«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

жоқ деген, бізге сенбей қылып тұрғаны!  Мен осы сөзді айтарын 

біліп, бұрыннан мына бір бізді қолыма алып, мына күнде нанды 

қойыныма  салып  тұр  едім,  олай  болса,  мына  бізді  қолыңа  ал, 

күл�е нанды қойыныңа сал, сөйтіп барып анттасып келе ғой, 

себебі,  анттасқанда  айт:  �ырағым  залал  қылмаймыз,  осыған 

нан  де,  нанбасаң  «нанба»  деп  айт,  ант  нанға  түседі,  �ырағым 

залал қылмаймыз, нан бізге де,  біз алдасқан «бізге» де,ант сізге 

де түседі—деді. Мұны Мамай мақұл көріп, нанды қойнына са-

лып, бізді қолына алып, далаға �ықты. Далаға �ығып балуан 

Сұлтанға  келіп,  және  �ырағым,  жолдас  болған  соң  сеніміңді 

қылайын,—деді. Сол күнде балуан Сұлтанның мектеп қожасы 

бар еді. Абдраман дейтін.Оның қолдан жасаған көп құранс бар 

еді (от басындай). Балуан Сұлтан  Мамайды ертіп мектепке ба-

рып, құранды қолына берді. Мамай ұстаз тұрып, �ырағым, За-

лал  қылмаймыз,  осыған  «нан,  нан»  деп  ү�  айтты.  Сонда  ант 

бізге  түсіп,  Мамайдың  қолындағы  біз  қарап  тұрып,  сырт  етіп 

сынып жерге түсті. Оны Мамайдың өзі білді, басқа кім білсін, 

сөйтіп  төртеуі  далаға  оңға  �ығып  кетті.  Аң  аулап  жүре-жүре 

елден  ұзап  кетті.  Бір  жерге  келгенде,  арнайы  аңдып  жүрген 

адалдар  қойсын ба, екеуін екі жерде балуан Сұлтан мен Батыр-

ханды арыстан қылып атып өлтіріп, сонан екеуі еліне қайтты. 

Қайтқаны  құрсын!  Баяғы  біз  сынғанда,  Мамайдың  қолына 

тигендей  болып  еді,    жарты  жылдан  асқан  соң,  сол  қолы  бас 



254

254


255

ОРАҚ – МАМАй

бармағы  қызарып  ауырып,  қоры  сырқырап,  тұла  бойы  қызып 

отқа  азар  жүрді.  Күн-түн  жүріп,  ауылға  түнде  келді.  Әнжінің 

ауылы  жолда  еді,  бұл  ауылында    қалды.  Мамай  үйіне  келді. 

Келгені түссін, түнімен ұйықтай алмай, дарлап �ықты. Ертең 

сәске уақытта қатыны Қаракөз далаға �ықса, Әнжі алты інісін 

ертіп келе жатқанын баяндап, Қаракөздің айтқаны.  

                                    

—Ауырып келдің даладан 

Халық басқарған маралым.

Мекен еттің атаның 

Мына жатқан �ағанын.

Жайлаттың талай еліңе 

Мына жатқан Еділдің  

Мал түспеген аралын. 

Атасы басқа дұ�панның 

Тигізбедің залалын. 

Суатын бермей кектінің, 

Жазира �өпке қамадың. 

Жалғыз салып айқайды,

Қалмақтың бұздың қамалын.

Осының бәрін қылғанда, 

Қолыңа кірген бір бізге

Болмай жатыр амалың!

Қолым деп түнде жатпадың,

Кі�кентай аузы жараның

Біз ұ�ынған дерт болып,

Болмаса игі еді ажалың?!

Тоқалдан қалған жетеудің 

Көрінеді қарасы, 

Тысқа �ығып қарадым .

Келе жатыр алдыңда 

Ертіп кеткен арамың.

Ерітетін ізіне

Өң�ең �о�қа-қабанын.

Дұ�панға сырыңды алдырмай,

Құс мұрынды қу сары

Біледі бәрін �аманың.

Киінсең қалай болар ед, 

Халық басқарған ағаным,

7240


7250

7260


7270

256

БАТыРлАР  ЖыРы

256

257


Құдай қосқан адамым.

Таққа мініп хан болып,

Қара құрттай толғаның.

Тараған елден жинадың.

ықпалың жүріп тұрғанда,

Әнжінің тілін алмадың.

Біліміңмен жүргенде, 

Өзіңнен өзің сорладың.

Әнжі—Смайыл—тобаяқ

Мұнымен жолдас болмадың.

Кемісің сенің жоқ еді,

Біле алмадым себебін,

Жиенге неге жолдандың?

Жолданғанда жолдасың

Әнжі болды қасыңда-ай.

Іздеп кеттің «жиен» деп,

Екі дегдар нәсілді-ай.

Салауатты хан едің,

Ардақты туған жан едің.

Бұл сапарда бос келдің,

Бермеді ме, жоқ па екен,

Қимады ма жиенің

лайқат саған асылды-ай?

Өкпелеген кісідей

Жек көрдім келген ісіңді-ай.

Оқ тиді деп �о�ып ем,

Түнде көрмей түсіңді-ай.

Күндіз көріп, көз салсам,

Анттай дертің арбаған,

Адам бар ма біріне 

Бас бармағын жырмаған?

Қаның қа�ып кетіпті,

Жана кетіп түсің-ай.

Мағлұм �ығар өзіңе 

Мен дұ�пан деймін туғанды,

Жай келе жатыр қысылмай.

Не болса да біледі 

Әнжінің бәрі ісінде-ай.

Кеудеден жаның �ыққан�а, 

7280


7290

7300


7310

256

256


257

ОРАҚ – МАМАй

Киіміңді киініп,

Ауырып жатқан басыңды-ай?!

Мамай Смайыл. әнжі келе жатыр деген соң, басын көтеріп, 

киімін киіп, басына тәжісін ұрып, �енін тағып  отыр еді. Смай-

ыл  әнжі інілерімен келіп, отырып, бар�асы да амандасып:—

уа, хан ауырып келді деген соң, әл сұрап келіп едік, жақсысыз 

ғой,—деп,  тамақтанып,  бәрі  де  �ығып  кетті.  Бұлар  �ығып 

кеткен соң, Мамай қатыны Қаракөзге айтты:—Қаракөз, далаға 

�ығып  қара�ы,  Әнжі  жердің  астынан  �ыққанда  әркімнің 

өлетіні тырнағына жазулы �ыққан, ол біледі. Мен өлетін бол-

сам,  жетеуі  бірінің  бөркін  бірі  алып,  ойнап  жүгіріп,  қа�ып, 

қуып бара жатқан �ығар. Мәгар мен өлмейтін болсам, жетеуі 

жеті  жермен  баратқан  �ығар,—деді.  Қаракөз  далаға  �ығып 

қарап еді, жетеуі бірінің бөркін бірі алып ойнап, қа�ып, қуып 

бара  жатыр  екен.  Қаракөз  �о�ып  кетіп,  үйге  кіріп,  ауырып 

отырған Мамайға жылап толғап қоя береді:

—Қайраты артық арыстан, 

Ақылы кәміл даны�пан, 

Ой ойлаған алыстан, 

На�арға қайда болысқан,

Нағып жазым өткіздің

Туғаннан дұ�пан туысқан?

Туысқан дұ�пан болған соң, 

Босаса басың болар ед  

Басыңдағы жұмыстан.

Тоқалдан туған жетеуді

Тысқа �ығып қарадым.

Хан аға келіп көп жаман 

Қара құрттай толысқан,

Көңілдері �ат болып, 

Екеу-екеу алысқан.

Бірінің бөркін бірі алып,

Бірін-бірі қуысқан.

Ақсұңқарым, қарадым 

Ойыны солай сауысқан.

Осылай, сұлтан, қарадым

Жетеуінің жүрісі-ай,

7320


7330

258

БАТыРлАР  ЖыРы

258

259


Тарқапты бүгін құрысы-ай.

Болмаса дұ�пан бүйтер ме еді,

Жатқаныңда ауырып,

Халық қамқоры інісі-ай?

Көңіліме қайғы түсірді 

Залымдардың мұнысы-ай.

Жер астында оқыған, 

Көңіліне амал тоқыған,

Атасы бірге болғанмен 

Басқалығы туысы-ай. 



Сонда  Мамай қатыны Қаракөзге айтқаны:

Ей, алғаным, алғаным, 

Зарлап барад бармағым.

Денеме жайды бұл жара

Күннен күнге салмағын.

Не қылайын басында 

Әмірі Ақтың барғаным.

Айлалап жүріп қу Әнжі

Салған екен қармағын.

Басында жазған іс �ығар,

Көрермін Алла салғанын.

Жазым болсам осыдан, 

Тіліменен Әнжінің 

І�імде кетті арманым.

Алла қосқан Қаракөз,

уайымдап айттың сөз.

Ант болмаса нағылсын 

Бас бармаққа кірген біз.

Ақылым айнып, тіл алып, 

Арамдықты  ойланып,

Ақ қаламды қолға алып, 

Ант і�кен соң алжаспай, 

Келмесін бе кейіс іс

Ақ сүйекке тезбе-тез.

Бұл сапарда, Қаракөз, 

Ақылды Мамай алжасты-ай.

Алжаспасам ант і�іп, 

7340


7350

7360


7370

258

258


259

ОРАҚ – МАМАй

Іс қылам ба жарамастай? 

Алқынып барад �ыбын жан,

Кеудеге сиып жайғаспай.

Келатқан басым өмірде 

Қу Әнжіге  ойласпай. 

Бұл сапарда оны ә�е 

Ертіп кеттім жолдасқа-ай.

Киімімді киіндім 

Әнжінің сырын білмекке,

Бір Құдайға сиындым.

Жастыққа жатқан салмақты 

Көтеріп едім бұл басты-ай. 

Бұл жалған�ы талайды

Бір мен емес жөнелткен.

Не�е �айық пір өткен 

Халыққа қамқор дүр өткен.

Өлмей пенде қалмайды,

Жерге түсіп �ыр еткен.

Отырып едім киініп,

Бір Құдайға сиынып. 

Баратқан ойнап қу Әнжі,

Енді отырғанмен болмасты-ай.



Мамай сөзді айтқансын, Қаракөз жылап жана сөйлейді:

Халық билеген ардақтым, 

Халқынан басы салмақтым,

Мәуелеген �ақта жоқ,

Жалғыз көжім мен бақтым.

І�і қорықты қалтырап

Мен секілді бейбақтың.

Ке�егі анау күніңде 

Айдадың малын қалмақтың.

Әңгімесі сен болдың

Төрт тарапта жан-жақтың.

Сен жиеніңе кеткенде,

ұйқым келмей мен жаттым.

Қарап жүріп қайғырып,

Қара аға�тай иіліп,

7380


7390

7400


260

БАТыРлАР  ЖыРы

260

261


ұйқыдан кеттім түңіліп.

Жарым айда бір барып,

Таң тұрғанда білініп,

Кетті бір көзім ілініп.

Сол ұйқының і�інде

Әлі түсім есімде, 

Бір зор мәжіліс тойлаппын.

Той тарқамай төпелеп,

Бір ұрыс болды көпіріп.

Сол ұрыстың і�інде

Тоқсанға келген анаңыз

Бәденін а�ып �е�ініп,

Жабырқамай жалынып,

Жыға тағып паңданып.

Рахат тауып қу Әнжі,

Мұныменен ісі жоқ,

Алтын тақта азғантай 

Аяғын жимай көсілді.

Мені танып келмеді, 

Жылы жауап бермеді.

Екі қолым байлаулы

Ша�ымды жайып отырдым.

Сен биік асқар тау едің,

Көл болмады аққанмен

Бауырыңда  бұлағың.

Сен—бұлы қымбат зұлпықар,

Жыртылмай тозды қынабың.

Нағыз асыл тұлпарсың,

Қалмады бізге тұяғың.

Сен ұңқысы алтын сүңгі едің, 

Мұқамай кетті қияғың.

Түрі жаман тоқалдың

Қалай сені қиямын?!

Қаруын атаң алғаннан,

Дұ�пан болды  туғаннан.

Нақақтан ант і�кізіп,

Тапқан екен қиуын.

Кемітпейд дұ�пан затыңды-ай,

Халық біледі атыңды-ай.

7410


7420

7430


7440

260

260


261

ОРАҚ – МАМАй

Іс өткен соң не пайда,  

Алла есітпес датымды-ай.

Алдырмасын ертерек 

Неге жылдам батырды-ай.

Жылдам келген демің бар,

Қайыр құм соққан елің бар,

Кәдірменді ерің бар.

Жаман айтпай, жақсы жоқ,

Сау кісіге де өлім бар.

Неғылып пат�а жатырсың,

Білсе бір Әнжі �ақырмай?

Ел жетер ме бағыңа-ай,

Кім мінеді тағыңа-ай?

Кәнеки, сұлтан, қайтемін,

Айтсай�ы маған ақылды-ай!

Қаракөз  мұны  айтып  жылаған  соқ,  Мамай  өзі  де  ауруы-

нан  қорқып  жатыр  еді:—Онда  Орақты  алдыр,—деді:  Орақты 

алдыр,—деді:  Орақтың  аулы  босқа.  Түнде  Мамайдың  келіп  

жүргенімен  келмей  жүргенінінен  хабарсыз,  Үйінде  �е�ініп 

отыр еді. Бала барып: Мамай түнде ауырып келіп, сізді тез кел-

сін деп жатыр деген соң, зәресі ұ�ып кетіп, жалаң аяқ, кебіс�ең 

киімін жамылып жүгіре берді. Келсе, Мамай алқынып жатыр 

екен, келіп жылап қол берді. Сондағы Орақтың сөзі:

Неғылып келдің, қарағым,

Түрі қалай жараның?

Қа�ан келдің ауылға,

Тимеді ғой хабарың? 

Хабарыңды есітіп,

Қорыққаннан өнбеді

Жылдам жүрген қадамым.

Не науқастың сабағы,

Жайың қалай, сабазым?

Қарағым, сені есіттім 

Жаңа хабар берген баладан.

Шырағым қа�ан келеді,—деп,

Жолыңа ағаң қараған.

Жарқырап күндіз келу�і ең

7450


7460

7470


262

БАТыРлАР  ЖыРы

262

263


Мұнан бұрын даладан.

Артық па екен жиенің

Ауылдағы жамадан?

Ауырды деп есіттім 

Біз бір кірген жарадан.

ұ�ығы бар дерт �ығар,

Ажарың қатып жараған.

Болмаса ісі болар еді,

Бұл Алланың қалағаны. 

Сен Кеткелі сол елде

«Әнжіге ерді хан» деген

Сыпсың �ықты тамадан.

Бұл науқастың себебі

Болды ма, айт�ы, жаладан?

Жөніңді, ханым, білдір�і,

Қорғаным, маған сұраған.

Қарайған екен ажарың,

Кір�ік жасап тоттанған

Ақ қағаздай жамалың.

Қалыпты қатып қабағың,

Көрсет�і түрін жараның?

Бәрін айттым жолыңа

Қатын менен баланың.

Дауасы болса бұлардан,

Өкпемді алып қағамын!

Айрылған соң мен сенен,

Жазым болсаң, қуатым,

Қайтып адам боламын.

Халыққа қамқор ие кім

Байтақ Сарытау қаланың?

Ажарыңнан қорықтым,

Білдір�і, қандай қуаты

Бәденіңдегі жараның?

Сонда Мамайдың басын көтеріп, ағасына айтқаны:   

Ассалаумағалайкүм,

Ореке, сәлем беремін.

Ақ күмістей жүзіңді

7480

7490


7500

7510


262

262


263

ОРАҚ – МАМАй

Болжай-болжай сеземін.

Ажалым жетсе өлемін,

Қабырға, қолым күйеді,

Қардай етім мұздайды.

Қолға кірген біз еді.

Әбдіраман қожаның 

Ат басындай құранын 

ұрып едім кеудеме,

Сол ауыр анттан көремін.

Жаламды кімге жабайын,

Не демейді ағайын,

Мен Құдайдан көрем себебін.

Бұзық іске бұл сапар,

Ореке, атты ерттедім,

Не қылғаным басында

Мен Әнжіні ерткенім?

Мен келе жатқан тек едім,

Жұрт билеген бек едім.

ықпалы жүрген уақытта,

Дұ�панды жеңіп өткенім.

Ореке, адам болмаспын,

Өзімнің тума жиенім 

Нақақтан қанын көтердім!

Жаңа біліп жатырмын

Қапыда істің өткенін.

Қапыда өтті бұл ісім,

Енді дүниесі құрысын!

Ертіп жүрген адам жоқ, 

Өлгенін�е ізіне

Ағасы мен інісін.

Мен өмірді өткіздім 

Мына Еділдегі ел ү�ін.

Болмаса ажал бұл жазған 

Кіргеніне не қылсын? 

Ел жина деп айтуға 

Бітіп жатыр тынысым,

Қысқарып жатыр өрісім.

«Берейін» деп жатырмын

7520

7530


7540

264

БАТыРлАР  ЖыРы

264

265


Бір Құдайдың боры�ын.  

Жүрейін деп жатырмын

ұзақ сапар жүрісін.

Бірге еді туысым,

Қидырды залым желісін.

Көре алмай кетіп барамын

Ағайын бітім-келісін.

Бір арманым кеудемде 

Телағыс, Күнке жасасын,

Көре алмай барам бірісін.

Бұл арманға  жеткізбей,

Қысты Алла жанымды-ай.

Бірге туған ерлерді 

Не қыламын сағынбай?

Беремін деп жүр едім 

Елім менен тағымды-ай,

Өкпесін етсін деп екеуі.

Жолықса ноғай мен ү�ін,

Мына жатқан ініңнің

Жалғанға жоқ арманы-ай.

Өмірінің і�інде 

Алтын таққа орнады-ай.

Дұ�панды жеңіп арқаңда,  

Асқан сұлу таңдады-ай,

Қалмақтан малды айдады-ай.

Ерлерді жеңіп байлады-ай,       

Байтаққа мынау хан болды-ай.

Қо�, аман бол, Ореке,

Мына �алқар жалғанға 

Бітті бір менің жұмысым.

Қарағым, сенен айрылсам, 

Бәрі де дұ�пан ағайын.

Атадан жалғыз қалдым,—деп,

Мұңымды кімге �ағайын?

Қаптаған жауға жолықсам, Мамай бұл сөзді ойын, тілі бола-

тын, әлсіреп бастады, сонда Орақ мына сөзді айтады.

7550

7560


7570

7580


264

264


265

ОРАҚ – МАМАй

Көмекті қайдан табайын!

Дәмең бар ма жаныңнан,

Солай ма жайың, Мамайым?

Қарағым, дертің жараң ба

Басқа жерің аман ба?

Үндемейсің маған да.

Шынымен сенен қалам ба,

Жоқ еді перзент балаң да,

Отыр еді анаң да.

Шығатұғын жол жоқ,

Тастадың ба аралға?!

Қайтіп халық боламыз 

Оқ тиген соң маралға?!

Сенің айбат кү�іңнен

Шаптым жалғыз қамалға,

Дұ�панды салдым табанға.

Сен қасымда жүргенде, 

Мен дұ�паннан қайтпадым.

Қарағым, дана қорғаным,

ұзатып ақыл айтпадың.

Жалғыз қалдым анадан,

Құдайым, өзің амалда?!

Орақ  мұны  айтып  жатқанд,  ақ  Мамай  жан  тапсырды. 

Ноғайлыны  жинап,  ұламалары  жайлап  Мамайды  жер-

леп,  Сүйек�ілер  қайтып  ордаға  келіп    жйналып  отырғанда, 

Мамайдың тоқсанға келіп отырған �е�есінің  Мамайды жақтан 

Ораққа қарап айтқаны: 

—Ханды көміп келдің бе,

Ноғайлының адамы-ай?

Жалғыз, Орақ, қалдың ба, 

Төртеу еді балам-ай?!

Алдымда кетіп Мамай-ай,

Бұ не деген заман-ай!

Тоқсанға дейін отырып,

Ү� баланы өлтіріп,

Отырғаным жұтынып.

Бір Құдайдың ісіне

7590


7600

7610


266

БАТыРлАР  ЖыРы

266

267


Кәнеки, бар ма амал-ай?!

Өзіңе Мамай не қылсын, 

Халықтың күні қараң-ай!

Жалғыз қалды а�у�ақ 

Мына Орақ ағаң-ай.

Сен барыңда, қарағым,

Үлгіріп еді қадам-ай,

Қалды иесіз үлгірткен 

Мына Сарытау  қалаң-ай!

Жиналып келген ноғайлы, 

Орақ, болмас Мамай-ай.

Болады деп ойланып,

Болмаңдар енді алаң-ай.

Жетеу туған тоқалдан,

Сөзімді тыңда ноғайлы,

Бұл үйдегі отырған 

Болмақ көңілі үлкені

Таққа мініп амалды-ай.

Сөзімді тыңда, қу Әнжі,

Енді Орақ сүрінсе, 

Тақ барады саған-ай. 

Бірақ, өліп көрмеймін 

Таққа мініп, хан болып.

Халық кетті қарамай,

Отырасың қапа жеп,

Тамағыңды таба алмай.

Келдіңдер ме келмеске 

Апарып қойып, ноғайлы,

Халық қамқоры Мамайды?

Атасынан туғаннан

Алып еді талайлы,

Жеңіп еді талайды.

Атадан дұ�пан кекті жау

«Көрмеспіз,—деп—үмітін» 

Үзіп еді маңайды.

Жинап алған құрамыс 

Енді кімге қарайды?

Айлалап жүріп түсіріп, 

Нақақтан антты і�тіріп,

7620


7630

7640


7650

266

266


267

ОРАҚ – МАМАй

Бәрекелді, тоқалдың 

Құс мұрын сары жарайды!

Мамай еді қуатым,

Дәрменім кетті тұратын.

Дұ�панды жеңіп желденді 

Қолына алып болатын.

Қалмақты жеңіп айдады,

І�етін бермей суатын.

Алтын тақты жайлады,

Халық пайдасын ойлады.

Есті естіде болатын. 

Сұңқар етіп қиятын,

Көп болды жаман құратың,

Қалдырмады жақсысын

Бір жапырақ жұратын.

Құлыны өлген ақ байтал,

Енді саған күн қайда 

Ондай болса туатын?!

Қалдың жалғыз, Орақ-ай,

Жекенің болмас орамы-ай.

Тоқалдан туған жетеуден

Сонда да көмек сұрамай, 

Сұрай қалсаң көмекті,

Даяр тұр ғой молаң-ай.

Ке�егі Мамай тіріде

Жүрді дұ�пан жоламай.

Мекен болды халыққа

Не�е қорық тоғай-ай.

Мамай еді бастаған,

Дұ�панды жеңіп тастаған.

Алды-алдыңа кетерсің 

Көп ұзамай, ноғай-ай.

Ке�егі менің Мамайым 

Әділ туған хан еді,

Қасиеті бар еді.

Қарағым менің тіріде 

Дұ�панның жері тар еді.

Ел қысылып тарықса,

Жөн білетін дана еді. 

7660


7670

7680


7690

268

БАТыРлАР  ЖыРы

268

269


Хан қосылып налыса,

Айтатын ақылы бар еді.

Халыққа ауыр іс түссе, 

Мықты жұмыс кү� түссе, 

Жүк көтерер нар еді.

Желкеден жау келгенде,

Алмасын белге байланып,

Мың сан қолға бір өзі 

Дөп дегендей �ақ еді.

Басындағы Мамайдың 

Атасының бағы еді.

Қарағымның тіріде 

Көрсем деген тумасын

Көңілінде қақ еді.

Жана бір арман перзенттен

Көңілінде бар еді.

Қарағым, Мамай тіріде 

Белдем�еңді белдендің, 

Дұ�пан десе желдендің. 

Атаның жерін кең салып,

Қалмақтың жерін жерледің.

Қолыңнан арды бермедің,

Ел пайдасын көздедің,

Халықтың қамын іздедің.

Кәуірді салып табанға, 

Кү� көрсеттің наданға.

Екі судағы ұлыстың 

Өлтірдің бастық ерлерін.

Қорқытып көзін кү� жұмсап,

Алып келдің тізгінін.

Айтқаны адам болмайды,

Ойымда жоқ орныңда 

Тұяқ сенен қалмайды.

Ойламадық мұндайды

Күн ілгері біз бұрын.

Бітіре келді жұмысын

Тоқалдан туған біз мұрын!

Алтын тақта отырып,

Арғымақты баптадың.

7700


7710

7720


7730

268

268


269

ОРАҚ – МАМАй

Ақ сүңгінің қияғын 

Күміспенен қаптадың.

Дұ�панды жеңіп қа�ырып,

Досты сыйлап сақтадың.

Аяуке сынды батырдың

Басын кесіп күнінде,

А� бөрідей аттадың.

Тағдыры аттың болғансың,

Дәрменің жоқ �ығуға,

Қараңғы көрде жатқаның.

Бір сағатта тоқтадың,

Алдыңа сенің, қорғаным.

Аманатты бермедім,

Сенен перзент көрмедім.

Ақ ісіне амал жоқ,

Артыңда қалып Мамайым,

Күйгенімнен жоқтадым.

Алтын таққа отырып,

Жүргізді Мамай әмірін.

Қара қылды қақ жарып,

Көрсетті халыққа әділін.

Жұртты жеген зұлымның 

Тілеген Ақтан момынға

Тигізбейді зәбірін.

Жаман адам көрмейді 

Жаттан артық бауырын.

Құдыреті кү�ті Құдайым,

Бұл жерлерге келгенде,

Арттың жүктің ауырын! 

Сабы бірге болғанмен 

Басқалығын білдірді

Өң�ең жаман қабының.

Қайырымды аруана,

Құтсыз болып бауырың,

Тым болмаса артыңда

Бір жасар бала қалмады.

Халық білген хан Мамай,

Құрағаны тағы орының.

Орақ, саған айтамын,

7740


7750

7760


7770

270

БАТыРлАР  ЖыРы

270

271


Күтінбедің ертерек,

Ке�егі Мамай тіріде-ай,

Кәріп  пенен қасарға

Садақа неге бермедің,

Жолына малын қырып-ай.

Жинап алсаң болмаймед 

Ертеде өткен ноғайдың

Халық ұстаған биін-ай?

Сен көрсетсең болмай ма

Жарасының түрін-ай?

Ақыл иесі адамдар

Айтар еді �ынын-ай. 

Сен тоқалдан туған жетеудің

Бәрін таста қырып-ай.

Құс мұрынды �үңірек, 

Өзі сары, көзі көк,

І�індегі сұрын-ай!

Бұл тілімді алмасаң,

Осымен өтер күнің-ай.

Бұл жалғанның дүниеде

Болмас саған тынымы-ай.

Таппадың неге, ау, Орақ,

Мамайға аюдың ақ дәрісін?!

Жинап алсаң болмаймед 

Ертеде өткен ноғайлының 

Ел билеген кәрісін?

Ақылдасса болмаймед

Бір Мамайдың жаны ү�ін?

Тоқалдан туған жетеудің 

Өлтірсең нетті бәрісін.

Ең болмаса өлтірсей�і

Құс мұрынды сарысын?

Қапыда өтті-ау әрі ісің.

Мұны айырып айтқаным,

Нақақтан антты і�кіздің

Ке�егі Мамай ханыма-ай!

Жолықты үлкен бәлеге,

Ізіне еріп барам деп,

Құс мұрынды зарының.

7780



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет