«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының


«Орақ билән Мамай батырдың хикаясы»



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
«Орақ билән Мамай батырдың хикаясы» алға� рет 1903 

жылы  Қазанда  жеке  кітап  болып  жарық  көрді

13

.  осы  мәтін 



е�бір  өзгеріссіз  1908  жылы  қайта  басылды.  Кітапта  автор, 

жинау�ы  туралы  мәлімет  берілмеген.  Осы  Қазан  басылымы 

туралы  А.Тұрғанбаевтың  диссертациялық  жұмысында  біраз 

бағалы пікірлер айтылған

14

. Бұл нұсқада Орақ өлгеннен кейінгі 



Мамайдың жеке жорығы мен Орақтың баласы Қарасайдың ерлі-

гі баяндалады. Қалмақтың қаны Темірхан «�татыма кірсін, ү� 

жылғы есепті берсін» деген хабар жібереді. Сексен төрт жастағы 

Мамай  батыр  жаудан  қорқып,  өзін  тастай  кө�кен  ноғайлыға 

а�уланып, қалмаққа жалғыз аттанады. Жер ортасы Қиға� тау-

ында жауды күтіп жатып, ұйықтап кетеді. Қалмақтар ұйықтап 

жатқан  батырдың  қару-жарағын,  атын  ұрлап  алады.  Мамай 

оянған соң, жалғыз өзі жаумен қарусыз ұрыс салады. 

Жырдың  негізгі  қаһарманы—асқан  кү�  иесі.  Бір  өзі 

мыңдаған  жаумен  алысады.  Дегенмен  оның  да  әлсірейтін, 

түрлі қиын�ылықтарға ұ�ырап, тарығатын кездері де болады. 

Әлсіреген батырды қалмақтар зынданға тастайды. Жырда же-

беу�і  пірлер  көмегі  көп  жағдайда  батырды  қатерлі  сәттерден 

12

 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. в пяти томах. Т.1.—Алматы,—1961; Байтұрсынов 



А.  Шығармалары.—Алматы,  1989;  Ғ.Қара�.  Көкселдір.—Орынбор,  1910; 

Досмұхамедұлы    Х.  Шығармалары.  Аламан.—Алматы.  1991;  Әуезов  М.  17.-

том—Алматы,  1985;  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті.  8-кл.—Алматы,  1943; 

Қоңыратбаев  Ә.  Қазақ  эпосы  және  тюркология.—Алматы,  1987;  Бердібаев 

Р. Эпос— ел қазынасы. Алматы, 1985; Жирмунский В.М. Тюркский героиче-

ский  эпос.  л.,  1974;    Ғабдуллин  М.  Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті.—Алма-

ты,  1974;    Қасқабасов  С.  Ертек  пен  эпостың  сюжеттік  типологиясы  //  Қазақ 

�ол�клорының типологиясы.—Алматы, 1981; ыбырев Ш. Эпос әлемі—Алма-

ты, 1993; Тұрғанбаев А. Қазақтың қаһармандық жыры «Орақ-Мамай» (тарихи 

негіздері, варианттары, сюжетикасы, көркемдік ерек�еліктері). Филол.ғ.ы.л. 

кандидаты дәрежесін алу ү�ін дайындалған диссертация.—Алматы, 1997.

13

 Орақ билән Мамай батырдың хикаясы.—Қазан, 1903.



14

 Тұрғанбаев А. Қазақтың қаһармандық жыры «Орақ-Мамай» �ил.ғылым. 

канд. дәрежесін алу ү�ін дайындалған диссер.—Алматы, 1997.


462

БАТыРлАР  ЖыРы

462

463


құтқарып отырады. Аталған нұсқада Мамайға жәрдем беретін 

пірлер аспанда ойнаған бұлт бейнесінде көрінеді. Батыр ерек�е 

қасиетке ие болады, «атса оқ, �апса қылы� өтпейді». Жауын 

пірдің көмегімен жеңу—бас батырдың ғажайып жаратылысын 

дәлелдейді.Жырдағы  ғажайып  туу,  түс  көру,  жалғыздық,  ата 

жау  (қалмақ)  мотивтері  «Алпамыс»,  «Қобыланды»,  «Ер  Сай-

ын»,  Ер  Тарғын  т.б.  қазақ  эпостарына  тән  ортақ,  дәстүрлі  са-

рындар.  

Мәселен,  Мамайдың  әйелі  жайсыз  түс  көріп,  �о�ып  оян-

ды: 


...Түсімнен қорқып ояндым,

Жоры�ы көрген түсімді.

Жатыр едім ұйықтап,

Мақпал тоным тұйықтап.

Қыбыладан көрінді 

Бір �ан�ылған бір қын.

Ордамды жығып кетер деп,

ұзын алтын сырықты 

Соған қарсы тіредім.

Сырығым тұтқан болмады,

Ортасынан үзілді—

Бұл не болар енеке?!...

Бұл түс Мамайдың басына бір қауіп-қатердің түскенін сезді-

реді. Ше�есі Қараүлек он төрт жасар Қарасайды қалмаққа ат-

тандырады. Қарасай келіп Мамайды құтқарады. Сөйтіп, жырда 

Мамайдың жеке жорығы, тұтқын болып зынданда отыруы, оны 

Қарасайдың құтқаратын оқиғалары әңгіме болады. Осылардың 

бәрі негізгі кейіпкерлердің есімімен байланысты дамып отыра-

ды. 

Қазан  нұсқасы  көркем,  �ұрайлы  тілмен  жырланған. 



Мәтінде  аздаған  араб,  парсы,  татар  сөздері  кездеседі.    Эпос 

мәтінінде ұ�ырайтын түсініксіз сөздер томның соңындағы ар-

найы сөздікке топтастырылды.

Томға ұсынылып отырған «Орақ билән Мамайдың хикаясы» 

жырының  мәтіні  1903  жылы  Қазан  қаласында  араб  әрпімен 

басылған кітаптан е� өзгеріссіз әзірленді. 

 

Қ. Алпысбаева


462

462


463

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР



Нұртуған нұсқасы. Қолжазба қорында сақталған «Орақ—

Мамай»    жырының  варианттары  арасында  ең  сюжеті  толық, 

көлемді әрі көркемі—Нұртуған нұсқасы.

Нұртуған  Кенжеғұлұлының  араб  әрпіндегі  өз  қолжазбасы 

(Ш.342)  Орталық  ғылыми  кітапхана  қорына    1928  жылы 

түскен. Осы нұсқаның латын әрпіндегі қолжазбасы  да бар (Ш. 

49). Жырдың көлемі он мың жолға жуық. 

«Орақ—Мамай» жырының Нұртуған жырлаған нұсқасының 

үзіндісі  1992  жылы  Алматыда  жарық  көрді

15

.  Толық  нұсқасы 



әлі е� жерде басылған жоқ.

Нұртуған  нұсқасының  сюжеті  мен  көркемдік  ерек�елікте-

рі  В.М.  Жирмунский,  М.Әуезов,  Қ.Жұмалиев,  А.Тұрғанбаев 

еңбектерінде сөз болады

16



 Жырдың кіріспесі �ежірелік мәліметтер мен Мұса ханның 



дүниеден  өтер  алдындағы  өсиетінен  басталады.  Ал  жырдың 

композициясы  бір-біріне  жалғасып,  оқиғалары  кезектесіп  да-

мып отырады. Олар: Мамайдың хан болуы; Орақтың айқайынан 

қатты қыс болып, мал жұтап, елінің батырларды жұтқа тастап 

Қарақұмға кө�уі; Матрө�ке қара құлдың асқақтап батырларға 

сәлем  жолдауы;  Орақтың  Матрө�ке  құлдың  сөзіне  а�ула-

нып, жолға �ығуы; Орақтың Азау қаласына аттануы; қалмақ 

ханы  Қазанбасты  жекпе-жекте  жеңуі;  елге  оарлуы;  Смай-

ыл-Топаяқтың  жер  астына  түсіп  онда  пері  оқуын  оқып  келуі; 

Смайылдың  Орақ,  Мамай,  Телағыс,  Күнкені  араздастыруы; 

Телағыстың  Ал�ағырды  өлтіруі;  Орақ,  Мамай  және  қалған 

Мұса  балалары  бірігіп  орыстың  Омскі  мен  Донскі  қалаларын 

�абуы;  Орақ  пен  Мамайдың  Босқақтың  құмында  бөлініп 

қалған  тама  елін  Еділге  кө�іріп  әкелуі;  Орақ,  Мамай  бас  бо-

лып,  қалмақтың  Қатты  ханымен  �айқасып,  жеңіске  жетуі; 

Смайыл-Топаяқтың  азғыруымен  Мамайдың  Қырымға  баруы; 

Қырым ханы болып тұрған жиендері Балуан Сұлтан мен Батыр 

ханды өлтіруі; Мамайдың антқа ұ�ырап өлуі; Мамай өлген соң, 

Орақтың екі жыл хан болуы; Орақтың өз інісі Ал�ағырдың ба-

ласы Қалаудың қолынан өлуі; Смайылдың хан болуы т.б. эпи-

зодтардан құралған. 

15

  Нұртуған Кенжеғұлұлы. Кәнеки, тілім, сөйле�і.1-кітап. / Құрастырған.— 



Ә.Оспанов.—Алматы, 1992.—161-222-б беттер

16

  Жирмунский  В.М.  Тюркский  героический  эпос.  л.,  1974;  Әуезов  М.  17 



том.—Алматы, 1985; Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. 8-кл.—Алматы, 1943.

464

БАТыРлАР  ЖыРы

464

465


Осылардың бәрі жырда әрі қызықты оқиғаларға өзек болған. 

Эпоста бас қаһармандардың ерлік істері әсерлі де  �ебер сурет-

телген.

Аталған  жыр  кейіпкерлерінің  өн-бойында  және  бірқатар 



эпизодтарда қиял-ғажайып ертегілерге тән іс-әрекеттер де бар. 

Мұндағы батырлардың атса оқ, �апса қылы� өтпеуі; суға салса 

батпауы  т.с.с көріністер—ертегілік мотивтерге жатады.

Сол  сияқты  «Орақ—Мамай»  жырының  сюжеттік  құрылы-

мында өте көне—«батырды өз қылы�ымен �ауып өлтіру» мо-

тиві  де  ұ�ырайды.  Мұндай  сарын  көптеген  эпостық  жырлар-

да  кездеседі.  Мысалы:  «Қорқыт  ата  кітабында»  жалғыз  көзді 

дәуді  өз  қылы�ымен  �ауып  өлтіреді.  «Бозжігітте»  оның  ба-

сын  өз  қылы�ы  ғана  кеседі.  Наурызбай  батыр  жайлы  тарихи 

жырлардың  бірінде  де  Наурызбайды  өз  қылы�ымен  �ауып 

өлтіреді. Мұндай мотив «Ер Көк�е» жырында да бар.

Жырдағы  ерек�е  көріністің  бірі—«Орақтың  батырлық  ай-

қайы». Бұл эпизад Нұртуған нұсқасында қара сөзбен былай су-

реттеледі:  Орақтың  аңға  �ығып,  ерігіп  айқайлауынан  «кереге 

бойы қар жауып, кере қарыс мұз тоңып, қыс түсіп, ел жұтайды». 

Жұтаған жұрт Орақ пен Мамайдан бөлініп кө�іп кетеді. Мұндай 

«батырлық  айқай»  мотивін  алтайлықтардың  эпосы  «Маадай 

қарадан»


17

, қалмақ эпосы «Жәңгірден»

18

, тува халқының  аңызы 



«Бокту-Кири� пен Бора Шэлиден» кездестіруге болады.  

Аталған  жырда  бұдан  басқа  да  әлем  халықтарының 

�ол�клорлық  туындыларында  жиі  ұ�ырасатын  түс  жору, 

жоқтау т.б. дәстүрлі сарындар көрініс тапқан.

Нұртуған  жырлаған  «Орақ—Мамай»  жырының  нұсқасы 

Эпикалық  қуаты  мол,  көркем  тілмен  өрілген,  сүбелі  туынды. 

Мәтінде біраз араб, парсы, татар лексикасымен бірге көнерген 

және жергілікті сөздер кездеседі. Олардың қазіргі қазақ тілін-

дегі боламалары томның соңындағы арнайы  сөздікке топтасты-

рылды. 


Томға  енгізіліп  отырған  «Орақ-Мамай»  жырының  мәтіні 

ОҒК-ның Қолжазба қорында сақталған түпнұсқа (Ш. 342) бой-

ын�а е� өзгеріссіз әзірленіп, толық көлемде ұсынылды.

Қ. Алпысбаева

17

 Маадай-кара. Алтайский героический эпос. М, 1973. С.-165.



18

 Козин С.А. Джангариада. Героическая поэма калмыков. М., л., 1940. с 70, 209.



464

464


465

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР



Атаубай Мәмбетұлы нұсқасы «Орақ—Мамай» жырының 

аталған варианты алға� рет 1992 жылы «Қазақтың батырлық 

эпосы»  атты  жинақта

19

  «Қарасай—Қази»  деген  атпен  жарық 



көрген.  Аталған  жыр  мәтіні  одан  кейін  2006  жылы  �ыққан 

«Қазақтың ерлік эпостары» деген жинақта

20

 «Батыр Мамай—



қанды  Орақ»  деген  атаумен  е�бір  өзгеріссіз  тағы  да  басылып 

�ықты.                    

Жырдың  бір  кө�ірмесі  М.О.Әуезов  атындағы  ӘӨИ-дің 

Қолжазба  қорында  (Ш.  894)  сақтаулы.  Эпостың  мәтінін 

Қарақалпақстандағы Қоңырат қаласының тұрғыны Мәмбетұлы 

Атаубайдан  жазып  алған  жергілікті  �ол�клор  жинау�ы-

сы—Көрпеев Айтмұрат. Ал ол кісіден алып, 1984 жылы ӘӨИ-

дің  Қолжазбалар  қорына  тапсырған  белгілі  �ол�клор  жа-

на�ыры  �илология  ғылымдарының  докторы—Қыдырәлі 

Саттаров. Қолжазба �ақпақты дәптер парағына көк сиямен ки-

рилл әрпінде түсірілген. 

Атаубай  жырлаған  «Орақ—Мамай»  нұсқасы  туралы  біраз 

ой-пікірлер академик Р.Бердібаевтың  еңбегінде ұ�ырайды

21

.



Жырдың  баспа  бетіндегі  аталуы  «Батыр  Мамай—қанды 

Орақ» болғанымен жыр оқиғасы Қарасай мен Қазидың Орақтың 

өлер алдында айтып кеткен армандарын іске асыру жолындағы 

ерліктерін сөз етеді. 

Орақ батырдың өлер �ағында әйеліне айтып кеткен ү� арма-

ны мынау: Ол бауырға Мамайдың қан�а қызықты дәурен сүрсе 

де,  сүйсініп  күлгенін  бір  көрмепті.  Алдына  жылқы  баласын 

салмайтын Қызыл ат деген дүлдүлді қолға түсіре алмай, астына 

бір мінбей кетіпті. Қиға� тауындағы ата жауы «қызылбасты» 

бағындыра алмапты...

Қарасай  әке  арманын  орындауды  атақты  жүйрікті  іздеу-

ден  бастайды.  Жыр  Қарасай  мен  Қазидың  әкесінің  ү�  арма-

нын орындаумен аяқталады. Эпоста батырлар бейнесі ерек�е 

сомдалады, жыр�ы қаһармандарына небір ғажайып ерлік жа-

сатады. Қарасай мен Қази сансыз жауды жеңген халық баты-

19

 Қарасай—Қази // Қазақтың батырлық эпосы. / Құрастырып, түсініктерін 



жазған—�илол. ғыл. докторы С.Дәуітов.—Алматы: Рауан, 1992.—53-98-бб.

20

  Батыр  Мамай—қанды  Орақ  //  Қазақтың  ерлік  эпостары  /  Құрастырып, 



түсініктемелерін жазған—�илол. ғыл. докторы. Қ.Саттаров.—Алматы: жазу-

�ы, 2006—25-137-бб.

21

 Бердібаев Р. Эпос—ел қазынасы.—Алматы: Рауан, 1995.



466

БАТыРлАР  ЖыРы

466

467


ры ретінде дәріптеледі. Түркі—монғол халықтарында ерек�е 

мәнге ие «ата аманатын орындау» мотивіне де жырда кең орын 

берілген. 

Атаубай  Мәмбетұлы  жырлаған  «Батыр  Мамай—қанды 

Орақ» жырының тілі көркем,стилі жатық. Мәтінде басқа тілдік 

қоспалар  аз.  Олардың  бәрі  де  қазіргі  қазақ  тіліне  бейімделіп, 

томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. 

«Орақ—Мамай»  жырының  1992,  2006  жылдары  басылған 

мәтіндерін  ӘӨИ-дің  Қолжазба  қорындағы  (Ш.  894)  түпнұсқа 

негізінде мәтіндік салыстыру жүргізгенде, аталған жинақтарда 

кейбір  кем�іктер  кеткені  анықталды.  Дәлірек  айтқанда,  екі 

басылымда да біраз өлең жолдары түсіп қалған. Солардың бірі-

не жырдың мына бір тұсын мысалға келтіруге болады. Қарасай 

атасының тапсырған екі арманын орындап, енді ү�ін�і арма-

нын  қалай�а  бітірерін  білмей  қайғыланып,  жүргенде,  анасы 

баласын көріп, не себептен азып жүргенін сұрайды. Осы тұста 

жырдың  622,  623,  624,  625  өлең  жолдары,  яғни  Қарасайдың 

анасына беретін жауабы түсіп қалған. Сонда мәтін төмендегідей 

болып келеді: 

 

Түпнұсқа: 



 

 

1992, 2006 жылғы 

 

 

 

 

 

 

 

басылымдар: 

—Қарасай, Қази—балаңмын,  

—Қарасай, Қази—балаңмын,

Маған берсең жауапты. 

 

Маған берсең жауапты. 



Азып жүрген балаңды 

 

Азып жүрген балаңды



Көріп тұрсың, анам-ай. 

 

Көріп тұрсың, анам-ай. 



Азғанымның себебін  

 

.....................................



Мен айтайын саған-ай. 

 

.....................................



Ақ сүт берген анам-ай

 

.....................................



Қарап жүрсің маған-ай. 

 

.....................................



Азғанымның себебі,   

 

Азғанымның себебі,



Ү� арманы бар екен... 

 

Ү� арманы бар екен...



Соңғы  екі  басылымдағы  өлең  жолдарының  түсіп  қалуы, 

бірін�іден,  өлең  ұйқасын  бұзған;  екін�іден  �умақтың  і�кі 

логикалық  бірлігімен  көркемдігі  біртұтатығынан  айрылған; 

ү�ін�іден тыныс белгілерін дұрыс қоюға кедергі тигізген. Сон-

дай-ақ  ілкі  басылымдарда  емлелік  қателер  көп  кеткен.  Осын-

дай  кем�іліктерге  қарамастан,  құрастыру�ылар  1992,  2006 



466

466


467

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

жылдардағы басылымдарда �ол�клорлық �ығарманың мәтінін 

түпнұсқа күйінде беруге тырысқан. 

Мәтінді  жинаққа  дайындау  барысында  осы  сияқты 

олқылықтар түзетіліп, түпнұсқа мәтіні қалпына келтірілді. 

Томға  ұсынылып  отырған  «Батыр  Мамай—қанды  Орақ» 

жырының  мәтіні  ӘӨИ-дің  Қолжазба  қорында  сақтаулы  (Ш. 

894) түпнұсқа бойын�а әзірленді.   

Қ. Алпысбаева 

Орынбасар  Оңғарбайұлы  нұсқасы.  Жырдың  аталған  ва-

рианты  бұрын  е�  жерде  жарияланбаған.  Қолжазбасы  ӘӨИ-

дің  Қолжазба  қорында  (Ш.  920/51.)  сақтаулы.  Жырдың 

мәтінін  Қарақалпақстандағы  Шоманай  қаласының  тұрғыны 

Оңғарбайұлы  Орынбасардың  айтуынан  1990  жылы  жазып 

алып,  институт  қорына  тапсырған.  Өзбекстан  �ол�клорлық—

этногра�иялық  экспедициясының  мү�елері—Қ.Саттаров  пен 

Ш.Қожабекова. Эпос мәтіні кеңсе қағазына көк сиямен кирилл 

әрпінде жазылған. Қолжазба түптелген.

Орынбасар  нұсқасында  «Орақ—Мамай»    жырының  Қазан 

басылымының  сюжеті,  яғни  Орақ  өлгеннен  соңғы  Мамайдың 

жеке  жорығы,  басқа  да  көптеген  нұсқаларда  кездесетін  Орақ 

батырдың  Қазан пат�амен �айқасын суреттейтін эпизод және  

Қарасай мен Қазидың әке аманатын орындайтын сюжеті көрініс 

тапқан.

Қысқасы,  жыр�ы  «Орақ—Мамай»  эпосының  бірне�е  сю-



жетін  жадында  сақтай  отырып,  өзіндік  стил�мен  көркемдей, 

жаңғырта жырлағаны аңғарылады.

Орынбасар  нұсқасының  тілі  қарапайым  оқиғасы  қызықты 

болып келеді: Мәтінде араб, парсы сөздері барын�а аз кездесе-

ді.

Жалпы «Орақ—Мамай» эпосы нұсұқаларының бәріне ортақ 



сюжеттік   желілермен қатар, кейбір өзге�еліктері де бар. Не-

гізінен  алғанда  жырдың  қаһармандық,  ерлікті  суреттейтін 

бағыты барлық нұсқаларда сақталған деуге болады.

«Орақ—Мамай»  жырының  барлық  нұсқаларына  ортақ  мо-

тивтерді төмендегідей жіктеуге болады:

1.  Шежірелік мәліметтер, 2. Орақ батырдың жеке жорығы; 

3. Орақ пен Мамайдың бірігіп жауға аттануы; 4. Батырлардың 


468

БАТыРлАР  ЖыРы

жау  қолына  тұтқынға  түсуі;  5.  Едіге  тұқымы,  Мұса  балалары 

арасындағы  күрес;  6.  Орақтың  өлімі;  7.  Орақ  өлгеннен  соңғы 

Мамайдың жорығы; 8. Мамайдың анттан өлуі т.с.с. 

Осы аталған сарындар Нұртуған, Жұмағазин нұсқаларында 

түгел  кездессе,  көптеген  нұсқаларда  (Қазан  басылымы,  Айса 

Байтабынов,  А.Васил�ев,  О.Оңғарбайұлы,  А.Мәмбетұлы  т.б.) 

жекелеген мотивтер ғана жырланады. 

Томға  ұсынылып  отырған  «Орақ-Мамай»  жырының  мәтіні 

ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы қолжазбадан (Ш. 920/5) 

е� өзгертусіз дайындалды.



Қ. Алпысбаева

468

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ      

ДІНИ ЕСІМДЕР

Алла  (Аллаһ)ислам  дінінде  бүкіл  ғары�ты,  тір�ілік 

дүниесін  және  қиямет  қайымды  жарату�ы,  бар�аға  бірдей, 

жалғыз және құдіреті кү�ті Құдай есімі. 

Құран  Кәрімде  айтылғандай:  «Ол  Алла  біреу-ақ,  Алла  

мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі 

Оған е�кім тең емес»

*

.

Исламдық  сенім  бойын�а,  Алла  Тағала  әлемді,  жер-



ді,  өсімдіктерді,  жануарларды  және  адамды  жаратты.  Ол 

адамдардың  тағдыры—жазмы�ты  белгілейді.  Қияметте  Алла 

барлық  өлгендерді  тірілтеді  де,  пәнидегі  істерін  таразылап, 

біреулерін—жұмаққа,  енді  біреулерін—тозаққа  жібереді. 

Адамдарды  дұрыс  жолға  түсіру  ү�ін  Алла  Тағала  оларға  мез-

гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған.  Мұхаммед (с.а.с.)

Алланың  адамдарға  жіберген  соңғы  Ел�ісі;  оған  Алланың 



Құраны  Жәбірейіл  пері�тенің  дәнекерлігімен  жиырма  ү� 

жылда толық  түсті. 

Алланың  нақты  бейнесі  жоқ  және  ол  бейнеленуге  тиіс  те 

емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-

дікті білдіруге болады. Ал құл�ылықтың басты орны—Мекке-

дегі Қағба, онда аспаннан құдіретті Алла түсірген қасиетті қара 

тас бар.

Алла  Тағаланың  құдіреттілігін,  әділеттілігін,  қайырым

-

дылығын  т.с.с.  өзіне  ғана  тән  қасиеттерін  оның  тоқсан  тоғыз 



есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), 

Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық 

(жарату�ы), Шари� (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), 

Жаппар (құдіретті), Ға�ұр (ке�ірімді)  т.б.

*

 Құран Кәрiм. 112-«Ихлас» сүресi. 



470

БАТыРлАР  ЖыРы

470

471


Алланың атын зікір ету рәсімі «Аллаһу акбар» деген мадақ 

сөзді отыз төрт рет, «Әлхамдулиллаһи», «Сұбхан Алла» сөздерін 

отыз  ү�  реттен  айтып,  тәсбих  тастарын  санамалау  арқылы 

жүзеге асады. 



Алшағыр—Ноғай мырзасы. Едіге әулетінен �ығып, кө�пелі 

ноғай-қазақ ұлыстары арасында үлкен беделге ие болған биле-

у�і. Тарихи деректерде ұлдары Орақ, Мамаймен бірге Қырым 

төңірегіндігі  саяси  және  ел-аралық  қақтығыстар  кезінде  жиі 

аталған.  Алайда  «Қобыланды  батыр»  секілді  бірқатар  қазақ 

эпостарында  Ал�ағыр—қалмақ  ханы  не  батыры  екені  мәлім. 

Дегенмен,  халық  ауыз  әдебиетінде,  әсіресе  �ол�клорлық 

�ығармаларда  алыс  дәуірде  өмір  сүрген  тұлғалардың  есімде-

рінде ауыс-түйіс бола беретіні қалыпты құбылыс.

Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртін�і әділетті 

хали�а.    Хазірет  Әли—Мұхаммед  пайғамбардың  немере  інісі, 

әрі  оның  Фатима  атты  қызын  алған  күйеу  баласы.  Мұсылман 

елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып кү� иесі. Жау-

лары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болыпты-мыс. 

Фол�клорлық  туындыларда  оның  зұлпықар, қамқам, самсам

,  қамқам,  самсам 

деген  ү�  қылы�ы  болғаны  айтылады.  Әлидің  есімі  көптеген 

�ығыс  �ығармаларында,  оның  і�інде  діни  дастандарда  жиі 

ұ�ырасады.  Әдетте,  хазірет  Әли  сол  дастандардың  басты 

кейіпкері,  жеңілмейтін  батыр,  халықтың  қамқор�ысы, 

мұсылмандардың  қорғаны,  бетке  ұстар  қаһарманы  ретінде 

көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің 

өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет  Әлидің  атына  «Шаһимардан»,  «Қайдар»,  «Арыс-

лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірне�е теңеу, эпитеттер тір-

кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті 

үлгілерінде  кең  тараған  ұ�қыр,  жүйрік,  ақылды  тұлпардың 

ны�анына айналған.

Әли  ұрпақтары  мен  оның  жақтау�ылары  кейін  �ииттік 

ағымның  көсемдеріне  айналды.  Олардың  ұрпақтары  қазіргі 

Иран,  Ирак  және  Орта  Азияның  кейбір  аймақтарында  өмір 

сүреді.

Баба  түкті  Шашты  Әзіз—қазақ  эпостары  мен  ертегіле-

рінде  кездесетін  киелі  кейіпкер.  Бұл  кісінің  батасын  алған 

перзентсіз  жандар  Алланың  құдіретімен  ұлды,  қызды  бо-

лып  жатады.  Аңыздардың  бірінде  оның  есімі  Баба  Туклас  деп 



470

470


471

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

көрсетіледі.  Әкесі—Керемет  Әзіз.  Мұсылмандар  арасында 

Әулие  саналған.  Меккеге  қажылық  сапармен  бару�ылар  ең 

алдымен  Мұхаммедтің,  онан  кейін  Әли  Мұртаза  Сейіттің,  со-

дан  соң  Баба  Тукластың  қабіріне  барып  тәу  еткен.  Баба  түкті 

Ша�ты  Әзіз—Қожа  Ахмет  Иасауидің  арғы  бабалары,  ислам 

діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген 

болжамдар бар. 

Едіге—ХIV  ғасырдың  екін�і  жартысында  өмір  сүрген  та-

рихи  тұлға.  Ерек�е  �е�ендігімен  қоса  батыр  әрі  қолбас�ы 

болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірне�е хандары тұсында 

тәуелсіз билік құрумен бірге ел басқару істеріне белсене арала-

сты.  Де�ті  Қып�ақтың  ханы  Тоқтамыс  кезінде  өз  билеу�ісі 

мен  Ақсақ  Темір  арсындағы  текетіресті  өз  пайдасына  �е�уге 

ұмтылыс  жасады.  Сол  дәуірде  көр�ілес  Ресей  жеріне  бірне�е 

рет  баса  көктеп  кірді.  ұлы  Ноғай  Ордасын  құрып,  оның  ба-

сты бегі болды (1396-1419жж.). Қара халық арасынан �ығып, 

кө�пелі ноғай-қып�ақ ұлыстарының намысын қорғағандықтан 

қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын жеген Едіге» де-

ген атпен ө�пестей жазылған оның бейнесі мен есімі бірқатар 

қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бойын�а Едіге 

мырзаның бейіті қазақ жерінде—ұлытауда жатыр. 



Қарасай,  Қази—Орақ  батырдың  ұлдары.  ХVI  ғасырдың 

соңына  қарай  Қырым  маңында  өз  ұлыстарын  құрған.  Кейін 

Кавказда  да  ықпалды  ноғай  бектері  ретінде  танылған.  Сол 

заманда қызылбас, қалмақ т.б. көр�і халықтармен ымырасыз 

күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғау�ы эпикалық қаһармандар. 

Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтар жайында қазақ жырау, 

жыр�ылары  ерек�е  �абытпен  жырлаған.  Әсіресе,  Ақтөбе, 

Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан  

қазақтары  арасында    «Қарасай-Қази»  эпосының  30-ға  жуық 

нұсқалары сақталған. 



Қазан  хан—  ХІҮ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қызылбас  елінің 

ханы  Ғазан  ханның  прототипі  болуы  мүмкін.  Ғазан  ханның 

әскерлері Каспий теңізінің батысына, Дербент, Баку, Астрахан 

қалаларына,  Арал  маңына  �ейін  жорық  жасап  келген.  Осын-

дай �абуыл кезінде ол өз әскерлерін басқадан айыру ү�ін бас-

тарына қызыл бөрік кигізген. Осыдан барып жергілікті халық 

оларды «қызылбас» деп атаған. Бұлардың �абуылдарына қарсы 

күресіп, зор ерлік көрсеткен қып�ақтар болған.



472

БАТыРлАР  ЖыРы



Қызыр,  Қыдыр  баба—көптеген  �ығыс  халықтарының, 

сондай-ақ  қазақтардың  да  ми�терінде,  �ол�клорында,  діни 

аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық 

образ.


Оның  генезисі,  тұлғалық  сипаты  өте  күрделі,  әлі  толық 

зерттеліп  айқындалмаған.  Бір  ғалымдар  Қызыр  бейнесін  көне 

архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, 

кейбір  ғалымдар—тек  ислам  ықпалымен  пайда  болған  деп 

түсіндіреді.

Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе 

жатқан түсінігі бар.

Қазақ  �ол�клорында  Қызыр  баба  —ел аралап жүрген ақ

—ел аралап жүрген ақ

ел  аралап  жүрген  ақ 

киімді,  ақсақал  кейпіндегі  әулие,  адамға  қамқор�ы,  бақыт, 

дәулет беру�і, әр түрлі қиындықтардан қорғау�ы.



Орақ-Мамай  ХVI  ғасыр—көбінесе  есімдері  қатар  аталып 

отыратын эпикалық кейіпкерлер. Халық аузындағы �ежірелік 

мәліметтер бойын�а Мұсадан Ал�ағыр, одан—Орақ пен Мамай 

туған  делінеді.  Екеуі  де  кө�пелі  ноғай-қазақ  ұлыстарының 

туын  көтеріп,  ел  намысын  жыртқан,  ер  жүрек  батырлар 

кейпінде ел есінде қалған. Олардың ерлік істері мен ұрпақтары 

туралы  Нұртуған  Кенжеғұлұлы  (1887-1927жж.)  көлемді  жыр 

тудырғаны мәлім.



472

Азбар—бордақы мал тұратын �ағын қора

Азаразары, безері

Ақлия /а/ақыл, өнеге 

Ақырет  /а/—о  дүние  деген  ұғым;  ақырзаман,  дүниенің 

соңы; діни ұғым бойын�а, бұл күні қияметтің болуы. Алладан 

өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы 

анық болады. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап бе-

ретін күн. Ары таза, күнәсі жаңіл болса, Алланың жақсылығын 

сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн.



Алшақ жер—�алғай, жырақ, алып

Ат добыра—дорба

Әзер—әрең,—әрең, зорға дегенде 

Әлет—мезгіл, уақыт

Әммабарлығы, жалпы

Бадалап (соғым)—табынымен малды сою

Бадана көзді—бадырайған үлкен көз

Бағана /ж/—бір талай уақыт бұрын

Бәденкөрік, �ырай

Бәс—баға, құн

Бүткіл /ж/—бүкіл, жалпы

Даңаза—даурықпа, лепірме

Дарақ—аға�

Дәкән—мәз-мәйрам болу, �ат-�адыман болу

Дәм—тамақ, ас

Дәруаза—дарбаза, қақпа

Дүз—жүз

Емкәні /ж/—мүмкіндігі

Жабы—қазақ жылқысының на�ар, қарабайыр тұқымы

Жамал /а/—ажар, көрік, келбет

СӨЗДІК


474

БАТыРлАР  ЖыРы

474

475


Жана—және 

Жаңғыз /ж/—жалғыз

Жара—қайғы-қасірет, ауыртпалық, жарақат

Жәй /ж/—үй 

Жорға—теңселе, майда �абыс

Жұрат—туысқан, ағайын

Жығын—жау, қарақ�ы

Кәлима /а/—сөз

Кәріп-қасер—мүсәпір, кемтар адам

Көбе—көбесі болаттан не темірден жасалған сауыт түрі

Күлік—сәйгүлік, жүйрік, �ап�аң

Қамкен—қайғы, �ер

Қандек—ор, жыра

Қаңғыш—қаңғыған, қаңғырып жүрген

Қотан—мал түнейтін орын, қора

Құрым—күн қақтап, ыс сіңіп, қарайған киіз

Қын—пы�ақтың қабы

Қысрақ—қарды күреп тазалайтын құрал

Лат—арабтардың  ислам  дініне  дейінгі  сыиынған  әйел 

құдайының аты.



Лекерлеп—жайғастырып

Мақшар—ақырзаман  күнінде  болатын  сотҒарық—суға 

бату


Манат—арабтардың  ислам  дініне  дейінгі  сыйынған  әйел 

құдайының аты.



Мауыздау—ірі, үлкен

Мауызды күйме—үлкен күйме

Мәдәр—егер

Мәсі—жұқа былғарыдан тігілген, кебіспен киетін, өк�есіз, 

қоны�ты аяқ киім



Мосы—ілгегіне  �елек,  �әугім  іліп  тамақ  пісіретін,  ү� 

тағанды темір құрал



Мықнат—бейнет, ауыр азап

Мүбтәлә /п/—ду�ар болу, жолығу, азап �егу 

Мұрдар  /п/—лас,  былғаны�,  жемтік,  өлімтік,  жансыз 

дене


Зада—�ыққан тегі, нәсілі, жақсы, асыл

Зайыр—анық, айқын, а�ық.

474

474


475

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР



Занталақ—адамбаласы бірі-бірін мұқату, келемеждеу ү�ін 

қолданатын сөзі



Зауал—аптапты түс мезгіл, күн батар кез

Зият—артық, жақсы

Зымыстан—адам төзгісіз, қатты 

Нағыра—барабан  сықылды  соғыс  кезінде  пайдаланатын 

құрал


Намаздігер—күн батар алдында оқылатын намаз мезгілі

Намәрт—тексіз, жетесіз, на�ар

Нөкер—хан  мен  бек,  сұлтандардың  қасында  жүретін 

қызмет�ілері



Өмілдірік—былғары не қайыстан жасалған, ат ерінің артқа 

кетпеуі ү�ін тағылатын әбзел



Расход /о/—�ығын

Сабат—�өбі �үйгін, салқын жер, көгал

Сараман—ерек�е  көзге  түсетін,  анық  көрінетін,  айқын 

сара жол


Сарыжа—садақ

Сой—арғы заты, тегі 

Спеске /о/—тізім

Сүрек—аға� діңі мен бұтақтардың негізгі қатты бөлімі

Сыла—а�аң, артық еті жоқ

Тағай—наға�ы

Тәубе—тағдырға 

ризалық, 

�үкір�ілік, 

қанағат 


тұту�ылық

Торқа—қымбат бағалы селдір, жібек мата

Уағда /а/—уәде

Ү ші—өлген адамды еске алу ү�ін ү� күннен кейін беріле-

тін ас 


Харап—/а/—қирау, апатқа ұ�ырау

Хукумат—бас�ылық, орталық

Һам—және

Һамма—барлығы, жалпы

Шаған—биік әрі діңі түзу бұтақсыз өсетін аға�

Шәһар—қал

Шемен—қайғы-қасірет, уайым, �ер

Шік—іргелесіп не қатарласып кө�у 

Шыбыш—бір мен екі жастың арасындағы ұрға�ы е�кі

ЖЕР-Су АТАулАРы

Алатау—Орталық 

Азия 


мемлекеттері 

мен 


Ресей 

Федерациясының  Сібірдегі  тау  жоталарының  жалпы  атауы. 

Оларға  Күнгей  Алатауы,  Жетісу  Алатауы,  Қырғыз  Алатауы, 

т.б. жатады.



Дербент—Қалмақтың  мықты  бекіністерінің  бірі  әрі 

қаласы.


Еділ  (Волга)—Европадағы  ең  үлкен  өзен.  Каспий  теңізіне 

құяды.


Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы, Ка-

спий ойпаты, Ба�құртстан, Челябі, Орынбор, Батыс Қазақстан, 

Атырау  облыстарының  жерлерінен  ағып,  Атырау  қаласы 

арқылы Каспий теңізіне құяды.



Қырым—Европаның  оңтүстігіндегі  түбек.  Қара  теңіз, 

Азов  теңіздерімен  Перекоп  мойнағы  арқылы  Шығыс  Европа 

жазығымен ұ�тасады.

Мәскеу—Ресей Федерациясының астанасы.

Омски—Ресейдегі қала аты.

Томски—Ресейдегі қала аты. 

Түркістан—Шығыс  әлеміне  танымал  көне  қалалардың 

бірі. Бұл қалада көрнекті ғалым Құл Қожахмет Иасауидің ке-

сенесі орналасқан.

Хиуа—Өзбекстанның Хорезм облысындағы қала, Амудария 

өзенінің  сол  жағалауында  орналасқан.  Хиуа  қаласы  көптеген 

деректерде экономикасы дамыған ел ретінде көрсетіледі.


ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДы ЖыРлАуШы, 

АйТуШы ҺӘМ ЖИНАуШылАР ТуРАлы 

МӘлІМЕТ

Кенжеғұлұлы Нұртуған (1887—1930)—Бұрынғы Қазалы 

уезі,  Қамыстыбас  болысы,  Аманөткел  ауылында  (Қазіргі 

Қызылорда  облысы,  Арал  ауданы)  туып—өскен.  Кі�і  жүз. 

Шекті  руынан.  Аталары  да  өлең  дарыған  адамдар  болған. 

Нұртуған  23  жасынан  бастап  өлең  �ығарған,  ол  ү�  жүздің 

�ежіресіне  қанық  адам  болған.  «Орақ—Мамай»,  «Қарасай—

Қази», «Едіге», «Әмір—Темір көрген» және Қобыланды батыр-

ды  жырлаған.  Нұртуған  жырын  Дәріғұл  деген  жазу�ы  1928 

жылдары жаттап айтып таратқан.  

Мәмбетұлы  Атаубай  (1932—1973)—ақын,  жыр�ы. 

Қарақалпақстан АССР-і Қоңырат қаласында туып—өскен. Жас 

кезінен-ақ өлеңге, жалпы өнерге үйір болған. 

Атаубай  Қоңырат  қаласындағы  қазақ  орта  мектебін-

де  оқыған  белгілі  ақын  Төлеген  Айбергеновпен  сыныптас 

болған.  Атаубай  1952  жылы  Нөкіс  қаласындағы  педагогика 

институтының  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  �акул�тетіне  түсіп, 

оны  үздік  бітіреді.  Институтты  тамамдаған  соң,  Қоңырат 

қаласындағы  өзі  оқыған  М.Гор�кий  атындағы  орта  мектепте  

мұғалім болып, кейін кәсіподақ ұйымында қызмет істеген. 

Атаубай Мәмбетұлының термелері: «Жаралғалы бұл дүние», 

«Қалам алып хат жаздым», «Досыңнан жазатайым сөз естісең» 

т.б. бар. Атаубай сөзін де, әнін де өзі �ығарған �ығармалары: 

«Шынар-ай!»,  «Көк�етау»,  «Іңгәр-ау!»,  «Дейді  екендер,  дей-

ді  екен!»  және  мұнан  басқа  бірне�е  көлемді  жыр  үлгілерін  де 

жазған. 


Саттаров  Қыдырәлі—�илология  ғылымдарының  до-

кторы,  �ол�клортану�ы.  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Өзбекстан 

республикасы,  Та�кент  өңіріне  ұйымдастырылған  бірне�е 

�ол�клорлық-этногра�иялық  экспедицияларды  басқарған, 



478

БАТыРлАР  ЖыРы

ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 

және өнер институтының Қолжазбалар қорына тапсырған.

Қазіргі  уақытта  М.О.Әуезов  атындағы  педогогикалық  уни-

верситетте бөлім меңгеру�ісі болып қызмет атқаруда. 

ШАРТТы ҚыСҚАРТулАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана

ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—�и�р

дәп.—дәптер



/а/—араб

/о/—орыс


/п/—парсы

/тат/—татар

/т/—түркі

/ж/—жергілікті

/қ/—қытай

/к.с./—көнерген сөз



478

ПАйДАлАНылҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



Қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін

шыққан кітаптар

1.  Орақ билән Мамай батыр хикаясы. Қазан, 1903

2.  Орақ—Мамай.  ОҒК, Ш. 342.

3.  Батыр Мамай—қанды Орақ. ӘӨИ, Ш. 894.

4.  Орақ—Мамай.  ӘӨИ, Ш. 920/51. 

Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық

жинақтар, сөздіктер

1.  Әуезов М. Қазақ әдебиеті—Алматы, 1991.

2.  Бердібаев Р. Эпос—ел қазынасы. Алматы, 1985. 

3.  Гэсэр. Бурятский героический эпос.—М., 1973.

4.  Ғабдуллин.  Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті.—Алматы, 

1974.


5.  Жирмунский  В.  Тюркский  героический  эпос.  Алматы, 

1974.


6.  Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. 8кл.—Алматы, 1943.

7.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  1-том,  1-�і  кітап.—Алматы, 

1960.

8.  Қазақ  кітаптары.  Құрастырғандар:  Е.  Есова,  Ү.  Сұбхан­



бердина,  Д. Сейфуллина.—Алматы, 1986.

9.  Қоңыратбаев  Ә.  Эпос  және  оның  айту�ылары.—Алма-

ты, 1975.

10.  Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос.—Алматы, 2000.

11.  Маадай—Кара.  Алтайский  героический  эпос.—М., 

1973.


480

БАТыРлАР  ЖыРы

12.  Тұрғанбаев  А.  Қазақтың  қаһармандық  жыры  «Орақ—

Мамай»  �илалогия  ғылым.  кандидад  дәрежесін  алу  ү�ін 

дайындалған диссертация.—Алматы, 1997.

13.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993.

14.  Арабско-русский словар�. Составител�: Х. К. Баранов.—

М., 1968. 

15.  Древнетюркский словар�.—л., Наука, 1969.

16.  Қазақ  тілінің  ор�огра�иялық  сөздігі.  Құрастыру�ы-

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

17.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999.

18.  Қазақ  тілінің  �разеологиялық  сөздігі.  Құрастырған: 



І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977.

19.  Персидско-русский словар�. Под ред. Ю. А. Рубинчика

І-ІІ т.—М., 1970.  

20.  Татарско-русский  словар�.—М.,  Советская  энциклопе-

дия, 1966. 

21.  Турецко-русский  словар�.—М.,  Русский  язык  медиа, 

2005.


480

РЕЗЮМЕ


Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис-

с-

терство  образования  и  науки  РК  продолжает  работу  по  подго-



товке и изданию очередных томов Свода казахского �ол�клора 

«Бабалар  сөзі»,  выполняемого  в  рамках  Государственной  про-

граммы «Мәдени мұра» («Кул�турное наследие»).

40 том включает в себя четыре варианта героического эпоса 

«Орак-Мамай», являющегося одним из луч�их в эпическом на-

следии казахского народа. 

Сюжетную основу «Орак-Мамай» составляют древние леген-

ды и героические мотивы, связанные с про�лой жизн�ю казах-

ского народа и его историей.  

Неизвестный вариант эпоса «Орак-Мамай» впервые был опу-

бликован в 1903 году в Казани. Талантливый ученый, видный 

государственный  деятел�,  ала�ординец  Халел  Досмухамедов 

включил  в  свой  литературный  сборник  «Аламан»  указанный 

текст «Орак-Мамай» без изменений. Другие два варианта дан-

ного  эпоса  в  1943  году  во�ли  в  �кол�ную  хрестоматию  8-го 

класса. Один из интересней�их вариантов был записан в 1942 

году из уст престарелого сказителя Мангистауской области Му-

рын жырау. А также самый объемный и поэтизированный текст 

этого уникал�ного эпоса в традиационном стиле воспроизводил 

очен�  одаренный  акын  из  Приарал�я  Нуртуган  Кенжегулов. 

Последная запис� была издана в 1992 году в сборнике стихов по-

эта. 


В редких �ондах ЦНБ и отделе рукописей Института лите-

ратуры  и  искусства  им.  М.О.Ауэзова  сохранены  более  десяти 

вариантов эпоса «Орак-Мамай». Бол��инство текстов данного 

произведения не исследованы и не были опубликованы.  



482

БАТыРлАР  ЖыРы

В  соответствии  с  принципами  издания  «Бабалар  сөзі»  том 

снабжен  научными  приложениями,  которые  включают  в  себя 

сведения  о  публикуемых  текстах;  краткий  историко-�ол�кло-

ристический  и  текстологический  анализ;  данные  об  историче-

ских  и  религиозных  деятелях,  имена  которых  встречаются  в 

текстах; словар� древнетюркских, арабских и персидских слов

терминов и понятий религиозного характера, а также геогра�и-

ческих названий; сведения о сказителях, собирателях и публи-

каторах;  список  испол�зованной  литературы;  резюме  на  рус-

ском и английском языках.

Тексты,  публикуемые  в  данном  сборнике,  издавалис�  в  со-

ветское  время,  и  при  этом  они,  к  сожалению,  подверглис�  в 

определенной  степени  редакции,  литературной  обработке.  Это 

происходило,  по  всей  вероятности,  как  на  стадии  записи  тек-

стов  от  исполнителей,  так  и  в  процессе  переписки  рукописей 

(возможно неоднократной), а также в ходе подготовки текстов 

к изданию. 

Многие из вариантов «Орак-Мамая» не исследованы.  

Бол��инство текстов данного тома публикуются впервые.

Объем тома—30,5 п.л.



482

Summary


m.O. auezov Institute of Literature and arts, ministry of Edu-

cation,  republic of Kazakhstan is continuing preparation and pu-

blishing of the volumes of hundred volume series «Babalar sozy» 

in the frame of the State program «medeni mura» («Cultural her-

itage»). 

40

th



 volume includes four versions of the heroic epos «Orak-ma-

mai» that is one of the best works of epic heritage of Kazakh peo-

ple.

The plot of «Orak-mamai» is based on ancient legends and her-



oic motives related to the past life of Kazakh people and their his-

tory.


The unknown version of the epos «Orak-mamai» was first pub-

lished in 1903 in Kazan. The talented scientist, prominent public 

figure, representative of alash-Orda movement Khalel Dosmukha-

medov has included the mentioned text «Orak-mamai» without ch-

anges into his collection «alaman». In 1943 other two versions of 

this epos have been included into school  reader for the 8

th

 grades.  



One of the most interesting versions was recorded in 1942 from the 

old narrator muryn zhyrau from mangystau region. Talented akyn 

Nurtugan Kenzhegulov from aral area has performed in tradition-

al style the most extended  text of this unique poetic epos. Last rec-

ord was published in 1992 in the collection of poems of the poet.  

more  than  ten  versions  of  the  epos  «Orak-mamai»    have  been 

preserved at the rare foundations of the Central National Library 

and manuscript department of  the m.O. auezov Institute of liter-

ature and art. most texts of this work haven’t been investigated or 

published. 

according to the principles of the edition «Babalar sozi»  the vo-

lume  has scientific supplements which include the following: data 

on published texts and their versions; brief historic—folklore and 


484

БАТыРлАР  ЖыРы

textologic analysis of the texts; data on historical and religious fig-

ures whose names are mentioned  in the texts; vocabulary of the old 

Turkic , arabic and Persian words, terms,  notions and geographic 

names; data on narrators of folk tales, collectors and  publishers; 

list of used literature; summary in russian and English.

The texts published in this collection have been published duri-

ng Soviet period, however regretfully they were subjected to some 

edition  and  literary  correction.  Obviously  this  happened  during 

recording the texts from the performers and in the process of  re-

writing  of the manuscripts (probably repeated) and also during pr-

eparation of the texts to publication.

most of the versions of «Orak-mamai» haven’t been investiga-

ted.  

most texts of this volume are published for the first time.



Volume is 30,5 pp.

484

МАЗМұНы


Құрастыру�ылардан  ........................................................... 5

Мәтiндер

Орақ билән Мамай батырдың хикаясы  (Қазан, 1903) ............ 9

Орақ—Мамай  (Нұртуған нұсқасы)  .................................. 43

Батыр Мамай—қанды  Орақ

(Атаубай  Мәмбетұлы нұсқасы)  ......................................313

Орақ—Мамай (Орынбасар Оңғарбайұлы нұсқасы)  .............425



Ғылыми қосымшалар 

Томға енген мәтiндерге түсiнiктеме  ....................................459

Мәтiндерде кездесетiн тарихи және дiни есiмдер  ..................469

Сөздiк  .............................................................................473

Жер-су атаулары  ..............................................................476

Томға енген дастандарды жырлау�ы, айту�ы

һәм жинау�ылар туралы мәлiмет  ......................................477

Шартты қысқартулар  .......................................................478

Пайдаланылған әдебиеттер  ................................................479

Резюме  ...........................................................................481

Summary  .........................................................................483


Научное издание

БАБАлАР СӨЗI

40 том

ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСы



(на казахском языке)

утверждено к печати ученым советом Института литературы и искусства 

им. М. О. Ауэзова

Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова

Редакторы Ұ. С. Тілегенова

Техникалық редакторы Г. Бектібаева

Комп�ютерде терген М. Меңлібаева

Комп�ютерде беттеген М. О. Ноғайбаева



Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы

«Баур» баспасы

Баур» баспасы

» баспасы

 баспасы

ИБ № 2218

Теруге 6.11.06 жіберілді. Басуға 30.11.06 қол қойылды. Пі�іні 60х90

1

/



16 

Қаріп түрі «Мектептік». О�сеттік қағаз. О�сеттік басылыс.



«Мектептік». О�сеттік қағаз. О�сеттік басылыс.

Мектептік». О�сеттік қағаз. О�сеттік басылыс.

». О�сеттік қағаз. О�сеттік басылыс. 

Шартты баспа табағы 30,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . 

«Фолиант» баспасы

473000, Астана қаласы, Қазақ кө�есі, 87/1 

«Фолиант» баспаханасында басылды

473000, Астана қаласы, Қазақ кө�есі, 87/1 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет