Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті


Санжар: Көктемде ойнап найзағай, Күн күркірей бастады.  Қылтиды алмас найзадай,  Көк жауқазын бастары. Саят



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
СанжарКөктемде ойнап найзағай,
Күн күркірей бастады. 
Қылтиды алмас найзадай, 
Көк жауқазын бастары.
Саят: Жаңбыр жауып басылды,
Күннің көзі ашылды.
Көк жиекке көрікті,
Кемпірқосақ асылды.
ӘН: «Жау, жау, жаңбыр!»
Ойын: «Гүл теру»
Көктем: рахмет, балалар, жарайсыңдар. Мен енді
сендерге жәй келмей өзімнің жұмбағымды ала келдім.
Жыл мезгілі шуақты,
Жердің беті нұрланған. 
Сайды қуып су ақты, 
Гүлдер өсті ырғалған. (көктем) 
Кім көктемгі табиғат құбылыстары жайында жұмбақ 
біледі?
Әлия: Жел соғып еді қауымдап
Құйып кетті сауылдап. (жаңбыр) 
Шыңғыс: Жарқ етсе 
Сабау қамшы.
Төгіліп,
Жауар тамшы. (найзағай) 
Саят: Келістіріп өрнегін, 
Құрып койды өрмегін (кемпірқосақ)
Ернұр:Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады. (бұлт) 
Жүргізуші: Көктем, біздің балалар жұмбақ шешуден
басқа, жаңылтпаш, мақал-мәтел, нақыл сөздер айта біледі. 
Көктем: Өте жақсы, айтсын.
 
 


80 
Әнел: Көп көкек, 
Көкектеп, 
Көктем келді. 
Көкек кеп 
Көктеп көк, 
Көктем келді.
Шахмир: Бұлт-ау 
Соқтықпа, 
Бұл – тау. 
Саят: Суда сең келеді, 
Сегіз серке тең келеді. 
Әлима: Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмаса
Жасынсыз болмас.
Айжан: Нөсер алдында нажағай ойнайды
Жаңбыр бір жаусатерек екі жауады.
Гүлнұр: Сәуірдегі жауын – сауып тұрған сауын.
Диас:Сәуір болса, күн күркірер, 
Күн күркіресе, көк дүркірер. 
Мақпал: Ерте көктемде қарға суға шомылса – күн жы-
лынады дейді халық.
Көктем: Балалар, менің енді сендермен қоштасатын уа-
қытым келіп қалды. Мені басқа бала бақшалардың балала-
ры күтіп отыр. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет