетпес үшін) шала қуырады. Сосын ет сорпасын қосып ыдыстың қақпағын жабады да пияз жұмсарғанша бөктіреді. Сүт тұздығына (дайындалған) пияз салып араластырады, 5 10 минут пісіреді. Оған тұз ұнтақталған қызыл бұрыш қосады. Тұздықты сүзгіден өткізеді. Пиязды үгеді. Қайнатады. Сары маймен қатықтайды. Дайын тұздықтың нәзік дәмі болады. Сонымен қатар аздап пияз дәмімен иісі сезіліп тұрады. Оны табиғи котлетке қуырылған қой етіне қосып береді.
Сүт 675, сары май 40, бидай ұны 40, басты пияз 238, сары май 20.
Тәтті сүт тұздық. Сұйық сүт тұздығы дайындалады. Оған қант, ванелин қосады. 3-5 минут пісіреді.Тәтті сүт тұздығын ірімшік қаймақтарына пудингке, жарма пісірмесіне және ірімшікке қосып береді.
Сүт 750, сары май 40, бидай ұны 40, су 250, қант 100, ванилин 0,05.

Қаймақтан дайындалған тұздықтар


Қаймақ тұздықтары табиғи және ақ болады. Табиғи қаймақ тұздығын сұйықтық негізі боалтын қаймақта және ақ шала қуырмасында дайындайды. Десекте арзанырақ қаймақ тұздығын көбінесе ақ шала ұн қуырмасы мен сұйықтық негізі болатын 50% қаймақпен 50% ет не балық сорпасынан дайындайды.
Қаймақ тұздығы. Құрғақ ақ немесе майлы шала ұн қуырмасында дайындайды. Оны ысытық сорпамен сұйылтады. Қаймақты қайнатады. Алынған ақ тұздықпен қосады. Араластырады. Тұзбен ( кейбір тағамдар үшін бұрышпен) тұздықтайды. 3-5 минут пісіреді. Тұздықты сүзеді. Қайнатады. Шымшылап сары май қосады. Ет балық, көкөніс, ірімшік тағамдарына қоысп береді.
Қаймақ 500, бидай ұны 50, сорпа не піспе суы 500.



Орындаған

Ж.Нуржанова









ДЖ – 6 – 2022

Бет

Тексерген

Б. Муратова







22

Өзг

Беті

құжаты

Қолы

Күні





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет