«Математикалық логика және дискретті математика» пәнінен syllabus



бет6/39
Дата10.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#80989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Анықтама. Берілген А, В жиындарының арасындағы бинар қатыс деп АхВ жиынының кезкелген ішкі жиынын айтады. ... әріптерімен белгілейді. А-шығуоблысы, В- келу облысы деп аталады.
Егер болса, оны деп те жазады және « элементтері қатысында болады» деп оқиды. элементін образ, элементін прообраз дейді.
БҚ-қа тиісті қостардың 1-ші құраушыларының жиыны оның анықталу облысы деп, ал 2-ші құраушыларының жиыны мәндерінің жиыны деп аталады.
Егер А=В болса, онда бір жиынында берілген БҚ аламыз. Оның шығу облысы да, келу облысыда А жиыны болады.
Жазықтықтағы түзулердің параллель болу, перпендикуляр болу, бір нүктеде қиылысу шарттары түзулер жиынында берілген БҚ- тар болады.
Үшбұрыштардың ұқсастығы, материалдық денелердің бір-бірінен қатты болуы, адамдардың бір-біріне құрдас болуы немесе біреуі екіншісінің оқушысы болуы БҚ-тардың көрнекі мысалдары бола алады.
БҚ-тар жиындар болғандықтан оларды жиындар тәрізді сөзбен, барлық элементтерін көрсету арқылы, элементтерінің сипаттамалық қасиеті арқылы беруге болады. Бұлардан басқа БҚ-тарды таблицамен, графикпен және граф арқылы береді.
Граф деп, төбелері деп аталатын нүктелерден, қабырғалары деп аталатын бағытталған (кейде бағытталмаған) кесінділерден тұратын фигураны айтады.
Анықтама. Берілген А жиынының элементтерінен құралған түріндегі қостардың жиынын диагонал қатыс немесе А жиынының диагоналы деп атайды.
АхА жиынының өзін универсал қатыс деп атайды.
БҚ- тардың рефлексивтілік, антирефлексивтілік, симметриялық, антисимметриялық, транзитивтілік, байланастылық қасиеттері болады.
Анықтама. Берілген БҚ-на тиісті қостардың құраушыларының орындарын ауыстырғанда шыққан қостардың жиынын -дің инверсиясы деп атайды да, деп белгілейді. Берілген БҚ- қа оның инверсиясын сәйкестікке қоятын амалды инверсиялау амалы деп атайды.А жиынының инверсиялау амалы 1 орынды амал.
Екі БҚ-қа композициялау амалы қолданылады, ол 2 орынды (бинар) амал. БҚ-тар жиындар болғандықтан оларға, жиындарға қолданылатын қималау, біріктіру, азайту, толықтыру амалдарын қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет