«Математикалық логика және дискретті математика» пәнінен syllabus


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет3/39
Дата10.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#80989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар:
Жиындар, жиындарға қолданылатын амалдарға мысалдар шығару. Фактор- жиын. Жиында берілген БҚ. Рет қатынасы, эквиваленттілік қатынасына есептер шығару. Функционалдық қатынастарға мысалдарын қарастыру. Предикаттар, пікірлер. Пікірлерге қолданылатын амалдарға есептер шығару.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: Жиындар, оларға қолданылатын операциялар

  1. Жиын. Жиынды беру әдістері.

  2. Жиындар операциялары. Эйлер – Венн диаграммалары.

  3. Жиындар операцияларының қасиеттері.

  4. Жиындардың декарттық көбейтіндісі.

  5. Терминдер мен анықтамалар

Жиын математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Жиындарға қолданылатын операциялар: жиындардың бірігуі, жиындардың қимасы, айырмасы және жиынның толықтауышы. Жиынның булеаны дегеніміз берілген жиынның барлық ішкі жиындарының жиыны. Екі А және В жиындарының декарттық көбейтіндісі барлық (а, b) реттелген парларының жиыны, мұнда , .
Жиын ұғымы математикада негізгі (анықтауға болмайтын, бастапқы) ұғым болып саналады. Сондықтан оны тек мысалдармен ғана түсіндіруге болады. Мысалы, қайсібір класс оқушыларының жиыны туралы, мектепте қойылатын бағалар жиыны туралы, әлемдегі планеталар жиыны туралы, натурал сандар жиыны туралы айтуға болады.
Жиынды құрайтын кез келген нәрселер (адамдар, кітаптар, сандар т.б.) оның элементтері деп аталады. Жиындарды А, В, С, ... әріптермен, элементтерін a, b, c, …, x, y, .. әріптерімен белгілейді. Жиындар сөзбен, барлық элементтерін көрсету арқылы, элементтерінің сипаттамалық (характеристикалық) қасиетін көрсету арқылы беріледі. Мысалы, А – БҚМУ студенттерінің жиыны, В= , С= -натурал сан және .
Ешқандай элементі жоқ жиын құр (бос) жиын деп аталады, Ø деп белгіленеді. - х элементі А жиынына тиісті деп оқылады. Егер А және В екі жиын бірдей элементтерден тұратын болса, онда оларды тең жиындар деп атайды және А=В деп жазады. Мысалы, және жиындары өзара тең, өйткені бірдей элементтерден тұрады. Элементтерінің орындарын ауыстырғаннан жиын өзгермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет