«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

238

БАТыРлАР  ЖыРы

238

239


Сынасам десең, өзің кел,

Сөзім осы �ынымен

ұрысам десең өзің біл,

Қаптама қылып жөніммен.

Арман бізде қалмас ед,

Қазанбастың орнына

Мамайы мен қанды Орақ

Қаныңды төксем біріңнен.

Аяуке сөзін есітіп, 

Бармағын Орақ �айнады-ай.

Қолындағы туы қалтырап,

Тақымын қысып, «қап» десе,

Астында құла атылып,

Тіке аспанға ойнады-ай.

Смайыл ұстап тізгінін:

«Тәуекел,—деп,—Құдайға»

Белдерін Аққа байлады-ай.

Әлсіз келсе хан Мамай,

Мұсаның он бір баласы

Ат қоюға ойлады-ай.

Жағалады сонда да,

Аяуке иттің дабысы зор,

Дін мұсылман Алланы-ай.

Хан екенін білгенсін,

Салауатын көргенсін,

Сөйледі жана қалмақ-ай.



Аяукеден

Сен халық білетін ханбысың,

Тағыныпсың жығаңды-ай.

Белгілі екен �амасы,

І�інде ханын �ығарды-ай.

Қамалып еді манадан

Жекпе-жекке �ығалмай.

Атыңды айт�ы, ноғайым,

Есітіп едім хан қойт деп,

Бүткіл ноғай Мамайды-ай.

Аты �ыққан батыр ең,

6680


6690

6700


6710

238

238


239

ОРАҚ – МАМАй

Есітемін Орақ деп.

Мұсаханның баласы

Басқасы қара деп еді.

Атаға ұқсап туа алмай,

Жаңбыр�ының баласы

Телағыс деген көзсіз ер

Қондыгерге кетті деп,

Есітемін оларды-ай.

Бұл ү�еуден болмасаң,

ұрыспаймын, кейін қайт!

Не қылайын, ә�ейін,

Кек бітпейтін жаманды-ай!                  



Мамайдан

                 

Жамандама, қалмағым,

Жасатқан Құдай пендесін.

Қайта алмаймын ұрыспай,

Арнайы саған келгенсін.

Қалмақтағы Аяуке

Қол жинаған сенбісің?

Қолың қайда жинаған,

Ү� жыл бағып сыйлаған?

Құдайлық іс осындай,

Ақтың ісін кім білсін.                              

Сен ақымақ болмасаң,

Үстіңе келген қонақпын

Десей�і маған «жол болсын».

Аяукеден 

Қонақ күтіп далада,

Түсіріп сені жайламан.

Сөзің майда көрініп,

Әрбір қиял ойлаған.

Мамай деп сені білемін,

Әмірмен елді айдаған.

Шығаруға Орақты 

Есітемін жасы үлкен

6720


6730

6740


240

БАТыРлАР  ЖыРы

240

241


Келдің сорың қайнаған.

Дәлбедеу атты мініпсің,

Жекпе-жекке келіпсің.

Туғалы менің жерім жоқ,

Сірә, ханды сыйлаған.

Тапсырайын сүңгіге,

Керегі жоқ сөзіңнің,

Жөн сұра деп �айнаған!



Тұрмыс сөз

Осыны айтып Аяуке, 

Қадау басты қара атты,

Қам�ымен тартып ұрады-ай.

Бір а�улы ер екен,

Асығып тұрған �ыдамай.

Қолына алып сүңгісін,

Өлтіріп алмақ жүлдісін.

Атын тартып �егініп,

Кетті кейін анадай.

Қамданып бұ да хан Мамай,

Беліндегі ақ алмас

Суырып бұ да алады-ай.

Өзінен-өзі алқынып,

Келе найза салады-ай.

Келе жатқан найзаны

Алмаспен Мамай �абады-ай.

Қияғынан қиылып,

ұңқысынан сынады-ай.

Мамайдан өтті Аяуке,

Найзасы ұ�ып ағынмен.

Анадай жерден тартады,

Бұл сапар кетті жазыммен.

Ойнаған кісі секілді

Құр ә�ейін әзілмен.

Оралып келіп Аяуке,

Қолына алды қылы�ты-ай.

Тарқар емес ауыры,

Қылы�пенен ұрыспай.

6750


6760

6770


240

240


241

ОРАҚ – МАМАй

Шабады деп ойы жоқ,

Мамай тұрды ығыспай.

Жақынға келген кезінде,

Сілтеп еді алмасты,

Қылы�ы қалмақ жана ұ�ты-ай.

Жана кетті ағынмен

Екі арасы жуыспай.

Айналып �ауып оралып,

Енді Аяуке көңлі

Жағаға салмақ уысты-ай.

Сол уақытта Мамайдың

Ит арқасы құрысты-ай.

Алмасын салып қынапқа,

Бұ да барып жабысты-ай.

Ат үстінен алысып,

Аттары жата қалысты-ай.

Аттары жатып қалғансын,

Жерге түсті екеуі,

Бірін-бірі жығыспай.

Табаны жерге тигенсін,

Тартып еді хан Мамай,

Бұрқ ете қалып топырақ,

Астына барып Аяуке

Шалқасынан бұ түсті-ай.

Астына барып түскенсін,

Дөңбек�іді, жатпады-ай,

Босанып кетті аттары-ай.

Суырып алып алмасын,

Бауыздауға �ақтады-ай.

Басын кесіп батырдың,

А� бөрідей аттады-ай.

Ат босанып кеткенсін,

Ауыл атқа �апты да,

Екі жақ тегіс қаптады-ай.

Қыран құстай Смайыл

Әр нәрсеге қайымды-ай.

Жирен сақал қара құл

Теңбіл қара тұлпардың

Беріп еді бұл сапар

6780


6790

6800


6810

242

БАТыРлАР  ЖыРы

242

243


Смайылға майын да-ай.

Жаннан бұрын Смайыл 

Екі атты барып қайырды-ай.

Алқынып тұрған батырға

Алас-қапас і�інде

Атын тартып көлденең,

Мінгізді ханды жайында-ай.

Хан мінгенсін атына,

Жетелеп алып қара атты,

Қиялай қиқу і�інде

Бас қамын қылып жойылды-ай.

Екі жақ қаптап кеткенсін,

Бір қолында туы бар,

Батыр Орақ ұмтылып,

Көрсетті жауға зайырды-ай.

Батыр Орақ туы бар,

Бір жағында Мамай жүр,

Бір жағында Шамай жүр.

Алдында бұлар жүргенсін,

Арт жағында ноғай жүр.

Аймағамбет қонақтар,

Арыстан мен Сидақтар

Өң�ең төре сығай жүр.

Қосарында қара аты,

Смайыл әнжі бұ да жүр.

Араласып қалмақпен,

Ерлер жанын қинады-ай.

Батырлар жүр өлемін,

Е� жерін де ойламай.

Қорқақтары кейін жүр,

Тек сынған �оқпар жинап-ай.

Ойынан �ығып хандығы,

ұрысқа түсті белсеніп

Қатты хандай қалмағы.

ұрысқа түскен уақытта,

Қарсы келіп Сидақ-ай,

Өлтіріп кетті Қатты хан

Бей�араны қинап-ай.

Оны ноғай білмейді,

6820


6830

6840


6850

242

242


243

ОРАҚ – МАМАй

Қайтпағансын хан Мамай,

ұрыса берді �ындап-ай.

Қалмақтың саны азайды,

Өлді қалмақ мыңдап-ай.

ұрысып еді сәскеде,

Намаздыгер болғанда-ай.

Қайымдады қа�паққа

Қатты хандай хан қалмақ,

Бас-аяғын жинап-ай.

Намаздыгер болғанда,

Тауға �ығып Қатты хан,

Нағырасын ұрады-ай,

Өз әскерін жияды-ай.

Түн болғансын екі жақ,

Тап-табымен тарады-ай.

Он мың қалмақ келген-ді,

Қайтарында айрылып,

Болып қалды �амасы-ай.

Айдынды Орақ, хан Мамай

Елден �ыққан әскерін

Дүз басыдан санады-ай.

Ажалдар аз өлген

Көрінет түгел аманды-ай.

Қараңғыда хабармен

Дүз басыдан жұрады-ай.

Сидақ қайда келсін деп,

Шақырып жатыр Мамай-ай.

Сидақты е�кім білмеді,

Сірә біреу көрмеді.

Қауіп қылып сонысын,

Болды десті бұ қалай?

Қыдыратын елі жоқ,

Кететұғын жері жоқ.

Өлгенін біліп төрелер,

Ақырын берсін Құдай деп, 

Сабыр қылып жылады-ай.

Ел болғансын і�інде,

Жөн білетін биі бар.

Бұлармын бастас ері бар,

6860


6870

6880


6890

244

БАТыРлАР  ЖыРы

244

245


Қатар-құрбы теңі бар.

Сабыр айтып тоқтатты-ай,

Тамақ беріп ерлерге.

Естіп жатыр ыззатты-ай,

Қалғандарың жау бол деп,

Төрелерді жұбатты-ай.

Осыменен жайланып,

ыңырсыған қол жатты-ай.

Сидақ өліп қалғансын,

Бауыры туған болғансын,

Орақ, Мамай жатпады-ай,

Теріліп тамақ татпады-ай.

Атады қа�ан таң,

Өзін-өзі �ақтады-ай.

Түнімен қолды айналды-ай, 

Алмастарын байланды-ай.

Таң ата қойса мәгәрда,

Қалмақты болды қырғанды-ай.

Салтаң атпен ер қалды,

Байдалы байтақ жер қалды.

Қалған әскерді ертіп,

Қатты хандай қалмағың

Шөл жазира даласына 

Түнімен қа�ты сор маңдай.

Таң рауаны атқанда, 

Көрінбеді қалмақтың 

Е�бір жерде қарасы-ай.

Шөлге қа�ып кетіпті,

Ізін кесіп Қарасай

Мал-дүние бостандық,

Жетім-жесір қалыпты,

Өң�ең қатын баласы-ай.

Төрелерің �ықты әскерден

Сидақтың кегін алмаққа.

ұстап алып Қатты ханның

Басына зауал салмаққа.

Із кестіріп �аптырды, 

Әмір қылып жан-жаққа.

Ізі бар да, өзі жоқ,

6900


6910

6920


6930

244

244


245

ОРАҚ – МАМАй

Жесір қатын, жетім ұл

Кек алатын ері жоқ.

Қа�қан жерін сұраса,

Шөл жазира даласы,

Жолы қиын бармаққа.

Қа�анғы қосын қа�қан-ды,

Мерзімді жерден асқан-ды.

Есіз елге кез келіп,

Өлгені Сидақ болмаса,

Бұл сапарда ноғайлы

Есіз малды басқаны.

Бұл сапрада ноғайлы

Қалмақты �ауып бүлдірген,

Қонысынан бездірген.

Елге қайтты жоқ етіп,

Бекінген есік Безерген.

Төрт түліктен мал айдап,

Дүниені хан Мамай

Ер басына бөлдірген.

Не�е түрлі ағалық

Қазына деп үйдірген.

Сұлуын таңдап қалмақты,

Жылатып жесір міңгірген.

Айланып Мәскеу аман бұл келген,

Зорайып Мамай хан болды.

Кү�ейіп әмір жүргізген,

Оң болатын талапқа

Ақ алды қоян кез келген.

Бұл сапрада бұл болды,

Енді жайын айтайын,

Көп отырған әлеумет,

Түсіндіріп сөзбенен.

Қатты  ханды  қа�ырып,  Аяукені  өлтіріп,  елін  бүлдіріп 

жемісін  жыйдырып,  дүниесін  үйдіріп,  қайтып  Мәскеуге  кел-

ді.  Бұрынғыдан  көзі  зорайып  қайтадан  байтақ  қылып  Ма-

май  Мәскеуге  хан  болды  хан  болғанда  пат�асы  пенде  болды 

орыстардың  ханы  Мамайдың  жазған  бұйрығын  көргенде  оты-

рып оқымай құрмет етіп тұра келіп тұрып оқитын болды. Мұны-

6940

6950


6960

246

БАТыРлАР  ЖыРы

246

247


мен ү�-төрт жыл өтті сол күнде Алтын ордада бек болған бір екі 

адам болды бұл екі Қараман дегеннің баласы еді. Бұл Қараман 

Мұсаның  үлкен  қызы  Зағипа  дегенді  алып  бұл  екі  бала  сонан 

туған  еді.  Бұл  күнде  Қараманда  өліп,  Зағипада  өліп,  екі  бала 

күрлеп бақ қонып бек болды. Сол уақытта Орақ Мамай елімен 

жаз қалмақтың жерін жайлап, қыс Еділді қыстап бір орнықты 

ел болып бұларда зор қанаға келіп толықты мақсаттары бүкіл 

мұсылманға  болмақ  болып  соған  ойланып  тұрғанда  бір  күні 

Әнжі ордада отырған Орақ Мамайға келіп бір уайым сөздің ба-

сына мініп, сол сөзін айтып жатыр, сондағы сөзі Әнжінің.



Әнжіден

Асып туған Орекем,

Құлағың сал хан екем.

Есітемін Қырымда

Жиендерің бар екен.

Батыл салып байқасам,

Дабысы артық ер екен.

Қайратты туған нар екен,

Қолындағы ноғай одағы

Қара қып�ақ ел екен.

Есітемін басында

Қырым деген ноғайдың 

Бір пат�алық қорған жер екен.

ықпалданып бұл күнде,

Қырым жөні тұр екен.

Байтақ сонда болуға,

Жазылған тарих жоба екен.

Дабысы артып барады,

Балуан Сұлтан батыр хан

Бір ықпалды туған неме екен.

Жоқ қылмасақ соларды,

Мұсылман болып жиналып.

Пат�а болып құралсақ,

Байтақтағы екеуі

Мінуге таққа жөн екен.

Ореке, Мамай екеуің,

Қиял �ебер сөзіме

6970


6980

6990


246

246


247

ОРАҚ – МАМАй

Себеппен кірдім ат қуып,

Перінің ойнақ жеріне.

Жер астынан оқыдым

Текдарлы артық періге.

Оқи-оқи жеті жыл

Шықтым жердің жүзіне.

Кімнің ықпалданатыны,

Кімнің төмен болатыны

Тырнағымда көрінді.

Сағынғансын жеті жыл,

Араладым елімді.

Ел аралап келгенсін,

Жаңбыр�ының баласы

Артылған екен бағы деп,

Айтып едім сөзімді.

Мына Мамай жек көріп,

Қуалады өзімді. 

Сөйтіп жүріп қан төгіп,

Бұл екеуі бүлінді.

Айтқаным рас болды ма, 

Еріп кетіп бүткіл ел.

Хандықтан сәні кеміді,

Қайрат қылып ел �ауып,

Кө�іп жүрген ел тауып,

Келтірді Құдай еліне.

Шиғадан қа�қан көп тама 

Келді орай кезіне.

Көріп едің �аманы,

Қалған ноғай �амалы.

Осы тама болмаса,

Хан болудың жөні не.

Мақұл көрсең барайық,

Қара қып�ақ еліне.

Өлтірейік екеуін,

Келе қойса еліне.

Айдынды Орақ, хан Мамай,

Екеуі жазым болмаса,

Шоңқайтар бір күн сені де.

Сендердің қамың ініге

7000


7010

7020


7030

248

БАТыРлАР  ЖыРы

248

249


Неғылсын олар мені де.

уайымын осылай

Алып жүрген көңліме

                  



Тұрмыс сөз

Смайыл екеуіне айтты кепті-ай,

Жоқ еді бұлай�а ойы жұ да тіпті-ай.

Есітіп Смайылдан мынау сөзді, 

Отыр деп әнжі Смайыл тізе бүкті-ай

Айтқаны ойлап тұрса бәрі де рас, 

І�інде жалғаны жоқ е�бір құрттай.

Ел еріп екеуіне кетт-ау рас,

Мамайды хан екен деп сөзін тұтпай.

Хан болып қолындағы ел кеткенсін,

Ойласаң кімде болса ауыр жүкті-ай.

Сонда ер Орақ жауап айтты бұлайынан-ау,

Әр нәрсе бір айтқан соң Құдайым-ау.

Әуелі Смайылдың тілін алмай,

Айрылдың сұрап тұрған ноғайыңнан.

Өлтіріп кек алалмай кетті Ал�ағыр,

Бір жақын азар көреміз, сірә, ағайыннан.                  

Қарасыз баста жұтап қалғанымда,

Өзімнің тумам кетті маңайымнан.

Болмаса осы Смайыл пайдасы жоқ,

Бір тума жақын нақ былайғыдан.

Тәуекел жөні бар сөз көрінеді,

Ендігі жауап сөйле Мамайымнан.

Хан Мамай сөз айтады тұрып,

Жақынның мен де азарын жүрмін көріп.

Екеуің мақұл десең неғылайын,

Бір тума таң саламат кеудеде жан.

Келеміз ел кеткенмен біз де өлтіріп,

Қолымнан мұсылманға іс қылуға.

Туғаннан білесіңдер емін жерік,

Шамасын екеуінің абайлайық.

Тым артық игі ме екен барып келіп,

Сүйекте бізден артық бола қойса.

Ересе халық билейтін қырымдағы,

7040

7050


7060

248

248


249

ОРАҚ – МАМАй

Кәделі жоба жоспақ тұрса көріп.

Адамзат бақ іздейді басық өлген�е,

Зор болып, ұят боладау қалсақ көніп.

Артықтың қайда отын жағат,

Болмайды бұ халыққа е�кім сеніп.

Кем болса барып көріп өлтірейік,

Жазығы қалар бізге бекер мініп.

Шамасы өз еліндік бола қойса,

Не керек бей�араны құр өлтіріп.

Көрмекке жиендерін өз көзімен,

Хан Мамай дәлбедеумен кетті жүріп.

Қара атты қадау басты мініп алып,

Смайыл қос�ылыққа кетті еріп.

Нұсқа�ы қарияның осылай�а,

Мен мұны көргенім жоқ көзбен көріп.

Енді айтамын барған жердегі әңгімесін,

Доғарып домбыраны сөзге бөліп.

Мамай мен Әнжі екеуі елден �ығып, жиендеріне жол тарт-

ты.  Мақсаттары:—Олардың  жайын,  пиғылын  білу.  Теріс 

пиғылдары  білінсе,  өлтіріп  қайтпақ�ы.  Бұлар  не�е  күн  жол  

жүріп, жиендеріне келді. Жиендері наға�ысы   Мамай келген 

соң,  өз  алдарына  бөлек  орда  тігіп,  зор  сый-құрмет    көрсетті. 

Соныменен бұлар қырық күн жатты, күнбе-күн  ойын-тама�а 

қылып,  қызметі    артты.  Мамай  мен  Әнжі  екеуі  күнде  істерін 

сынап,  екі  жиеннің  бұлардан  бақ  дәрежесі    артық  адам  емес 

екендігін    байқады.  Мамайға  бағынбай  өз  алдына  билік  құру 

ниеті де болды. Бұл екеуі жиендерінің осы жайын көріп, і�те-

рінде  қызғаны� пайда болып, жаңа Смайылдың күні-түні бір 

мін  таға  сөйлеуімен,  екі  жиенді  өлтіруге  бел  байлап,  Әнжінің 

тілімен  іс  қылды.  Қызықпен  біраз  жаттық.  Кәне,  Әнжі,  бұл 

екеуіне  не  ойлап  тұрсың?—деп  Мамай  бір  күні  Әнжіге  айт-

ты. Әнжі  айтты:—Сіз балуан  Сұлтанды �ақырып ал, қырық 

күннен  бері  үйден  �ықпай  і�ім  пысты,  еліңдегі  жүйрік  ат, 

қыран  құсты  жинап,  ертең  сен  екеу,  біз  екеу  мына  таудан  аң 

қағайық,—деп айт, сонысын �ығар, �ыққан соң, ол екеу, біз 

екеу қайтсек те өлтіріп қайтармыз,—деді. Мұны Мамай балуан 

Сұлтанға  айтып еді, «құп» деп, қыран құс, жүйрік итті жинап, 

ертең �ықпақ�ы болып, балуан Сұлтан күн �ыға атын ерлеп, 

7070

7080


250

БАТыРлАР  ЖыРы

250

251


жүрейін деп жатқанда, қатыны балуан Сұлтанның  қасына кел-

ді. Бұл да бір даны�пан қожаның қызы еді. Бұл қатын балуан 

Сұлтанға айтқаны: 

—Құс, бекзада, оң болсын,

Ат ерлеген   талабың,  

Қайырлы болсын қадамың!

Наға�ың ба  �ын рас, 

Бағып  жатқан адамың?

Далаға аңға �ығуға 

Қалады  ма   тағайың?

Мен құс  мұрынды сарының

Жек көремін  қарауын,

Артық қылып қоймайтын, 

Адам �ығар  маңайын.

Бір-біріңе  тимеске

Анттасып  �ық  далаға,

Айналайын,  жұбайым.

Мен білемін,  жұбайым,

Наға�ың сенің  Едіге,

Сендер  қамқор ер  едің

Мына қара қып�ақ еліне.

Жаңбыр�ы, Мұса басында, 

Жаңбыр�ы жоқ бұл күнде. 

Хан болғанмен қасында.

Ерген �ығар хан  Мамай

Қу    Әнжінің   сөзіне.

Ақ көңіл туған арыстан,

На�арға  қайда болысқан,?

Қапияда    қиясың,

Жазым  қылып өзіңді!

Әділетті,  ақылды

Наға�ың мынау хан Мамай.

Ше�есі басқа  тоқал  деп,

Құс мұрынды сарының

Тиеді маған  хабары-ай,

Осы сарының  түрі жаман-ай.

Бір елдің тұр қолында

Осы  күні сұрауы-ай.

7090

7100


7110

7120


250

250


251

ОРАҚ – МАМАй

Келе жатқан  �ынжырсың,

Айтпайтын ақыл әйел-ай.

Тыңда уайым сөзімді,

Әй,  арыстаным,  абайла-ай!

Шыққан ба  екен елінен

Мына  таудың  аңына-ай.

Қосмұрынды  жері тас,

Бұғданың бойы  боз  қамыс

Жерінен  аңды  таба алмай.

Наға�ыңмен сөйлесіп, 

Қанықтың ба  сырына-ай?!

Сұрадың  ба күн бұрын

Жұмысының   түрін-ай?!

Бірге туған  жақыны

Бір  ұнап  кетіп  ақылы,

Құс  мұрынды  сарының 

Жүрмесін  алып тілін-ай!

Пат�аменен  барабар

Екі  сұлтан дәл басың.

Байлаулы  жүрсін і�іңнен

Балдағы алтын  алмасың,

Алмасың үйде қалмасын.

«Бауыр жоқ  ханда»  деген бар,

Наға�ың  Сұлтан жолдасың

Сені  күнде  көре алмай,

Қапияда  қимасын.

Азғырып Әнжі  қасында,

Шайтанның  тілін  алмасын.

Абайла, ерім,  абайла,

Аңдаусыз  жазым  болмасын?!

Бұл   наға�ың келгелі

Жұмысын  жүрмін  таба  алмай.

Сәлем  бере  келуге

Мұнан  үлкен пат�а жоқ

Ноғайлыда амалды-ай.

Менің айтқан  ақылым,

Арыстаным,  абайла-ай!

Ерлегелі атыңды,

Аблығып тұр жүрегім.

7130


7140

7150


252

БАТыРлАР  ЖыРы

252

253


Не  жұмысқа  келгенін

Біле  алмай,  ерім,  жүр едім.

Бір-біріңе  тимеске, 

Анттасып  �ық  далаға,

Сенен,  ерім,  өтіндім.

Қорқып  тұрмын Әнжіден,

Хан  Мамайға сенемін.

Мен   атаң  қосқан  жұбайың,

Ер қорғаны уайым.

Не  қылса  да  ықтияр,

Жарату�ы  Құдайым.

Ауыры  жоқ  анттың

Ақ   болса, уәдеге

Алла бізге жоқ болса,

Асыл   туған  Сұлтаным,

Мен анттасқанды  қаладым. 



Сонда балуан  Сұлтаның  қатынына  айтқаны:

Не  деп  тұрсың, қатыным,  

Алуға  болмайт қатынның

Пайдаға  айтқан  ақылын.

Ша�ы  ұзын, кем ақыл,

Білмейсің  сөздің мақұлын.

Көңіліңе алып ойла�ы,

Бұрынғының нақылын.

«Екі нәрсе  күндемейт

Деген сөз бар жақынын».

Көңіліме  алып ойлаймын,

Бұрынғы сөздің  ақырын.

Наға�ым менің хан Мамай

Күндесін  неге жиенін

Менің  тума жақыным.

Жақсы болса жәрдеммін,

Жаман болса дәрменмін.

Залалым не бұларға,

Ойламай ма ақырын?

Неге керек,  ә�ейін,

Құр  арман  ой, әңгіме?

7160


7170

7180


7190

252

252


253

ОРАҚ – МАМАй

Ой  үстіне келеді,

Ойлай берсе әрнеме.

Жақыннан  залал болмайды,

Жарамайды  күндеуге

Жана  бұлар Едіге—

Нағыз құмай  жалғаннан.

Ке�егі өткен Едіге 

Жұрт нанған «�ын ер» дегенге.

Басы жұмыр адамнан 

Мамай артық ендігі.

Залалын  көрмей жақынның,

Тілін алып  қатынның,

уағдадан тайып отырған

Ердің болмас ерлігі!

Көрсетесің,  қатыным,

Әр нәрсенің басын-ай.

Жуытпады деп айтасың

Жаңбыр�ыны қасына-ай.

Періден туған құмай ғой,

Білесің бе асылы-ай?!

Таққа  мінбей тұрмайды,

Қайда  жат ел сыйлайды.

Қор болды ма онымен,

Қондыгердің еліне

Хан  болды қайта асып-ай!

Дұ�панға  ойлар Әнжілік,

Арамдық неге  ойласын

Қосылған нәсіп  досына-ай!

Дүнйесі  мол болса,

Туысы  артық зор болса,

Қарамайды  жасына-ай.

Мен білемін Мамайдың

Халықтан асқан әділін.

Келген  �ығар  сарайға 

Білет деп  менің  қадірім.

Кім  барады  қасына-ай?!

Аблықпасын жүрегің,

Был�ылдама, жүремін!

Әулиесін қара�ы,

7200


7210

7220


7230

254

БАТыРлАР  ЖыРы

254

255


Атаңа нәлет неменің!

Наға�ымды қас көріп,

Енді  кімге сенемін?

Батырхан, мін атыңа,

Мен де атыма мінемін.

Балуан Сұлтан  қатынына мұны  айтып, інісі  екеуі  атқа  мі-

ніп, қонақ жайдың  желкесіне келсе, Мамай  далаға  �ығып тұр  

екен.  Балуан  Сұлтан  аттан  түсіп, Мамайға  келіп  айтты:—

Әй, наға�еке,  жаңа  атқа  мінерде  әйелім  бір сөз  айтып  еді, 

тыңдамай атқа  міндім, сонан  бері жүрегім  орнықпай  тұр, сен 

екеу, біз  екеу  далаға  оңға  �ығамыз, бір уағдамен �ығайық. 

Түскен нәрсені тең бөліп ант алуға уағда қылайық,-деді. Мамай 

бұл сөзді естіп, үйге кіріп, үйдегі отырған Смайылға келіп айт-

ты:—Бұл  қалай  анттасып  �ығамыз  бір-бірімізге  залал,  қарау 

қылмасқа?—деді. Сонда Смайыл айтты:—Әне жиеніңіз елдігі, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет