Нерв тармақтарының зақымдануы көк тамырға және бұлшықетке инъекция жасағанда болуы мүмкін.
Механикалық-инъекция жасайтын орынды дұрыс тандамағанда;
Химиялық – дәрілік препараттардың депосы нерв талшықтарына жақын орналасқанда;
Асқыну ауырлығы әртүрлі нвриттен (нервтің қабынуы) параличке (нерв қызметінің болмауы) дейін болуы мүмкін.
Тромбофлебит –тромбтың түзілуімен қатар жүретін көк тамырдың қабынуы. Белгілері: ауру сезімі, терінің қызаруы, көк тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы, дене қызуының көтерілуі. Бір көк тамырды жиі венепукция жасағанда немесе жиі өткір емес инені қолданғанда кездеседі.
Гематома (тері астына қанның ұйылуы) – венепункцияны дұрыс жасамағанда, тері астында қара-көк дақ пайда болады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, бірнеше минут инъекция жасаған орынға спиртке батырылған мақтаны басу керек. Тағайындалған инъекция басқа көк тамырға жасалынады. Ал гематома орнына спирттік компресс қойылады.
Сепсис –жалпы жұқпалы ауру, көк тамырға инъекция жасағанда және көк тамырға стерильді ерітінділерді құйғанда асепимкалық ережелерді қатаң бұзғанда дамиды.
Вирусты гепатит В, сары сулық гепатит, ВИЧ-жұқпалы аурулар, бұл да асептикалық ережелерді бұзғанмен байланысты, инъекция жасағаннан кейін бірнеше айдан соң дамуы мүмкін.
Негізгі мәселені дәрілік препараттарды қабылдағанда болатын крапивница, ринит, Квинке ісінуі, конъюктивит түрінде көрінетін аллергиялық реакциялар құрады. Ең қатерлі аллергиялық реакцияның түрі анафилактикалық шок. Шұғыл түрде дәрігерге хабар беру керек және жедел көмек көрсетуді бастау қажет. Анафилактикалық шок дәрілік препаратты енгізгеннен соң бірнеше секунд немесе минут аралығында дамиды. Неғұрлым шок тез басталса, соғұрлым ағымы нашар, тіпті өліммен бітуі мүмкін. Клиникалық анафилактикалық шок кезінде кенеттен қан қысымы төмендеп, бронх тарылып, есін жоғалтады, терісі қызарады, қышитын бөртпелер басады, құсу, жүрегінің жиі соғуы байқалады. Симптомдары әртүрлі бірігулермен байқалуы мүмкін. Өлім жедел тыныс жеткіліксіздігінен, өкпе шеменінен, жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен дамиды.
Алғашқы көмек:
Дәріні енгізуді тоқтату.
0,1% -1,0мл адреналинді 200,0мл физ-ерітіндісімен көк тамырға.
60-200 мг преднизалонды енгізу.
Антигистаминдік заттарды енгізу: 1%-1,0 димедролды көк тамырға.
Тұншығу болса, көк тамырға 2,4%-10,0мл эуфиллин.
Жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі дамыса өкпелік-жүрек реанимация шараларын жүргізу қажет.
Дәрілік заттарды қолданғанда аллергиялық реакцияны алдын-алу үшін тағайындалу көрсеткішін қатаң тексеру қажет, аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері пайда болғанда тез арада тоқтату, жоғары аллергендік белсенділігі бар препараттарды (антибиотиктер, сары сулар) енгізгенде, сынама жасау қажет.