«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Хан болуға қарады 

Смайыл әнжі, топаяқ

ұзай қойса сүрегі,

Құдай беріп тілегі.

Дәуір айтып мінгізді 

Смайылды тағына.

Жаңа жетті жалмауыз 

Жатса іздеген бағына.

«Хан қойдық,—деп,—қайныңды»,

Ордаға кірді жабыла.

Құдай жолын қылмаққа 

Бәйбі�е жұмсады адамды 

Соятұғын малына.

Мал сойылып ордаға ,

Сонда төрт-бес қыз келіп, 

Ән салды бәйбі�енің жанына.

Орақты жоқтап, жас төгіп,

Қыздар �улап қосылып,

Үн �ығарып жыласа,

Өлімге қыздар сән болған.

Ке�егі Орақ тіріде 

Бір қоңсы қожа бар еді,

Бала отырып пір қылған.

Айырық�а і�інде

Сол қожаның қызының

Сөзі мынау толғаған.

—Қоңсы болып атамыз,

Атаңның қасын сақтаған.

Шынжыр едің жұдалы 

Е� дұ�паннан қорықпаған.

Жалғыз басты саяқтар 

Миуалы ер едің

8920


8930

8940


8950

304

БАТыРлАР  ЖыРы

304

305


Көлеңкеңді жақтаған.

Қайырымды жан едің

Қоңсының қолын қақпаған.

Өлтіретін адам жоқ,

Артыңда ісің тоқтаған.

Жалғыз едің анадан,

Тумақ бұрын жоқ болған.

Сарала жыға, алтын тақ

Смайылға топ болған,

Тумаң бұрын жоқ болған.

Ай тұтылып долданып,

Енді, ноғай, нең қалды, 

Тұтам күнің батпаған? 

Емін-еркін ел кө�іп,

Енді келмес айланып,

Дұ�панның жерін �алқытқан.

Ондай туған ер қайда,

Қоңыр салқын жел соғып,

Жүрсе бұлт қаптаған?

Ізіңнен қуып баралмай,

Жақсынан қылып жалаңды-ай.

Халқың өтер қамалып,

Қолын кесіп ала алмай.

Пір тұтынар енді кім 

Қасыңдағы қожаңды-ай? 

Келетін қолдан ісі жоқ,

Қара�ың біздей қайғырып,

Сөзбен сүтіңді ақтаған.

Ақсұңқар құстың баласы 

Алтау болар, бес болар,

І�інде аң алабы бір болар.

Тайсалдап тайма, қызыл тіл,

Атаң қожа-дүр болар,

Көргенді көзбен сөйлемей,

Отырған болмас үндемей.

Орның келді сөз қылар,

Орақтай болып тумаған.

Мына айтқан толғаудан

Тумаңның көңілі кір болар.

8960


8970

8980


8990

304

304


305

ОРАҚ – МАМАй

Елің кімге бағынар,

Жұртың кімге сиынар?

Сыйлап бізді пір қылар

Жалғаннан кетті көсемі.

Бұрын кетті �е�ені,

Енді өң�ең  тоқал не қылар?

Исіз қалды алтын тақ,

Жесір қалды сүйген жар,

Отыр мына зар жылап, 

Қолында бар ү� тұяқ.

Байраққа қа�ан �абылар 

Дүбірлі тұлпар баласы

Жас ү� құлын арғымақ.

Тоқалдан туған топыра�

Аққан арна кез келсе,

Сендерге қиын қарғымақ.

Қарасай, Қази өскен�е,

Шиелгенді �е�кен�е,

Исіз қалды бүткіл халық.

Айналып заман бір кетті,

Саған жоқ, халық, енді жарық.

Жиналып келген ноғайлы,

Аққұла ат қайда айбатты?

Ер Орақ қайда үстінде,

Жау жаулайтын қайратты?

Егесі өліп қалған соң,

Көк тарлан құсты жел тартты,

Сұңқарды көкке айдапты.

Бәрекелді Ақтың ісіне,

Ү�еуі бір күн жоқ болып,

Халықты бірден жылатты.

Жаманы құрғыр құрысын,

Бітіріп алып жұмысын,

Жоқ болып Қалау лақты.

Хабарсыз, халық, болмаңдар,

Кез келсе мұны сыйлаңдар.

Жақсыдан қалған жәдігер 

Мына екі-ү� жұратты.

Айтайын атап өлгенді,

9000


9010

9020


9030

306

БАТыРлАР  ЖыРы

306

307


Өз көзіммен көргенді.

Ордаға толған үлкендер,

Салыңдар сөзге құлақты.

Мамайым өліп бұл қалды,

Орағым өліп бұл қалды,

Енді өлмеген не қалды? 

Әнжі салған қулықпен 

Қалау қа�ып жоғалды.

Тұл-тұл енді, тұл енді,

Тоғайға малды сал енді!

Еділ—Жайық екі суға

Елдер барып қон енді!

Ел �етіне жау келсе,

Қияқты найза қолға алып,

Кедергілеп тұр енді!

Тоқалдан туған көп жаман,

Күндерің сендер көре алмай,

Жайыңа қарап жүрмедің,

Ер кәдірін білмедің.

Бәрің тегіс жиылып,

Енді ер Орақтай бол енді!

Кәнеки, енді ер Орақ,

Аққұла атқа ер салып,

Мұздай темір құрсанып,

Жауды көрсе бұрсанып,

Жалғыз �аптың қалаға.

Шоқыға �ығып ақырып,

Қар жауғызып, мұзды қатырып,

Қалмақтың туын жапырып,

Ел қондырдың салаға.

Көк тарлан құсты қолға алып,

Қолыңнан барып аң қағып,

Жау келет деп жол бағып,

Жалғыз жүрдің далада.

Алдыңда өскен аға жоқ,

Ізіңде қалған інің жоқ,

Жетімнің көрген күні жоқ,

Жас қалып тұр бала да.

Тоқалдан туған өң�ең боқ,

9040


9050

9060


9070

306

306


307

ОРАҚ – МАМАй

Сен жүрсің Орақ болам деп,

Болмаққа Орақ саған көп! 

Ел �етіне жау келсе,

Сендер �ыға алмайсың қараға.

Қарасай мен Қазидың

Төрт пен бесте жасы бар,

Аңдысқан дұ�пан қасы бар.

Келмей қалды �амаға,

Қалау кетті лағып.

Жаман да болса қара еді, 

Қамқоры бізге бар еді.

Қайдан іздеп табалық 

Жесір қатын, жетім ұл,

Арулар жылап қалды тұл. 

Айналасы қазулы ор,

Шыдамай отыр қамалып.

Тұман басып, күн �ықпай,

Дем ала алмай тұн�ықты-ай.

Жарық қылар адам жоқ,

Қолына жарық �ам алып.

Жетім өсіп бақ қонып,

Қонысына ел қонып,

Қай уақытта түзелер 

Мұсаның орны оңалып?

Тоқалдан туған сен жеті ұл,

Ноғайлы ертіп, ел �ауып,

Тегін олжа мал тауып,

Ала алмайсың ағалық.

Бітті енді арманың,

Жолыңда қалды бұ халық.

Бәйбі�ені құрыттың,

Көңіліңде болып алалық.

Жыламайық беп-бекер,

Болмайық асы-күнәкар.

Көп жылаудан пайда жоқ,

Аққа �үкір қылалық.

Қыз доғарды осымен 

Бір азырақ сөз айтып.

Отырсын ба жоқтаумен,

9080


9090

9100


9110

308

БАТыРлАР  ЖыРы

308

309


Өмірін�е көп айтып.

Ісі рас Орақтың

Бұл айтқан жоқ зор айтып,

Бұл өлімнің саласын

Тездетейін аз айтып.

Енді Смайыл жайын, жақсылар,

Баяндайын жай айтып.

Енді Смайыл қылды хандықты,

Жүргізді халыққа тарлықты.

Алдын ойлап абайлап,

Еліне қылды жарлықты.

Тойып жатыр бұ дағы 

На�арға қылған зорлықты.

Күнәға �ыбық ұрғызып,

Тыйды бұ да ұрлықты.

Дос болмады халықта, 

Тегі болса кім мықты.

Пірлерді тастап бұрынғы,

Жақсыға берді қорлықты.

Бұзықтан алып жасауыл,

Елемеді тегінде,

«Елді өзгертіп алам» деп,

І�інен ойлап сұмдықты.

Тастамады бұл неме

Хан болса да қулықты.

Билік тиді тегі жоқ,

Елдегі ылғи сұмрайға.

Қонып түсіп дос болды 

Қайдағы сұмырай қуларға.

ықтияр емес ірімен,

Жақындап басын қосарға,

Ісінің түрі тым жаман.

Сұмдардан қорлық көрген соң,

Елдің жақсы-тәуірі

Жақындады босарға.

Жер қалмады і�інде

Жүргізіп елге әмірін,

Көрсетті түлкі қуларға 

Қызығын баста бағының.

9120


9130

9140


9150

308

308


309

ОРАҚ – МАМАй

Матрө�ке баласы

Жасауыл қылды Жабасты,

Баяғы Мұса құлының.

Жабас құлың �алқыды 

Билігін алып бір жола

Орда менен тағының.

Алтын таққа Смайыл

Хан болып мініп орнады-ай.

Көрмеген жоба �ығарып,

Күнен күнге зорлады-ай.

Ке�егі Мамай тұсында

Аты �ыққан адамды 

Кеңесіне алмады-ай.

Инабатты ағадан,

Ақылы артық данадан

Қасында біреу қалмады-ай.

Бітірген ісін Мамайдың 

Жұрналдан көріп қозғады-ай.

Бітіп кеткен құндар бар,

Құн алып біткен хандар бар.

Қайта әңгіме болған соң,

Дау үлкейіп ұлғайды-ай,

Шығарып елдің ғауғасын.

Саудаға салды жақсының, 

Тек қоймады сау басын,

Жұртың бәрі зарлады-ай.

Смайылды хан қойған

Қатындар қорғап �алдарды-ай.

Жүргізіп қойған осыны 

Кең екен дейді Алла да-ай!

Хан болған соң Смайыл,

Осылай қылды жұмысын.

Қорыққан жүрді күн ү�ін,

Елдегі жақсы бірігіп,

Жақтырмады мұнысын.

Ел атаққа қарайды,

Бос адамды не қылсын?

Әзалда Алла жазбаса,

Адамнан қалай сүрінсін.

9160


9170

9180


9190

310

БАТыРлАР  ЖыРы

310

311


Сонда дағы көп кү�ті,

Табар халық бір ісін.

Әзірін�е �алқыды 

Алтын таққа отырып.

Жөні болмайт тоқалдың 

Бәйбі�емен бір тұрып,

Мамайдың тастап достарын,

Жаңаға басын қосқанын.

Бұл ертерек күтініп,

Қарасай, Қази өлмей тұр.

Ойына алған жұмыстың 

Басқасын келді бітіріп.

Ер жетіп келсе бұл елге,

Жігіт болып кемелге,

Осы ойына түскенде, 

Үндемей қалат жұтынып.

Қарасай мен Қазиды

Ер жеткермек қаразы.

Өзі таққа мінсе де,

Ойынан қалмай аразы.

Осымен ү� ай хан болды,

Осы ү� айдың і�інде 

Шеткіді елдің біразы.

Жаман батып айта алмайд,

Басында қойған жақсылар.

Айтқанынан қайта алмайд, 

Хан болып тұр бұл әлі.

Таққа мініп Смайыл,

Көрді әзір ірәтті-ай.

Жасауыл болып Жабас құл,

Жазықтыны сабатты-ай.

Сейілге қойды хан тағы, 

Қадау басты қара атты-ай.

Қонаққа мініп баратын 

Ноғайлыдай еліне 

Ханың жана бір атты-ай.

Баяғы майын мінген Қаракөк 

Егесінің қолында 

Ал деп еді сұратпай.

9200


9210

9220


9230

310

310


311

ОРАҚ – МАМАй

Беріп еді ол күнде 

«Дос болып ал,—деп,—бұл атты-ай.

Жирен сақал қара құлдың

Ал деген сөзін ол күнде 

Ілген жоқ еді құлаққа-ай.

Ойына түсіп айтқаны,

Бір жасауыл жіберіп,

Қара көкті сұратты-ай.

Құл да болса қара құл

Бір адам екен болаттай.

Бермеймін деп атылды,

Жасауылын жіберді,

Түсіріп үйге жолатпай.

Атты ала алмай келген соң,

Жабасты ханың �ақырды-ай,

«Атқа мін,—деді,—отырмай».

Жирен сақал қара құл,

Тез барып, жылдам алып кел,

Қалдырма жана атын да-ай.

Жаңа болған хан тағы

Қайтпай тұрған а�улы-ай.

Бос жүргенде дос болып,

Бергенде алған жоқ едім.

Хан болып сұрап алмайтын 

Қайдан тапты қатынды-ай?

Бір жүз он бір күн хан болдым,

Қара құл енді келмесе,

Кетемін,—деді,—отырмай!

Алтын тақтың үстінде

Кәрленіп ханың ақырды-ай.

Бұл Смайыл бір жүз он бір күн хан болып Сейілге қадау ба-

сты қара отты мініп, ке�ке үйге келіп отырғанда, ноғайлының 

байлары  қонаққа  �ақырыды.  Оған  күндіз  мінген  қара  отын 

түнде мінуге ұялып, елден ойымен от қарап еді, баяғы Пелағыс, 

Күніке  бар  уағында,  Орақ  Мамай  пірі  уақта,  бір  жирен  сақал 

қара  құл  деген  бар  еді.  Оның  теңбіл  қаракөк  дейтін  аты  бар 

еді.  Смайыл  бірер  рет  майын  сұрап  мініп,  сол  күнде  ол  айтып 

еді.—Әй, Смайыл,сен осы атты дос болып мініп қара�ы,—деп. 

9240

9250


9261

312

БАТыРлАР  ЖыРы

Ол күнде бұл атты алмай кетіп еді. Сол ат әлі бар екен. Сол атын 

алайын, хан болмай тұрғанда ол деп еді,әрі ханболған соң неге 

бермесін деген көңілмен, жасауыл жіберіп, алдырайын деп еді, 

ол алтын бермей қалды. Енді саған а�уланып, жасауыл бастың 

Жабасты жіберді. Жабастың жирен сақал қара құлдың үйінің 

желкесінде тұрып, толғап айтқан.



312

Батыр Мамай, қанды Орақ—

Ер Мұсаның ұлы еді.

Баба Түкті Ша�ты Әзіз

Арғы атасы сол еді,

Әулие жайық пері еді.

Оның соңғы атасы—

Едіге менен Нұрадін,

Келе жатқан қа�аннан

Ел қамдаған ер еді.

Қаптаған ел ноғайлы

Байтақ жатқан ел еді.

Еділ—Жайық екі су,

Ағасы ноғай қалың ну,

Наға�ы халықтың жері еді.

Қанды Орақ асқан ер еді,

Дүние сұрап тұр еді.

Бұл дүние жүзінде

Бармаған жері жоқ еді.

Дүние сұрап жүргенде,

Армансыз пенде болар ма,

Ү� арманы бар екен.

Бір күні тұрып ер Орақ,

Алғанына сөйледі:

—Некелескен жұбайым,

Жаратқызды Құдайым.

Осы күнде көңлімде,

Ү� арманды дүниеде

Бітіре алмай барамын.

Батыр Мамай – қанды Орақ



(Атаубай Мәмбетұлы нұсқасы)

10

20



314

БАТыРлАР  ЖыРы

314

315


Қарасай, Қази �ырағым,

Менен туған ұл болса,

ұл екені �ын болса,

Атқа мінер күн болса,

Кемеліне келгесін,

Ү� арманды бітірсін.

Тапсырып кеткен сәлемін,

Бір арманды айтайын:

Ем�ектесім Мүбайым,

Бірге туған Мамайым,

Қайғысының зарынан

Миығын тартып күлмеді,

Күлгенін көзім көрмеді.

«Күлер ме екен Мамай» деп,

Теңселтіп жорға мінгіздім,

Мұнда да Мамай күлмеді.

Қырандай қасты, қанды бет

Сұлу алып енгіздім,

Мұнда да Мамай күлмеді.

Жазығы жоқ, күнә жоқ

Палуан сұлтан, батыр хан,

Дін білмейтін кәпір хан

Өлтіріп тағын мінгіздім,

Мұнда да Мамай күлмеді.

Күлмегеннің себебі:

Ізіне перзент ермеді,

Етегін тартып жүрмеді.

Маған ерген екі ұлдың

Біреуін оған бермеді.

Бірге туған Мамайды

Күлдіре алмай барамын,

Бір арманым сол еді.

Қарасай, менің �ырағым.

Менен туған ұл болса,

ұл екені �ын болса,

Атқа мінер күн болса,

Кемеліне келгесін,

Қайғылы Мамай атасын

Бір күлдірсін деп еді.

30

40



50

60


314

314


315

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Айналайын, �ырағым,

Бірің сонда бітеді.

Екін�і арманды айтайын:

—Орал, Орал, Орал тау,

Орал таудай тау болмас.

 Орал таудың басында

Шұбырып өскен бес тұлпар,

Бес тұлпардай мал болмас.

Бес тұлпардың і�інде,

Е�кі тұяқ Қызыл ат

Ер Көк�енің аты еді.

Міне алмай кетіп барамын,

Бір арманым сол еді.

Қарасай, менің �ырағым,

Менен туған ұл болса,

ұл екені �ын болса,

Атқа мінер күн болса,

Кемеліне келгесін,

Ер Көк�енің Қызыл атын

Қарасай мінсін астына.

Айналайын, �ырағым,

Екеуі сонда бітеді.

Ү�ін�ісі арманның,

Баба Түкті Ша�ты Әзіз,

Балуан ата Ерғали

Арғы атамыз сол еді,

Ол бармаған жер еді.

Едіге мен Нұрадін

Бұл бармаған жер еді.

Өзімнің атам ер Мұса

Бұл бармаған жер еді,

Әзіреті Әли пірі еді.

Қара Қып�ақ Қобыланды

Қайраты асқан ер еді.

Мұсылман ері бармаған,

Ат тұяғын салмаған,

Қор етіп қылы� ұрмаған,

Бармаған жерін айтайын

Қиға� деген биік тау.

70

80



90

100


316

БАТыРлАР  ЖыРы

316

317


Қиға� тауға бара алмай,

Бағындырып ала алмай,

Дүниеден өтіп барамын,

Ү�ін�і арманым сол еді.

Қарасай, Қази �ырағым,

Менен туған ұл болса,

ұл екені �ын болса,

Атқа мінер күн болса,

Кемеліне келгесін,

Қиға�қа қарай аттансын,

Ша�ырқанып �аттансын,

Буырқанып бұрсанып,

Мұздай темір құрсанып,

Дербент деген қаласын

Шауып қайтсын деп едім.

Ү� арманды баяндап,

Арыстан сынды ер Орақ

Алғанымен қо�тасып,

Ақырет сапарға жөнелді.

Сонымен Орақ өледі.

ұзын сөзді қысқартып,

Тапсырып кеткен Орақтың

Арманынан хабар берелік.

Қарасай, Қази ер жетіп,

Кемеліне келеді.

Бір күн тұрып анасы

Қарасайға сөйледі.

Сөйлегенде бүй деді:

—Ой, Қарасай, �ырағым,

Жақсыдан қалған тұяғым.

Өлерінде ү� арман

Тапсырып кетті Орағым.

Ү� арманын атамның

Естіп қалды құлағым.

Өлерінде атаңның

Арманы не деп сұрасаң,

Сұрағанда айтайын.

Сондағы берген жауабы:

—Ағасы Мамай мұңды еді,

110


120

130


140

316

316


317

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Мұңды болған себебі,

Мамайда бала жоқ еді.

Бір баланың жоғынан,

Қайғысының зарынан

Миығын тартып күлмеді.

Күлдіре алмай кеткені—

Екін�і оның арманы.

Ер Көк�енің Қызыл аты

 Қолтығында бар қанат.

Қызыл аттың үстіне,

Міне алмай кеткені—

Ү�ін�і оның арманы.

Қиға� тауға бара алмай,

Арманда өліп кеткені.

Айналайын, Қарасай,

Асылда ердің баласы-ай,

Тапсырып кеткен атаңның

Ү� арманын бітірсең,

Өліп кеткен атаңның

Арманының біткені.

Сонда бала сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Олай болса, анам-ай,

ұлықсат ет�і маған-ай!

Ү� арманын атамыз

Тапсырып кетсе маған-ай!

Бітіруге арманын

Аттанамын соған-ай,

Келсе менің �амам-ай!

Бітірмесем арманын,

Туғаным онда жаман-ай!

«Ер Көк�енің Қызыл аты

Осы күнде қайда?»—деп,

Анасынан сұрады-ай!

Сонда анасы сөйледі,

 Сөйлегенде не деді:

—Бес тұлпардың біреуі

Е�кі тұяқ Қызыл ат,

Мінесің, балам, сол,—деді,

150


160

170


180

318

БАТыРлАР  ЖыРы

318

319


Шұбырып тұлпар жүр,—деді.

Оған барып, �ырағым,

Бұлағын тауып ал,—деді.

Бұлағы тәтті бал,—деді.

Аңдып жатып қасында,

Бұғаулықты сал,—деді.

Қызыл атты, �ырағым,

Сөйтіп ұстап ал,—деді.

Сол күндері Қарасай

Он екі жаста,—деп еді.

Анасынан есітіп,

Қарына құрық іледі.

Жаяу бала жүгіріп,

Өк�есі жерге тимеді.

Жүгірумен Қарасай

Орал тауға келеді.

Шұбырып і�інде бес тұлпар

Орал тауда жүр еді.

Ізін қарап табады,

Жібектен арқан алады.

Шөлдегенде і�етін

Бар еді балдан бұлағы.

Сол бұлақтың басында

 Қарасай аңдып қалады.

Талма тал түс болады,

І�іп жүрген бұлаққа

Шұбырып тұлпар құлады.

Шөлдеп келген жануар

Суға басын қояды.

Бұғып жатып Қарасай,

Қызыл атқа қарады.

Қасындағы тұлпардан

Артық екен тұяғы.

Қызыл аттың тұяғы-ай.

ұ�атын құстай көрінді,

Ойнап басқан аяғы.

Төбесінде көрінді

Қиылған қай�ы құлағы.

Қолтығында көрінді

190


200

210


220

318

318


319

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

ұ�атын қанат қияғы-ай.

Шам�ырақтай жанып тұр

Екі көздің жанары-ай.

Алтынменен қаптаған

Бар еді таққан тұмары-ай.

Қызыл атқа қызығып,

ұстауға болды құмар-ай.

Бес тұлпардың бірі еді,

Қази мінген Шұбар-ай.

Бұғып жатып Қарасай,

Қызыл аттың мойнына

Бұғаулықты салады.

Жүгіріп ала жөнелді,

Он екі жасар баланы.

Шыр айналып Қызыл ат,

Мойнын бұрып қарады.

Қатуланып Қарасай,

Табандап тартып тұрады.

Өк�ені тасқа тіреді,

Жас та болса баланың

Кү�-қуаты көп еді.

Қызыл атты жүргендеп,

Қарасай ұстап мінеді.

Қызыл атты Көк�е қарт

Сыртынан бағып жүр еді.

Баланың ұстап мінгенін

Көк�е қартың біледі.

Е�кім көзін салмаған

Бұл да атаулы ер еді.

Қызыл аттың соңынан

Көк�е қартың келеді.

Көк�е қартың ақырып

Қарт бурадай бақырып,

Көк�е қарт сөйлей береді:

—Орақтың ұлы Қарасай,

Сабырсыз ердің баласы-ай.

Жайылып жүрген атымды

ұстап неге мінесің?

Көргенсіз иттің баласы,

230


240

250


260

320

БАТыРлАР  ЖыРы

320

321


Сұрап мінсең болмай ма?

Атаң Орақ батырдан

Мені қалай көресің?

ұстап мінген атымды

Өзіме қайтып бермесең...

Сонда бала сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Не сөйлейсің, Көк�е қарт,

Не сөйлейсің, тілің тарт.

Орал, Орал, Орал тау,

Орал таудай тау болмас.

Орал таудың басында

Шұбырып өскен бес тұлпар,

Бес тұлпардай мал болмас.

Бес тұлпардың і�інде

Е�кі тұяқ Қызыл ат,

Жал-құйрығы ұзын ат,

Сіздің ат емес, біздің ат.

Бұрын болса сенікі,

Енді болса менікі.

Сонда қарт сөйлейді:

—Көк�е қартың мен едім,

Көп жасаған көп едім.

Дұ�пан көзін салмаған

Атым �ыққан ер едім.

Атымды ұстап мінгесін,

 А�уменен бір сөзді—

«Көргенсіз иттің баласы»,

Жылқыда жүрген атымды,

Неге міндің дер едім.

«Көргенсіз иттің баласы»

Деген сөзім, �амасы,

Келген �ығар көңліңе,

А�умен айтқан сөзіме.

Не қылсаң да өзің біл,

Салып тұрған ісіме.

Сонда бала сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Көк�е деген қартым-ай,

270


280

290


300

320

320


321

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Көңліңнен кейін қайтам-ай.

А�умен айтқан сөзіңе

Қартым болсын алауат.

Атыңды ұстап мінгелі

Келген �ығар алауат.

Жауға мініп баруға

Жоқ еді менің атым-ай.

«Бір арманым Қызыл ат,

Міне алмай барам» деп,

Айтып атам кетіпті.

Атамның бітсін арманы,

Сөзімнің болсын �алғаны.

Қызыл атты, қартым-ай,

Өз қолыңнан бермесең,

Не де болса атыңның

Бәсін тауып берейін

Келгесін жаудан қайтып-ай.

Сонда қартың сөйледі:

—Қызықпаймын малыңа,

Бермеймін жүз назыңа.

Сұрайтын басым атыма,

Батады айтсам жаныңа.

—Қағазға қалам сыз,—деді,

Мінбеймін сенен тартып-ай!

Саған зорлық қылмаймын.

—ылайық болса атыма,

Басқа қызды алмаймын,

Қарындасың Қибатты

Берсең, алып мін,—деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет