«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет32/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97
Қызбаның түрлері:
Қызудың көтерілу дәрежесіне байланысты: субфебрильді (38С-тан артпайды), орташа немесе фебрильді (38-39С), жоғары немесе пиретикалық (39-41С), аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41С-тан жоғары).
Ағым ұзақтығына байланысты: өткінші (ұзақтығы бірнеше сағат), жедел (15 күнге дейін), жеделдеу (15-45 күн) және созылмалы (45 күннен артық).
Дене қызуының тәулік бойғы (кейде ұзағырақ уақыттағы) тербелу сипатына байланысты:

  1. тұрақты – қызудың ұзақ уақыт көтерілуі 1С-тан аспайтын тәуліктік тербелумен.

  2. ремиттеуші (босаңсытатын) – ұзақ қызба, қызудың тәуліктік тербелуі 1-ден 1,5С-қа дейін қалыпты деңгейге дейін төмендеусіз.

  3. ұстамалы безгек – қызудың 1С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ таңертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады.

  4. гектикалық – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипатталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен – 36С-тан төмен түседі.

  5. бұрмаланған қызба - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары.

  6. толқын тәрізді қызба, тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады.

  7. бұрыс қызба, тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады.

Бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұсынылған температура қисықтарының бұл түрлері осы күні де диагностикалық маңызын сақтаған, бірақ қазіргі антибактериялық және ыстық түсіретін дәрілерді алғашқы күндерден бастап кеңінен қолдану салдарынан температуралық қисық аурудың табиғи дамуы кезінде болатын пішінін жоғалтады.
Қызудың көтерілуін әр науқас әртүрлі өткізеді: кейбіреуі субфебрильді қызудың өзінде ауыр қиналады.
Қызбасы бар науқастың күтімі оның кезеңіне көп байланысты.
І кезең – қызудың өршуі. Жылу бөлудің жылу беруден неғұрлым басымдылығы байқалады. Клиникада бұл қалтырауымен, бұлшық еттердің тартып ауыруымен, бас ауруымен, аяқ-қолдардың бөзаруымен және көгеруімен (цианозымен) сипатталады. Мұндай кезде науқасты жылыту (төсекке жатқызу, қымтап жабу, жылытқыштар қою, ыстық шай беру), дәрілік емнің қажеттілігі туралы сұрақты шешу, ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің жағдайын мұқият бақылау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет