«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қырық күн а�ып �ығатын 

Дарбазасы бар екен. 

Бұл қаланың і�інде 

Күзеткен әскер бар екен. 

Қаласы мықты жер екен,

Бұл қалаға жат салмай, 

Баратын жолы жоқ екен. 

Ойлап келіп қарасам, 

Алдырмайтын ел екен. 

Қарасай оған бара алмай, 

Баратын жолын таба алмай, 

Жаудан белгі ала алмай, 

Кейін қайтып барады-ай. 

Ертең тал түс болғанда, 

Қарасай таудан �ығады. 

Әділге �ауып келеді, 

Келе сөйлей береді: 

—Әділ достым сен едің, 

Көріп кел жолды деп едің.

1690


1700

1710


1720

358

БАТыРлАР  ЖыРы

358

359


Көріп келдім жолыңды,

Жалған деме мұнымды, 

Жаудың �ықтым бетіне, 

Жолдың �ықтым �етіне, 

Көз жіберіп қарасам 

Қызылбастың кентіне, 

Асқар биік тау екен. 

Қызылбас мықты жау екен. 

Жалғыз аяқ тар жолы 

Бұрғымен тескен тесік жол, 

Төрт есігі бар екен. 

Таудан құлап қарасам, 

Көріп қайтқан ерлердің 

Айтқан сөзі �ын екен, 

Құм екен арғы жағы да. 

Бағып келіп қарасам, 

Жалпақ жатқан сор екен. 

Сорға салған тас өткел 

Жалғыз аяқ жол екен. 

Сордан өтіп қарасам, 

Сорға жалғап қазылған, 

Алты қатар ор екен. 

Қазған ордың ар жағы 

Он екі ханның бастығы, 

Қорғасын құйған жер екен.

Дербент деген қаласы, 

Әр қаладан зор екен, 

Қауіп-қатер көп екен. 

Бұдан басқа жүретін 

Бөтен жолы жоқ екен. 

Мен қорқытып айтпаймын, 

Ақиқатын айтқанда, 

Көз қорқатын жер екен. 

Сонда Әділ сөйледі: 

—Орақтан туған Қарасай, 

Асыл ердің баласы-ай. 

Өз басына бермесе, 

Не болады жігітке 

Ата менен баласы-ай. 

1730


1740

1750


1760

358

358


359

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Атаң Орақ болса да, 

Туыпсың жаман �амасы-ай. 

Осындай қиын тар жолда, 

Жақсы менен жаманның 

Айрылады арасы-ай. 

Қиын жолды көргенің 

Рас болса Қарасай, 

Бір белгіні қолыңа 

ұстап неге келмейсің? 

Бір белгіні ала алмай, 

Қауіпті жерге бара алмай, 

Сенің қорқып келгенің. 

Досым болсаң қайтейін, 

Бұл сөзіңе сенбедім. 

Қарасай, достым сен едің, 

Саған сеніп жүр едім. 

Қарасай болсаң бола бер, 

Орақтан тусаң туа бер. 

Ахмет, Серік, Қоянақ, 

Солардан артық не жерің. 

Қарасайға ер Әділ 

Осылай деп тұрғанда, 

Құлағын салып ер Қази, 

Екеуінің қасында

Жатыр еді жамбастап. 

Сөйлемейді би бастай, 

Көтеріп алды басын-ай, 

А�уы келді атып-ай. 

Қатуланып, қатайып, 

Әділдің келді қасына. 

Жақындап келіп ер Қази, 

Сөйлей берді осылай: 

—Алдымдағы жас Әділ, 

Құдай дескен досыңа-ай. 

Дос болғаның осы ма-ай, 

Неге тұрсың ұрысып? 

Түсінбей ұрысып тұрғаның 

Өзіңе болар кесірі-ай. 

Артық көрме өзіңді, 

1770


1780

1790


1800

360

БАТыРлАР  ЖыРы

360

361


Тарта сөйле сөзіңді. 

Жасы үлкен ағама 

Тигізе берме тіліңді! 

Атаң Орақ батырдан 

Жаман тудың дегенің, 

Осы сөзің қиын-ды. 

Кімнің жақсы-жаманын, 

Атың жүйрік �абатын. 

Болайын деп келеді 

Сыналатын заманың. 

Жолдың қиын-оңайын 

Таудан құлап көресің. 

Жалғыз аяқ тар жолдан 

Шұбырып Әділ жүргесін. 

Кімнің еркек-қатынын, 

Сол уақытта білерсің,—

Деді дағы ер Қази, 

Қарасайға келеді. 

Келе сөйлей береді: 

—Әу, Қарасай, Қарасай, 

Асылда ердің баласы-ай. 

Орақтан тудым деген�е, 

Орманнан тудым десең�і.

Ерден тудым деген�е, 

Даладан тудым десең�і. 

Енемнен тудым деген�е, 

Желден тудым десең�і. 

Анадан тудым деген�е, 

Ойнастан тудым десең�і. 

Құр алақан келген�е, 

Қызылбастан өлсең�і. 

Өлмегенің осы ма, 

Күлкі қылдың досыма?! 

Таба қылып дұ�панға 

Кеміттің жарты жасымды. 

Тар жолға өзім кірейін, 

Тіл әкеліп берейін, 

ұлықсат бер�і маған-ай?! 

Жалғыз өзім барайын

1810


1820

1830


1840

360

360


361

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Ертпей жолдас қасыма. 

Шұбар атқа мінейін, 

Шұбалаңдап желейін. 

Талапты Құдай оңдаса, 

Қызылбастан бір белгі 

Әкеліп қолға берейін. 

Бір белгі алып келмесем, 

Сол жақта жатып өлейін,—

Деді дағы ер Қази, 

Шұбар атқа мінеді, 

Шұбалаңдап жөнелді. 

Қызыл туын көтеріп, 

Тауға қарай жөнелді. 

Қаратау тау үлкен кү� болды, 

Баруға қиын іс болды. 

Жолға түскен мезгілде, 

Күн еңкейіп түс болды, 

Қас қарайып түн болды, 

Қази бала түн қатып, 

Жалғыз аяқ тар жолға 

Түсіп алып жол тартты. 

Бір мезгілдер болғанда,

Жарық болып таң атты. 

Жаудың мықты �етіне 

Келе жатыр жақындап. 

Қызылбастың кентіне 

Келіп тұрған секілді. 

Дарбазаны бекітіп, 

Байлап қойған бетіне. 

Күркіреп тұр жауындай, 

Жолбарыстай алысты, 

Көрінбейді қарасы

Қалың тоғай қамыстан. 

ұмтылады Қазиға 

Айдаһар жылан ысқырып. 

Жұтайын деп кү� қылды, 

ұмтылғанда Қазиға, 

Астындағы Шұбар ат 

Қан сиеді ы�қынып. 

1850


1860

1870


1880

362

БАТыРлАР  ЖыРы

362

363


Алмаспен �ауып барады, 

Ортасынан қақ бөліп. 

Дауысы көкті жарады, 

Қызылбастан бір белгі 

Жасайын деп қарады. 

Қараса адам жоқ екен, 

Ойлы келіп қарасам, 

Адамзаттың баласы 

Бара алмайтын жер екен, 

Қауіп-қатер көп екен. 

Жүре алмайды жол тауып, 

Бара алмайды ой тауып. 

Осы жерге келгенде, 

Ерге болды бір қауіп. 

Қайғы түсті жүрекке, 

Қази келіп тірелді, 

Жан жүрмейтін түбекке. 

Бара алмады жол тауып

Қызылбастың еліне. 

Тірі ұстауға Қызылбас 

Көрінбейді көзіне. 

Қарасайдың ат салып, 

Келіп қайтқан жеріне. 

Осы жерге келгенде, 

Атынан түсіп ер Қази, 

Атты келе қаңтарды, 

Жолдың түрін байқады. 

Құр алақан қайта алмай, 

Сонда бір жауап айтады: 

«Қарасай көкем ер екен, 

Көргенін айтып жүр екен.

Қадірін білмей сөйледім

Айтқанымды көтерді, 

Қас әулие пір екен. 

Абайламай сөз айттым, 

Қас ақылсыз мен екен. 

Қызылбастың еліне 

Баратын жолы жоқ екен. 

Қызылбастан тіл алмай, 

1890


1900

1910


1920

362

362


363

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Құр келгені сол екен. 

Құр алақан қайта алмай, 

Жалған сөзді айта алмай,

Тарығып, қызығып жүр екен». 

Жылап тұрған Қазидың 

Сондағы айтқан сөзі екен: 

—Ақ жаратқан Құдайым, 

Өзіңнен жәрдем сұрадым. 

Өзің жәрдем бермесең, 

Басыма түсті уайым. 

Тіл ұстамай құрдан-құр, 

Таудан қалай құр �ығайын. 

Тілді қайдан табайын, 

Әділге не деп барайын?! 

Құр алақан барған�а, 

Осы жерде қалайын. 

Көрінбейді, адам жоқ, 

Далаға қалай �абайын.

Батыр Орақ ұлы едім, 

Бір Тәңірдің құлы едім, 

Ел қайғысын жеп едім. 

Қызылбастан бір белгі 

Келермін алып,—деп едім. 

Бұл тілегім болмаса, 

Басыма бақыт қонбаса, 

Талап етіп келейін де. 

Бұл талабым оңбады, 

Келіспеді талабым. 

Өзің сақтап өтпесең, 

Құрыды менің амалым. 

Қызылбастан бір белгі 

Қолыма ұстап бармасам, 

Әділге не деп барайын?! 

Тілегімді бермейін�е, 

Көз жасымды көрмейін�е,

Қызылбастың алдына 

Тәңірім айдап келсең�і. 

Осыны айтып тұрғанда, 

Күн ортадан ауғанда, 

1930


1940

1950


364

БАТыРлАР  ЖыРы

364

365


Тілегін Құдай береді, 

Қазидың жасын көреді. 

Аруанасын жетектеп, 

Қырық мың керуен�і келеді. 

Көмір�іні көргесін, 

«Тілекті Құдай берді» деп, 

Тарығып тұрған ер Қази, 

Қабағын а�ып күледі. 

Шұбар атқа мінеді, 

Көмір�інің алдына 

Арыстандай сөңкілдеп, 

Қази �ауып жөнелді. 

Қызылбасқа барады, 

Қырық мыңға ұстап алады. 

Қызылбасқа жолықты, 

Қызылбас тамам қорықты. 

Қызылбастан тіл ұстап, 

Хабарына молықты.

Қырық мыңды ұстап алады, 

Төгіп тастап көмірді

Тар жолға айдап салады. 

Ер Әділдің алдына 

Шу сүргітіп айдап барады. 

Қызылбастан тілді алды, 

Әділ көріп қуанды. 

—Жолы қандай екен,—деп, 

Әділ жауап сұрады. 

Қарасай, Қази ер едің, 

Екі достым сен едің. 

Қызылбастан бір белгі 

Әкелейін деп едің. 

Алып келдің белгіні, 

Қабыл екен тілегің. 

Көл екен батыр жүрегің, 

Атаң Орақ ер еді

Ер де болса, Қызылбас

Ат салмаған жер еді. 

Сенен басқа батырлар, 

уайым айтып келеді. 

1960


1970

1980


1990

364

364


365

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Қызылбастан бір белгі, 

Алып келдің сен,—деді, 

Көңіл қойдым мен,—деді. 

 Жолы қандай көрінді, 

Барып келген сен едің? 

Хабарыңды бер,—деді. 

Сонда Қази сөйледі: 

—Оңай деп жолды қуанба, 

Жолды барлап сұрама. 

Өзің барып көрерсің, 

Көрмей көңіл тына ма? 

Іздеген �ауып бір нармен 

Ер құмардан �ыға ма? 

Қарасай көкем ер екен, 

Көргенін айтып жүр екен. 

Басқа уайым салатын, 

Жалғыз аяқ жол екен.

Барып келген адамдар 

Шынын айтып жүр екен. 

Жолдың бардым �етіне, 

Таудың төмен бетіне. 

Жете алмаса, ерге уайым, 

Өзінің айтқан сертіне. 

Аттанып едім серттеніп, 

Қызылбастың кентіне. 

Жолды көріп, байқадым, 

Жолы қиын жер екен. 

Жалған айтар мен бе едім, 

Ат бауырын жаза алмас, 

Ат қиялап �аба алмас 

Орғыл-орғыл құм екен. 

Құмның арғы жағына, 

Көз жіберіп қарасам, 

Терең батпақ сор екен. 

Сордың арғы жағына 

Көз жіберіп қарасам, 

Шалқып жатқан көл екен. 

Көлдің арғы жағына 

Көз жіберіп қарасам, 

2000


2010

2020


2030

366

БАТыРлАР  ЖыРы

366

367


Алты қатар ор екен. 

Ордың арғы жағына 

Көз жіберіп қарасам, 

Көлденеңі күн�ілік, 

Айналасы ай�ылық, 

Он екі хандық ел екен. 

Ханның басын қорғаса, 

Алдырмайтын ел екен. 

Дербент деген қаласын 

Салған екен Қызылбас, 

Таудың қиын жеріне. 

Жалғыз барған ерлерді 

Жолбарыс, аю, арыстан 

Жүргізбейді еркіне. 

Айла қылды тұтылмал, 

Арыстан қолды бастама.

Қапа болып жүр едім, 

Қызылбастан бір белгі 

Қолына тауып қайта алмай. 

Сиынғаным Ақ болды, 

Жолдасым �ұбар ат болды, 

Қырық көмір�і тап болды.

Қапа болған көңілім 

Мұны көріп �ат болды. 

ұстап алып байладым, 

Жолға салып айдадым. 

Келе жатып бұлардан 

Жол хабарын сұрадым. 

Бара алмайтын жер екен, 

Рас екен айтқаны. 

Қолыма белгі алғасын, 

Одан әрі бармадым. 

Не қылсаң да ер Әділ, 

Ендігісін өзің біл. 

Сонда Әділ сөйледі: 

—Қарасай, Қази ер едің, 

Екі достым сен едің. 

Екеуің Орақтан артық,

Артық тудың деп едім. 

2040


2050

2060


2070

366

366


367

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Артық емес, кем екен, 

Кемдігіңді айтайын. 

Сенің айдап келгенің 

Қаңғып жүрген көмір�і. 

Артық тусаң атадан, 

Неге алып келмедің? 

Ер деп мақтап жүрсем де, 

Қоянақ, Серік, Ахмет 

Солардан артық көрмедім. 

Қиын жолды көргесін, 

Сенің қа�ып келгенің. 

Сонда Қази сөйледі: 

—Қайдан білдің кемімді, 

Білмейсің құр тегімді. 

Қатты-қатты сөз айтып,

Қалдырып жүрсің кеулімді. 

Ата тегің кім еді, 

Тегіңде ерлік жоқ еді. 

Қайдан таптың ерлікті, 

Дерсің кімге кемдікті. 

Менің атам Едіге 

Ата жауын жаулаған 

Аруақты ер еді. 

Өз дұ�панын өлтіріп, 

Басын кесіпті деп еді. 

Сенің атаң Шынтемір, 

Тегінде ерлік жоқ еді. 

Біреудің арын арлаған, 

Сенің атаң сол еді. 

Осы жерден мен қазір 

Шұбар атқа мінемін, 

Шұбалаңдап желемін. 

Қолды бастап кірейін, 

Атаң болса батыр-ай, 

Он екеуіңді көрейін. 

Осыны айтып ер Қази, 

Орақтың туын алады, 

Оттай күрлеп жанады. 

А�уланып Әділге, 

2080


2090

2100


2110

368

БАТыРлАР  ЖыРы

368

369


Таласып тұрған тар жолға, 

Әскерін айдап салады. 

Таудан өтіп болған соң, 

Әскерін жинап алады. 

Сол уақытта ер Әділ 

Жолдың түрін қарады, 

Көзі көріп жанады. 

Жан а�уы болмаса, 

Жалғыздықтың жаманы. 

Жалғыздық түсіп есіне, 

Жүре алмады табаны. 

Қарасай, Қази досына 

Сөйледі Әділ жана да: 

—Қарасай, Қази ер едің,

Екі досым сен едің. 

Екі достым болмаса,

Жоқ еді менің секерім.

Қиын жолды көргесін, 

Қайғыланды жүрегім. 

Қайғыланбай не қылсын, 

Алды-артымда жаяу жоқ, 

Менде аға, іні жоқ. 

Басыма қиын іс түссе, 

Екі достым ат салып, 

Алып �ығар деп едім. 

Енді жауға тиерсің, 

Ат құйрығын өрерсің, 

Екі достым, сендерге 

Көңілімді айтып білдірдім, 

Өздерің ойлап білерсің. 

Сонда Қази сөйледі: 

—Әділ достым сен едің, 

Сенің достың мен едім. 

Қарасай тауда қалса да, 

Сені алармын деп едім. 

Бұрынғы көңлім сол еді, 

Бұл көңілімді білмедің. 

«Жамансың,—деп,—атадан», 

Тигізіп қатты тіліңді, 

2120


2130

2140


2150

368

368


369

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Батырып айтқан сөзіңді. 

Талайыңнан көрерсің, 

Өз білгенің өзіңе 

Жүре бер, Әділ, жөніңе. 

Орақ деп жауға �абармын, 

Шұбарды айдап салармын. 

Мұсылманның ары ү�ін, 

Қара ноғай қаны ү�ін, 

Жауда қалсаң, Әділім, 

Сонда іздеп табармын. 

Әділ сонда сөйледі: 

—Бұл дүниеге келгесін, 

Аяқ басып жүргесін, 

Өлеріңді білгесін, 

Атадан жалғыз туғасын,

Белге жарақ буғасын, 

Жалғыздыққа көнгесін, 

Жалғыз да болып жүрсем де, 

Қайратыма сенгенмін. 

Туысқаным жау екен, 

Жолдас болып жүргенін, 

Кісіге сеніп жүргенім. 

Жақсы емес пе бұдан да, 

Жауға �ауып өлгенім,—

Деді дағы ер Әділ, 

ызаланып, долданып, 

Алтын туын қолға алды.

Тас өткелдің аузына 

Көп әскерге қарамай, 

Жалғыз �ауып жөнелді. 

Қази көріп �апқанын, 

Атына мініп ер Қази, 

Баратқан �ауып Әділге 

«Тұр»,—деп айқай салады. 

Қуып келіп соңынан, 

Сонда Қази сөйледі: 

—Әділ, қайда барасың, 

Жолға неге �абасың? 

Жол менікі �абатын, 

2160


2170

2180


2190

370

БАТыРлАР  ЖыРы

370

371


Мені қалай аласың? 

Аламын деп жүргенде, 

Бейнетті болып қаларсың. 

Менен бұрын жол алмаң, 

Қала бұзып ел алмақ.

Келе ме, Әділ, қолыңнан? 

Аулақ кет, Әділ, жолымнан, 

Ере бер, Әділ, соңымнан. 

Сонда Әділ сөйледі: 

—Шапқан Әділ тұра ма, 

Атының басын бұра ма? 

Өзі білген жігіттің 

Ата тегін сұрама, 

Қазасы жетпей өлмейді.

Жол менікі дегенде, 

Қорқып жолды бермейді, 

Зорлығыңа көнбейді. 

Қорқып беріп жолымды, 

Соңыңнан Әділ ермейді. 

«Құдай дескен досым» деп 

Енді саған сенбейді. 

Сендер екеу, мен жалғыз, 

Жалғыз да болса тұралмас. 

Қорқып берер мен емес, 

Қорыққан жігіт ер емес. 

Қорқып беріп жолымды, 

Бола алмаймын саған келемеж. 

Сенен қорқар мен емес, 

Ерлігім сенен кем емес.

Мықты болсаң тартып ал, 

Жолымды саған бермедім,—

Деді дағы ер Әділ, 

Айрылмады жолынан. 

Алтын туын көтеріп, 

Тастамады қолынан. 

ұстайын десе кеселеп, 

Қазидың �ықты алдынан. 

«Атайын,—деп,—бір жебе», 

Суырып алды оғынан. 

2200


2210

2220


2230

370

370


371

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Екеуі жолға таласып

Таласып жолда тұрғанын 

Қарасай байқап біледі. 

«Өзім барсам тұрмас,—деп, 

Екеуі де болмас»,—деп, 

Қоянақ қартқа келеді. 

Келе сөйлей береді:

—Қол бастаған бабам-ай, 

Көпті көрген данам-ай. 

Қази менен Әділдің 

Таласып жолда тұрғанын, 

Тапсырамын саған-ай. 

Екеуі де ер еді, 

Екеуінің біреуі 

Болмаса еді жарадар.

Қояке, жылдам бара көр, 

Көңліне сана сала көр! 

ұрыстырмай екеуін, 

Тату қылып ала көр. 

Екеуін де көзім-ай,

Бара қойсам өзім-ай, 

Інісіне Қарасай болысуға келді дер. 

Досымның келер көңліне. 

Көпті көрген кең едің, 

Сен ақылға көп едің. 

ұрыстырмай, хан

Жарастыр деп едім. 

Мұны естіп Қоянақ, 

Боз тұлпарға мінеді. 

Қарасай мен ер Қази, 

Табан жолға таласып, 

ұрысайын деп жүр еді. 

ұрысайын деп тұрғанда, 

Қартың жетіп келеді. 

Алдындағы Әділге

Келе сөйлей береді: 

—Қырымның ханы жас Әділ, 

Қырық мың қолға бас Әділ, 

2240

2250


2260

2270


372

БАТыРлАР  ЖыРы

372

373


Табан жолға таласып, 

Досыңменен, �ырағым, 

Болып жүрме қас, Әділ. 

Асылым туған Әділім, 

Әр жерге кетті дыбысың. 

Қырық мың әскер қол еді, 

Қол бастаған ер еді. 

Жол менікі дегенің, 

Сенікі де жөн,—деді, 

Жөн де болса, достыңа, 

Жолыңды Әділ бер,—деді. 

Басыңа қиын іс түссе, 

Пайдасы тиер ер еді. 

Әділді сөзбен тоқтатып, 

Қазиға жетіп келеді.

Келе сөйлей береді: 

—Орақтың ұлы ер Қази, 

А�уыңды бер,—деді. 

А�уын тастап жас Әділ, 

Жолды бере салады. 

Арғы атамды сұрасаң, 

Баба Түкті Ша�ты Әзіз 

Әулие атаң пір еді. 

Онан туған Едіге 

Кереметті ер еді. 

Едігенің туғаны 

Қарулы туған ер еді. 

Кейінгі атаң ер Орақ, 

Едігенің сойы еді. 

Харап болған хандарды 

Жай құландай тыпыртып, 

Басын кесті,—деп еді. 

Атаң Орақ ер еді, 

Жолыңды алдың, ер,—деді. 

Жолың болсын, ер,—деді, 

Қызылбастың тауына 

Қолыңды бастап жүр,—деді.

Ахмет тұрып сөйледі, 

2280

2290


2300

2310


372

372


373

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Қоянақ  екі  батырды  ұрыстырмай  сөзбен  татуластырып, 

қайтадан көрістіріп, дос қылады. Қырық мың әскер тар жолға 

симайтындықтан,  әскерді  ү�ке  бөледі,  он  төрт  мың  әскерге 

Қарасай  мен  Қази  бас  болып,  жалғыз  аяқ  тар  жолға  аттанып 

кетеді.  Он  ү�  мың  қолға  бас�ы  жас  Әділ  жалғыз  аяқ  тар 

жолдың өткеліне түсіп кетеді. Енді он ү� мың қолға Исаның 

ұлы Ахмет батыр бас болып, өткелге бармай, орта жолда тұрып 

қалады.  Жас  Әділ  жалғыз  аяқ  тар  жолға  түсіп  жүре  тұрсын. 

Енді  тұрып  қалған  Ахмет  батырдан  сөз  есітті.  Ахмет  ойға 

қалып,  жалғыз  аяқ  тар  жолға  түспей,  кейін  қайтты.  Сөйтіп, 

әскерге толғап тұрғаны.

Сөйлегенде бүй деді: 

—Қол бастаған Қоянақ, 

Кұладың таудан қиялап.

Жалғыз аяқ тар жолға 

Әскерімді түсірмей, 

Қайтуға тұрмын ой алып. 

Осы жерге келгенде, 

Тас өткелді көргенде, 

Әскер болды ү� бөлек. 

Ақылдасып қайтуға, 

Бола�ақ істі айтуға 

Өзіңдей бір ер едім. 

Жау қамаса тар жолда, 

Бұзып-жарып өтуге 

Сонда бізге кү� керек. 

Он төрт мың қолға бас болып, 

Қарасай, Қази ер кетті. 

Әскерін қырдан �ұбыртып, 

Жаңа бұлттай сұр еді. 

Жаман сірә а�ылмас. 

Орақ пенен Мамайдың 

Қарасай, Қази ұлы еді. 

Өздері аман жүргенде

Әскерін жаудан қа�ырмай, 

Тасқа �апса қайтпас, 

Шар болаттай сойы еді. 

2320


2330

374

БАТыРлАР  ЖыРы

374

375


Қызылбастай жауынан 

Жеңілем деп ойламас. 

Қырменен �абар қалаға, 

Қаланы бұзып алады. 

Соңынан кеткен Әділдің 

Қамауда қолы қалады. 

Қамап алып сұр жолға, 

Шығармас қолын далаға. 

Ата тегі төре еді, 

Тегінде ерлік жоқ еді. 

Қара бала Әділдің, 

Жеке туған ер еді. 

Жауда қалса алатын 

Туысқаны жоқ еді. 

Осы сапар ер Әділ

Асылы қайтып келеді. 

Осы айтқаным болғасын, 

Әділ тауда қалғасын, 

Қарасай, Қази—қос батыр 

Қызылбасқа барғасын, 

Қызылбастың әскері 

Тауға қарай салмасын. 

Жалғыз аяқ тар жолды 

Бізден бұрын алмасын. 

Қырымнан келген көп әскер 

Қамауда әскер қалмасын. 

Осы жерден қайталық, 

Болатын істі айталық. 

Бұрын барып тар жолды, 

Бұзып көріп қайтайық. 

Тауға жолдан баралық, 

Тау басына қаралық. 

Қызылбасты көрер күн болса, 

Бұл айтқаным �ын болса, 

Ү� жерден ұрыс салалық. 

Аламанды алдырмай, 

Біреуін жолда қалдырмай, 

Аман алып �ығалық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет