тереңдігінің бұзылуы
Жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары қазіргі кезде неғұрлым кең таралған ішкі ағзалар патологиясы болып табылады және халықтың өлім-жітімінің себептері ішінде бірінші орын алады. Бұл қан айналымы ағзалары ауруларының алдын-алудың, диагностикасының және емінің жаңа әдістерін ізденуді қажет етеді. Кейінгі кезде кардиология саласында құрал-сайманды зерттеу тәсілдерінің қатары анағұрлым артты (ЭКГ мен АҚ-ды тәуліктік тіркеу, ЭхоКГ, доплерЭхоКГ және т.б.), бірақ науқастың гемодинамикасының жағдайы туралы құнды мәліметті беретін қарапайым зерттеу әдістері де (тамыр соғуын анықтау, АҚ өлшеу және т.б.) өз маңыздылықтарын толық сақтауда.
Артериялық тамыр соғуы, зерттеу тәсілі, оның негізгі сипаттамалары
Тамыр соғуы дегеніміз жүрек жұмысы кезінде (систола мен диастола) қан тамырларының қанға толуының өзгеруіне байланысты олардың қабырғаларының оқтын-оқтын тербелуі. Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын (артериялық) әртүрлі артерияларда анықтайды:
ұйқы артериясында (бұлшық етінің алдынғы қырында, оның ұзындығының ортасына дейін ), зерттеуді өте абайлап жүргізген жөн, өйткені ұйқы артериясы бай рефлоксогендік аймақ болып табылады және жүректің жиырылуы жиілігінің рефлекторлы баяулау қаупі бар;
самай артериясында;
ұршық;
бұғана асты;
иық;
кәрі жілік және т.б.
Тамыр соғуын көбінесе кәрі жілік артериясында анықтайды (перифериялық тамыр соғуы), өйткені ол беткей орналасқан және оны кәрі жіліктің біз тәріздес өсіндісі мен кәрі жілік бұлшық еті сіңірінің арасында жақсы сипап табуға болады. Даму кемістіктері, тарылу, кәрі жілік, иық немесе бұғана асты артерияларының сарттан жаншылуы кезінде оң және сол қолда тамыр соғуы әртүрлі болуы мүмкін, мұндай кездерде тамыр соғуын зерттеу жақсы анықталатын қолда жүргізіледі.
Артериялық тамыр соғуының мынандай қасиеттерін анықтайды:
Ырғағы – бірінен соң бірі өтетін тамыр соғуы толқындарының реттілігін бағалайды. Егер олардың аралығы тең болса, онда ырғағы дұрыс, ал егер әртүрлі болса – дұрыс емес деп саналады. Мерцательді аритмия жүректің жиырылуы жиілігі тамыр соғуы толқындарынан көбірек болуы мүмкін. Мұндай кезде тамыр соғуы тапшылығы деп анықтайды да оны санайды.
Жиілігі – тамыр соғу толқындарының бір минуттағы саны. Қалыпты жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-90 аралығында тербеледі, бірақ жынысқа, жас мөлшерінде, ауа мен дененің температурасында. физикалық күш түсу деңгейіне байланысты көп өзгеруі мүмкін. Неғұрлым жиі тамыр соғуы құрсақ ішіндегі кезеңде болады. 25-60 жаста тамыр соғуы салыстырмалы тұрақты болып қалады. Әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда тамыр соғуы жиірек; спортшылар мен жаттыққан адамдарда, сондай-ақ егде адамдарда тымыр соғуы сиректеу. Тамыр соғуы тік тұрғанда, физикалық күш түскенде, дене температурасы көтерілгенде жиілейді. Тамыр соғуының 60-тан төмен сиреуі – брадикардия, ал 90-нан жоғары жиілеуі – тахикардия деп аталады.
Тамыр соғуының толуы артериядағы қанның көлемімен анықталады, және жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады. Жақсы толғанда тамыр соғу толқыны жоғары, жақсы анықталады (тамыр соғуы толық), нашар толғанда - әлсіз, білінер-білінбес (тамыр соғуы бос). Білінер-білінбес, әлсіз тамыр соғуы тамырдың білінбей соғуы – жіпр тәріздес – деп аталады. Мұндай тамыр соғуы анықталса, мейірбике дереу дәрігерге хабарлауы керек.
Тамырдың қатты соғуы тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Жоғары АҚ-да тамыр қатты соғады, ал төмен АҚ-да жұмсақ болады.
Тамыр соғуының биіктігі мен көлемі артерия қабырғасының тербелу амплитудасында байланысты болады. Жүректің жиырылу көлемі артқанда және тамыр қабырғасы серпілгіштігі төмендегенде тамыр соғуы биік және үлкен, ал жүректің қан шығару мөлшерінің төмендеуі, шок, коллапс кезінде – төмен және әлсіз болады.
Тамыр соғу жылдамдығы немесе түрі артерия көлемінің өзгеру жылдамдығымен анықталады. Артерияның тез көтеріліп, түсуі жылдам тамыр соғуына (қолқа жетіспеушілігінде), ал ақырын көтеріліп, түсуі – баяу тамыр соғуына тән (қолқаның тарылуында).
Тамыр соғуын зерттеу деректерін мейірбике температуралық параққа енгізеді (қызыл нүктелермен белгілейді).
Достарыңызбен бөлісу: |