«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Хикаясы

Банағы Темірханның �абары Ханбике қасындағы қырық кі-

сісін өлтіртіп, өзі-құлақ пенен мұрын кестіріп, астындағы аты-

нан айырылып, үстіндегі киімінен айырылып, өзі Темірханның 

еліне жаяу жөнелді. 

Манағы пұ�ық Ханбике

Көлден ты�қан қоймайды

Сірә, қалмақ тоймайды.

Өлдім-талдым дегенде,

Ө�тім-жандым дегенде, 

Ел �етіне келеді.

Бір қотыр атқа мінеді,

Бір жаман �апан киеді. 

Темірханның алдына 

270

280


290

300


18

БАТыРлАР  ЖыРы

18

19

Азып-тозып келеді.



Ханға сәлем береді, 

Сәлемін құптап алады: 

—Құлақ-мұрын тесіліп,

Таңқита мұрын кесіліп.

Бетің болса жосадай,

Тұла бойың даладай,

Жан жолдасым, Ханбике, 

Неғылып келдің �ырақ-ай

Сонда Бике сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Барып едім еліне,

Хан Мамайдың жеріне. 

Бер деп есеп бермеді,

Айтқаныңа Мамай көнбеді. 

Қырық жолдасымды қырды ғой,

Тегін олжа қылды ғой.

Құлақ-мұрнымды тесті ғой,

Таңқита мұрнымды кесті ғой.

Бетім болса жосадай, 

Тұла бойым бозадай.

Қорлық берді өзіме,

Сәлем айтты өзіңе. 

Ноғайдан көрген қорлыққа

І�ім толған құса дерт,

Өлуге келдім мен,—дейді. 

Алдияр, тақсыр ханымыз,

Не қыларын өзің біл,—дейді.

Сонда Темірхан сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді: 

—Бір тілегеніңді берермін,

Қайратын оның көрермін.

Алжыған қақбас Мамайдың 

Сыбағасын берермін.

Сары өзендегі сол қалмақ,

Көк өзендегі көп қалмақ,

Қоймай хабар салады.

Алты жасар баласын

Азамат қылып мінгізді.

310

320


330

18

18

19



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Алты жасаған құнанын 

Арғымақ қылып мінгізді.

Адырнадан ат мініп,

Азығына малта алып, 

Қаруына балта алып,

Әскерін Қырымнан жүргізді.

Жеті мың әскер қол алып,

Желбіреген ту алып,

Он екі жерден ту байлап,

Сексен төртте Мамайды 

Аламын деп қуанып,

Аттанып қалмақ елінен,

Сары өзен деген жерінен

Аттанып қалмақ келеді.

Дүбір-дүбір желеді,

Түн ұйқысын бөледі.

Қиға� деген ала тау

Қалмақтың жетіп келеді.

Манағы асыл хан Мамай,

Қарауылын қарайды. 

Қиға� тауының басында 

Төңірекке қарайды, 

Қияға көзін салады.

Келмеген соң  Темірхан

Астындағы тұлпардың 

Сыпырып ерін алады.

Тасбұлақтың басында, 

Арқан тағып ойнатып,

Құрықпенен қунатып,

Арқандап атын салады.

Ер қаруы—бес қару 

Жастығына салады.

Орай, садақ, қырық кез оқ

Жамбасының астына

Батыр Мамай салады.

Тасбұлақтың басында,

Бір адам жоқ қасында. 

Жапанда жалғыз хан Мамай

ұйықтап жатып қалады.                  

340

350


360

370


20

БАТыРлАР  ЖыРы

20

21

Әнсіз әңгімесі



Темірхан әскеріменен  Қиға� тауының басына �ықты. Ма-

майды көрмеді. Мамай Темірханды көрмеді. «Темірхан келмей-

ді екен»,—деп бұлақ басына барды да, жатып қалды.

Темірхан  Ханбике  деген  �абарын  �ақырып  алды:—

Бұлақтың басында бір қара көрінеді, сол Мамай ма екен, Мамай 

емес пе екен, соған сен барып кел,—деді.

Қалмақтың ханы Темірхан, 

Ханбикедей жолдасын

Шақырып алды қасына: 

—Әй, Ханбике, Ханбике, 

Көрінеді бір қара. 

Келе ме екен хан Мамай,

Келмей ме екен хан Мамай,

Қа�саң қа�ып кететін,

Қусаң қуып жететін,

Бір  жүйрікке мін,—дейді. 

Тастамай қару ал,—дейді,

Соған барып кел,—дейді. 

Хан айтқан соң амал жоқ,

Бармайтұғын заман жоқ.

«Соған да барып келем»,—деп,

Ханбике жүре береді. 

Таудың келді басына, 

Мамайдың келді қасына.

Арқанда тұрған Бозмойнақ

Қалмақтың көзі көреді.

ұйықтап жатқан Мамайды

Оны да көзі көреді.

«Құдай тілек берді»,—деп,

Ізін�е қайтып келеді.

Темірханға келеді,

Сүйін�і сұрай береді.

Атаңа нәлет Мамайды 

Алдырар күн бар екен

Дүниенің жүзінде 

«Бір тілегін бердім» деп,

380

390


400

20

20

21



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Тілегін қабыл көреді.

ұйықтап жатқан Мамайға

Үстіне қаптап келеді.

Мамай ұйықтап жатқанда, 

Темірхан қамаған екен деп еді.

Мамай ұйықтап жатқанда,

Бар�ы салып қарайды.

Мамай жаяу қалсын деп,

Арқанда тұрған Бозмойнақ

Қалмағың ұрлап алады.

Ер қаруы—бес қару,

Салған екен жастыққа,

Оны да ұрлап алады.

Орай, садақ, қырық кез оқ,

Жанбасының астына

Салған екен ер Мамай.

Алайын деп жатқанда

Көтеріп басын алады.

Төңірекке қарайды, 

Қаптаған жауды көреді

Еңіреп қоя береді.

«Жасаған Жаппар жанымды 

Сындырмағай белімді,

Тарылтпағай  жерімді,

Құдайым,—деп жылайды.

—Баба Түкті бабам-ай,

Жар бола көр маған-ай,

Едіге атты атам-ай,

Сиынамын саған-ай!

Жасаған Жаппар жанымды 

Қолтығымнан бір сүйе.

Екі інімде пері�те,

Оңғара көр һәр  істі. 

Тағдыр жетсе өлермін,

Күнім толса көрермін.

Аманатын Алланың

Осы сапарда берермін.

Өлгенім�е қалмаққа

Табанымды тірермін. 

410

420


430

440


22

БАТыРлАР  ЖыРы

22

23

Өлсем Құдайға �ейітпін.



ұжмақтан есік а�ылар»,

Иманды болып өлермін. 

Асыл бір туған хан Мамай

«Едігелеп!» ұран �ақырып,

Қорамсаққа, қол, Мамай

Бір салғанда мол салды,

Көп оғына жол салды.

Мұнан бірін алады,

Масағына келтіріп, 

Қатты сермеп салады.

Қаһарланып бір атты,

Бір оғының басынан

Он бес қалмақ құлатты.

«Иә, Алла!» деп сиынып, 

Екі жеңін түрініп,

Жаяу жетті жүгіріп, 

Батыр Мамай жетеді. 

Тиген жері Мамайдың 

Есік қылып жүреді.

Оң келгенін оң атты,

Сол келгенін сол атты.

Тебінгіден тесе атты,  

Қарсы алдынан құлатты.

Бір оғының басынан 

Он бес қалмақ құлатты.

Мазасын жаудың алады,

Қырып-жойып барады.                            

Бір жеті жатып атысып,

Екі мың қалмақ алады.

Екі мың қалмақ алған соң,

Оқ таусылып қалады.

Оқ таусылып қалған соң, 

Ардақтаған хан Мамай, 

Қиға� тауының басына

Жүгіріп �ығып барады.

Қайнап тұрған қара тасты

Жұдырығыменен сындырып,

Таспенен ұрыс салады,

450

460


470

480


22

22

23



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Мазасын жаудың алады.

Және бір жеті атысып, 

Екі мың қалмақ алады. 

Төрт мың қалмақ алған соң, 

Оқ таусылып қалған соң, 

Күндердің күні болғанда, 

Туғалы жаяу жүрмеген,

Табаны жерге тимеген.

Мұндай күнге келмеген,

Тұлпардан басқа мінбеген,

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген,

Маңдайынан күн қағып,

Таңдайынан �өл қағып,

Қиға� таудың басында 

Жанбастап жатып қалады.

Толып жатқан көп қалмақ

Қамалап ұстап алады.

Кез келген қалмақ сабайды,

Сақалынан байлайды.

Жалғыздық түсті басына, 

Көзінен аққан жасын-ай.

Төбесінде төрт бүркіт

Хан Мамайдың ойнайды.

Қазандай болған қара бұлт

Күн өтер деп торлайды.

Атасының аруағы 

Таудай болып орнайды.

Қан�а қалмақ атса да,

Асыл туған хан Мамай 

Өлетұғын болмайды.

Сонда Темірхан сөйлейді: 

—Әй, Ханбике, Ханбике, 

Мына залым хан Мамай

Өлетұғын болмады. 

Қолындағы найзасын 

Қызыл қанға бояды.

Өлетұғын хан Мамай

Айтып бер�і айласын.

490

500


510

520


24

БАТыРлАР  ЖыРы

24

25

Өл десең де өлейін, 



Өлтірсең де көнейін. 

Ханбике пұ�ық сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді: 

—Екі қолын артына 

Шынжырменен тағалық.

Арбаға жаяу салалық,

Кез келген қалмақ сабалық.

Сақалынан байлалық, 

Елге айдап баралық.

Жетпіс құла� құдыққа 

Алып барып салалық.

Қайнап тұрған қара таспенен

Бетін бітеп тасталық.

Сол құдықтың і�інде 

А�ыққандай өлсін хан Мамай,

Құдықтың бетін а�палық,

Тұн�ығып  өлсін хан Мамай.

Бес атамды өлтірген, 

Жаныма қаза келтірген,

Құдай айдап ұстатты,

Тірілей кегін алалық.



Әнсіз әңгімесі

Мамайдың қатыны жатып түс көрген. Қалмақтың ханы Те-

мірхан Мамайды алып барып, жетпіс құла� құдыққа салдыр-

ды. Бұ Мамайдың Қара�а� деген қатыны бар еді, түнде жатып 

түс көреді. Тоқсан бесте Мамайдың �е�есі бар еді. Мамайдың 

қатыны Қара�а� көрген түсін Қараүлек деген Мамайдың �е-

�есіне жорытты.

Хан Мамайдың қатыны

Түнде жатып түс көрді. 

Әжептәуір іс көрді,

Шо�ып оянып түсінде, 

Жатыр еді ұйықтап, 

Мақпал тонын тұйықтап.

Тоқсан бесте Қараүлек,

530

540


550

24

24

25



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Басын �айқап Қара�а�,

Оятып алды енесін.

—Өлгенде көрген балаң-ай,

Әруақты Мамай-ай,

Мінсіз қара кемем-ай,

Болаттан соққан жебем-ай.

Түнде көрген түсіңді,

Оңғарғай, Құдай, ісімді,

Түсімнен қорқып ояндым,

Жоры�ы көрген түсімді.

Жатыр едім ұйықтап, 

Мақпал тоным тұйықтап.

Қыбыладан көрінді 

Бір �ан�ылған бір құйын.

Ордамды жығып кетер деп,

Үйіме жазым етер деп,

ұзын алтын сырықты

Соған қарсы тіредім.

Сырығым тұтқан болмады,

Ортасынан үзілді. 

Бұ не болар, енеке?

ыржия күліп келетін,

Ше�еге сәлем беретін, 

Иман жүзді хан Мамай

Ақ�а беті балаңның 

Жығылыңқы көрінер.

Бұ не болар, енеке?

Екі көзі балаңның

Жұмылыңқы көрінер, 

Бұ не болар, енеке?

Түнде көрген түсімді,

Оңғарғай, Құдай, ісімді. 

Түсімнен қорқып ояндым, 

Жоры�ы, ене, түсімді. 

Сорлы болған Қараүлек

Көтеріп басын алады: 

—Алла, оңғарғай ісімді,

Жорыйын көрген түсіңді. 

Тұла бойым тұңғы�ым, 

560

570


580

590


26

БАТыРлАР  ЖыРы

26

27

Өлгенде көрген құлыным 



Ноғайлы тілін алмады. 

Алжыған қақбас хан Мамай

Өлмесе тұрсын деп еді.

«Күнім толса көрем,—деп, 

Ажал жетсе өлем,—деп,

Аманатын Алланың 

Осы сапарда берем»,—деп, 

Бозмойнақ атын тебініп,

Қиға� деген ала тау 

Қалмақтың кел деген

Жауының жері еді.

Басына соның барғаны,

Қарауыл қарап тұрғанда,

Келмеген соң Темірхан, 

Астындағы тұлпарының 

Сыпырып ерін алғаны.

Арқан тағып ойнатып, 

Құйрығыменен қунатып,

Арқандап атын салғаны.

Ер қаруы—бес қару 

Жастығына салғаны.

Орай садақ, қырық кез оқ,

Жанбасының астына

Батыр Мамай салғаны.

Тасбұлақтың басында,

Адамы жоқ қасында, 

Жапанда жалғыз хан Мамай

ұйықтап жатып қалғаны. 

Үйге тіреген алтын сырғының 

Сығылыңқы көрінсе,

Мамай жаяу қалған соң,

Әнекеи, солай болғаны.

Ақ�а беті баланың 

Жығылыңқы көрінсе, 

Туғалы жаяу жүрмеген,

Табаны жерге тимеген, 

Тұлпардан басқа мінбеген, 

Сұлудан басқа сүймеген,

600

610


620

630


26

26

27



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Қамқадан басқа кимеген,

Екі қолын артына 

Шынжырменен таңған соң, 

Арбаға жаяу салған соң,

Тірідей қорлық көрген соң

Әнекеи, солай болғаны. 

Екі көзі баламның 

Жұмылыңқы көрінсе,

Жетпіс құла� құдыққа 

Алып барып салғаны. 

Атасының ө�і бар,

Тірідей кегін алғаны.

Арыстан а� та, түлкі тоқ, 

Түгел ерге қайғы жоқ.

Жыласақ та, бей�ара, 

Қарағым, Мамай бізге жоқ.

Алласы болсын қасында, 

Басыма салма уайым.

Ке�егі кеткен Мамайға 

Нағылып айла қылайын.

Асылдан қалған қарағым, 

Орақтан қалған тұяғым

Қуар ма екен соңынан 

Тартар мекен жауының құнынан,

Қарасай менен Қазиға 

Соған барып �ағайын.

Сорлы болған Қараүлек 

Етек-жеңін түрініп,

Кең тақырдың бойында

Дәнеме жоқ ойында,

Сорлы болған Қараүлек

Көзінің жасы қойынында.

Баласын көзі көрген соң,

Қатып қалған ем�егі

Бұлақтай болып иіді. 

Қарасай менен Қазиға 

Жылап бір қоя береді: 

—Ер Қарасай, Қарасай, 

Қанды Орақтың баласы-ай,

640

650


660

670


28

БАТыРлАР  ЖыРы

28

29

Қысқа күнде қырық �апқан 



Ораққа кімнің �арасы-ай. 

Құлағың салып, құп тыңда,

Қарағымның баласы-ай.

Өлгенде көрген атаңды 

ұстап кетті Темірхан. 

Тірі де болса атаңды 

 Өзің барып ал деймін.

Өлі де болса атаңның

Сүйегін барып ал деймін.

ұстап та кеткен атаңды 

Соңынан қуып бар деймін.

Сонда Қарасай сөйледі:

—Қуар едім соңынан,

Тартар едім жаудың қоңынан,

Астыма мінер атым жоқ,

Үстіме киер киім жоқ, 

Үсті-басым ақ �аңдақ,

Асықтың жүрмін соңынан,  

Ше�еке, менің киімім жоқ.

Сорлы болған Қараүлек

Көтеріп басын алады:

—Өлгенде көрген балам-ай,

Мен бір берен анаң-ай.

Толғау деген қиын ба,

Киім деген бұйым ба?

Тұлпарын тауып берейін,

Қарасай, ерер соңыма.

Қарасай батыр ереді,

Соңынан еріп келеді.

Еңсесі биік ордаға

Еңсесін соғып енеді.

Табамын деп кемпір тұлпарды,

Құрмаменен жаратқан, 

Алмаменен ойнатқан,

Алтыннан жабу жабады. 

Күмістен сулық соғады,

Жібектен арқан тағады,

Алтыннан қазық қағады.

680

690


700

710


28

28

29



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Балакер деген тұлпарды 

Жетектеп алып келеді.

—Ер Қарасай, Қарасай,

Қанды Орақтың баласы, 

Балакер деген тұлпарды 

Алып келдім мен саған 

Сапарыңа жараса-ай. 

Өзі кескен ой болат, 

Орай, белге алады.

Бадана көзді ақ сауыт

Үстіне іле киеді,

Балакерге мінеді.

Көлден �ыққан жыландай,

Көтерілген арысландай

Батыр туған Қарасай 

Үйден �ығып барады.

Тоқсан бесте жасы бар, 

Аппақ болған �а�ы бар.

Арыздасып қалам деп,

Айқайлап дауыс салады. 

Айқайлаған дауысын 

Қарасай батыр есітіп,

Тұра қалды деп еді. 

Өлгенде көрген балам-ай,

Мен бір берен анаң-ай.

Һәр тарыққан жерінде,

Ке�егі Орақ пенен Мамай атаң

«Қой, хо�, аман!»—деп,

Қарасай жауға жөнелді.

«Шу, жануар, �у» деді, 

«Шулегенде» гуледі, 

Табаны жерге тимеді.

Қаздарменен қағысып,

Қу-үйрекпен жарысып,

Үстіндегі Қарасай

Әруақ қысып барады.

Көбігі �ығып сауырынан,

Тер там�ылап барады.

Біраз жерге келген соң, 

720

730


740

750


30

БАТыРлАР  ЖыРы

30

31

Бір қарайған нәрсе көреді-ай.



Қараны көріп жымиып,

Қарасай жетіп келеді.

Жетіп келсе қасына, 

Құлақ-мұрны тесулі,

Таңқита мұрны кесулі,

Темірханның жолдасы

Ханбике залым сол екен.

«Қарасай қа�ан келер» деп,

Қарауыл қарап жүр екен.

Қарасайды көрген соң,

Ханбике пұ�ық сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Әй, ноғай сың, ноғай сың, 

Аламын десем оңай сың.

Аламайын десем, сен өзің,

Ел �етіне елбектеп,

Жау �етінде көлбектеп, 

Біздің елден қаңғырып,

Қай сапарға барасың?

Алдымдағы баласың,

Оттай қаулап жанасың.

Төскейден төмен желесің,

Қимылдасаң өлесің.

Өлмей тұрып жөніңді айт, 

Қай сапардан келесің?

Сонда Қарасай сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Әй, қалмағым, қалмағым,

Ар жағыңа қарасам,

Масаққадай сары далаң-ай.

Бер жағыңа қарасам,

Шойын менен темірден

Шыңдап соққан қалаң-ай.

Қызыққа �ығып қарайды 

Қатын менен балаң-ай.

Жөкеменен байлаған,

Жыңғылменен айдаған.

Қара нанды  білем—деп,

760

770


780

790


30

30

31



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Күйсең—күйсең �айнаған.

Алдыр-былдыр сөйлеген,

Тіліңді адам білмеген.

«Илла Алла» демеген, 

Кәлимаға тілің келмеген,

Не дейсің, бәлем, қалмағым? 

Таразыға түскенде, 

Қорғасындай басың-ай,

Тастан ауыр салмағың.

Жеті атамнан �ынжырлы,

Айырылмаған қалмақтан,

Жезден соққан қармағым.

Сендей-сендей қалмақты 

Шөптен оңай алмағым.

Әкеңнің құны бар ма еді, 

Мамайды ұстап алғандай, 

Арбаға жаяу салғандай?! 

Тірі жүрем деп жүрмсең

Дүниенің жүзінде

Таудағы тарлан бөрі едім. 

Сендер—құзғын, мен—тұйғын,

Атаңа нәлет қалмақты 

Кез келтір,—деп жүр едім.

Әкемнің жауы кез келді,

Өлі де болса атамның

Сүйегін тауып бер деймін. 

Тірі де болса атамның 

Өзін тауып бер деймін.

Менім атым—Қарасай,

Мен—қанды Орақтың баласы-ай.

Әкемді тауып бермесең,

Өлтірмей қоймаймын,—дейді.

Қорыққан екен Ханбике,

Көзінің жасын төгеді.

Қарасайдың алдына 

Жүгіріп салып келеді,

Еңіреп қоя береді.

Өді де болса атаңның

Сүйегін тауып берейін,

800

810


820

32

БАТыРлАР  ЖыРы

32

33

Тірі де болса атаңның



Өзін тауып берейін, 

Қарасай, ер соңыма.

Қарасай батыр ереді,

Соңына еріп барады.

Мамайды салған құдыққа

Ханбике түсе қалады.

Жауып салған қара тас

Бетін а�ып қарайды.

«Бар ма екен,—деп,—хан Мамай?»

Айқайлап дауыс салады.

Әлі Мамай өлген жоқ,

Тірі екенін біледі.

Қарасайдың алдына 

Жүгіріп салып келеді, 

Сүйін�і сұрай береді.

Қарасай сонда сөйлейді: 

—Әуел баста атамды 

Өз көзіммен көрейін.

Қан�а малды алсаң да,

Сүйін�іңді берейін.

Мамайды салған құдыққа 

Қарасай жетіп келеді,

Тұлпардан түсе қалады.

Жетпіс құла� арқанмен

Сексен төртте Мамайды

Жібекпенен суырып алады,

Мамайға сәлем береді.

«Құлыным» деп жылайды.

Манағы пұ�ық Ханбике:

«ұмыттың, батыр»,—деп,

Сүйін�і сұрай береді.

Қарасай сонда сөйлейді:

—Тоғай толған малым бар,

Желіккен қызыл нартайлақ,

Желі толған нарымның

Шетінен бар да ала бер,

Өзімдегі барымды.

Ханбике сонда сөйлейді:

830

840


850

860


32

32

33



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

—Не қылайын малыңды,

Қарасай, сенен тілеймін

Бір �ыбындай жанымды.

Қарасай тілегін береді,

Тілегін Бике алған соң,

Қыбылаға намаз оқиды,

Көкірекке иман тоқиды.

Сол арада Ханбике

Мұсылман болды деп еді.

Ханбикенің қасына 

Хан Мамайды қойды да:

—Әй, Ханбике, Ханбике,

Тілімді менім ал,—дейді,

Айтқаныма нан,—дейді.

Мына тұрған атамды 

Еліме алып бар,—дейді.

Өзімдей қылып бақ,—дейді,

Атамның бабын тап,—дейді.

Мен Темірханға барамын,

Атамның кегін аламын.

«Қой, хо�-аман»,—деп, 

Қарасай жауға жөнелді.

Біраз жерге келген соң,

Тоқсан �іркеу көп қала

Қарасай батыр көреді.

Қалмақтың ханы Темірхан

Сыртқа �ығып жүрсе,

Қырдан құлап келе жатқан

Бір қараны көреді.

Зорлығына қараса,

Бұлтпенен күрескен,

Аспанменен тірескен.

Төбесінде төрт бүркіт

Сол адамның ойнайды.

Қазандай болған қара бұлт

Күн өтер деп торлайды.

Атасының аруағы

Таудай болып орнайды.

Қорыққан екен Темірхан,

870

880


890

900


34

БАТыРлАР  ЖыРы

34

35

Қайтадан үйге кіреді,



Еңіреп қоя берді:

—Қанды Орақтың баласы

Қарасай бәлем деп еді.

Оймай қоймас көзімді,

Өлтірмей қоймас өзімді.

Оқ алыстан қа�айын,

Күдерден—күдер асайын.

Бозмойнақ атқа мінеді,

Қаруын алып салады.

Алпыс батпан �оқпарды

Тақымына қыстырды.

Терең сайдың і�імен

Қалмағың қа�ып барады,

Қа�қанын батыр біледі.

Балакерін тебініп,

Темірханның соңынан

Қарасай қуып жөнелді.

Ү� күдерден асқанда,

Төртін�і күдер  басқанда,

Шаңыменен аралас

Қарасай жетті, бәлем, деп. 

Атаңа нәлет Темірхан

Ту сыртына қараса,

Жеткен екен Қарасай.

«Енді жүрсем қа�ты дер,

Әруағым басты дер».

Алмадай мойнын бұрады

Артынан батыр келген�е,

Сабыр етіп тұрады.

Көрінуге мұң екен,

Қарасай жетіп келеді.

Қарасай жетіп келген соң,

Атаңа нәлет Темірхан

Сөйлеп бір қоя береді:

—Атаң асыл хан Мұса,

Сыйлап едім елімнен,

Қа�ып едім жерімнен.

Сыйлағанымды білмедің,

910

920


930

940


34

34

35



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Қал десем де қалмадың,

Қал деген тілім алмадың.

Өзің қандай, мен қандай,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет