Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата30.12.2016
өлшемі13,65 Mb.
#754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Қолданылған әдебиеттер 
1. Н.А. Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана 
тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж. 
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
43 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Қ 
азақстан  Республикасының 
«Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық 
және  жалпы  адамзаттық  құнды-
лықтар, ғылым мен практика жетістік-
тері  негізінде  жеке  адамды  қалыпта-
стыруға,  дамытуға  және  кәсіптік 
шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім 
үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  жеке 
адамның  шығармашылық,  рухани 
және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамы-
ту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір 
салтының  берік  негіздерін  қалыпта-
стыру,  даралықты  дамыту  үшін 
жағдай жасау арқылы ой-өрісін байы-
ту» деп атап көрсетілген.  
Білім  мазмұнындағы  негізгі 
өзекті  мәселелердің  бірі  -  өзгермелі 
әлеуметтік  және  экономикалық 
жағдайда өмір сүруге дайын, сонымен 
қатар  айналасындағы  шынайы  өмірге 
белсенді  қатынасын  байқатып,  оны 
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсеке-
ге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалып-
тастыру болып табылады. 
Бұрынғы  әдетке  айналған  оқу 
үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған 
болса,    қазіргі  оқу  үрдісінде  оқушы 
белсенділік  көрсетуі  керек,  яғни 
мұғалім  көбінесе  кеңесші  бағдарла-
машы  рөл  атқаруға  тиіс.  Оқушылар 
мектеп  қабырғасында  танымдық  әре-
кет етудегі инновациялық технология-
ларды меңгеруге тиіс.  
Мұғалімнің  міндеті  –  оқытудың 
инновациялық  жаңа  әдіс-тәсіліне  сү-
йене отырып,  жас буынды жан-жақты 
дамыту,  қиялы  жүйрік  тұлға  ретінде 
баули  отыра  оқытудың  шығармашы-
лық сипатын күшейту, сөйтіп баланың 
жеке  қабілеті  мен  әлеуметтік  бел-
сенділігінің  дамуына  жол  ашатын 
шығармашыл тұлға қалыптастыру. Өз 
жұмыс  тәжірибемде  сабақ  беріп  жүр-
ген пәнім бойынша алға қойған мақса- 
 
тым: оқушылардың білімін іс жүзінде 
пайдалана  білуге  үйрету,  ішкі    жан-
дүниесі мен қабілеті заманауи талапқа 
сай  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына 
рухани-адамгершілік  пен  құзырет-
тілігін дамыту. Сабақ барысында оқу-
шының  шығармашылдықпен  жұмыс 
істеу  дағдыларын  қалыптастыра  оты-
рып,  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттыру  және  сабақ  беретін  сы-
ныптарда  инновациялық  технология-
ның  әдіс-тәсілдерін  күнделікті  сабақ 
жоспарыма  енгізіп  келемін.  Бұл  әдіс-
тәсілдер  оқушыларды  тынымсыз 
ізденімпаздыққа баулиды.  
МҰҒАЛІМ: 
Зерттеуші 
Үйретуші 
Болжаушы 
Ізденуші 
Пікірлесуші 
Үйренуші 
Жігерлендіруші 
Әсерлі, нақты сөйлеуші 
Ұйымдастырушы 
Бағыт беруші 
Адал адам 
Жақсы тыңдаушы 
Сыни көзбен қараушы 
Шыдамды адам 
Шындықты айтушы 
Қазіргі  кездегі  білім  берудегі 
мұғалімнің мақсаты –  оқу-тәрбие үде-
рісі  мазмұнын  игеруге  және  оны  өзі-
нің жеке білімдік капиталына енгізуге 
арналған  ақпараттық  ортадағы  беріл-
ген  мүмкіндіктерді  қолдану  болып 
саналады.  Заман  талабы  оқушылар-
дың  бойында  түйінді  құзыреттілік-
терді  қалыптастыру  болып  табылады. 
Сондықтан  да  мен  сабақ  барысында 
оқушының  оқу  пәндеріндегі  және 
білім аймақтарындағы, сонымен бірге 
қоршаған  дүниедегі  ақпараттармен 
жұмыс істей білуге үйрететін ақпарат-
У. Соқбакбаева, 
№42 орта мектептің 
өзін-өзі тану пәні 
мұғалімі, 
Өскемен қаласы 

44 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
тық  құзыреттілікті  қолданамын.  Топпен  жұмыс 
жасай алу, басқару шешімдерін таба алу және қол-
дана  білу  қабілеттерінің  дамуына  және  адам 
құқығын  жете  білу,  қажетті  жағдайларда  оларды 
қолдану, елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам 
мүшелерінің  әлеуметтік  қызметтерінің  маңызын 
түсінуге  ықпал  ететін  коммуникативтік  және 
әлеуметтік-құқықтық құзыреттіліктерді де қолдана-
мын, нәтижесінде: 
 - оқушылар өз бетінше талдауға;  
 - өз қызметіне мақсат қоюға;  
 - жоспарлауға, жинақтауға;  
 - қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;  
 - сыни тұрғыдан шешім қабылдауға;  
 - өзін-өзі бағалауға;  
 - өзін-өзі реттеуге;  
 - өзін-өзі түсінуге;  
 - өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көр-
сете білуге;  
 - нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға; 
 -  өз  білімін  өзгермелі  жағдайларда  қолдана  
білуге үйренеді. 
Құзыретті оқушы даярлау мақсатында оқушы-
лардың  іс-әрекетін  белсендіруге  және  қарқындан-
дыруға  негізделген  технологиялардың  бірі  «Про-
блемалық оқыту». Ерекшелігі: оқушыны өз бетімен 
ізденуге  үйрету,  олардың  танымдық  және  шы-
ғармашылық  икемділіктерін  дамыту,  білетіні  және 
білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі 
проблемалық міндеттер қою.  
Өзін-өзі  тану  сабағында  проблемалық  оқыту 
технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. Мы-
салы,  «Отбасы  жарастығы»  тақырыбы  бойынша 
оқушылар  берілген  тапсырмаларда  сыйластық  пен 
әдептіліктің  маңызды  болып  табылатынын,  отба-
сында  кездесетін  келеңсіздіктерді  қалай  шешуге 
болатындығын  қарастырып,  анықтап,  жетістігін 
дәлелдейді.  Сабақ  соңында  байқалғаны,  осы  про-
блемалы  тапсырмалар  оқушы  сезіміне  молырақ 
әсер  етіп,  бір-бірімен  пікір  алма-
сып,  еркін  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыруға мүмкіндік алады.  
      Инновациялық  технологиялар-
ды  пайдалана  отырып  мен  көпте-
ген  міндетті  мүмкіндіктерге  жет-
тім.  Ең  әуелі  оқушылардың  пәнге 
деген  қызығушылықтары  артты, 
тіпті нашар оқитын баланың өзін-
де де талпыныс пайда болды. Топ-
тық,  жұптық  жұмыстар  арқылы 
оқушылар  бір-біріне  көмектесе 
жұмыс  жүргізуге  дағдыланды.  Бі-
рінің  білмегенін  екіншісі  толық-
тырып көпшіл болуға тәрбиеленді.  
       Еліміздің болашақта көркейіп, 
бәсекеге  қабілетті  50  мемлекеттің 
қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақтың  қандай  білім 
мен  тәрбие  алатынына  тікелей  байланысты.  Елба-
сымыз Н.Ә. Назарбаев «соңғы 10-15 жыл бойында 
бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: 
салмақ  жаһандық  экономикалық  жаңа  сапаға  – 
«білім  экономикасына»  өтуіне  түсіріледі»,  -  деген 
болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі 
жауапты  кезеңде  замана  көшінен  қалып  қоймай 
уақыт  талабына  сай  ертеңгі  болашақ  жас  ұрпақты 
білімді  етіп  тәрбиелеу  біздің  ұстаздардың  жауап-
кершілігінде.  Ол  мұғалімнен  үздіксіз  ізденуді,  өз 
білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйт-
кені  еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақтың  қолында. 
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім 
және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Егемен Қазақстан, 2009 ж. 27 қазан  
2. Сүлейменова М.Ж. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы 
– қоғам дамуының стратегиялық бағыты 
3. Дереклеева Н.И.«Новые родительские собрания» оқу-әдістемелік баспа 
4. Исаева Г. «Шаңырақ шаттығы» Алматы, 2001  

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
45 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Б 
үгінгі  таңда  оқушыларға 
экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру 
мәселесін  мемлекеттік  деңгейге  көте-
рудің  қажеттілігі  туындап  отыр. 
Экологиялық  білім  беру  дегеніміз  – 
адамзат қауымының, қоғамның, таби-
ғаттың  және  қоршаған  ортаның 
үйлесімділігін,  оны  тиімді  пайдала-
нудың  жолдарын  оқушыларға  түсін-
діру.  
Экологиялық  білім  беру  бағы-
тында  –  жер  тағдыры  мен  ел  тағды-
рының,  табиғат  пен  адам  өмірінің 
бірлігін терең сезінетін су, ауа, ғарыш 
әлемінің  қадірін  бағалай  білетін, 
табиғатты  аялап,  оны  қорғай  алатын 
азаматты тәрбиелеу міндеттерінің аса 
маңыздылығына көңіл бөлу қажет. 
Қазіргі  уақытта  білім  беретін 
мектептердің  алдында  тұрған  негізгі 
мақсат – оқушылардың ой-өрісін жан-
жақты  дамыту,  оларға  қазіргі  заман 
талабына  сай  білім  беру  және 
тәрбиелеу.  Ал  оқушыны  жан-жақты 
дамыту  дегеніміз  оны  тек  қана    дене 
бітімі  жағынан  өсіп  жетілуі  емес, 
сондай-ақ  баланың  жан  дүниесінің 
байып,  рухани  өсуі,  қабілеті  мен 
дарындылығы  анықталып,  кең  өріс-
теуі,  парасаттылық  ой  мен  адам-
гершілік  көзқарастарының  қалып-
тасуы,  мектепте  алған  теориялық 
білімдерін  күнделікті  жағдаяттарда 
қолдана  алу  қабілеттері  болып 
табылады. 
Қазіргі  кезде  елімізде  білім  беру 
саласын заманауи талаптар деңгейінің 
сұраныстарына  сай  дамыту  жолы  із-
дестіріліп жатыр. Заттар, олардың қа-
сиеттері  және  айналымын  зерттейтін 
химия  ғылымының  мазмұны  мұға-
лімге  дүниенің  қазіргі  ғылыми 
бейнесін  түсіндіруге  және  күнделікті 
тәжірибелік  іс-әрекеттермен  байла- 
 
ныстыру арқылы “Адамзат – материя-
практикалық  іс-әрекет”  қатынасы-
ның  күрделі  кешенінің  мәнін  ашуға 
мүмкіндік береді. 
Химияда,  көбінесе,  табиғаттағы 
экологиялық  тепе-теңдіктің  бұзылу 
себептері  көрсетіледі.  Қазіргі  көп-
теген экологиялық проблеманың негі-
зіне  реалды  химиялық  үрдістер  жат-
қанымен,  адамзат  химиясыз  толық 
мәнді тіршілік ете алмайды. 
Химия  пәніндегі  білім  мен  тәрбие 
беру  барысында  мынадай  ұстаным-
дарды  басшылыққа  алуды  жөн  деп 
ойлаймын:  
Табиғаттағы  экологиялық  мағлұ-
маттар  мен  мәліметтерді  сұрыптап 
алып, сабаққа пайдалану. 
Химия сабағын экологияландыру 
арқылы  кіріктірілген  сабақ  (химия-
биология,  химия-экология,  химия-
физика,  химия-тарих,  химия-әдебиет 
т.б) үлгілерін жасау. 
Экологиялық білім, білік-дағдыға 
үйрету  арқылы  экологиялық  мәде-
ниетке  тәрбиелей  отырып,  экология 
ғылымы  мен  табиғатты  қорғау  ісі 
арасында тұрақты байланысты түзу. 
Табиғатты  қорғау  ісін  сабақта 
және  сабақтан  тыс  мезгілде  үнемі 
ұйымдастырып отыру. 
Экологиялық  білім  беру  мен 
тәрбиелеу  ісі  жаратылыстану  пәні 
мұғалімінің,  бүкіл  сыныптың  және 
мектептегі  оқу,  тәрбие  ісінің  негізгі 
бөлігі болып саналуы тиіс. 
Оқушыларды табиғатты қорғау ту-
ралы  заңдар    және  құжаттармен  та-
ныстыра келе,  бұл заңдарды орындау 
баршамыздың  борышымыз  екенін 
түсіндіріп отыруымыз керек. 
Химия  пәнінің  оқу  бағдарлама-
сындағы, оқулықтағы, материалдарды 
экологиямен  барынша  байланысты-
Г. Мекежанова,  
Жаңаталап орта  
мектебінің химия,  
биология пәні мұғалімі, 
Тарбағатай ауданы 

46 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
рып,  сабақта  жергілікті  материалды  пайдалану 
арқылы  қызықты  өткізсе,  оқушылардың  табиғатқа 
деген  көзқарасы  өзгереді.  Экологиялық  ділгірлік-
тер – ең алдымен, адамгершілік мәселесі. Осы тұр-
ғыдан  химия  курсын  экологияландыру  үлкен 
адамгершілік  парыз  болып  табылады.  Сондықтан 
көптеген  зерттеулерде  экологиялық  білім  беру 
жалпы  білім  берудің  бір  бөлігі  ретінде  ғана  емес, 
экологиялық  мәдениеті,  санасы,  сол  іс-әрекетке 
дайындығы  жоғары  деңгейдегі  тұлғаны  тәрбиелеу 
мақсатын  көздейтін  бұл  үрдістің  жаңа  мәнін 
қарастырады. 
Мектептегі  оқушының  экологиялық  мәдениетін 
дамыту  және  қалыптастырудың  тиімді  құралдың 
бірі  –  экологиялық  мазмұнды  химиялық  есептер 
мен  танымдық  ойындарды  қолдану.  Оларды  оқу 
үрдісінде  пайдалану  теориялық  химиялық  мате-
риалды күнделікті өмірде қалыптастыруға мүмкін-
дік  береді.  Осыдан  оқушылардың  жұмысқа  қызы-
ғушылығы,  іс-әрекетке  белсенділігі  артады.  Оқу-
шының теориялық білімдерінің, тәжірибелік экспе-
рименттегі  алынған  нәтижелерді  химиялық  талдау 
жасау  арқылы  алған  теориялық  білімдерін  күнде-
лікті  өмірде  қолдана  білуге  үйретуге  баса  назар 
аударылуда. 
10-11  сыныптарда  экологиялық  білім  мен 
тәрбие  беру,  экологиялық  мәдениетті  қалыптас-
тыру  кәсіби  мамандықтарға  дайындау  барысында 
қалыптасады.  Пәндердің  өзара  пәнаралық  бай-
ланысы  нәтижесінде  экологиялық  ұғымдар  түсін-
діріліп  білім  деңгейлері  артады.  Химия  оқулы-
ғында  берілген  материалдарға  қосымша  «Су  және 
оны  қорғау»  (VIII  сынып),  «Ауа  тазалығы  және 
оны  ластанудан  сақтау»  (VIII  сынып),  «Оттектің 
табиғаттағы айналымы» (VIII сынып),  «Ауыл шар-
уашылығын химияландыру» (ІХ сынып), «Табиғат-
тағы  азот  және  азоттық  қосылыстар»  (ІХ  сынып), 
«Химия  өндірісінің  экологиялық  проблема-
лары»  (ІХ  сынып),  «Қазақстан  мұнайының  таби-
ғатқа  әсері»  (Х  сынып),  «Қазақстан полимері»  (ХІ 
сынып), «Қазақстан тыңайтқыштары» т.б. сабақтар 
өткізудің тағылымдық мәні зор. 
Химия  сабақтарында  өзімнің  басты    міндет-
терімнің  бірі  –  оқушылардың  санасына  қоршаған 
ортаға,  туған  өлке  табиғатына,  жергілікті  флораға 
сүйіспеншілікті  қалыптастырып,  ол  арқылы  туған 
өлке  табиғатының  байлығын  сақтау  және  молайта 
түсуге  тәрбиелеу,  оқушыларға  экологиялық  білім 
беру.  Оқушыларға  экологиялық  білім  беру  мен 
табиғат  қорғауға  тәрбиелеу    шаралары    сабақтан 
және мектептен тыс жұмыстар арқылы артады. Бұл 
екеуі  де  бірін-бірі  толықтырып  отыруын  назарда 
ұстап,  әр  уақытта  оқушыларды  өзін  қоршаған 
табиғи  ортаға  жауапкершілігін  ашып  көрсетуге 
тырысамын.  
Осы  әрекеттер  арқасында  табиғатты  қорғау 
жұмысы  әр  оқушының  міндетті  жұмыстарының 
біріне айналды.  
Сөзімді  дәлелдеу  үшін  мектептен  тыс  жұмы-
сымның  бірі  –  шығармашылық  топтың  жұмысын 
айтып өтейін.  
Шығармашылық  топтың  тақырыбы:   «Қор-
шаған орта және денсаулық». Кіріспе сөз ретінде 
биосфера  ілімінің  негізін  қалаушы  академик 
В.И. Вернадскийдің мына сөзін алдық : «Адам гео-
логиялық  күш  болғандықтан,  Жерді  өзгертуге 
қабілетті» .   
Мақсаты:  оқушылардың  ізденіс  жұмыстарында 
кездескен  жаңа  өндірістік    жәйін    талдағанда 
химиядан  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдану 
біліктілігін  қалыптастыру.  Оқушыларды  экология-
лық сана мен мәдениеттілікке тәрбиелеу, табиғатқа 
деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  сонымен  қатар 
оқушылардың  өз  бетімен  ізденуге  үйрету;  ынтасы 
мен  белсенділігін  арттырып,  ой-өрісін  дамыту, 
эколо-гиялық білімдерін кеңейтіп, дамыту.  
Міндеттері:  қоршаған  ортаның  адам  денсау-
лығына  әсерін  анықтау;  жастарға  салауатты  өмір 
салтын  насихаттау;  оқушының  өз  денсаулығына 
құрметпен қарап, өмір құндылығын бағалай білуге 
тәрбиелеу;  экологиялық  мәселелердің  мазмұнды-
лығын  жете түсінуге үйрету. 
Семей сынақ полигоны  
Әлемдегі  төртінші  ядролық  арсеналынан  өз 
еркімен  бас  тартқан,  Семей  сынақ    полигоның 
жапқан  Қазақстан  ядролық  қаруды  таратпаудың 
бірден-бір белсенді  қатысушысы болып табылады.  
Жарылыс зардабынан кемтар ұрпақ,  мутагендік 
ұрпақ дүниеге келді.  
Бүгінгіге  дейін  жер  бетінде  2,5  мыңнан  астам 
болған жарылыстың 630-дан  астамы қазақ жерінде 
жарылды. 1940 жылдан бастап, қазақ даласының 34 
жеріне  атом  және  сутек  аруларын  сынақтан 
өткізетін  полигондар  орнатты.  Онда  25.000  ракета 
жарылып, 177 әскери -техника сынақтан өткізілді.  
Улы  заттар  мутагендік  фактор  ретінде,  сол 
ағзаның  генотипіне  әсер  етіп,  түрлі  кемтарлыққа 
әкелді.  Полигон  жерінде  3700  астам  мүгедек  және 
1600-дей  кемтар  балалар  есепте  тұрғаны    келер 
ұрпақтың санасынан шықпауға тиіс.  
 
Жарылыс  салдарынан  су  мен  топыраққа 
қорғасын,кадмий,  мыс  пен  мырыш сияқты  зиянды 
металдардың да қоспасы  жайылады. 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
47 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
   Озон  қабатының  жұқаруы,  қышқыл 
жауындар,  улы  тұмшалар  (у  түтін),  жылыжай 
эффектісі,    мұхит  және  теңіздердің  ластануы 
әлемдік экологиялық проблема  
1  млн.  тонна  көмір  жаққанда  25  мың  тонна 
күкірт  диоксиді  ауаға  шығарылса,  ал  жер  шары 
бойынша атмосфераға 60 млн.тонна азот оксидтері 
шығарылады  екен.  Осы  газдармен  дем  алғанда 
тыныс  жолдарының  қабынуы,  бронхит,  ентікпе 
ауруларынан  зардап шегетін адамдар саны жылдан 
жылға көбейе түсуде.  
Оқушылар  теориялық  білімдерін  практи-
када  қолдану  мақсатында:    Мектеп  бөлмелерін 
жылыту  үшін  көмірмен  жылу  қазандығын 
жылытатын, жылу қазандығынан бөлінген күйеден 
мектеп  жанындағы  қардың  ластану  деңгейін  ақ 
қағазбен салыстырып, ауылымызда да экологиялық 
жағдайлардың  барын  анықтап,  ай  сайын  жылу 
қазандығынан  3  кг  күйе  ұшатынын  есептеп  қоры-
тындылар жасады. 
 
«Жиі-жиі немен ауырасың» деген сауалнамаға  
берген  оқушылардың жауаптары 
 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының 
мәліметіне  қарасақ,  адам  денсаулығының  40% 
экологияға,  40%  өзінің  өмір  сүру  дағдысына,  
18-20% ғана медициналық көмекке тәуелді.  
2010-2020  жылдарға  арналған  «Қазақстан 
экологиясы»  бағдарламасы  аясында  өндіріс 
қалдықтарын  кешенді  қайта  өндеу  және  кешенді 
басқару  жөнінде  ұлттық  орталық  құру  туралы 
ұсыныс білдірілді. 
Жеке  адамның  денсаулығы,  оның  өзінің  өмір 
сүру тәртібіне және әдетіне тәуелді.  Белгілі ғалым, 
жүрек  хирургиясының  әйгілі  маманы,  академик 
Н.М.  Амосов:  «Күнде  таңертең  ертерек  тұрып, 
әртүрлі  жаттығулар  жасауға,  салқын  сумен 
шайынып,  шынығуға  болады.    Көпшілігіміз  жас 
кезімізде  оған  көңіл  бөлмей,  есейген  соң  жалқау-
лықтың  құрсауынан тағы босай алмай, жасымызға 
жетпей  қартайып,  әртүрлі  созылмалы  ауруларға 
шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан 
қалтырап күн өткіземіз», - деген.  
Жас  ұрпақты  табиғат  ананың      қуатын  сақтай, 
сыйлай  білуге,  оның  байлығын  дамытып  
өркендетуге  әзір  болуға,  экологиялық  мәдениетін 
қалыптастыру,  тәрбиелеу  әрбір  мұғалімнің,  
әсіресе  химия-биология  пәндері  мұғалімінің  
абыройлы міндеті. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. ҚР білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы. 
2. Экологическое образование школьников: Ред. И.Зверева, И.Суравегиной. -  М.1983 
3. Жақсыбеков Ә.  «Экологиялық мәдениет». - Алматы, 2009 
4. Шардарбеков З.Д.  «Химия. Сыныптан тыс жұмыстар».— Алматы, 2006 
5. Дәрібаева Ж., Баешов Ә., Сермаңызов С. «Экология». - Астана, 2005 
Ауру/ 
сыныптар 
1  2  3  4  5  6  7 
8 
9  10 
11 
Аллергия 
3  3  1  3  3  3  4 
2 
3  3 
2 
Анемия 
2  2  4  2  3  3  3 
4 
1  2 
2 
Бронхы 
1  1       
  
1  1 
2 
  
1 
2 
Тері ауруы 
  
2  1  2    
1  1 
1 
2    
  
Туберкулез 
  
  
     
  
  
  
  
  
  
  
Пневмония 
  
1  1  1  2  2  1 
1 
2  3 
1 
Hg Өмір сүру барысында  
(70 жас) адам ағзасына cынап 
қосылыстарының жинақталу 
мөлшері 12,0 кг дейін болса 
Улы. 
Адамның жүйке жүйесіне 
әсер  етеді, тіпті кемтар 
ұрпақ  тууы да мүмкін. 
Pb      ал, қорғасын 
қосылыстарының жинақталуы 
1,6 кг дейін болады. 
Улы. 
Зат   алмасуға 
әсер етеді. 
Әртүрлі 
химиялық 
қосылыс 
тардың 
Қатты 
бөлшектер- 
мен 
аэрозоль-
дардың 
  
Мекемелерден 
мұхиттарға 
шығарылған 
шайынды 
сулардың 
мөлшері 
Мұхиттар-
ға төгілген 
мұнайдың 
мөлшері 
  
атмосфераға 
шығарылу 
мөлшері 
600млн т 
  
Атмосфера
ға шыға- 
рылу 
мөлшері 
2 млрд. т 
7.000 км 
3
 
  
100 млн т 
  

48 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Н 
равственно-правовое воспитание предполагает формирование нравствен-
ности и правового сознания, поведения юного гражданина. Оно ориентировано на 
осознанное  восприятия  законов,  правовых  норм  и  обязанностей.  В  условиях  се-
мейного  и  школьного  воспитания  слабослышащий  ребенок  усваивает  привычки 
правомерного поведения, основные знания о нравственных и правовых нормах, а 
также первичные навыки социальной деятельности. Правовое и нравственное вос-
питание  -  одно  из  важнейших  сторон  формирования  личности  слабослышащего 
ребенка.  Дать  учащимся  основы  правовых  знаний,  научить  уважать  закон,  не 
нарушать его - дело очень нелегкое. Правовое и нравственное воспитание детей с 
нарушением слуха имеет свои особенности. Оно объясняется тем, что поврежде-
ние функций слухового анализатора нарушает контакты с окружающими и в свя-
зи  с  этим ограничивает  возможности  слабослышащих  замечать  и  осознавать  то 
многообразие отношений, которые складываются в условиях общества. Цель пра-
вового  воспитания  -  ввести  слабослышащих  учащихся  в  сложные  правовые об-
щественные отношения; содействовать усвоению нравственно-ценностных поня-
тий  и  идей;  развивать  способность  и  готовность  осуществлять  свои  права  и  обязанности,  действовать  в 
русле  соблюдения  прав  человека.  В  обучении  и  воспитании  слабослышащих  учащихся  выделяется  не-
сколько этапов формирования правовых знаний и правовой культуры. В среднем подростковом возрасте у 
учащихся закрепляются знания законов и формируются умения использовать в оценке своих поступков и 
поступков своих товарищей. Второй этап направлен на изучение правовых понятий; закрепление социаль-
ного отношения к выполнению правил и законов; формирование личностной ответственности за поступки. 
На этом этапе осуществляется всесторонняя подготовка подростка к тем социальным позициям, которые 
являются  закономерными  и  нормальными  в  его  возрасте,  а  также  к  позициям  взрослого  ответственного 
гражданина. Слабослышащие учащиеся по закону имеют те  же права и обязанности, что и слышащие, но 
их  знания,  представления,  понятия  не  сформированы,  а  полученный  жизненный  опыт  не  помогает,  по-
рой  мешает ориентироваться в потоке событий.  Воспитание правовой культуры начинается с приучения к 
режиму школы, к соблюдению норм школьной жизни, в том числе и регулирующих отношения со взрос-
лыми и товарищами. 
Бесполезно  слабослышащему  ребенку  десять  раз  повторять,  что  брать  чужое  нехорошо,  что  драться 
плохо - жизнь преподносит им другие уроки. Педагогам и воспитателям необходимо уяснить почему нель-
зя брать чужое,  нельзя обижать слабых,  что драться  -  плохо.  На конкретных примерах объяснить,  какие 
наказания получают за преступление, который совершил человек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет