Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата30.12.2016
өлшемі13,65 Mb.
#754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Литература
1. Руководство для учителя. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012 
2. Формативное оценивание в начальной школе. Практическое пособие для учителя. 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
37 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Е 
лбасының  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Ұлттық  бәсекелестік 
қабілеті бірінші кезекте оның білімдік 
деңгейімен  айқындалады»  деп  тұжы-
рымдаса, ҚР 2015 жылға дейінгі орта 
білім  беруді  дамыту  тұжырым- 
дамасында  «Орта  білім  берудің 
мақсаты — жылдам өзгеріп отыратын 
дүние  жайында  алынған  терең  білім-
нің  кәсіби  дағдылары  негізінде  еркін 
бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асы-
руға, өзін-өзі дамытуға және өз бетін-
ше  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлға-
ны  қалыптастыру»,  -  деп  атап  көрсе-
тілген.  Қай  уақытта  болмасын  білім 
жүйесі және оның дамуы мемлекеттік 
бағдарламалардың  маңызды  бөлігін 
құрайды. 
Мамандардың  пікірінше,  XXI 
ғасырда  тиімді  білім  беру  жүйесін 
жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және 
рухани  потенциалын  барынша  дамы-
туға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола 
алады. 
Қазіргі  таңда  Қазақстанда  білім 
беру жүйесін дамыту стратегиясының 
мақсаттары  мен  міндеттері  2020 
жылға  дейін  білімді  дамыту  страте-
гиясының негізгі қағидаларына байла-
нысты іске асырылуда. Бүгінгі ғалам-
дық  білім  беру  кеңістігіне  сай  білім 
беру,  танымды,  ойлауды  дамыту, 
өзінше  ғылыми  тұжырым  жасауға, 
олардың  қажетіне  қарай  ғылым 
жетістігін  сұрыптауға,  мұғалімге 
өзінің  іс-әрекетінің  субъектісі  бо-
луына мүмкіндік туғызу болып табы-
лады.  Өйткені,  тек  жоғары  білімді 
маман  ғана  қоғамның  экономикалық, 
әлеуметтік және мәдени  өркендеуінің 
көшбасшысы бола алады. 
Қазіргі  кездегі  білім  берудегі 
негізгі  мақсат  –  оқушының  функцио- 
 
налдық  сауаттылығын,  яғни  оның  
жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, 
өзіндік  ой-тұлғасы  бар  адамгершілігі 
жоғары,  қабілетті  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру. 
«Келер ұрпақ алдында зор жауап-
кершілік  жүгін  арқалап  келеміз» 
деген  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  сөзі 
бекер  айтылған  жоқ.  Еліміздің 
болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер 
қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 
бейнесінен  көрінеді.  Осыдан  барып 
жас  ұрпақтың  бойындағы  іскерлік 
қабілетін ашу және оларды шығарма-
шылыққа баулу туындайды. 
Әрбір  мемлекеттің  өсіп-өркен-
деуінің,  бәсекеге  қабілетті  болуының 
ең  басты  ошағы  -  осы  ұстаз  берген 
білім. Сондықтан да дамудың ең биік 
көкжиегінен  көрінгісі  келетін  кез 
келген  мемлекет,  ең  алдымен,  білім 
беру  саласын  дұрыс  жолға  қойып, 
сапасын  көтеруді  мақсат  етеді.  Ен-
деше  осындай  бесекеге  қабілетті,  ру-
хы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа форма-
ция мұғалімінің еншісіне тиері анық. 
Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз: 
- ол рухани адамгершілігі жоғары, 
азаматтық  жауапкершілігі  мол,  өзін-
өзін  көрсетуге  ұмтылысы,  пәннің 
әдіснамалық  негіздерін,  әлеуметтік, 
тұлғалық,  коммуникативтік,  ақпарат-
тық және біліктіліктің  басқа түрлерін 
меңгерген құзырлығы жоғары деңгей-
дегі білімді ұстаз. 
-  ол  өзінің  пәнін  біліп  қана  қой-
май,  сонымен  қатар  педагогикалық 
процестегі  әр  қатысушының  орнын 
көре  біліп,  оқушылар  іс-әрекетін 
ұйымдастырып,  оның  нәтижелерін 
алдын  ала  байқап,  мүмкін  болатын 
жағдайда  арттақалушылықты  реттеуі 
керек; 
Ч. Мажинова, 
О. Бөкей атындағы  
№44 мектеп-лицейінің 
оқу ісінің меңгерушісі, 
Өскемен қаласы 

38 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
-  білімге  ерекше  қабілетті  бар  балалармен 
жұмыс істеуді жүзеге асыру қажет; 
-  оқушылардың  адамгершілік-рухани, 
азаматтық-патриоттық,  көп  мәдениетті,  денсау-
лығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі тиіс; 
Ал  жаңа  формация  мұғалімі  дегеніміз  кім?  - 
деген  сұраққа  жауап  іздейтін  болсақ,  Қазақстан 
Республикасының  жоғары  педагогикалық  білім 
беру  тұжырымдамасында  «Жаңа  формация 
мұғалімі - кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны 
қалыптасқан,  жаңалыққа  құмар,  рухани  дүниесі 
бай,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  жеке 
тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске 
жаңашылдықпен,  үлкен  ізденіспен  зерттеуші 
ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық 
меңгерген,  бір  сөзбен  айтқанда,  толыққанды 
құзырлы адам. 
Білім  беру  жүйесінің  негізгі  міндеті  баланың 
рухани мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу 
мен  өзіндік  қабілетінің  дамуына  жағдай  жасау. 
Тәуелсіздік  туы  желбіреген 
мемлекетіміздің  ертеңгі,  ел 
тізгінін  ұстар  азаматы  - 
бүгінгі білімді шәкірт екен-
дігіне еш күмән жоқ. Ал бі-
лімді шәкірт - білімді ұстаз-
дың  жемісі.  Оқушы  жан-
жақты  жетілген,  тәрбиелі 
болу  үшін  көп  ізденіс, 
еңбек  керек.  Оның  бойын-
дағы  дарындылықты  дамы-
туға  негізделген  сабақтың 
қызықты  өтуі  әрине  мұға-
лімнің  үнемі  ізденуіне, 
ұтымды  әдіс-тәсілдерді 
қолдануына,  оқыту  әдіс-
темесін жаңартып отыруына 
байланысты. 
Педагогикалық  Білім  концепциясында  «мұға-
лім  өз  пәнін  міндетті  түрде  терең  білуге  тиісті, 
бірақ  сонымен  қатар  оқу  ісіне  қатысатын 
мүмкіндіктердің  өз  орнын  біліп,  оны  уақытында 
бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер 
енгізе  алатын  құзыретті  тұлға  болуы  керек" 
делінген».  Құзыретті  мұғалім  дегеніміз  -  адамның 
өз  мамандығы  бойынша  әлеуметтік  және  кәсіби 
пісіп жетілуі. Мұғалім шығармашылықпен шыңдап 
айналысу  арқасында  педагогикалық  шеберлікке 
қол жеткізеді. 
Ұстаздық  мамандық  -  өмір  бойы  оқып  өтетін 
мамандық.  «Мұғалім  қай  күні  оқуды  тоқтатады, 
сол  күні  білім  беруін  де  тоқтатады»  деген  сөз  қай 
мұғалімнің  де  есінен  ешқашан  шықпауы  тиіс. 
Ф.А.Дистерверг  айтқандай,  «өзгерістерден  басқа-
ның  бәрі  тұрақсыз»,  яғни  дүниеде  бәрі  өзгеріп 
отырады.  Мысалы,  күні  кешеге  дейін  мұғалім-
оқыту үрдісінің субъектісі, ал оқушы-нысаны, яғни 
объектісі  болып  есептеліп  келсе,  қазіргі  кезеңде 
оқушының  да  еркіндігі  мойындалып,  оқыту 
үрдісінің  субъектісіне  айналып  отырғандығы 
соның айқын дәлелі. 
Оқытудың  түпкі  мақсаты-өмірге  жан-жақты 
бейімделген,  өз  мүддесін  қоғам  мүддесімен 
үйлесімді  ұштастыра  алатын  оқушы  тұлғасын 
тәрбиелеп  шығару  мұғалімнің  қасиетті  борышы. 
Пікірталасқа  қатысып,  өз  көзқарастарын  батыл 
білдіріп  отырғаны  жөн.  Сонда  ғана  ортақ  іс  ілгері 
жылжиды,  мұғалім  де  шыныға  түседі.  Себебі, 
тәрбие  мәселесі  аса  маңызды  мемлекеттік  іс,  ал 
оны  тікелей  жүзеге  асырушы  мұғалім  -  тек 
ағартушы  ғана  емес,  ол  қоғамдағы  барлық  тірлік 
саласына қатысатын саясаткер де. 
Қазіргі  кезде  білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 
жаңаша  көзқарас,  басқаша  қарым-қатынас  пайда  
болады.  Баланың  жеке  басын  тәрбиелеуде,  оның 
жан  дүниесінің  рухани  баюына  көңіл  бөлінуде. 
Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық 
технологияларын  меңгеріп,  жаңа  формация 
мұғалімі  болу  -  заман  талабына  сай  білім  берудің 
жолы  -  тиімді  педагогикалық  технологияларды 
ұтымды  пайдалана  білу  шеберлігі.  Бұл  мұғалімнің 
бойында құзыреттіліктің үш түрі болуы міндетті: 
-  проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі; 
-  ақпараттық құзыреттілік; 
-  коммуникативтік құзыреттілік; 
Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі - бұл 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
39 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
түрлі  жағдайларда  проблемаларды  анықтайды, 
жауапты  шешім  қабылдайды,  өз  шешімінің  нәти-
жесін бағалайды. Өз іс-әрекетіне мақсат қоя алады, 
оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтайды. 
Сонымен  қатар  қойылған  міндеттерге  сәйкес 
технологияларды таңдайды. 
Ақпараттық құзыреттілік - сыни тұрғыдан ұғы-
нылған  ақпарат  негізінде  саналы  шешім  қабыл-
дайды, ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, 
іріктеу  жасайды,  қайта  құрады,  сақтайды,  түр-
лендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі 
заманғы  ақпараттық-коммуникациялық  техноло-
гиялардың  көмегімен  аталған  жұмыстарды  жүзеге 
асырады. 
Коммуникативтік  құзыреттілік  -  нақты  өмір 
жағдайында  өзінің  міндеттеріне  жету  үшін  мем-
лекеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша 
коммуникациялардың  түрлі  құралдарын  қолдана-
ды.  Тілдік  қатынас  міндеттеріне  сәйкес  стильдер 
мен жанрларды таңдайды және қолданады. 
Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті 
төмендегідей сипатталады: 
I.  Кәсіби қасиеті: 
-  ұйымдастыру қабілеті; 
-  білімнің тереңділігі; 
-  ғылыми білімі; 
-  дарындылығы; 
-  шығармашылығы; 
-  интеллектуалдық қасиеттері; 
II. Моралдық-этикалық қасиеті: 
-  адамгершілігі; 
-  ақиқатқа құштарлығы; 
-  мейірімділігі; 
-  қарапайымдылығы; 
III. Психологиялық даярлығы: 
-  сыртқы келбеті; 
-  киім киісі; 
-  жүріс-тұрысы; 
-  сөйлеу мәдениеті; 
-  әдептілігі; 
Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен  тау-
сылмас  білім  ошағын  санасына  ұялатқан  ұстазын 
мәңгілік есінде сақтайды. Алайда, талантты, шебер 
жаңа формация ұстазы болудың алғышарты шебер 
мұғалімдердің  жұмыстағы  озат  тәжірибесінен, 
педагогикалық  еңбектің  технологиясын  зерттеп 
үйренуден  басталады.  Осындай  жағдайда  ғана 
білім  алушылардың  тұлғалық  болмысы  қалыпта-
сып,  егеменді  еліміздің  ертеңіне  лайықты  ұл  мен 
қызы  болатын  жас  ұрпақты  тәрбиелейтін  ұстаз-
дардың көбейтетініне сенімдіміз. 
Жаңашыл  ұстаз  үш  түрлі  құзыреттілікке  ие 
болуы  тиіс:  әдіснамалық,  жалпымәдени,  пәндік-
бағыттылық.  Педагогикалық  қызметтің  шығарма-
шылық  бағытталуы,  біріншіден,  мұғалімге  маман-
дығы  үшін  мәні  бар  күшті  және  әлсіз  жақтарын 
(өзін-өзі  тануын,  эмоционалдық  қалпын,  комму-
никативтік  және  дидактикалық  қабілеттерін  және 
т.б.)  бағалай  алуы;  екіншіден,  зияткерлік  мәде-
ниетін  (ойлау,  ес,  қабылдау,  зейін),  мінез-құлық, 
қарым-қатынас,  соның  ішінде  педагогикалық 
қарым-қатынасты  меңгеруі;  үшіншіден,  қазіргі 
интеграциялық  үдерістер,  әлемдік  білім  берудің 
даму  тенденцияларын  бағдарлай  алу  сияқты 
мәселелерді қарастырумен байланысты. 
Сондықтан  жаңа  ғасырдың  ұстазына  қойыла-
тын  талап  та  күрделі.  «Қыран  -  түлегіне  қайтпас 
қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талмайтын талап 
силайды»  демекші, ұстаз  –  қай  кезде  де  мектептің 
жүрегі, қоғамның тірегі. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. «Егемен Қазақстан» газеті, 2010, 14 желтоқсан. 
2. Жаңа  формация  мұғалімін  дайындау  мәселелері.  «Қазақстан  Педагогикалық  Ғылымдар 
Академиясының хабаршысы». 2012, №1 
3. Ильина Т.И. «Педагогика».—Алматы. «Мектеп», 1977. 187-189-б. 
4. Ш.Беркімбаева,  А.  Құсайнов,  А.  Рысбаева,  М.  Бұлақбаева.  «Жоғары  мектеп  педагогикасы». 
2009. 18-19-б. 
5. Ерденова Б. Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалім. - КК. Wikipedia.org/wiki/ (8.11.12.) 

40 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Е 
лбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев 
«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту 
– Қазақстан дамуының басты бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауында: 
«Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мем-
лекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  
жоғары елге айналуымыз керек. Қазір 
әлемде  жай  ғана  жаппай  сауатты-
лық  жеткіліксіз  болып  қалғалы  қа-
шан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең 
озық  жабдықтармен  және  заманауи 
өндірістерде  жұмыс  жасау  машы-
ғын  меңгеруге  дайын  болуға  тиіс. 
Сондай-ақ  балаларымыздың,  жалпы 
барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функ-
ционалдық  сауаттылығына  да  зор 
көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз 
қазіргі  заманға  бейімделген  болуы 
үшін бұл аса маңызды», - деп ерекше 
тоқталып өтті.  
Білім  беруді  жаңарту  оқушы 
білімін  ғана  емес,  оларды  қолдану 
дағдыларына, атап айтқанда функцио-
налдық  сауаттылығын  қалыптас-
тыруға  негізделеді.  Оқушылардың 
бойында  өзіндік  білім  алу,  талдау, 
құрастыру,  қоғамдық  өмірде  өзін-өзі 
жан-жақты  таныту  үшін  білімін 
пайдалана  білу  дағдыларын  қалып-
тастырады  және  қоғамға  пайда  кел-
тіреді. Жаңа заман талабына сай жан-
жақты,  зерделі,  дарынды,  талантты 
адамдарды  қалыптастыруда  білім 
беру  мәселесі,  оның  оқыту  жүйесін 
заман  талабына  сай  үйлестіре  алу 
міндеті  туындап,  жаңа  талаптар 
қойылуда.  
Функционалдық  сауаттылық  –
адамның  сыртқы  ортамен  қарым-
қатынасқа  түсе  алу  қабілеті,  сол 
ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы, 
қарым-қатынас  жасай  алу  деңгейінің 
көрсеткіші.
 қарым-қ  
Оқу  орыс  тілінде  жүретін 
мектептерде  қазақ  тілін  меңгертуде  
 
білім  мазмұны  аяларға  бөлініп,  
қатысымдық,  дара  тұлғаға  бағдарлай 
оқыту  және  сұхбаттық  әдістер 
негізінде  ұйымдастырылатын  жағ-
даяттық,  рөлдік  ойын,  шығармашы-
лық тапсырмалар біртұтас әдістемелік 
жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс

 
Соған орай ұстаздардың алдында 
тұрған міндет: табысты және әрекетке 
дайын  қабілетті,  әлеуметтік  рөлін 
сезінетін  құзырлы  тұлғаны  қалыптас-
тыру.  Тұлға  құзыреттілігін  дамыту  – 
ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгер-
туі,  білім  беру  мазмұнын  жетілдіру. 
Ол  үшін  баланы  субъект  ретінде 
қарап,  оқу  ісіне  өзінше  қызық-
тыратын,  оған  қабілетін  арттыратын 
жағдай туғызу керек. Оның бастысы – 
оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру, 
оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы 
ойлау  дағдыларын  жетілдіру,  өз  бе-
тінше  білім  алуына  әрекет  ету. 
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы 
іске  асады.  Мұғалім  –  бағыт  беруші, 
ұйымдастырушы.  Өздігінен білім алу 
дегеніміз  -  ой  қозғай  отырып, 
оқушының  өз  ойымен  өзгелердің 
ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін 
талдап,  салыстырып,  жүйелеп, 
А. Қизатаева,  
С. Мукашева, 
№12 гимназияның  
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәні мұғалімдері, 
Өскемен қаласы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
41 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға 
бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық 
жұмыс жасау. Бұл оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін 
қолдану  арқылы  оқушы  өз  ойын  еркін  жеткізуге, 
пәнге  қызығушылығы  оянып,  талдау  жұмыстарын 
жүргізе білуге үйренеді.   
Оқытудың  әдістері  дегеніміз  -  оқытушы  мен 
оқушылардың  жұмыс  істеу  әдісі.  Оның  арқасында 
білім,  іскерлік  дағды  қалыптасып,  оқушылардың 
дүниетанымдылығы мен  қабілеттілігі артады. Өзге 
ұлт  өкілдеріне  мемлекеттік  тілді  үйрету, 
коммуникативтік  құзыреттіліктерін  дамыту  біздің 
басты мақсатымыз. Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын  арттырудың  бірден-бір  жолы  -  өз 
білімін  кез  келген  ортада  сауатты  қолдана  алу. 
Қазақ  тілі  сабағында  оқушылардың  коммуника-
тивтік  дағдыларын  дамытуда  диалогтік  оқыту 
әдістерінің  маңызы  өте  зор.  Диалогтік  оқыту  са-
бақта  оқушылардың  тақырып  бойынша  өз  ойла-
рын  білдіруіне  мүмкіндік  береді,  басқа  адам-
дармен қарым-қатынасқа түсе алуына ықпал етеді.  
Диалог негізінде оқыту өзге ұлтты мектептерде 
қазақ  тілін  үйретудің  бірден-бір  тәсілі  деп 
саналады. Себебі біздің сабақтың мақсаты оқушы - 
оқушы, оқушы – мұғалім қарым-қатынасы арқылы  
тілдік  ортаға  ендіру.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  тиімді 
қолдану  кезінде  сыни  тұрғыдан  ойлауды 
қалыптастыратын стратегиялар арқылы оқушылар-
ды  диалогтік  әдіске  төселдіруге,  АКТ-ны  тиімді 
пайдалана  білу  арқылы  көру,  есте  сақтау,  іздену 
дағдыларын  қалыптастыруға,  топтық  жұмыс 
арқылы көшбасшылықты, дарынды және талантты 
оқушыларды  анықтауға,  бағалау  түрлерін  дұрыс 
меңгеруге дағдыландыруға көмек береді.  
Біздің  әр  сабағымыз  оқушының  сөздік  қорын 
арттыруға,  сөйлеу  әрекетін  дамытуға  арналады. 
Бұның  бірден  бір  жолы  сұрақ–жауап  арқылы 
сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру.  Күнделікті 
сабақты  шаттық  шеңберіне  тұрып,  ортақ  әңгімеге 
тартудан  бастаймыз.  Бұл  тәсілде    ынтымақтастық 
атмосферасын  қалыптастырумен  қатар,  оқушы-
ларды  тілдік  ортаға  ендіруге,  өз  ойын  еркін  
жеткізе алуға дағдыландыру. Әр оқушы әңгімелесу 
барысында  қасындағы  достарының  әрқайсысында 
түрлі  идеялар  болатындығына  көз  жеткізе  алады. 
Әр  оқушы өз  пікірін  дәлелдеп,  өзгенінің пікірімен 
санасуға  үйренеді.  Орыс  мектебіндегі  қазақ  тілін 
оқытудағы  басты  кедергі  сөздік  қорларының 
аздығы.  Сондықтан  оқушылар  жауап  беру  кезінде 
көп  қиындықтарға  ұшырайды,  ойларын  ашық, 
тиянақты  түрде  жеткізе  алмайды,  байланыстыра 
сөйлеуге  үйренбеген.  Осыны  ескере  отырып  әр 
сабақ  барысында  сұрақ  қою  және  олардың 
жауаптарына  әрекет  ету  кезінде  тиімді  әдіс-
тәсілдерді  пайдалануға  тырысамыз.  Оқушылардың 
сөздік  қорларының  даму  деңгейіне  байланысты 
сұрақтарды  сұрыптап,  сұрақ  қою  техникасын 
анықтап аламыз. Сұрақтар оқушылардың білім алу 
қабілетіне  сәйкес  құрылуы  қажет  екеніне  көз 
жеткіздік.  
Балалардың  ойлау  қабілетін  ерекше  дамыту 
үшін сұрақ қою кезінде болған өзгерістер:  
- сұрақтардың оқушының қабілетіне сай қойы-
луы; 
- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар 
қою; 
-  сұрақтарды  оқылған  материалдармен  байла-
нысты қою; 
- сұрақтарды жеңілден бастап күрделендіру. 
Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы 
даму  аймағы  -  оқушының  өз  бетінше  шешкен 
міндеттердің  көмегімен  анықталған  өзекті  даму 
деңгейі  мен  үлкендердің  басшылығымен  және 
анағұрлым  қабілетті  жолдастарымен  бірігіп 
шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжам-
ды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, 
бұл  түсінік  адам  өз  бетімен  игере  немесе  көрсете 
алмайтын,  бірақ  біреудің  көмегімен  игеруге  бола-
тын  барлық  білімдер  мен  дағдыларды  қамтиды. 
Осыны  ескере  отыра  сұрақтардың  топ  арасында 
талқылану  кезінде  бірін-бірі  оқыту  арқылы 
оқушылардың  ой-пікірлері  тереңірек  дамитыны 
көрінеді. 
Функционалдық  сауаттылықты  дамытуда 
рөлдік  ойындардың,  жағдаяттық  және  сұхбаттық 
тапсырмалардың  маңызы  зор.  Сонымен  қоса 
«Ыстық  орындық»,  «Он  сұрақ»  ,  «Мен-саған,  сен-
маған»  тағы  басқа  әдістер  арқылы  оқушыларға 
сұрақ  қойып,  оларға  жауап  алу  арқылы  сөздік 
қорларын  дамытып,  сөйлеу  әрекеттерін  дамытуға 
жаттықтыру.  Бұл  ойындарды  жүргізу  арқылы 
сабақта  диалогтік  оқыту  барысындағы  кемші-
ліктерді  оқушыға  сездірмей,  ойын  арқылы 
қиындықтарды  жеңу  тәсілдеріне  төселдіру.  

42 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Белсенділіктері  жоғары,  сөздік  қорлары  жақсы 
дамыған  оқушыларға    «Неге  олай  ойлайсың?», 
«Ойыңды  дәлелде»  -  деген  сыни  сұрақтарды  қою 
арқылы, өз ойларын дамытуға көмектесетіндей етіп 
сұрақтарды күрделендіріп отыру қажет. 
Сабақтың  негізгі  бөлімінде  мұғалім  оқушы-
ларға  білім  алудың  белсенді  тәсілдерін  ұсынып, 
олардың  өздігінен  жаңа  мәліметті  жан-жақта 
қарастырып,  зерттеп,  игеруіне  мүдделі.  Оқушылар 
жекелей,  жұппен,  топпен  жаңа  ақпаратпен 
танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады. 
Диалогтік оқыту кезінде сыни тұрғыдан ойлана 
отырып,  жауап  беретін  сұрақтар  арқылы  талантты 
және  дарынды  балалардың  ой  ұшқырлығын  дамы-
тып,  басқа  балалардың  да  терең  ойланып,  жоғары 
дәрежелі  сұрақтарға  жауап  беріп  үйренулеріне 
мүмкіндік туады.  Сабақ барысында оқушылардың 
білім деңгейін бағалауда деңгейлік сұрақтарды қою 
тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы.  Комму-
никативтік  құзырлықтарын  арттыру  мақсатында   
деңгейлік тапсырмалардың үлкен маңызы бар. 
Мысалы:  алма  -  жоғары  дәрежелі  сұрақтар,  
алмұрт  -  орта  дәрежелі,  жүзім  -  төмен  дәрежелі 
сұрақтар  болады.  Оқушылар  өз  дайындықтарына 
байланысты  сұрақтарды  таңдап,  жауап  беруге 
тырысады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау 
кезеңінде оқушылардың бір деңгейде қалмай басқа 
да деңгей сұрақтарына жауап беруге талпынатыны  
көріне  бастайды.  Үнемі  төмен  дәрежелі  сұраққа 
жауап  беріп  жүрген  оқушылардың    сабаққа  деген 
ынтасы  артып,  жаңа  сөздерді  жаттап,  үй  тап-
сырмасын  жақсы  орындап,  жоғары  дәрежелі 
сұрақтарға  жауап  беріп,  жақсы  талпыныстары 
көріне  бастайды.  Өз  ойларын  жүйелі  жеткізуге 
дағдыландыру  мақсатында  оқушыларды  жұпқа 
бөлу кезінде қабілеттеріне байланысты жағдаяттық 
тақырыптар  берудің  де  маңызы  зор.  Мысалы: 
оқушылардың  сөйлеу  деңгейіне  байланысты   
«Менің  отбасым»,  «Менің  досым»  деген  жеңілдеу 
тақырып  бойынша  әңгіме  құрау  болса,  келесі 
жұптарға күрделі тақырыптар бойынша әңгімелесу  
ұсынылады.  Осылай  келесі  сабақтарда  жұптарды 
алмастыру арқылы тақырыптарды да күрделендіре 
бастау қажет.  
Оқушылардың  сөйлеу  дағдыларын  қалыптас-
тыру  кезеңінде  АКТ-ні  пайдалану  өте  тиімді. 
Оқушылар  презентациялар  жасап,  оларды  қорғау 
кезінде  өз  ойларын  жүйелі,  дәлелді  жеткізуге 
дағдылана  бастайды.  Интерактивті  тақтамен  жұ-
мыс  жасау  кезінде:  сөйлемді  аяқта,  ойды  жалғас-
тыр, керекті сөздерді теріп жаз т.б. тапсырмаларды 
орындау  арқылы  сөздік  қорларын  толықтырып 
отыруға болады. 
Оқушылар  топта  ой  бөлісу  арқылы,  бірін-бірі 
толықтыру арқылы сөздік қорлары, сұрақты дұрыс 
түсіну дәрежелері артады. Үлгерімі нашар оқушы-
лар өз достарынан қалай оқу керектігін, өз ойларын 
қалай  дәлелді  жеткізуге  болатындығын  үйренеді. 
Сонымен  сыныптағы  әр  оқушы  сабақ  үлгеріміне 
қарамастан,  кез-келген тақырыптағы сұрақтарға өз 
ойларын  қоса  алатындығына  көздерін  жеткізді. 
Выготскийдің атап көрсеткеніндей, «Жақын арада-
ғы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушы-
лардың  когнитивті  дамуы  жақсарады.  Шәкірттер-
дің  жеткен  әрбір  жетістігі  достарының  және  мұға-
лімнің  тарапынан  үнемі  қолдау  тауып  отыруы  қа-
жет. Оқушының жеткен жетістігі мадақталып отыр-
ғандықтан,  үлгерімі  нашар  оқушылар  өз  пікірін 
жеткізуге,  ой  бөлісуге  талпынады.  Оқушыларды 
әңгімеге  тарту  мақсатында;  оқушының  өз  пікірін 
айтуға жетелеу, ортақ тақырыптың болуы, оқушы-
ның  жауабын  қолдау  оқушылардың  коммуника-
тивтік құзырлықтарын дамытудың ерекше жолы. 
Сонымен  функционалдық  сауаттылық  – 
адамның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсе 
алу  қабілеті  және  сол  ортаға  барынша  тез 
бейімделе  алуы  мен  қарым-қатынас  жасай  алу 
деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық 
сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада 
өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын  және 
оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын 
қамтамасыз  ететін  білім,  білік,  дағдылардың 
жиынтығынан  құралады.  Ал  кең  мағынасында ол 
тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана 
емес,  ол  –  ұлттың,  елдің  немесе  жеке  адамдар 
тобының  мәдени  және  әлеуметтік  дамуының 
өлшемі.  Осындай  сапалық  сипаты  тұрғысынан 
қарағанда  функционалдық  сауаттылық  жеке 
адамды  дамытудың  тетігі  ретінде  қолданылады. 
Сондықтан  теория  мен  практиканың  байланыста 
болуын  қамтамасыз  ету  үшін  әрбір  пән  бойынша 
берілетін  білімнің  мазмұны  мен  көлемін 
анықтағанда  теориялық  қағидалардың,  заңдылық-
тар  мен  ережелердің,  яғни  ұғымдық-ақпараттық 
материалдардың  бала  өмірінде  кездесетін  түрлі 
проблемалық  мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетін-
дей,  бала  оны  қолдана  алатындай  практикалық 
маңызы ескерілуі тиіс.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет