Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата30.12.2016
өлшемі13,65 Mb.
#754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

18 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
ШҚ гуманитарлық колледжі ұжымы 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Қазіргі 
заманғы  білім  берудің  перспективалық 
міндеті  -  сындарлы  ойлай  білетін,  шы-
ғармашылық қабілеті, танымдық белсен-
ділігі жоғары және ақпараттар ағынында 
бағдар    ала  білуге  қабілетті  адамдарды 
даярлау...», - деп күн тәртібіне өткір қо-
йып  отырған  нақты  мақсат-міндеттерін 
басшылыққа  ала  отырып,  болашақ  ұс-
таздарды  даярлауда оқыту үрдісін жа-
ңаша ұйымдастыруға көп көңіл бөлуде. 
Орта  оқу  орындарында  білім  алу-
шылардың  танымдық  белсенділігін 
қалыптастыруды  арнайы  ұйымдас-
тыру,  оқу  үрдісін  жетілдірудің  негізгі 
шарты  болып  саналады.  Танымдық 
белсенділік  –  студенттің  оқуға,  білім-
ге,  ғылымға  деген  ынта-ықыласы  мен 
құштарлығының ерекше көрінісі. Бел-
сенділіктің  ең  жоғары  көрінісі:  білім 
алушылардың  алған  білімдерін  өмір-
де,  тәжірибеде  нәтижелі  пайдалана 
білуінде. Танымдық әрекет - білім алу-
шының  белсенді  ақыл-ой  әрекеті.  Ол 
танымдық  қажеттіліктен,  мақсаттан, 
таным  қисындарынан  және  әрекетті 
орындаудың  тәсіл-амалдарынан  тұра-
ды. Болашақ ұстаздардың  белсенділігі 
мен  танымдық  іс-әрекеттері  арқылы 
шығармашылығын  дамыту,  қажетті 
жағдайда  айрықша  шешім  қабылдай 
алатын  жеке  тұлғаны  дайындау,  осы-
ған орай оқытуды ізгілендіру - бүгінгі 
күннің басты міндеттерінің бірі. 
Болашақ  мамандардың  өздігінен 
білім  алуға  және  өзін-өзі  жүзеге  асы-
руға,  өзін-өзі  кемелдендіруге    шығар-
машылықпен  ұмтылуы,  оның  кәсіби-
тұлғалық  құзыреттілігін,  танымдық 
белсенділігін  қалыптастырудың  тиімді 
бір  жолы  ретінде  -  оқу  процесіне  жеке 
тұлғаға  бағдарланған  М.М.Жанпейісова 
ұсынған интерактивтік модульдік окыту 
технологиясын енгізуді таңдап алдық. 
Технологияның нұсқасы модульдік 
сипатта.  Оқу  модулі  -  оқу  ақпараты-
ның  біршама  дербес блогы, мұнда білім 
алушы  білімді жеке-жеке тараулар бойын-
ша  емес,  біртұтас  тақырып  түрінде  жү-
йеленген  білім  алады.  Бұл  технология 
негізіне  оқу  циклін  қайта  жаңғырту 
идеясы  алынған.  М.М.Жанпейісова 
жасаған  модульдік  оқыту  технология-
сының  өзіндік  нұсқасының  ерекше-
ліктері:  білімді  меңгеруге  емес,  жеке 
тұлғаның таным қабілеттері мен таным 
про-цестерін  арнайы  жасалған  оқу  және 
танымдық  жайлар  арқылы  дамытуға, 
сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, 
өзін  өзі  көрсетуін,  маңыздылығын 
анықтауға, 
өзара 
қарым-қатынас, 
ойын, танымдық және шығармашылық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға,  
белсенді  сөздік  қорын  (ауызша  және 
жазбаша тілін) дамытуға бағытталуы. 
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу 
циклі  ретінде  үш  құрылымды  бөлік-
тен: кіріспе, сөйлесу және қорытынды 
бөлімнен тұрады. Оқу модулінің ерек-
шелігі  -  жалпы сағат санына қарамас-
тан,  кіріспе  және  қорытынды  бөлім-
дерге  1-2  сағат  беріледі  де,  қалған 
уақыт  сөйлесу  бөліміне  бөлінеді.  Әр 
оқу  модуліне  бөлінген  сағат  саны 
әртүрлі болады. 
Оқу  модулінің  кіріспе  бөлімінде 
танымдық  кезең  жүзеге  асырылады. 
Кіріспе  бөлімде  білім  алушылар 
бағдарламаның осы тарауын неге және 
не үшін оқып-үйренулері керек, өздері 
нақты  нені  меңгеріп,  үйренулері  тиіс, 
алдағы жұмыстың  негізгі оқу мақсат, 
міндеттері неде екендігімен танысады. 
Оқу    материалы  мазмұнын  қысқаша  
тірек  сызбалар,  кестелер  және  т.б. 
белгілік  үлгілерге  сүйене  отырып, 
түсіндіру жүзеге асырылады. 
Сөйлесу  бөлімінде  оқу  материа-
лының  негізгі  мазмұны  біртұтас, 
Ә. Әубәкірова, 
Шығыс Қазақстан  
гуманитарлық колледжі, 
педагогика пәні  
оқытушысы, 
Өскемен қаласы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
19 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
жинақы,  «өсу»  бағытымен  беріледі  де,  барлық 
сабақтарында әртүрлі күрделілік  деңгейіндегі оқу 
материалына  бірнеше  мәрте  (7-13-ке)  қайта 
оралып, жұмыс істеуге мүмкіндік туады. 
Сөйлесу  бөлімінің  барлық  сабақтарында  өзара 
сөйлесуді  қамтамасыз  ету  басты  міндетті  шарт, 
талап  болғандықтан,  әртүрлі  белсенді  оқыту 
формаларын:  оқыта  үйрету,  рөлдік  ойындар  мен 
пікірталастар,  жеке  және  жұптық,  топтық,  ұжым-
дық  жұмыс  түрлерін,  ізденушілік  (зерттеушілік) 
оқыту элементтері кеңінен  қолданылады. Мысалы
(қосымша №1 үлгі) сөйлесу бөлімінің  алғашқы 1, 
2, 3 сабақтарында  оқу материалын қайта жаңғырту 
және  қарапайым  білік  пен  дағдыны  қалыптастыру  
мақсатында: «Қарлы кесек», «Ең қазымыр оқушы», 
«Баяндама»,  «Шеңбер  бойымен  әңгімелесу»,  «Ең 
бастысы»,  «Мәтін  бөліктері»,  «Мені  түсін»  т.б. 
ойындарына  қатысып,  оқушы  оқу  материалын 
оқып тыңдайды, көреді, жазады, дауыстап айтады. 
Білім  алушы  оқу  материалын  естіп,  тыңдаса  - 
30%, тыңдап, жазса - 50%, тыңдап, жазып, айтса -
70%, тыңдап, жазып, айтып, орындаса - 100% есте 
қалады. 
Тақырып  бойынша  тапсырмалар  үш  деңгейде 
саралап  беріледі,  әр  тапсырманы  білім  алушылар-
дың өздері таңдайды. Ал 3, 4, 5 сабақтарда  білім-
ді  талдау,  жинақтау  және  бағалау  мақсатында 
«Брейн-ринг»,  «Бақытты  сәт»,  «Кім  әділ  баға-
лайды?»,  «Білім  биржасы»,  «Өрмекші»,  «Аква-
риум»  т.б.  көптеген  пікірталастық  және  рөлдік 
оқыта  үйрету  ойындары  барысында  білім  алу-
шыларға  стандарт    талаптарына  сай  сараланған 
деңгейлік  тапсырмалар  беріліп,  тақырыпты  қай 
деңгейде меңгергені анықталады. 
Сөйлесу  бөліміндегі  оқу  материалын  оқыта 
үйрету  ойындары  арқылы  меңгерудегі    негізгі 
мақсат  –  білім  алушының  логикалық  қисынды  
ойлауын,  түрлі  құбылыстар  мен  фактілер  ара-
сындағы  байланысты  көре  білуін  дамытуды, 
қалыптастырып, 
ғылыми 
негіздеуге 
үйрету, 
олардың  интелектісін  және  креативтілігін  дамыту. 
Оқу  модуліндегі  білім  алушының    барлық  таным-
дық  қызметінің  қорытындысы  және  білім  алу-
шының  білімі  мен  іскерлігінің  мемлекеттік    білім 
стандартына сәйкес келуі (сай немесе сай еместігін 
салыстыру)  оқу  модулінің  үшінші  -  қорытынды 
бөлімінде жүргізіледі. 
Біздің  тәжірибемізде,  колледж  білім  алушы-
ларымен  жұмыста  8-14  сағаттарға  бөлінген  оқу 
модулі  тиімді  және  оқушының  кәсіби-тұлғалық 
құзыреттіліктерін  дамытуға  да  ықпалы  зор 
екендігін  көрсетті.  Модульдік  оқыту  жаңа  білімді 
меңгеру 
тәсілдерін, 
білім 
алушының 
шығармашылық  бейім-  ділігі  мен  танымдық 
дербестігін,  теориялық  білім-  дерін  практикамен 
ұштастыруға көптеп көмегін тигізеді. 
Сонымен қатар, білім алушының ой-өрістерінің 
кеңеюіне  маңызы  зор,  себебі  олар  ақпаратты  тек 
оқулықтан және қосымша әдебиеттерден ғана емес, 
ғаламтор жүйесінен де жұмыс жасап ізденіске түсіп 
үйренеді. 
Бұл  технологияның  тиімділігі  неде,    қандай 
пайдасы бар десек, мысалы, дәстүрлі оқытуда сабақта 
тек    8-10  білім  алушы  сөйлейтін  болса,    педагогика 
пәні  сабақтарында,  сөйлесу  бөліміндегі  «Қарлы 
кесек»,  «Кім  әділ  бағалайды»,  «Бақытты  сәт»  т.б 
оқыта  үйрету  ойындарын  қолдану  барысында 
ауыспалы  құрамдағы  топтарда  білім  алушылар 
«сөйлеуші»,    «сыншы»,  «сарапшы»,  «қорғаушы» 
рөлдерін атқаруда едәуір  нәтижеге жетеді. Сабақта 
білім  алушы  оқу  материалын  қатар  отырған  білім 
алушыға  түсіндіріп,  бір-бірінің  жауабын  бағалап, 
тексеріп, қорғауға мүмкіндік алады. 
Педагогика  пәнін  оқытуда    сабақ    барысында 
көз  жеткізгеніміздей,  дәстүрлі  ұйымдастырылған 
оқу  процесіне  қарағанда,  білім  алушылар  оқыта 
үйрету ойынына қатыса отырып, өзгелермен араласу 
барысында,  әсіресе  аз сөйлейтін  білім  алушылар  өз 
жауабын дәлелдеуге, сыни тұрғыдан пікір айтуға, 
өз-өзін  көрсете  білуге  ұмтылады  және  оқытушыға 
деген  тәуелділігі  азайып,  өз  ойын  ашық  қысылып-
қымтырылмай  еркін  айтуға  дағдыланып,  толық 
ашыла  түсуіне  қолайлы  жағдай  туғызылады.  Бұл 
болашақ  мұғалім  үшін  ең  қажетті  қабілеттер  мен 
құзыреттіліктердің бірі. 
Сонымен  бірге,  болашақ  мұғалімдердің,  сабақ 
барысында  жағымды  эмоциялар  арқылы  белсен- 
ділігі  артып,  сөздік  қоры  дамиды,  яғни  ауызша 
сөйлеу  мәдениетіне  үйренеді,  тұлғалық  қажетті 
ліктері қанағаттандырылады. Өз деңгейінде жұмыс 
істеу  мүмкіндігі,  ойынға  қатысу,  қорқыныш,  маза-
сыздық  сезімінің  жойылуы,  өзіндік  және  өзара 
бірге  дайындалу  мүмкіндігі  тууы,  субьект- 
субьектілік  қатынастардың  орнығуы  әрбір  білім 
алушының    өз  еңбегінің    жоғары  нәтижесіне  қол 
жеткізуіне  ынталандырады,  пәнге  деген  қызығу-
шылығы артады. Яғни, осы сабақтарда өзара көмек, 
өзара  бірлескен  қызмет,  өзара  сөйлесу,  серіктестік  
қарым-қатынас  іске  асады.  Сабақтарға  қатыса 
отырып,  білім  алушылар  өзара  сөйлесудің,  оқыта 
үйрету ойындарының артықшылығын көреді. 
Ең бастысы, болашақ ұстаздар педагогика пәнін 
модульдік технология негізінде оқып-үйрену бары- 
сында  оқыта  үйрету  ойындарының  ұйым- 

20 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
дастырылу, өтілу тәртібімен және Б.Блум таксоно- 
миясы бойынша деңгейлік тапсырмалардың жасалу 
ережесімен  де  тікелей  танысу  арқылы    мектепте 
өтілетін  іс-тәжірибеде  барысында  қолданып  ма-
шықтануға мүмкіндік алуда. 
Өз  тәжірибемде  осы  модульдік  оқыту  техноло-
гиясын    қолдану  барысында  әр  модуль  бойынша  
деңгейлік тапсырмалар, блиц-турнир, сынақ сұрақ-
тары  мен  тестік  тапсырмалар  жинағын  жасадым
(қосымша №1). Сабақтардың құрылымын, форма-
сын  және  мазмұнын  өзгертіп,  оқушылардың    бел-
сенді  оқу  қызметін  ұйымдастыру  формаларын 
мұқият ойлап, әзірленуге тура келді. Оқу модулінің   
қорытынды  бөлімінде  білім  алушы  білімін  бақы-
лаудың  формалары  ретінде  міндетті  тестілік 
тапсырмалар, сынақ, бақылау жұмыстарын  көптеп  
өткізілді. 
Сонымен,  қорыта  айтсақ,  өз  тәжірибемізде 
педагогика  пәнін  оқытуда  М.Жанпейісованың  
модульдік  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы 
білім  алушылардың  алған  білім  негізін  дамыта 
отырып,  білім  сапасын  едәуір  арттыруға  және 
жақсы  нәтижеге жетуге болатынын байқадық. 
Міне,  аз  уақыттың  ішінде  модульдік  оқыту 
технологияларын  оқу  сабақтарында  қолданудың 
дәстүрлі  лекция,  семинар  сабақтарына  қарағанда  
өте тиімді екендігіне көзіміз жете бастады. Әсіресе, 
табиғатынан  тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын, 
өздерін  көрсете  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу  
студенттерге  пайдасы    шексіз.  Олардың  да  оқуға 
деген қызығушылықтары туып, өз мүмкіндіктеріне 
қарай сабаққа қатысуы арта бастады. 
Төменде М.М. Жанпейісованың модульдік оқы-
ту  технологиясы  негізінде  өткізілген    сабақта-
рымнан үзінді ұсынып отырмын. 
I.  Тақырып:  «Оқыту  процесінің  мәні,  ерек-
шеліктері». Өзара оқыту сабағы. 
Сабақ  барысы:    Сабақ  оқушыларды    жұпқа 
бөліп жүргізіледі.Әрбір оқушы тапсырма алады. 
1) «Оқыту  процесінің  мәні,  ерекшеліктері» 
тақырыбы  бойынша  материалды  пысықтап,  басты 
ұғымдарды  бөліп  атап,  тезис-конспект  немесе 
жоспар-конспект құру ( кіріспе бөлімде алдын ала 
үйге тапсырма берілген).  Жұптардың әр мүшесін-
де  өз  тапсырмасы  бар  (1-нұсқа  немесе  2-нұсқа). 
Оқу материалын қайталауға 10 минут беріледі. 
2)  10  минуттан    соң  оқушы  тірек-конспектісін, 
сызбасын  пайдалана  отырып,  өзі  меңгерген  оқу 
материалын  серігіне 3  минут  ішінде айтып  береді, 
яғни  «мұғалім»  рөлінде  болады,  ал  оқушы  
(2-нұсқа) оны тыңдайды. 
3) Барлық жұптар бір уақытта жұмыс  істейді. 
4) 15 минуттан кейін оқушылар рөлдерімен ауы-
сады. 
5)  Тапсырмалары  бар  парақтар  таратылады 
немесе  тапсырмалар  интерактивті  тақтаға  жазы-
лады. Оқушылар таңдаған (1-нұсқа немесе 2-нұсқа) 
материалы  бойынша  тапсырмаларды  (жазбаша 
немесе ауызша) орындайды. 
Бөлімі 
Сабақ 
саны 
 
Сабақтың мазмұны 
уақыты 
Кіріспе 
бөлім 
1-ші сабақ 
Тірек сызбалармен 
жұмыс:  
1. Дидактика пәні, 
міндеттері, негізгі 
ұғымдары 
2. Дидактика және 
жеке әдістемелер 
3. Сөздік жұмыс 
4.Оқыту процесінің 
қозғаушы күштері  
5. Оқыту процесінің  
негізгі құрамдық 
бөліктері  
6. Дәптермен жұмыс 
 
 
20 минут 
 
 
15 минут 
 
10 минут  
15 минут  
 
20 минут  
 
 
10 минут 
2-ші сабақ 
Тірек сызбамен 
жұмыс  
1. Оқушылардың 
білімді ұғынудағы 
сатылары: мотив, 
қабылдау, түсіну, 
жинақтау, бекіту, 
қолдану.  
2.Оқыту түрлері. 
Педагогикалық 
технология мақсаты 
3.Оқулықпен және 
дәптермен жұмыс  
4. Сөздік жұмыс 
20 минут  
 
 
 
 
 
40 минут  
 
 
15 минут  
 
15 минут 
Сөйлесу 
бөлімі 
3-ші сабақ 
«Қарлы кесек» 
ойыны Рефлексия 
90 минут 
4-ші сабақ 
1. Өзара оқыту 
сабағы  
2. «Мені түсін» оқыта 
үйрету ойыны  
3. «Ең қазымыр 
оқушы» оқыта үйрету 
ойыны  
4.«Мәтін бөліктері» 
оқыта үйрету ойыны 
5.Блиц-турнир 
20 минут  
 
20 минут  
 
20 минут  
 
 
20минут  
 
10 минут 
5-ші сабақ 
«Кім әділ 
бағалайды?»  оқыта 
үйрету ойыны. 
Тренингтік 
тапсырмалар 
45 минут  
 
45 минут 
6-шы 
сабақ 
«Брейн-ринг» оқыта 
үйрету ойыны 
90 минут 
Қоры-
тынды 
7-ші сабақ 
Сынақ 
Тест 
45 минут 
45 минут 
Қосымша №1 
Модуль №1 тақырып «Оқыту және білім беру 
теориясы» - 14 сағат (үлгі жоспары) 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
21 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
6) Бірін-бірі тексереді. Тапсырма тексерілгеннен 
кейін,  «оқушы»  мен  «оқытқан  мұғалімге»  түрлі-
түсті  бағалау  жетондары  беріледі  немесе  бағалау 
парақтарына баға қойылады. 
7)  Сабақ  соңында  қорытынды  шығарылады. 
Баға жетондардың түсіне қарай қойылады. 
II.  Тақырып  «Дидактиканың  даму  тарихы. 
Қазақстанда  дидактика  мен  жеке  пән  әдістеме-
сінің негізін салушылар». 
«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.  
Ойынның  шарты:  Әр  топтан  бiр-бiр  оқушы 
шығып,  ортада  тұрған  үстелге  барып  отырады. 
Оларға берiлетiн шарт төмендегiдей: 
а)  оқытушы  тапсырма  ретiнде  дидактиканың 
негізін  қалаушы  педагогтардың  бірінің  педаго-
гикалық  ой-пікірлерін  негізгі  кілт  сөздер  арқылы 
«жұмбақтап»  айтып,  түсіндіреді,  қарсылас  білім 
алушылар  бұл  қай  педагогтың  ой-пікірі,  қандай 
еңбегі  екенін  анықтап,  ойды  жалғастыруы  керек. 
Дұрыс толық жауап - 3 ұпай, толық жауап - 2 ұпай, 
ал толық емес жауап - 1 ұпаймен бағаланады. 
ә)  қай  топ  білім  алушысы  бірінші  болып  тап-
сырмаға  жауап  берсе,  сол  топ  2-шi  тапсырманы 
қарсыластарына  оқу  мүмкіндігін  алады,  оны  қар-
сылас топтағы білім алушылар шешулерi  қажет. 
Ойында  қай  топ  білім  алушылары  тез  жауап 
беріп, көбірек ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді. 
Әр  топ  кемінде  үш  тапсырмадан  даярлап  келеді. 
Осы  ойын  барысындағы  сөздер  қайталанбаулары 
керек. Ойынды бақылап отыруы үшiн 3 бақылаушы 
тағайындалады.  Осы  берілген  3  ойынның  да  шар-
тын дұрыс және толық орындаған топ жеңiске же-
тедi. Жеңген топ оқушыларының iшiндегi жүйрiктi 
анықтау мақсатында осы модульда өтiлген педагог-
тардың  шығармаларынан  үзiндi  оқылады,  дұрыс 
жауабын  тапқан  білім  алушы  «Топ  жеңiмпазы» 
атағын алады. 
III.  Тақырып:  «Оқыту  процесінің  қозғаушы 
күштері.  Оқыту  процесінің  қызметі.  Оқыту 
процесінің құрамды бөліктері». 
«Ең қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны 
1-бөлім.  Оқушылар  «Оқыту  процесінің  қозғау-
шы  күштері.  Оқыту  процесінің  қызметі.  Оқыту 
процесінің  құрамды  бөліктері»  тақырыптары 
бойынша  мәтінді  жылдам  және  мұқият  оқып 
шығып,  мәтін  бойынша  сұрақтар  құрады.  Кім  көп 
сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді (уақыт - 5 минут). 
2-бөлім.  Оқушылар  кезегімен  құраған  сұрақ-
тарын басқа оқушыларға қояды, ал олар қысқа жа-
уап  береді.  Жауап  берушіні  жүргізуші  көрсетеді. 
Кім ең көп сұрақ қойып, жауап берсе, сол ең  «Қа-
зымыр оқушы» болады. (10 минут уақыт беріледі) 
IV. Тақырып: «Оқушылардың білімді ұғыну 
сатылары», «Оқыту түрлері» 
«Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны 
Ойын  шарты:  Оқушылар  әр  топта  5-ке    бөлі-
неді:  1-оқушы—«кіріспе»,  2-оқушы-«негізгі  ой», 
3-оқушы  -  «қорытынды», 4-оқушы  -  «толықтыру»,  
5-оқушы  -  «сарапшы».  Топ  оқушылары  мәтін 
бөліктерін  әңгімелеуді  ретімен  1,  2,  3  оқушыдан 
бастайды.  «Толықтыру»  тобы  әрбір  оқушыдан 
кейін сөз ала алады. «Сарапшылар»  әр топтағы әр 
оқушы  жауабын  бағалау  парақтарына  сараптайды 
және  қай  топ  тақырыпты  нақты  толық  айтқанын 
анықтап  бағалайды.  Әр  топқа  бірдей  немесе  әр-
түрлі  тақырып  беруге  болады.  Топтар  бір  уақытта 
жұмыс істейді (1-нұсқа) немесе кезектесіп те жауап 
берулеріне болады (2-нұсқа). 
«Кім әділ бағалайды?»  оқыта үйрету ойыны 
Ойынның шарты: Топ оқушыларын 4 оқушы-
дан бірнеше топқа бөлеміз. Әр топтың оқушылары 
таңдағаны  бойынша  «сөйлеуші»,  «сарапшы», 
«сынаушы»,  «қорғаушы»  деген  белгілерді  бөліп 
алады.  Әр  «сөйлеушіге»  тақырып  бойынша  1-2 
тапсырма  беріледі.  Әр  «сөйлеушіге»  тақырып  бо-
йынша  тезис-конспект  немесе  тірек  сызба  жасап, 
сұраққа  дайындалуға  10  минут  уақыт  беріледі. 
«Сарапшы»,  «сынаушы»,  «қорғаушылар»  да  «сөй-
леушіге»  берілген  тапсырмалар  бойынша  даярла-
нып отырады (уақыт 10 минут). Әр оқушыда баға-
лау  парағы  болады.    Алдымен  берілген  сұраққа 
«сөйлеуші»  дайындалып,  жауап  береді.  Оның 
берген  жауабын  «сынаушы»  сынай  отырып,  өз 
пікірін  айтады.  Ал  «қорғаушы»  «сөйлеушінің» 
сөзін  қолдап,  оны  қорғап  шығады.  «Сарапшы 
оқушы»-«сөйлеуші»,  «сынаушы»  мен  «қорғаушы-
ның»  жауаптарына  талдау  жасайды.  Қорытынды-
сында  бір-біріне  ынталандыру  бағасын  қояды.  Әр 
топтың    жауабын  жеке-жеке  тыңдауға  немесе  бір 
уақытта барлық топтар жұмыс істеуіне болады. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Әбиев Ж.Б.   Құдиярова А.  «Педагогика». - Алматы: Дарын, 2004 ж. 
2. Жанпейісова М.М.  Модульдік  оқыту  технологиясы - оқушыны  дамыту құралы ретінде. - 
Алматы: 2002ж. 
3. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К.  «Педагогика оқулығы». -  
Астана. Фолиант. 2007 ж. 

22 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Б 
ілім  беру  ұйымдарына  элек-
тронды  оқыту  жүйесін  енгізу  Қазақ-
стан  Республикасының  2011-2020 
жылдарға  арналған  білім  беруді  да-
мыту  мемлекеттік  бағдарламасының 
негізгі  бағыттарының  бірі  болып 
табылады.  Электронды  оқыту  жүйе-
сін  білім  беру  ұйымдарына  енгізудің 
басты  мақсаты  оқыту  үрдісінің  бар-
лық  қатысушыларына  тең  дәрежеде 
үздік  білім  беру  ресурстары  мен 
технологияларына  қолжеткізуіне 
негізделген.  
SMART  оқытудың  негізгі  мінез-
демесі – дамудың өзекті тенденциясы.  
Қоғаммен  бірге  білім  беру  жолдары 
да  өзгереді,  SMART-Learning  білім 
алушылар  өз  білімдерін  көрсете  ала-
тын  инклюзивті  және  дамыта  оқыту, 
контексті  түсіну  деңгейінің  жоғары-
лауы, тыңдаушыларды жетелеу арқы-
лы  жандандыру  және  өз  білімдерін  
қалыптастыру, ақпараттық үрдіс, өзін
-өзі  өнімді  оқытуға  баулу  сияқты 
мақсаттарды  көздейді.  Smart  оқыту-
дың  нұсқаулық  үлгісіне,  әмбебап 
сервисі  мен  контенттің  қолжетімді-
лігіне ерекше назар аудару керек. Сол 
себепті  де  қабылдау  үрдісінде  білім 
алушыны  жалықтырмау  үшін  интер-
фейстік  дизайн  нұсқаулығы  және 
үздік  контент  туралы  ойлану  қажет. 
Контент  интерактивті,  қызықты,  бар-
лық  адамдарға  қолжетімді  болуы 
үшін  Smart  және  U-learning  эле-
менттерін қолдану керек. 
Біз SMART-қоғамда, немесе басқа 
сөзбен айтар болсақ – ақылды қоғам-
да өмір сүрудеміз. Бұл дегеніміз  - біз 
өмірімізді жақсартуға арналған техни-
калық құралдар мен әртүрлі орталық-
тардың  қоршауындамыз.  Бүгінгі  таң-
дағы  барлық  жерден,  әлемдік  желі-
ден  деректер  алу  мүмкіндігі,  әлемдік 
білім  мен  тәжірибе  көлемінің  қол-
жетімділігі, барлығымызда дерлік бар  
 
көпатқарымды  құрылғы,  гаджеттер  
біздің  өмірімізді,  бос  уақытымыз  бен  
жұмысымызды  жеңілдетеді.  Олар: 
смартфондар,  планшеттер,  ультра-
буктер  мен  өзге  де  алуан  түрлі  за-
манауи технологиялар.  
SMART-оқытудың  негізгі  ас-
пектісі – білім берудің ыңғайлы және 
ашық ортасын құру: гаджеттерді пай-
далану,  ашық  білім  беру  қоры,  бас-
қару құрылымы. Біз өмір сүріп отыр-
ған  қоғам,  бүкіл  әлем  дамуда,  соған 
орай  адамдардың  қажеттіліктері  де 
өсуде,  жүзеге  асырушы  құралдар  да 
кемеліне  жетуде.  Кеше  ғана  біздер 
өзімізді  технологиялық  құрылғылар-
мен  қоршап,  адамдық  жүйе  құрып, 
аналогтік  есептеулерді  қолданған 
индустриялды  қоғамда  өмір  сүрдік. 
Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғамда 
бағдарламалық  қамтамасыздандыруға 
сүйеніп құрылған компьютерлік жүйе 
мен  сандық  ойлау  нарықтағы  өзек-
тілердің  бірі,  ал  ертең  бізді  ақпарат-
тық  жүйе  мен  будандық  ойлау, 
ақпараттық  технология  үстем  бола-
тын қоғам күтіп тұр.  
Электронды оқытуды дамыту дәй-
екті  түрде  инфрақұрылымның  ширақ 
дамуына  сәйкес  келесі  алгоритмдер 
арқылы  жүзеге  асады:  E-Learning;  
U-Learning  (Ubiquitous-Learning,  жап-
пай  оқыту);  M-Learning  (Мobile-
Learning  мобилді  оқыту);  SMART- 
education. SMART оқыту – бұл икемді 
оқыту: еркін қолжетімділігі бар, білім 
беру  шектеулерін  кеңейтуге  мүмкін-
дік беретін, тек қана білім алушылар-
дың  саны  емес,  уақыт  пен  кеңестік 
көзқарасы  тұрғысынан  да  білім  беру, 
кез-келген  уақыт  пен  барлық  жерде 
қолжетімді, бүкіл әлемдік контент кө-
мегімен мобилді құрылғыны пайдала-
ну негізінде интерактивті білім беру. 
SMART  –  қысқарған  сөз  (Self-
directed, Motivated, Adaptive, Resource 
К. Тобатаева,  
«Өрлеу» БАҰО» АҚ  
филиалы  ШҚО бойынша  
ПҚ БАИ-дың  бөлім 
бастығы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
23 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
free,  Technology  embedded),  жеке  тұлғаға  білім 
беруді  бағдарлау,  ішкі  ынтасын  жетілдіру,  бейім-
денуі,  қорға  еркін  қолжетімділігі,  технологиялар-
ды пайдалану дегенді білдіреді.      
Білім берудегі SMART ұғымы – оқыту үрдісіне 
қатысушылардың  құзыреттілігін  үздіксіз  дамыту 
үшін  интеллектуалды  орта  құру,  оқу  үрдісіндегі 
ресми  және  бейресми  іс-шаралармен  қоса  қолда-
нысқа енген жаңа құзіреттіліктерді қолдану жолда-
рының тәртіп көрсеткіші болып табылады.  Бұндай 
білім  берудің  техникалық  базасы  болып  оқушы-
ларға  тиесілі  құрылғылар  ғана  емес,  білім  беру 
мекемесінің  де  барлық  құрылғылар  тобы  жатады: 
қарапайым  компьютерлер,  ноутбуктар,  планшет-
тер,  смартфондар.  Бұлар  ақылды  экономика  мен 
сандық  қоғам  талабына  сай  табысты  іс-әрекеттер 
үшін қажетті білім беруді мақсат етеді.  
SMART  оқытудың  негізгі  мінездемесі: 
әртүрлі  операциялық  жүйелерге  арнап  жаса-
лынған  бағдарламалық  қамтамасыздандыру-
дың  сыйымдылығымен  қаруландыру;  оқыту 
ақпаратының  тұтастығы  мен  үзіліссіз  оқу 
үрдісінде  білімді  тең  дәрежеде  алуларына 
мүмкіндік  жасау;  уақыт  пен  орынға  тәуелсіз, 
мобилді,  үзіліссіз  және  оқу  ақпаратына  қол-
жетімділіктің  қарапайымдылығы;  оқытушы 
мен  оқушының  мобилді  құрылғылар  арқылы 
автономды  түрде  оқу  ақпараттарына  қолжет-
кізуі;  әртүрлі  мотивациялық  үлгілерді  анық-
тау; жеке және ұйымдық мақсаттармен жұмыс 
беруші  мен  білім  беру  мекемесінің  арасын-
дағы  өзара  байланыс;  құзыреттіліктердің 
өзгерген  көрсеткіштерін  бағалау  –  оқу  үрді-
сінің  нәтижесі  алған  біліммен  ғана  емес  іс-
тәжірибеде  қолдана  алуымен  де  өлшенеді; 
икемді  оқыту  артықшылықтар  мен  білім 
алушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  көрсетеді 
(оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып 
білім  беруді  жоспарлау  мүмкіндігі  мынандай: 
бастапқы  білім,  тәжірибе  мен  дағды;  білім  беру 
стилі;  оқытудың  әр  сәтінде  физиологиялық  және 
психологиялық жағдайға дейін). 
SMART  оқытуды  тарату  шарттары.  Формалды 
және  формалды  емес  білім  беруді  мойындау. 
Құзіретті-бағдарлау  –  мамандық  құзіреттілігі  мен 
белгілі  бір  үлгілер  негізінде  мазмұнын  жаңарту. 
Техникалық  құрылыстағы  құрылымдық  өзгерісті 
және  SMART  құрылғыны  оқу  үрдісіне  енгізуді 
қамтамасыздандыру  оқу  үрдісінде  барлық  қаты-
сушылардың  құзіреттілігін  үзіліссіз  басқару  ар-
қылы  жүзеге  асады.  Білім  беру  ортасына  өзіндік 
диагностика құрылғысын енгізу білім беру ортасын 
тұрақты  атқарымдардың  барлық  элементтерімен 
(аппаратты  бөлімдері  мен  контентті)  қамтама-
сыздандыруды көздейді.  
Үздіксіз  ұстанымды  тарату  үшін  тұғыр-
намааралық  жол  мен  білім  беру  ұйымдарындағы 
бар операциялық жүйелерге бейімделетін бағдарла-
малық  қамтамсыздандыруды  енгізу  керек.  Микро-
үлгілерді,  әртүрлі  құрылғыларды  пайдалану  арқы-
лы  білім  беру  контентін  жоғарғы  жылдамдықта 
жаңарту.  Білім  беру  контентін  әзірлеуде  құрылғы-
ларды  пайдалану  зияткерлік  ортада  қолданылатын 
құрылғы пішімінде объект жасауға мүмкіндік бере-
ді.  Бағалау  жүйесінде  оқытудың  мерзіміне  емес, 
оның    нәтижелілігіне  назар  аударуымыз  керек. 
Оқуға дейінгі және кейінгі құзыреттіліктерді анық-
тау  үшін  нақты  өлшемдер  қажет.  Метрикалық  өл-
шемнің  барлық  қорытындысы  оқыту  үлгісінің 
сараптамасы  үшін  электронды  портфолиода 
сақталады.  
SMART  оқытудың  қорына:  видео-материалдар, 
видео  және  онлайн  дәрістер,  тренажерлар,  сандық 
кітаптар және т.б. кіреді. 
Контент әзірлеудегі міндетті кезеңдер:   
-  контент  жоспарының  жобасы  (мақсаты,  маз-
мұны, бағалау жүйесі); 
- контент әзірлемесін дайындау (StoryBoard); 
-  контент  мазмұнын  әзірлеу,  жалғасымдылық 
уақыты 25 минут.  
Электронды оқытуды қолдану барысында білім 
алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  жүйесі 
нақтылануы  керек.  Дәстүрлі    бес  ұпайлық  бағалау 
жүйесі  электрондық  оқытуда  қолданыла  алмайды, 
себебі:  
-  оқушы  бойында  оқу  дербестігінің  «негізгі 
кірпіші»  -  бағалау  дербестігін  қалыптастыруға 
толыққанды  мүмкіндік  бермейді  (аталған  қабілет 
білім  берудің  жаңа  сапасын  анықтайтын  негізгі 
құзыреттілік екендігін мойындатты); 

24 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
-  жекелей  оқытуды  қиындатады,  оқушылардың 
білім алудағы алдыңғы қорытындыларын нақтылы 
жеткен  деңгейімен  салыстыра  отыра  бағалау 
қиындық тудырады;  
- аз ақпаратты болып табылады, нысанды және 
жабық сын нақты білім деңгейін көрсете алмайды, 
ең бастысы, ары қарай күш жұмсау векторын, яғни 
нені  нақты  жетілдіру  керек,  немен  жұмыс  жасау 
керек,  бұл  білім  алушының  мүмкіндігі  қандай 
екендігін  анықтауға мүмкіндік бермейді;   
-  жиі  жаралаушы  болып  келеді,  оқушы  үшін 
алдау  қаруы  және  психологиялық  қысым  болуы 
мүмкін.  
«Оқу үшін білім алу» жаңа ұғымы оқушыларды 
білім  алу  барысында  жеке  қиындықтарын  жеңуге 
негіздейді,  күрделі  ептілік  пен  іскерлік  іс-әрекетін  
қалыптастыру  деңгейін  тексеруде  әдіснамалық 
жаңа бағалауды талап етеді.  
Нәтижелі  білім  беруге  бағытталған  оқытудың 
бағалау жүйесі мүмкіндік беруі тиіс:  
-  ақпараттық  және  мөлшерлі  қайтарымды 
қатынасты  жүзеге  асырып,  білім  алушыларға 
бағдарламаны  орындау  туралы  ақпаратты  беру 
арқылы  ол  қаншалықты  алға  жылжыды,  бағдарла-
мыны  орындау  деңгейінде  неге  ерекше  назар 
аударуын  көрсету  арқылы  әлсіз  тұстарын  көрсету, 
ал  тьюторға  бұл  қайтарымды  қатынас  қойған 
мақсатына жету туралы ақпаратты береді.  
-  оны  көтермелеу  түрінде  қолдану,  бірақ 
жазалау  емес,  оқуға  ынталандыру,  білмейтін  тұс-
тарын  қарастыруға,  білетінін  жетілдіруге  пайда-
лану;  
-  бағалау  жүйесі  арқылы  білім  алушының  өз 
екпінімен  сәл  болса  дағы  алдыға  ұмтылысын 
көрсету;  
- оқушыларды жетістікке бағдарлау;  
- шектелген топтағы білім алушылардың жетіс-
тіктеріне ғана  емес,  терең негізіне сүйену,  өзін-өзі 
бағалауының қалыптасуы мен дамуына көмектесу. 
Бүгінгі  таңда  әдебиетте  «қалыптастырушы 
бағалау» термині кеңінен қолданылып жүр, бағалау 
ең  алдымен  оқушының  жеке  қалыптасуына 
бағдарлануы тиіс.   
Қалыптастырушы бағалау (кей кезде ішкі деп те 
аталады)  әр  оқушының  жеке  жетістіктерін  анық-
тауға  бағытталған,  бұл  бағалау  қорытындыны 
салыстыруды  және  әкімшілік  тұжырымды  қажет 
етпейді.  
Бағалаудың бұл түрін қалаптастырушы деп атау 
себебі,  баға  нақты  оқушыға  бағытталған  және  сол 
оқушының  тақырыпты  меңгерудегі  олқылықта-
рының орынын тиімді толтыру үшін беріледі.   
Бағалаудың  сыни  жүйесі  білім  беруде 
жоспарланған  барлық  іс-әрекетті  бағалау  үшін 
өлшемдер  жүйесі  құрылады  деп  топшалайды. 
Мысалы,  электронды  оқытуда  форумға  қатысу 
қарастырылса,  форумда  білім  алушылардың  жұ-
мыстарын  бағалау  үшін  бағалау  өлшемдері 
көрсетілу керек:  
- форумға қатысуы; 
-  форумда  айтылған  пікірлер  форум  тақы-
рыбына  сәйкес;  форумдағы  пікірлер  берілген  кес-
теге  сай  «3-2-1»  (3  аргумент  «келісемін»,  2  ар-
гумент «қарсымын», 1 «сұрақ»); 
- пікірлер сыпайы және әдепті.  
Samsung  Smart  School    жобасын  іске  асыру 
бойынша  инновациялық  іс-әрекеттің  негізгі 
бағыттары:  
-  оқу  үрдісінде  Samsung  Smart  School  интерак-
тивті  құрылғысын  және  бағдарламамен  қамтама-
сыздандыру мүмкіндіктерін зерттеу;  
-  оқу-тәрбие  үрдісінде  Samsung  Smart  School 
қолданудағы  педагогикалық  тәжірибені  тарату 
үшін  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру.  Осы 
бағытта  мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби  құзіретті-
ліктерін дамыту; 
-  Samsung  Smart  School  мен  мектептің  білім 
беру  кеңісітігін  біріктіру  (оқу-тәрбие  үрдісінде 
интерактивті сыныпты қолдануды ұйымдастыру).  
Samsung  Smart  School  интерактивті  құрыл-
ғының  мүмкіндіктерін  зерттеу  және  оқу-тәрбие 
үрдісінде жүзеге асыру үшін мұғалімдерден шығар-
машыл  топ  құру.  Бұл  топтың  басты  тапсырмасы: 
құрылғының  білім  берудегі  мүмкіндіктерін  игеру 
және  педагогикалық  тәжірибені  мұғалімдер 
ұжымында  тарату.  Тұрақты  түрде  презентация, 
шебер-класс,  коучингтер  ұйымдасытырылып, 
ақпараттық бүктемелер шығарылады, т.б.  
Ақылды  кабинеттің  мүмкіндіктерін  сабақта 
пайдалану  оқушылардың  білімге  деген  ынтасын 
арттырады.  Оқушылар  жеке  және  жұптық  жоба 
жасау  барысында  S-Note  бағдарламасын  белсенді 
қолданып,  сол  арқылы  коллаждар  мен  әртүрлі 
тақырыптарға  плакаттар  жасап,  жобаларын  қор-
ғайды.  Видеоредактор  бағдарламасымен  жұмыс 
істеу  барысында  пәнді  игеруге  деген  қызығушы-
лықтарын  артыратын  клиптер,  фильмдер  құрас-
тырады.  Тілдік  пәндерде  жоба  құру  барысында 
оқушылардың  қарым-қатынас  құзіреттілігін  жетіл-
діру үшін барлық тілдік іс-әрекеттерді пайдалануға 
болады,  олар:  оқу,  сөйлеу,  аудару  және  жазу. 
Жобамен  жұмыс  оқушылардың  субъекті  қабілет-
терін  дамыта  отыра  әр  баланың  бойынан  даралық, 
бірегейлік  және  қайталанбас  қабілеттерді  көруге, 
шығармашылық  әлеуетін  кеңейтуге  мүмкіндік 
береді.  Балалар  өз  планшеттерінде  жеке  жұмыс 
жасау  арқылы  бір-бірімен  ақпарат  алмасуға,  өзін-
өзі  тексеру  мен  өзге  оқушылардың  жұмысын 
бағалауға үйренеді.  
Өзіндік  жұмысты  өткізу  барасында  дамыта 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
25 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
оқытуды  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  өте 
тиімді:  әр  планшетке  оқушылардың  жеке  ерек-
шеліктерін  ескере  отыра  тапсырамалар  (граммати-
калық  материал  мен  үлестірме  қағаздар,  ми 
жұмысын  жақсарту  үшін  логикалық  жаттығулар) 
жіберіледі.  Smart  School  мүмкіндігін  пайдалана 
отыра  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыс  түрлерін 
ұйымдастыруға  болады.  Сабақта  компьютерлік 
тесттерді,  білімдерін  тексеруге  арналған  ойын-
дарды  пайдалану  аз  уақыттың  ішінде  игерілген 
материал деңгейін көрсете алады. Бұндай жұмысты 
ұйымдастырғанда  сабақ  үлгерімі  төмен  оқушылар 
да сабаққа белсене қатысады. Smart School бағдар-
ламасы  мұғалімге  сабақтың  барлық  кезеңінде  әр 
оқушының  жұмысын  ұйымдастыруға,  жетекшілік 
етуге және бақылауға көмектеседі, бірде-бір оқушы 
мұғалім назарынан тыс қалмайды.  
Samsung  Smart  School  мектептің  маркетингтік 
үрдісінде  де  орны  ерекше.  Сынып  мектепішілік, 
қалалық, облыстық деңгейдегі іс-шараларды ұйым-
дастыруда  көп  көмек  көрсетеді.  Оқушылардың,  
ата-аналардың,  педагогтардың,  қоғамдық  ұйым 
өкілдерінің үлкен қызығушылығын оятады.  
Мектепте  Samsung  Smart  School  тәжірибесін 
пайдалану  бойынша  мынадай  нәтижелерді  атап 
айтуға болады:  
-  презентациялық  және  интерактивті  Smart 
School  құрылғысын  пайдаланудың  ыңғайлылығы 
(All Share технологиясымен пайдалану). 
-  мұғалімдер  мен  оқушылардың  ақпараттық 
құзыреттіліктерін  дамытудағы  әлеуетілігі  (сабақ 
аясында  интернетті  және  медиаконтентті  пайдала-
нудың үлкен мүмкіндігі). 
-  оқушылардың  креативтілігін  (шығарма-
шылығын)  дамыту  (Samsung  Smart  School  бағдар-
ламасы  әртүрлі  контентті  пайдалана  отыра 
шығармашыл жобалар жасауға мүмкіндік береді).  
-  оқушылардың  ынталарын  ояту  (Smart  School 
құрылғысымен  жұмыс  оқушылардың  үлкен  қызы-
ғушылықтарын тудырады). 
-  мектеп педагогтерінің  кәсіби құзыреттіліктері 
кеңейіп  (мұғалімдер  интерактивті  құрылғымен 
және  Smart  School  бағдарламасымен  жұмыс 
жасауға бейімделеді). 
SAMSUNG  SMART  SCHOOL  интерактивті 
құрылғысының  болашағы  мектепте  өткізілген  
тәжірибеден айқындалады. 
Бұл: 
-  SAMSUNG SMART SCHOOL мүмкіндіктерін 
мектеп  тәжірибесінде  белсене  қолданатын 
мұғалімдер санының  өсіуі.  
- SAMSUNG SMART SCHOOL ұсынған барлық 
мүмкіндіктердің жүзеге асуы.  
-  аталмыш  құрылғысы  бар  білім  беру  меке-
мелерімен өзара жүйелік байланыстың аумақтануы.  
Білім берудің бұндай жолы әр адамға өмір бойы 
білім  алуға,  ақпарат  пен  білім  беретін  әртүрлі 
құрылғыларды  өмірінің  соңына  дейін  пайдалануға 
машықтандырады.  Білімде  бір  жерден  ғана 
қаныққаныңша  алатын  көз  жоқ.    Homo-Sapiens 
уақыты  өткен,    болашақ  Homo-Ludens,  ойлап  қана 
қоймай, ойнайтын адамда. 
Қолданылған әдебиеттер 
1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
2.  Штода  В.А.  Особенности  применения  ЦОР  и  интерактивной  доски  на  уроках  //  ИКТ  в 
образовании. - 2009. - № 12 (48). – С. 14-15. 
3.  Семченко  А.А.,  Мухамбетжанова  С.Т.,  Толыкбаева  Г.Н.,  Жартынова  Ж.А.,  Коровина  С.В. 
Разработка образовательных контентов в объектно-ориентированной среде «MOODLE»-Алматы: 
РИПК СО, 2011.-48с. 
4.  Зайнутдинова    Л.Х.  Создание  и  применение  электронных  учебников  (на  примере  общетех-
нических дисциплин) Л.Х. Зайнутдинова. – Астрахань : Изд-во «ЦНТЭП», 1999. – 364 с. 
5.  Куклев  В.А.  Опыт  разработки  и  применения  цифровых  образовательных  ресурсов:  от 
компьютеризированных  учебников  через  сетевые  технологии  к  мобильному  образованию  // 
Компьютерные учебн. программы и инновации. - 2006. - № 3. - С. 70-74 

26 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Қ 
азіргі 
заманғы 
Қазақстан 
жиырма жылдан астам уақыт егемен-
ді,  тәуелсіз,  зайырлы  мемлекет  ре-
тінде өмір сүруде. Осы жылдар ішінде 
қоғам  өмірінің  барлық  салаларында 
дерлік  терең,  түбегейлі  өзгерістер 
орын  алды.  Ол  саяси,  экономикалық, 
әлеуметтік  салаларды  қамтып,  қоғам-
дық санада да өз ізін қалдырды деуге 
болады.  Нарықтық  қатынастардың 
пайда  болуы  мен  дамуы,  жаңа 
коммуникациялық  және  ақпараттық 
технологиялар,  шекараның  ашылуы 
мен  Қазақстанның  жаңа,  тәуелсіз 
мемлекет  ретінде  әлемдік  деңгейге 
шығуы  –  осылардың  барлығы  қоғам-
дық  сана  мен  қоғам  дамуындағы  әр-
түрлі  қарама-қайшылықтар  мен  пара-
докстарды  шарттайтын  әлеуметтік 
күштерді  тудырды.  Бұл  өз  кезегінде 
дін  мен  діни  құбылыстардың  өзінде 
де терең өзгерістерге алып келді.  
Қазақстан  Республикасының  Пре-
зиденті  Н.Ә. Назарбаев  Әлемдік  және 
дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  III 
съезінде  сөйлеген  сөзінде:  «Сан  ға-
сырлар  бойы  түрлі  этностар  мен  діни 
нанымдардың  рухани  мұрасымен 
кемелденген  Қазақстанның  біртұтас 
халқы өз бойына толеранттылық, діни 
төзімділік  және  жаңа  атаулыны  қа-
былдауға  деген  ашықтық  секілді  қа-
иеттерді  қалыптастырған»  -  деп  атап 
көрсетті
Қазіргі таңдағы Қазақстанның сая-
саты  конфессияаралық  бейбітшілік 
пен  келісімді  орнатуға,  қазіргі  за-
манғы  қоғамдағы  рухани-адамгерші-
лік  құндылықтардың  жаңа  жүйесін 
құруға  бағытталған.  Бұл  әсіресе  көп 
конфессиялы,  көп  ұлысты  қазақстан-
дық  қоғам  жағдайында  өзекті  болып 
табылады.  Қазақстанның  ұлттық-
мәдени 
мемлекеттілігін 
нығайту,  
 
қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу 
жастарды  сан  ғасырлы  рухани  құн-
дылықтар  мен  әлемдік  және  дәстүрлі 
діндердің  рухани-адамгершілік,  ізгі-
лікті  тәжірибесіне  тартуды  қажет 
етеді. 
Тәуелсіз  қазақ  қоғамында  поли-
конфессиялық, полиэтникалық жағдай 
өзекті  тақырыпқа  айналуда.  Діндер 
мазмұнындағы  сан  ғасырлық  рухани 
құндылықтарды  білім  мен  тәлім-
тәрбие  жүйесіне  ендіру,  дәстүрлі  дін-
дердің  ғасырлар  бойы  жинақтаған 
тарихи  маңызы  зор  тәжірибесін  жас-
тарға  аса  сауаттылықпен  түсіндіре 
отырып  білім  беру  –  бүкілхалықтық 
қажеттілікке 
айналып 
отырғаны  
белгілі.  
Ресми  дереккөздерден  алынған 
мәліметтерге сәйкес Қазақстан халқы-
ның 70 пайызы мұсылман, 22 пайызы 
христиандық  православие  дінін  ұста-
нушы  ұлт  өкілдерінен,  қалған  8  па-
йызы әртүрлі діни ағымдарды ұстана-
тын  адамдардан  құралған.  Діни  фак-
тордың  барған  сайын  қоғамдағы  ішкі 
үдерістерде  пәрменді  күшке  айналып 
келе  жатқаны  күн  өткен  сайын  анық 
байқалуда.  
Қазақстан  Республикасының  Пре-
зиденті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  Қа-
зақстан халқына арнаған  «Қазақстан-
2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мем-
лекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  Жолда-
уында  «Бүгінде  біздің  халқымыз 
үшін  дәстүрлі  емес  діни  және  
жалған  діни  ағымдар  мәселесі  
өткір тұр. 
Жастарымыздың бір бөлігі өмірге 
осы  жат  жалған  діни  көзқарасты 
көзсіз  қабылдайды,  өйткені  біздің 
қоғамның  бір  бөлігінде  шеттен  кел- 
ген  жалған  діни  әсерлерге  иммуни-
теті әлсіз. 
Б. Нұғыманов, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ 
филиалы ШҚО бойынша 
ПҚ БАИ аға оқытушысы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
27 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Біздің  Конституция  сенім  бостандығына 
кепілдік  береді,  бұл  –  факт.  Бірақ,  өздеріңіз 
білетіндей,  шексіз  еркіндік  деген  болмайды.  Ол 
дегеніміз  –  хаос.  Барлығы  да  Конституция  мен 
заңдар аясында болуға тиіс» – деп атап көрсетті. 
  Осындай  жағдайда  еліміздің  жас  жеткін-
шектерінің  парасатты  ой-өрісінің,  ізгілікті  сана-
сезімінің,  жоғары  рухани-адамгершілік  қасиет-
терге,  гуманистік  дүниетанымға  негізделген  толе-
рантты  тұлғасының  қалыптасуына  жағдай  жасау, 
кауіпті  діни  ағымдар  мен  экстремистік  топтардың 
ықпалынан  қорғау  маңызды  болып  отыр. 
Сондықтан елімізде өзара түсіністік пен дінаралық 
татулықты сақтай отырып мемлекеттілікті нығайту 
және  отаншылдық  сезімді  күшейту  үшін  өскелең 
ұрпаққа  дәстүрлі  діндер,  олардың  рухани 
құндылықтары  және  шығармалары,  халқымыздың 
рухани  қазынасына  айналған  дін  ғұламалары 
жайлы ғылымға негізделген білім жүйесін беру аса 
өзектілікке ие. 
Осы  мәселелер ескеріле отырып  ҚР  Білім  және 
ғылым министрлігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 
353  бұйрығы  негізінде  Негізгі  орта  білім  беру 
деңгейінің  9-сыныбы  үшін  «Дінтану  негіздері» 
факультативтік  курсын  оқыту  2009-2010  оқу 
жылының  II  жартыжылдығынан  бастап  оқытылып 
келеді. Курстың көлемі оқу жылына 34 сағат.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2011 
жылғы 20 шілдедегі № 02-3/926 бұйрығына сәйкес 
курс  міндетті  түрде  оқытылатын  факультативті 
сабақ болып мектептерде енгізілді
ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  №  1080  қаулысы 
негізінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 
бұйрығына  111-қосымшамен  Негізгі  орта  білім 
беру  деңгейінің  9-сыныбы  үшін  «Дінтану 
негіздері»  курсынан  типтік  оқу  бағдарламасы» 
бекітілді. 
Осы ретте елімізде қалыптасқан рухани тыныш-
тық  пен  ынтымақты  сақтап,  одан  әрі  дамыту,  жас 
ұрпаққа  дін  мәселесінде  аса  сауаттылықтың 
қажеттігінен  білім  нәрімен    зерделеп  отырған 
дінтану  пәні  мұғалімдерінің  біліктілігін,  жауап-
кершілігін  арттыру  өткір  мәселе  ретінде  қойылып 
отыр.
 
«Дінтану  негіздері»  курсын  міндетті  түрде 
тарих,  құқық пәндерінің  мұғалімдері өткізуі қажет 
және  мүмкіндігінше  мектептегі  жоғары  санатты 
мұғалімнің өткізгендігі орынды. 
«Дінтану  негіздері»  курсын  оқыту  мақсаты: 
оқушыларды  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің 
тарихы мен қазіргі жағдайы туралы оқыту, олардың 
қоғамда алатын орны, діни сенімдерінің еркіндігін, 
қабілеттерін қалыптастыруға және алған білімдерін 
өмірде  пайдалана  алуға,  рухани-адамгершілік  құн-
дылықтары  негізінде  оқушыларды  толеранттылық 
қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 
дүниетанымын  қалыптастыру,  сонымен  қатар 
экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 
идеологияларын қабылдамауға үйрету
«Дінтану негіздері» курсының міндеттері: 
1)  оқушылардың  діннің  тарихы  және  қазіргі 
замандағы  ролі  туралы  білімін  жүйелендіру  және 
тереңдету; 
2)  діннің  танымдық-дүниетанымдық,  мәдениет 
танушылық және гуманистік негіздерін ашу; 
3)  толеранттылыққа  және  діни  білімнің  қазіргі 
заманғы  қайнар  көздерін  сыни  тұрғыдан  бағалай 
білуге тәрбиелеу; 
4)  Қазақстандағы  және  әлемдегі  ұлтаралык, 
конфессияаралық  келісімдерді  нығайту  үшін 
азаматтық жауапкершілікке баулу; 
5)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм 
идеологиялары  мен  тәжірибелерін  қабылдамауға 
тәрбиелеу; 
6)  діни  әдебиеттер,  электрондық  білім  және 
бұқаралық  ақпарат  құралдар  материалдарын  сыни 
тұрғыда  сараптау  мәдениеті  мен  қабілеттерін 
қалыптастыру; 
7) құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматта-
рының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәр-
биелеу
Бағдарламада  діндердің  тарихы,  олардың  тар-
мақталуы, жекелеген ағымдары мен бағыттары ту-
ралы  жалпы  мағлұмат  беріліп,  олардың  арқайсы-
сына  егжей-тегжейлі  тоқталу  көзделмеген.  Оқушы 
өзінің  таным-түсінігіне  сәйкес  келетін  және  күн-
делікті  өміріне  қажет  боларлық  білімдер  жүйесін 
тиісті  ғылыми  әдебиеттерге  сүйене  отырып 
меңгереді. 
«Дінтану»  курсының  бағдарламасында  діндер-
дің  тарихына  шолумен  қатар  окушылардың  қо-
сымша  өзіндік  ізденуімен  ұйымдастырылатын 
жобалық  жұмыстары  арқылы  діннің  адамның 
рухани болмысы мен қоғам өмірінде алатын орны, 
дінге  байланысты  зайырлы  мемлекетіміздің  ұс-
танған саясатының мәні мен мақсаты, діни ағымдар 
мен  бірлестіктердің  мақсат-мүдделері  және  іс-
әрекеттері, халықтардың мәдени-ұлттық және діни 
әдет-ғұрыптары,  салт-жоралары  мен  мейрамдары, 
халқымыздың  рухани  қазыналары,  дін  ғұлама-
ларының  рухани  мұралары  жайлы  білім  жүйесін 
беру,  діндердің  түрлі  халықтар  арасына  енуі  мен 
таралу  ерекшеліктері  жөніндегі  тақырыптарды 
игеру  көзделген.  Пәндік  білім  мазмұны  осылайша 

28 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
қажетті  және  жеткілікті  құрамда  жүйеленген  жағ-
дайда  ғана  оқушы  діндер,  діни  ағымдар  мен 
бірлестіктердің  мақсаттары  мен  ерекшеліктері 
жөнінде өміріне қажетті сапалы білім алуы мүмкін. 
«Дінтану»  курсы  бойынша  берілетін  білім,  бір 
жағынан,  бүгінгі  оқушы  -  ертеңгі  ел  азаматының 
ұлтынын  рухани  мәдениетін  сақтап,  өз  рухын 
байытып, өзгенін рухани ықпалынан қорғай білуді 
қапыптастырса, екінші жағынан, өзге дінді, өзгенің 
діни  танымын,  олардын  басқаларға  деген  көзқара-
сын  анықтап  білуге,  олармен  сыйластық  қарым-
қатынасты қалыптастыруға бағытталған. 
Сондай-ақ,  бағдарламада  қамтылатын  оқу 
материалын  орналастыру  барысында  ел  халқының 
діни  ұстаным  ерекшеліктері  мен  соған  сай  үлес 
салмағы  анықтаушы  ұстаным  ретінде  алынған. 
Әсіресе,  Қазақстандагы  діни  ахуалға,  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
Қазакстан  Республикасында  және  халықаралык 
қауымдастықта  бейбітшілік  пен  конфессияаралық 
келісім  орнату  саласындағы  саясатының  мәні  мен 
маңыздылығын  ашуға  басымдылық  беріледі. 
Қазіргі  заман  талаптарына  сай  оқушы  өз  елінің  
діни-рухани  ілімдері  туралы  мәлімет  алу,  адам-
гершілік,  ізгілік және төзімділік қағидаларына жат 
болып  саналатын  ұстанымдар  жайында  хабардар 
болу  арқылы  адамдар  арасындағы  татулық  пен 
өзара  түсіністік  жағадайында  өмір  сүруге  тәрбие-
ленуі тиіс. 
«Дінтану  негіздері»  курсы  бағдарламасына 
сәйкес  оқу  материалын  құрылымдау  және 
оқыту  процесін  ұйымдастыру  төмендегі  дидак-
тикалық  ұстанымдарға сай жүргізіледі: 
- ғылыми негізділік пен түсініктілік; 
- жүйелілік пен сабақтастық; 
- көрнекілік пен абстрактылық; 
- саналылық пен белсенділік; 
- білімді игерудің беріктігі;  
- пәнаралық және пәнішілік байланыс; 
- мәдени сәйкестілік; 
- проблемалылығы; 
- даралай және саралай оқыту; 
«Дінтану  негіздері»  курсын  оқытуға  байла-
нысты  төмендегідей  әдіс-тәсілдерді  қолдануға 
болады. 
Оқушылардың  алған  білімдерін  тиянақтап 
бекіту  үшін  оларды  қызықтырған  тақырыптар  бо-
йынша  «Дінтану  негіздері»  курсының  бағдарла-
масы  аясынан  шықпай  шығармашылық  жобалық 
қызметтерге  көңіл  бөлінеді.  Ол  жобаларды  орын-
дауда  оқушылардың  түрлі  бағыттағы  танымдық 
ізденіс  жұмыстарын  ұйымдастыруға,  танымдық 
қызығушылық  пен  белсенділігінің  қалыптасуына 
баса  назар  аударылуы  қажет.  Бұл  орайда  мұғалім 
оқушылардың  дайындығы  мен  қызығушылығын, 
жобаның 
танымдық 
бағыты 
мен 
өмірлік 
маңыздылығын есепке алуы тиіс. 
Сабақты  ұйымдастырудың  ғылыми-практика-
лык  конференция,  пікірталас,  дөңгелек  үстел, 
шағын жобалар қорғау жұмыстарының берері көп. 
Жобалар  жеке-дара  немесе  топпен  педагоги-
калық ынтымақтастық әдістерін пайдалана отырып, 
орындалуы  мүмкін.  Олардың  саны  білімді  тия-
нақтауға  жеткілікті  мөлшерде  болып  төмендегі 
бағыттарды қамтиды: 
-  дін  мәселелері  бойынша  газет,  журнал  мақа-
лаларын,  ғылыми-көпшілік  басылымдарды  талдау, 
ауызша және жазбаша хабарлама дайындау; 
-  діндердің  айырым  белгілері  мен  ерекшелік-
терін ажырату; 
-  дәстүрлі  діндерге  ортақ  тұжырымдарды  табу 
және оларды дәлелдеу; 
-  Қазақстандағы,  аймақтағы  діни  ахуалды 
сараптау; 
-  Қазақстанның  киелі  орындары  туралы  шолу 
жасау және олардың қасиеттерін түсіндіре aлy; 
-  дінаралық  татулық  пен  діни  төзімділікке 
мысал боларлық нақты жәйттерді өмірден табу т.б. 
Сабақ барысында төмендегі мәселелерге барын-
ша көңіл бөлінуі тиіс: 
-  Қазақстанның  бүгінгі  дін  саясаты  мен 
ұстанымдарын,  оның  тарихи-мәдени,  демократия-
лық және өркениеттік мәнін басшылыққа алу; 
- қандай да бір бағытқа бұра тартушылыққа жол 
бермеу; 
-  практикалық  жұмыс  орындауға  қажетті 
жағдайларды қарастыру; 
-  елдің  мәдени,  рухани,  діни,  ақпараттық 
сапасын реттейтін заң талаптарын қатаң сақтау; 

ғылыми-таңдаушылық, 
сараптамалық-
салыстырушылық әдістерді қолдану; 
-  жобаны  дайындаудың  технологиялык  тізбек-
тілігін анықтау т.б. 
«Дінтану  негіздері»  курсының  кіріктірілген 
сипатынан  білім  мазмұнын  құрастыру  мен  оқу 
процесін  ұйымдастыру  төмендегі  пәндермен 
мазмұндық  пәнаралық  байланысты  орнату 
негізінде жүзеге асырылады: 
Қазақ тілі пәнімен: 
-  оқушылардың  сөздік  қорын  дін  тарихы  мен 
діни сенімдер саласының ұғымдарымен байыту; 
-  ұлттық  мәдениетке  құрмет  сезімін  тәрбиелеу 
және  басқа  да  мәдениет  бастауларына  бірдей 
қатынас калыптастыру; 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
29 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Әдебиет пәнімен: 
-  діни  әдебиет  үлгілері  мен  көркем  әдебиет 
туындыларын,  дін  ғұламаларының  әдеби  туынды-
ларын қосымша дерек көзі ретінде колдану. 
Тарих пәнімен: 
-  діннің  пайда  болу,  даму  және  таралу  бары-
сының тарихи деректермен дәйектелуі; 
- діннің адам мен қоғам өмірінде алатын орнын 
коғамдық  қарым-қатынастар  тұрғысында  талдау 
жасау арқылы көрсету. 
География пәнімен: 
-  діндердің  таралу  аумақтарын  айқындауда 
тарихи-географиялық кеңістіктерді айыра aлy; 
-  географиялық  нысандардың  өзара  орналасуы 
туралы түсініктерін бекіту. 
Курсты  оқып  үйрену  барысында  оқушынын 
оқу 
жетістігіне 
төмендегідей 
талаптар 
қойылады: 
- адамның, қоғамнын және мемлекеттің өмірінде 
діннін алатын орнын түсіну; 
- жеке адамның және бүкіл адамзаттың, сондай-
ақ  Қазақстан  өмірінің  рухани-адамгершілік  негіз-
дерінің сабақтастығын білу; 
-  отбасылык,  әлеуметтік,  қоғамдық  құбылыстар 
мен  дәстүрлердің  діни  негіздерін  анықтау  және 
мәдени құндылықтар дәрежесінде меңгеру; 
-  әртүрлі  тарихи  кезеңдердегі  мәдени,  діни 
құндылыктарды білу, түсіну; 
-  шығармашылық  әрекеттердің  креативтік 
дағдыларын  меңгеру:  ақпаратты,  білімді  тікелей 
болмыстан іздеу, қабылдау; 
-  «Дінтану  негіздері»  курсы  бойынша  алған 
білімдеріне сүйене отырып, диалог және пікірталас 
құруды меңгеру; 
-  басқаларды  тыңдай  алу  және  өзіндік 
көзқарасын  негіздеу,  қарым-қатынас  мәдениетін 
меңгеру; 
-  әртүрлі  дерек  көздерінен  ақпараттар  ала  білу 
және  оларды  тиімді  қолдану;  жинаған  ақпаратты 
сұрыптау,  жүйелеу  және  соның  негізінде  шешім 
қабылдау; 
-  діни  конфессиялар  мен  ағымдардың  түрлерін, 
олардын  мақсат-мүддесін  ажырату;  діни  экстре-
мизм  кұбылысының  мәнін,  олардын  адамзат  қоға-
мына  қауіптілігін,  зиянкес  іс-әрекеттердің  алдын 
aлy және сақтану жолдарын білу; 
-  діни-ақпараттық  мәліметтерді  талдап,  оларды 
сараптап қолдана білу; 
-  алған  білімі  негізінде  өзгенің  дінін,  діни 
танымын  саралай  білу  және  олармен  сыйластық 
қарым-қатынас жасай алу. 
Қорыта  келгенде,  дін,  әуелі,  әлемдік  және  дәс-
түрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін 
дамытудың  күшті  факторы  болып  табылады. 
Діннің  негізгі  мақсаты  адамдағы  барлық  адам-
гершілік  қасиеттерді  сақтау  және  оларды  дамыту, 
адамның  өзінің  «бет-бейнесін»  сақтап  қалуына 
көмектесу  болып  табылады.  Қазіргі әлемнің,  оның 
ішінде  қазіргі  Қазақстанның  міндеті  жалпы 
адамзаттық,  гуманистік  және  толеранттылық 
құндылықтарды, 
конфессияаралық 
келісім, 
диалогты  ғасырлар  бойы  әлемдік  және  дәстүрлік 
діндердің  енгізген  принциптері  мен  қағидаларын 
қазіргі  жалпы  әлемдік,  адамзаттық  өркениеттегі 
бейбітшілікті сақтап қалу үшін, сан алуан этностар 
мен конфенссиялардан тұратын көптеген мемлекет-
тердің  бейбіт  қатар  өмір  сүруі  үшін  белсенді 
пайдалануға саяды. 
Сондықтан  да,  «Дінтану  негіздері»  курсын 
оқыту  арқылы  оқушыларды  азаматтық,  отан-
шылдық,  адамгершілік  пен  демократия  принцип-
терін  ұстануға,  діни  мәдениет  пен  мәңгілік 
құндылықтарды  құрметтеуге  тәрбиелеп,  өмірлік 
жағдайлар  мен  әртүрлі  ағымдағы  діни  ақпа-
раттарға,  конфессияларға  байланысты  шынайы 
ақпаратты  қабылдауға  негіз  қалап,  бағыттау  және 
тәрбиелеу  оқытушылардың  басты  міндеті  деп 
білеміз. 
Қолданылған әдебиеттер 
1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан 
2. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және 
факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығы. 
3. Дінтану негіздері. Есім Ғ.(авторлар ұжымының жетекшісі). - Алматы: Білім, 2011ж 

30 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
В  современном  казахстанском 
образовании  наметился  переход  от 
обучения  как  презентации  системы 
знаний  к  активной  работе  учащихся 
над  заданиями,  непосредственно 
связанными  с  проблемами  реальной 
жизни.  По  сути,  происходит  переход 
от  обучения,  как  преподнесения 
системы  знаний  к  активной  дея-
тельности  над  проблемами  с  целью 
выработки определенных решений; от 
освоения отдельных учебных предме-
тов  к  межпредметному  изучению 
сложных  жизненных  ситуаций;  к 
сотрудничеству учителя и учащихся в 
ходе овладения знаниями.  
Именно  активность  обучающегося 
признается основой достижения целей 
обучения  –  знание  не  передается  в 
готовом  виде,  а  строится  самим 
учащимся в процессе познавательной, 
исследовательской  деятельности. 
Признание активной роли учащегося в 
учении  приводит  к  изменению 
представлений  о  содержании  взаимо-
действия  ученика  с  учителем  и 
одноклассниками.  Учение  более  не 
рассматривается  как  простая  тран-
сляция знаний от учителя к учащимся
а  выступает  как  сотрудничество  – 
совместная работа учителя и учеников 
в ходе овладения знаниями и решения 
проблем.  Это  придает  особую 
актуальность  задаче  формирования  в 
школе  коммуникативных  универ-
сальных учебных действий.  
Учителю  необходимо  так  орга-
низовать  сотрудничество  учеников, 
чтобы  помочь  им  во  взаимодействии, 
обеспечить  условия  для  зарождения 
инициативности самого ребенка, что в 
конечном  итоге  должно  привести  к 
повышению  качества  обучения.  Роль 
учителя  при  реализации  конструк-
тивистских  подходов  в  преподавании 
–  создание  условий,  способствующих 
раскрытию  личности  каждого 
учащегося [1. Стр 110 ].  
Конструктивизм  рассматривает 
позицию  обучаемого  как  активную, 
самоуправляемую,  построенную 
преимущественно  на  собственной 
активности,  лишь  ситуативно 
управляемую извне учителем Учитель 
создает  условия  для  саморазвития 
учащегося,  оказывая  ему  помощь  в 
случае  необходимости,  но  не  дает 
готовых знаний,  моделей,  алгоритмов 
и  способов  решения  задач.  Деятель-
ность  учителя  направлена  на  фор-
мирование  самостоятельности  каждо-
го  учащегося  через  управление 
построением ими своего опыта.  
Конструктивистские  подходы  в 
преподавании  и  обучении  предпо-
лагают,  что  развитие  мышления  уча-
щихся происходит в условиях взаимо-
действия  имеющихся  знаний  с 
новыми,  полученными  из  разных 
источников.  [1.  стр  110].  Учитель 
помогает  преодолеть  зону  ближай-
шего  развития,  строит  «леса»,  «под-
мостки»  для  перехода  ученика  на 
другой  уровень  знания  и  понимания 
[1. стр 134]. 
Цель конструктивистской дидакти-
ки  –  создание  условий  для  развития 
личности  и  индивидуальности  каж-
дого  учащегося.  Понятие  «конструк-
тивизм»  восходит  к  латинскому  con-
structivus  (связанный  с  построением, 
конструированием)  и  constructio 
(присоединение,  строительство).  Кон-
струирование  в  процессе  обучения 
определяется  как  "средство  углубле-
ния  и  расширения  полученных  тео-
ретических  знаний  и  развития  твор-
ческих  способностей,  изобретатель-
ских  интересов  и  склонностей 
учащихся" [2. стр 127].  
Педагогическая  философия  кон-
структивизма  в  основу  своих  идей 
М. Мамиева, 
филиал АО «НЦПК 
«Өрлеу» ИПК ПР  
по ВКО, тренер ЦУП 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
31 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
предполагает  активность  и  учет  индивидуального, 
"субъектного" опыта обучаемого. 
 В  качестве  примера  рассмотрим  ситуацию  на 
уроке  русского  языка  в  начальных  классах,  когда 
тема  урока  формулируется  в  виде  вопроса.  Уче-
ники  должны  построить  план  действий,  чтобы 
правильно  ответить  на  поставленный  вопрос. 
Школьники  высказывают  множество  предположе-
ний.  Мы  можем  заключить,  чем  больше  озвучено 
точек  зрений,  тем  продуктивнее  развито  умение 
слушать  друг  друга,  умение  анализировать  и 
поддерживать  идеи  одноклассников,  тем  интерес-
нее проходит работа. Этот пример показывает, что 
познавательная  деятельность  представляет  собой 
активный  процесс  конструирования  учащимся 
своего  нового  знания  на  основе  сформированного 
ранее опыта. 
Посещая  урок  учителя,  находящегося  на  этапе 
«Практика в школе», мне удалось посе-
тить урок русского языка в 3 классе по 
теме  "Как  изменяются  имена  прила-
гательные?"  слушательница  сумела  по-
казать  конструктивистские  подходы  в 
преподавании и обучении. 
Ученики  одной  группы,  основная 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет