Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Күзгі табиғат (сурет бойынша әңгіме) 
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейте 
отырып, күзгі табиғаттың басты ерекшеліктерімен таныстыру. 
Балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағды-
ларын қалыптастыру. 
Тірек сөздер: Торлады, қаптады, соғады, ұшты, қатады, 
тоңазыды, суыды, салқындады, мұздады. 
Керекті құралдар: Күз мезгілінің табиғатын бейнелейтін 
суреттер. 
І. Балалардың өмір тәжірибесі бойынша әңгімелету: 
а) Кіріспе әңгіме: – Қазір жылдың қай мезгілі? Күзгі ай-
ларды ата. Күз табиғатының қандай ерекшеліктерін білесің? 
(Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа 
ұшып кетеді, жаңбыр жауа бастайды, жемістер, көкөністер пісе 
бастайды, су суытады, тоңазиды, мұздайды). 
ә) Жұмбақ шештіру: 
Қанатсыз құс маңып барады
Көзіне жас тамып барады. 
(Бұлт) 
Аспандағы көлеңке, 
Жерге суын шашады. 
(Бұлт)
ІІ. Балаларға жаңбырдың суретін көрсетіп, сол бойынша
әңгімелету. 
ІІІ. Тәрбиешінің беретін түсінігі. Жаңбыр бұлт арасында 
тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. 
а) Балалардың назарын суретке аударып, ондағы кейіп-
керлерге ат қойғызу. 
ә) Сурет бойынша әңгімелесу. 


76 
Арман мен Айжан серуендеуге шықты. Олар күзгі та-
биғатты тамашалап, әр түрлі жапырақтарды жинады. Айнала 
сап-сары түске боялған. Жазғыдай күлімдеген күн көзі де, сай-
раған құстар үні де азайған. Аспанды қара бұлт торлаған. Бала-
лар жаңбырдың сіркірей бастағанын сезді. Қол шатырларын ала 
келгендері жақсы болыпты. Екеуі асығыс жиналып үйлеріне 
қайтты. Жол жиегінде әбден жаураған күшікті көреді. Ол тоңып, 
қыңсылап тұр. Қандай сүйкімді, адасқан болса керек. Арман мен 
Айжан күшікті өздерімен ала кетті, т.б. Балалар осы мазмұнда 
әңгімелегеннен кейін оған ат қойғызды, «Қайырымды балалар», 
«Жаңбыр», «Жаураған күшік» т.б. деуі мүмкін. 
ІV.Ш.Ахметовтың «Бұл қай
кезде болады?» өлеңін тыңдау. 
Бұлттар төніп, 
Жерге шөгіп, 
Дымқыл тұман басады
Шөп сарғайып, 
Өңі тайып, 
Дала сұры қашады. 
Ойнай алмай. 
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады? 
Осы өлеңдегі қиын сөздердің маңызын түсіндіру: төніп, 
шөгіп, дымқыл, өң, сұры, мұздап, т.б. сөздерді қолданып сөйлем 
құрату. 
V. Күзгі табиғатты бейнелейтін суретке балалар назарын 
аударып, сол 
бойынша әңгімелету
(сарғайған ағаштар, су бе
тінде 
мұз қата бастаған.
Аспанда бұлт торлаған. «
Күзгі орман», т.б.) 
Балаларға бұлт туралы, оның қалай пайда болатынын 
жеңіл тілмен түсіндіру. 
VІ. Күзгі жапырақтар бой сергіту жаттығуы:
Ауладағы көп ағаш,
Тербеледі желменен.
Сары, жасыл жапырақ,
Құс секілді ұшады. 
VІІ. Балалармен жеке жұмыс: Балаларға күз ерекше-


77 
ліктерін бейнелейтін суреттер таратып беру, әңгімелету. Олар-
дың табиғат құбылысы туралы түсініктерін байқау. 
Мысалы: Суретте ағаштардың жапырақтары түсіп жа-
тыр. Жел соғып тұр. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Балалар 
қыстап қалатын торғайға ұя жасап, оны ағаш басына ілуде. 
Суретте егін алқабындағы еңбек бейнеленген. Айнала сап-сары. 
Комбайн егінді орып машинаға салып жатыр. Бұл адамы қысқа 
дайындығы. Аспанда бұлт қаптаған. Күн суық, т.б. деп балалар 
әңгіме құрастыруға тиіс. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті соңында «Ұшты-ұш-
ты» ойыны ойналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет