Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Күзгі саябаққа саяхат 
Мақсаты: Жапырақтардың сарғайып түсіп жатқанын,
түр-түсін, табиғат құбылысын байқату. Балалардың тілін да-
мыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. 
Тірек сөздер: сұр бұлт, тұман, тоңазиды, мұз қабыршық-
тары, бұлт торлайды, қаптайды, желді, т.б.
Тірек білім: Күнделікті өмір тәжірибелеріне сүйену: то-
пырақ бетінің тоңазығанын, тұманды, желді, сұр бұлтты, мұз 
қабыршықтарын бақылау арқылы алған білімдері.
Базалық білім: Тоңазиды, мұз қабыршықтары, тұман, 
желді, бұлтты, т.б. жаңа сөздерді сөз қорына енгізе отырып, 
күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. 
І. Топсаяхат әңгімеден басталады.
а) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті адам өміріндегі пай-
дасы туралы әңгімелеу.
Саябақта байқағандары бойынша балаларға әңгімелету 
(Сарғайған жапырақтар. Жапырақтар жерге түсіп жатыр. Күн 
салқын. Гүлдер солған. Шөптер сарғайған. Жел соғып тұр. Күн 
бұлтты, т.б.). 
ә) Тәрбиешінің беретін түсінігі: Айнала сап-сары алтын 
сияқты күйге енгендіктен біз оны "Алтын күз" дейміз. Күзде ең-
бектің қызған кезі. Жеміс-жидектер, астық піседі, оны жинау 
басталады. Сондықтан да күзді «еңбекқор күз» деп те атайды. 
б) М. Байсариеваның «Күз» өлеңін тыңдау.


74 
Күз алдымен сарғайды,
Күлімсіреп алдайды.
«Сары алтынсың, сары күз!» - 
Дедік сонда бәріміз. 
Қоңырайды күз енді, 
Былай дедік біз енді:
“Қоңыр күз-ай, коңыр күз,
Түрің неге көңілсіз?”
Күз күрсініп үн қатты,
Қиналыпты тым қатты:
«Барам», – деді қарайып,
Қыс келеді алайып.
Өлеңдегі сарғайды, қоңыр күз, қарайып, т.б. сөздердің 
мәнін ашып түсіндіріп, осы сөздерден сөйлем құрату.
в) Күздегі саябақтың жаздағы саябақтан айырмашылығы 
туралы әңгімелету (Жазда бүкіл жер жап-жасыл. Күн ыстық. 
Құстар көп жүреді. Адамдар суға шомылады. Суда қайықпен ой-
наймыз. Күз салқын. Су бетіне мұз қатады, т.б.). 
ІІ. Балаларды көлшік суға апарып, су бетін бақылатып, 
әңгімелету (Күн желді. Жапырақтар суға ұшып, түсіп жатыр. Су 
бетіне мұз қата бастаған, т.б.). 
Балаларға күн суыта бастағандықтан, су бетін басқан 
жұқа мұзды «мұз қабыршықтары деп аталатынын түсіндіріп, 
үйрету. 
ІІІ. Жұмбақ шешу арқылы балалардың ойын дамыту:
Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір. (Аспан) 
Жұмбақтың мағынасын түсіндіру. Сонан соң балалардың 
назарын аспанға аудартып, бақылату (сұр бұлт, тұман, торлаған, 
т.б.). Осы байқағандары бойынша сөйлем құратып жаттықтыру. 
Аспан сұрғылт. Қара бұлтты. Тұман торлаған. Күн бұлттанса, 
жаңбыр жауады, т.б. Аспанды қара-сұр бұлт қаптаса, жаңбыр 
болатынын, күздегі жаңбыр салқын, суық болып жауатынын тү-
сіндіріп, олардың өздері білетін табиғат құбылыстары жайында 
мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар айтқызу. 


75 
ІV. Қимылды ойын. Алтын күз бізге не береді? 
Топсаяхат соңында М. Әлімбаевтың«Алтын күз» өлеңін 
орындау. Өлең сөздерін қайталап жаттықтыру. 
Балалар парктен қарағай жаңғағын, күзгі әдемі жапырақ-
тарды алып бақшаға оралады. Кейін әкелген жапырақ, жаңғақта-
рынан күзгі буклет жасатып, әңгімелету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет