Мазмұны Кіріспе І тарау. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы. Жер бедері


Алакөл жүйесіне жататын көлдерге шолу



бет14/19
Дата26.04.2023
өлшемі271,5 Kb.
#87112
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
-dip -alakol-oyysynyn-geotektonikalyq-qurylysy-klimaty-organikalyq-duniesi

2.2.2. Алакөл жүйесіне жататын көлдерге шолу.
Алакөл.

Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Орта ғасырларда «Гургепор» кейін «Алактогол», «Алатеңіз», «Алакта» деп те аталған. Алакөл-Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көл. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 метр абсалют биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км², ұзындығы 104 км., ең шығыңқы ені 52 км., жағалауларының ұзындығы 384 км., орташа тереңдігі 22,1 м., ең терең жері 54 м., көлдің суының көлемі 58-60 км³. Алакөлдің ең ірі шығанағы Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан. Алакөлге 15-тен аса өзен құяды. Олардың негізгілері: Үржар (Ұрыжар), Қатынсу, Емел, Жаманөткел, Ырғайты және Жамантты.


Алакөлдің жағалауы негізінен төрттік дәуірдің алювиальды шөгінді тау жыныстарынан (саз, балшық, құмды топырақ, қиыршық тас, ұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы әрқалай.Желтоқсанның соңғы күнінде Алакөл жүйесіне енетін көлдердің бетін толығымен мұз басады. Оның орташа қалыңдығы 70-80 сантиметрге жетеді. Суық ерте түсетін жылдары мұз қату қарашаның соңында басталады. Бірінші солтүстік бөлігі қатып біртіндеп оңтүстік бөлігіне қарай ұласады.
Мұздың еруі сәуірдің басында басталып сәуірдің аяғына дейін толығымен еріп бітеді. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұз құрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Көл жағасында қамыс, қияқ, қоға малаң, су қарақұмығы, жебежапырақ, мүйізжапырақ, тағы басқалары өседі. Көлден сазан, көксерке, алабұға және шармай ауланады. Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көктұман т.б.) бай. Сондай-ақ бұл көлді әлемде сирек кездесетін «Қызыл кітапқа» енгізілген реликті шағала мекендейді. Аңдардан: ондатра, қамыс мысығы, жабайы шошқа, қамыс түлкісі, су тышқандары бар. Жағалауында демалыс және емдеу мекемелері орналасқан. Жағасымен Қытайға дейін созылып жатқан Ақтоғай – достық темір жолы өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет