Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Рөлдік ойын
Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық 
немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала 
бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. 
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қа-
тысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) 
тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және бар-
лық топқа ұсынады (көрсетеді).
Оқытушы тіл үйренушілердің мінез-құлқын ескере отырып, 
рөлді өздері бөледі.
Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған 
рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай 
шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарын сезінеді 
және шешім қабылдайды.
Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрасты-


48
ру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген 
мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мі-
нез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолда-
нылады. 
Жобаны әзірлеу 
Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, тал-
қы ла натын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға 
мүм кіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жеке тұлға өз жоба-
сын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын 
дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады. 
Мысалы: өзінің қаласындағы дүлей апаттың қаупін төмендету 
жөнінде жоба жасау. Қатысушылардың мамандандырылған меке-
мелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. 
мүмкіндіктері бар. Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелері-
не қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан 
кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.
Бейнефильмдерді көру және талқылау 
Сабақтарда әр түрлі тақырыпта көркем және деректі бейне-
фильм дерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер 
мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады. Тиісті мазмұндағы 
бей не фильм дерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, са-
бақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы 
мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады. Фильмді көрсетер ал-
дында тыңдаушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар 
қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын 
ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікірсайыс 
өткізуге болады. Соңында тіл үйренушілермен бірігіп, міндетті 
түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет