Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

МҦХИТТЫҚ ҚАЗАНШҦҢҚЫРЛАР - мұхит табаны шегіндегі су 
асты  жоталармен,  белестермен  және  қыраттармен  шектелген 
ауқымды  ойпандар.  Олар  ӛзара  терең  ӛткелдермен  жалғасып 
жатады.  Орташа  терендігі  5  мың  м.  шамасында.  Қазаншұңқырлар 
табаны  100-500  м  биіктікте  ауытқитын  тӛбелі-жазықты  бедерімен 
сипатталады. Опырылма қазаншұңқыр - әктастардағы немесе басқа 
тау  жыныстарындағы  жер  асты  қуыстары  тӛбесінің  опырылуы 
немесе  шӛгуі  салдарынан  жарылымдар  бойындағы  телімдердің 
тӛмен түсуінен пайда болған депрессия. 
МЫРЗАШӚЛ–  Сырдарияның  жоғарғы  бойының  сол  жағын  алып 
жатқан  құмды  шӛл.  Солтүстік  жағы Оңтүстік  Қазақстан облысы 
жеріне  кіреді.  Қызылқұмға  ұласатын  қазақстандық  Мырзашӛлдің 
абсолюттік  биіктігі  150–250  м  келген  құм  тӛбелі,  белесті  жазық. 
Климаты  қуаң  континенттік.  Қысы  жылы,  жазы  ыстық  және  ұзақ 
болады;  ауаның  орташа  темп-расы  қаңтарда  –2,1С, шілдеде 27,9С. 
Жауын-шашын  мӛлшері  200–240  мм.  Жер  асты  суының  қоры  мол 
(қ.  Қызылқұм  артезиан  алабы).  Негізінен  сұр  топырақты  келеді, 

сортаңдау  жерлері  де  кездеседі.  Кӛктемде  эфемерлік  шӛптесін 
ӛсімдік  қалың  ӛседі,  кейін  бұлар  қурап  кетеді  де,  жазда  жусан, 
жантақ  тектес  ӛсімдіктер  сақталады.   Ақбӛкен,   қасқыр,   түлкі,  
қарсақ,   құмқоян,  бауырымен  жорғалаушылардың  түрлері; 
құстардан  қырғауыл,  үйрек,  бӛдене,  дуадақ,  тағы  басқа  кездеседі. 
Мырзашӛл ӛңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары Түркістан ӛңірін 
суландыру  және  суармалы  егіншіліктің  аумағын  едәуір  ұлғайту 
мақсатында  жүргізілген  ирригациялық  жұмыстардан  басталды.  2-
дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  жылдары  Мырзашӛл  ӛңірінде 
Шардара  бӛгені,  Қызылқұм  суару  жүйесі  сияқты  жасанды 
айдындар іске қосылды және бұлардың негізінде Мырзашӛл суару-
суландыру  жүйесі  қалыптастырылды.  Мырзашӛлдегі  Мақтаарал, 
Шардара  аудандары  республикадағы  мақта  ӛсіруші  басты 
алқаптардың бірі. 
Н 
 
НАВИГАЦИЯ (лат. navіgatіon,  navіgo —  кемеде  жүземін)  - 
1) теңізде  
жүзу, 
кеме 
қатынасы; 
2) мұхит, 
теңіз, кӛл, бӛген және ӛзендегітабиғат жағдайына байланысты кеме 
қатынасы болатын уақыт кезеңі. 
НАЙЗАҒАЙ  —  бұлттар  не  бұлт  пен  жер  арасында  болатын 
ұзындығы  бірнеше  км,  диаметрі  ондаған  см  және  ұзақтығы 
секундтың  ондаған  үлесіндей  болатын  алып  электрлік  ұшқынды 
разряд.
[1]
 Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс 
кезінде  қалың  будақ-жаңбырлы  бұлттарда  және  бұлттар  мен  жер 
арасында  кӛп  еселі  электр  разрядтары  пайда  болады,  күн 
күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нӛсер 
жаңбыр  жауады.  Найзағайды  шептік  және  масса  ішіндегі  деп 
ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі 
найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады. 
Жалпы мәліметтер 
Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай 
пайда  болу  үшін  бұлттың  шағын  кӛлемінде  ұшқындық  разрядтың 
басталуына жеткілікті электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір 
бӛлігінде  басталған  разрядты  әрі  қарай  демейтіндей,  орташа 
кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр ӛрісі болуы керек. 
Қаупі 
Найзағай  жарқылы  үлкен  разрядты  тоқпен  тең,  ал  оның 
температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы 

температурадан  6  есе  жоғары).  Найзағайдың  орын  ауыстыру 
жылдамдығы  секундына  100  мың  километр.  Найзағай  түскенде 
талдың  жанып  кетуі  де  мүмкін.  Найзағайдың  адамға  түсуі,  ӛлімге 
дейін  алып  келеді.  Жыл  сайын  әлемді  найзағайдан  3000  адам 
қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі. 
Найзағайға қалай дайындалу керек 
Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты 
орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа 
райы  болжамын  тыңдау  қажет.  Егер  күн  бұзылады  деп  болжаса, 
басқа  күні  шыққаныңыз  дұрыс  болады.  Егер  сіз  найзағай 
болатынын  сезсеңіз,  онда  бірінші  кезекте  оның  жерге  түсу 
жақындығын  анықтаңыз  және  дауыл  жақындап  не  болмаса 
қойғандығын  қараңыз.  Жарық  жылдамдығының  тездігіне  тездігіне 
байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай 
аламыз.  Мүмкіндігінше  дыбыс  кешігуі  арақашықтық  пен  оның 
тездігіне байланысты анықталады.  Мысалы: егер жарқылдан кейін 
найзағайға  5  с  ӛтсе,  онда  найзағай  фронтының  арасы  340м/с*5с  = 
1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді 
ал  егер  дыбыс  азайса,  онда  найзағай  фронты  жақындап  келе 
жатқандығы.  Найзағай  жарқылынан  кейін  қатты  дауыл  болса, 
найзағай  ӛте  қауіпті.  Егер  сіз  ауылдық  жерде  болсаңыз:  терезені, 
есікті,  құбырларды  жабыңыз.  Пеш  жақпаңыз,  себебі  пеш 
трубасынан  шығатын  жоғары  температуралы  газда  қарсыласа 
алмаушылық  болады.  Телефонмен  сӛйлеспеңіздер:  кейде  найзағай 
столбылардың  арасында  тартылған  сымдарға  түседі.  Найзағай 
болып  жатқан  сәтте  электр  желісіне,  антеннаға,  терезе  жанындағы 
орнықтарғыштарға,  үйдің  тӛбесінен  су  ағатын  жерлерге 
жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі 
қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар 
ӛскен  жерлерді  паналаңыз.  Биік  талдардың  қасына,  әсіресе 
қайыңның,  еменнің  қастарына  тығылмаңыз.  Су  жиналатын  жерде 
немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары 
жерден тӛменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын 
жер  болмаған  кезде  жерге  жатпаңыз,  қазылған  жердің  шетіне 
аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз 
спортпен  айналысу  барысында  болса,  дереу  тоқтатыңыз. 
Металлдан  жасалған  заттарды  (мотоцикл,  велосипед,  мұз  ойғыш 
және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. 

Егер найзағай сіз кӛліктің ішінде  отырған кезде болса, машинадан 
түспей,  терезені  жауып,  радиоқабылдағыштың  антеннасын  тӛмен 
түсіріңіз.  
НАМИБ (порт. Namіbe, ағылш. Namib)  —  Атланд  мұхитының 
жағалауындағы  шӛл  дала,  негізінен  Намибияда  орналасқан.  Бұл 
жерде  жауын  ӛте  аз  жауады.  Шӛл  даланың  ұзындығы  шамамен 
1300 км, ені 50-160 км. Жазықтықтың беткі қабаты негізінен тегіс 
жазық,  әртүрлі  типті  құм  түрлерінен  қабатталған.  Жазықтықтың 
оңтүстік  бӛлігін  тегіс  құм  алып  жатыр.  Шығыс  бӛлігін,  яғни  Ішкі 
Намибте  кӛптеген  антилопа  табындары  кездеседі.  Жағалаудағы 
аймақта  теңіз  құстарының  алуан  түрлері  мекендейді.  Оның  ішінде 
фламинго,  бірқазан,  пингвиндер  жиі  кездеседі.  Құм  даланың 
үстінен 
 Уолфиш 

Бейқаласы 
мен  
Оңтүстік 
Африка 
Республикасыды  байланыстыратын  темір жол   кесіп  ӛтеді. 
НЕПАЛ,  Непал  корольдігі  –  Оңт.  Азиядағы  Гималай  тауының 
орталық  бӛлігіне  орналасқан  мемлекет.  Жер  аум.  147,2  мың  км2. 
Халқы 21,4 млн. (2001). Негізгі тұрғындары  –  непалдықтар. Ресми 
тілі – непали. Халқының 86%-ы индуизм, қалғандары будда, ислам 
діндерін  ұстанады.  Астанасы  –  Катманду  қаласы  Әкімшілік 
жағынан  14  аймаққа  бӛлінеді.  Конституция  бойынша  мемлекет 
басшысы  –  король.  Жоғары  заң  шығарушы  органы  –  2  палаталы 
парламент  (Ӛкілдер  палатасы  және  Ұлттық  ассамблея).  Ұлттық 
мерекесі 28 желтоқсан (1945) – корольдің туған күні. Ақша бірлігі – 
непал рупиясы. 
НИВЕЛИР -  екі  нүктенің  биіктіктерінің  айырмашылығын 
анықтауға  арналған геодезиялық  аспап;  горизонталь  нысаналау 
сәулесі мен осы нүктелерде вертикаль орнатылған рейкалар арқылы 
қолданылады.  Конструкцияларының  негізгі  типтері  бойынша 
нивелирлерді  цилиндрлік  деңгейлі  нивелир  және  компенсаторлы 
нивелир  деп  екі  топқа  бӛледі,  соңғыларында  нысаналау  сызығы 
горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жӛнінен 
нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған ӛте 
дәл,  ІІІ  және  ІV  класты  нивелирлеуге  арналған  дәл  нивелирлер, 
зерттеу  және  құрылыс  жұмыстарына  арналған  техникалық 
нивелирлер деп бӛлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары 
дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-
ден  арпайтын  орташа  квадраттық  қателікпен  анықтауға  арналған. 
Н-3,  Н-3К,  Н-3Л  нивелирлері  —  дәл,  1  км  екі  мәрте  жүрісте  биік 
айырымды  3  мм-ден  аспайтын  орташа  квадраттық  қателікпен 

анықтауға  арналған,  дәл  аспаптар.  Инженерлік-геодезиялық 
зерттеулерде,  ІІІ  және  ІV  кластық  нивелирлеу  кезінде 
қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ  нивелирлері  —  1 км-
лік  екі  мәрте  жүрісте  биік  айырымды  10  мм-ден  аспайтын  орташа 
квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. 
Олар 
құрылыста, 
инженерлік-геодезиялық 
зерттеулерде 
және топографиялық 
түсірістерде биіктік 
шама 
негіздерімен 
қамтамасыз  ету  үшін  қолданылады.  Қазіргі  кездегі  нивелир 
аспаптарында  дүрбінің  осін  горизонталь  жағдайға  келтіру  деңгейі 
арқылы  тексеріледі  немесе  авторедукциялық  компенсаторлар 
арқылы ӛздігінен жасалады. 
НӚСЕР (Ливень)  —    күшті,  бірақ  қысқа  мерзімдік  конвективтік 
сипаттағы жаңбыр,  не қоңыржай  ендіктердегіциклондардың суық 
шебіндегі дүлей желді жаңбыр.
[1]
 
Басталғанда  тӛгіп  жауып,  күрт  тыйыла  қалуы  мүмкін.  Ӛте  қысқа 
уақытқа  созылуы  жеке  бұлттан  немесе  салқын  шептегі  жіңішке 
ӛңірді  ғана  қамтитын  бұлттан  жаууымен  байланысты.  Жылы  жер 
бетіндегі  салқын  ауа  массасынан  түсетін  Нӛсер  жаңбыр  кейде 
бірнеше  минутта-ақ  ӛте  шығады.   Жаздағы   жергілікті   конвекция 
 жағдайында  будақ  жаңбыр бұлты кең  алқапты  қамтығанда  немесе 
шептер ӛткенде Нӛсер жаңбыр сағаттап жауады. Нӛсер жауу екпіні 
түрліше,  кейде 21,5  мм/мин-қа жеткен  кездері  байқалған.  Нӛсер 
жауу  уақыты  артқан  сайын  екпіні  кеми  береді.  Нӛсер 
жаңбыр тропиктік және экваторлық ендіктердегі жауын-шашынның 
негізгі  түрі.  Субтропиктік  және қоңыржай  белдеулерде де  ӛтіп 
тұрады.  Нӛсер  термині  синоптик.  метеорологияда  жауын-
шашынның барлық түріне де (қар, қиыршық) қолданылады. Қазіргі 
түсінігімізде  —  шелектеп  құятын  ӛткінші  жаңбыр.  «Шелектеп 
құйғаңдай  нӛсер  сабалап  тұрды»  (Ә.  Шәріпов,  Алыс  жаға.).  Сӛз 
тӛркіні тек монғол тілі деп шамалауға болады, «нүсэр» тұлғалы сӛз 
монғолдарда  «қиын,  ауыр»  мағыналарында  кездеседі.  Осы 
сӛздіктерге  қарағанда,  «нүсэр»  сӛзі  монғолдардың  ӛзінде  сирек 
қолданылатын  тәрізді.  Ӛйткені,  келтірілген  мысалдарда  «нүсэр» 
сӛзінің  орнына,  оның  синонимі  «хүнд»  жиі  тіркеседі.  Осыған 
қарағанда, ескі  сәз бе  деген ойға  қаласың.  Жауған жаңбыр  сипаты 
—«нүсер» сӛзін  анықтауыш  ретінде  қолдануға кереғар кӛрінбейді. 
Ӛйткені жаңбырдың күштілігі қиындыққа ұшырататыны да белгілі. 
Осы 
себептенде 
алғаш 
«нӛсер жаңбыр» (қиын 
жаңбыр 
мағынасында)  тіркесі  пайда  болып,  кейінгі  кездерде  «нӛсер»  жеке 

тұрып  та  жауынның  күштілігін  аңғартарлық  дағдыға  айналуы 
мүмкін. 
НҦРА — Қарағанды және Ақмола облыстарының  жерімен  ағатын 
ӛзен.  Ұзындығы  — 978  км,  су  жинау  алқабы  — 60,8  мың  к
м2

Нұра Қарқаралы тауының 
батыс 
сілемдеріндегі 
бұлақтардан 
басталып, теңіз кӛліне кұяды. 
 
О 
 
ОЗОН ҚАБАТЫ — стратосфераның бір бӛлігі. Ол — озоносфера 
қабаты,  15–50  км  биіктікте  болады.  Экватордан  полюстерге  қарай 
озон қабаты қалыңдап отырады.  Бұл қабатта  энергияға  бай күннің 
ультра-күлгін  сәулелері  O2  формасындағы  оттегіні  O3  формалы 
озотқа  айналдырады  (3  O2  →  2  O3).  Ультра-күлгін  сәулелердің 
толқын ұзындықтарына байланысты (175—200 нм, кейде 242 нм-не 
дейінгі  аралықтағы  толқын  ұзындығы)  кейде  озоннан  O2 
формасындағы  оттегі  қайта  түзіледі  (2  O3  →  3  O2).  Аталған  екі 
реакция  (процесс)  да  ультра-күлгін  сәулелердің  энергиясының 
кӛмегімен  іске  асады.  Озон  қабатын  үнемі  екі  процесс  арқылы 
толықтырып  тұратын  циклОзон-Оттегі  циклі  деп  аталады.  
Озоннан  оттегі,  оттегіден  озон  түзетін  химиялық  рефкцияны1930 
жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі 
деп аталады. Озон  қабатының  ең тығыз бӛлігі 20-25 км биіктікте 
орналасса,  кӛлемі  ең  үлкен  бӛлігі  40  км  биіктікте  орналасады.  
Егер  бүкіл  озон  қорын  жинап  алып  жердегі  қалыпты  жағдайдағы 
қысыммен (pn = 101.325 Pa = 101.325 N/m² = 1013,25 hPa = 101,325 
kPa  =  1,01325  bar)  қысатын  болсақ,  онда  небары  3-4  мм  болатын 
жіңішке  қабатты  озон  түзілетін  еді  (экватор  маңында  жұқа, 
полюстерде  қалың  қабат  болады).  Басқа  да  ауа  қабаттарындағы 
газдармен  салыстырсақ  (мысалы,  оттегі  мен  азот),  олардың 
сығылғандағы  биіктігі  8  км  болар  еді.  Озон  қабатының  қызметі  
Жерде  озонның  6-10%  концентрациясы  бар,  аз  мӛлшерде 
болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон 
ӛте  активті  газ.  Айналасындағы  тіршілік  иелеріне  зияны  тиеді. 
Негізінде, озонның орташа концентрация мӛлшері 8 мл/м³ болады. 
Озон қабатының басты қызметі — күн сәулесіндегі зиянды ультра-
күлгін сәулелерді жер бетіне жібермей, ӛзінің бойына сіңіріп ұстап 
қалу.  Осылайша  жер  бетіндегі  тіршілік  иелері  күннің  кері 
әсерлерінен  қорғалады.  Озон  тесігі  Егер  атмосферадағы  озон 

қабатының  белгілі  бір  аймағындағы  озонның  дефициттік  мӛлшері 
30%-дан  асса,  онда  ол  жерде  Озон  тесігі  бар  деп  саналады. 
Антропогендік  әрекеттер  озонды  жоюға  әкеліп  соғады.  
Адам  баласының  абайсыздығына  байланысты  озон  қабаты  ұзақ 
уақыттан  бері  жұқарып  барады.  Оның  жұқаруының  негізгі 
себептері мыналар:   
1.  Ғарыш  кемелерін  ұшыру  салдарынан  озон  қабаты  тесіледі. 
Жыртылған  тесіктер  ұзақ  уақыт  бойы  бірқалыпты  тұра  береді.  
2.  12-16  шақырым  биіктікте  ұшатын  ұшақтар  да  озон  қабатына 
қауіп  тӛндіреді.  Керісінше,  12  шақырымнан  тӛменде  ұшатындары 
озон 
қабатының 
қалыптасуына 
септігін 
тигізеді.  
3.  Атмосфераға  фреондардың  тасталуы.  Озон  қабатының  тесілуіне 
ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның  судағы қоспасы. Хлордың 
кӛп бӛлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол 
«жарылуға» әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы кӛп озонды 
құртуға  қызмет  етеді.  Оның  қоспасы  ауада  50-120  жылға  дейін 
сақталып  тұрады.  Фреон  бӛлме  температурасында  кӛлемін 
кӛбейтетіндіктен, 
аэрозоль 
ретінде 
пайдаланып 
келеді.  
Озон  қабатының  тесілуінен  адам  баласы  ісік  ауруына  шалдығады 
екен.  Сонымен  қатар  тері  ісігі,  кӛз  ауруларын  қоздырып,  егістік 
алқаптарына 
зақым 
келтіреді.  
Әлемде  индустрия  мен  түрлі  экологиялық  зияны  бар  салалар 
қарқынды  дамыған  сайын  атмосфераның  озон  қабатына  тиіп 
жатқан 
зиянды 
әсерлер 
кӛп.  
Озон    қабаты  жұқарып,  тіпті,  кей  жерлерде  озон  тесіктері  пайда 
болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі 
тіршілік  үшін  қауіп  тӛнгендігін  білдіреді.  Озон  қабатының 
тесілуіне  адамдардың  ықпалы  қатты  әсер  етеді.  Мысалыға,  егінді 
алқапта  пайдаланатын  химиялық  тыңайтқыштар,  дыбыстан  да 
жылдам  ұшақтар  мен  ғарышқа  ұшырылатын  зымырандардың 
атмосфераға бӛліп шығаратын улы газдары, фреондар (түссіз, иіссіз 
газдар мен сұйықтықтар) және ядролық жарылыстар озон қабатын 
жұқартатын  басты  факторлар.  Одан  басқа  химиялық  белсенді 
газдардың  әсерінен  де  озон  қабаты  зақымдалады.  Оған  мысал:  
Азоттың 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі  
О3 + NO → NO2 + О2 
Оттегінің 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі  
О3 + O → 2О2 

Сутегінің 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі  
ОН 

О3 
→ 
НО2 

О2  
НО2 + О3 →ОН + 2О2 
Хлордың 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі  
Cl + O3 → ClO + O2 
Сондай-ақ,  метан  мен  этан  газдарынан  түзілетін  Хлор-фтор-
карбоны  органикалық  қосылысы  катализдік  эффект  арқылы  түнгі 
уақыттарда  озон  концентрациясын  азайтып,  O2  концентрациясын 
кӛбейтеді. Мұндай жағдайлар ұзақ уақыттық поляр түндері кезінде 
жиі  байқалады.  Соңы  озонның  тесілуіне  әкеп  соғады.  
Поляр түндері аяқталған кезде күн озон қабатының тесілген бӛлігі 
арқылы  ӛзінің  зиянды  сәулелерін  ӛткізеді.  Ал  бұл  дегеніміз  тері 
рагы  аурулары  мен  кӛз  ауруларын  тудырады  және  ағзадағы 
иммунды жүйе бұзылады. 1985   жылы  ағылшын ғалымдары 1980 
жылдан  бері  әр  жылдың  кӛктемінде  Антарктиданың  аспанында 
озон  мӛлшерінің  азайып  отырғандығын  дәлелдейтін  мақала 
жариялады.  Бұл  тақырыптыжурналистар  қауымы  ''Антарктиданың 
тӛбесіндегі  Озон  тесігі''  атты  сенсацияға  айналдырып  жіберді. 
Антарктида  аспанындағы  озон  қабатының  жұқарып,  тесілуінің 
басты  себебі  ретінде  Жер  стратосферасындағы  хлор  тотығы  мен 
озонды  зақымдағыш  заттар  мӛлшерінің  күрт  артуы  аталады.  90-
жылдардың  бірінші  жартысындағы  озон  қабатының  жұқаруы  15 
млн. шаршы км. (32-63 күн бойы сақталған) болса, 1995 жылы бұл 
кӛрсеткіш  20  млн.  шаршы  км-дан  асып  түсіп,  71  күн  бойы  осы 
қалпында болды. 1999 жылдың соңындағы ақпаратта озон тесігінің 
25  млн.  шаршы  км.  болғандығы  айтылады.  Оның  жердегі  ӛлшемі 
Жаңа  Зеландияның  жағалауына  дейін  жеткен.  2000  жылы  Жаңа 
Зеландиялық ғалымдар Антарктидадағы озон тесігінің ауданы 29,53 
20  млн.  шаршы  км.  болғандығы  жайлы  мәлімдеді.  Тесілген  озон 
аумағынан  ӛтетін  күннің  зиянды  сәулелері  Чилидің  Пунта-Аренас 
қаласына  түскен.  Одан  кейінгі  кезектерде  Аргентина,  ОАР  және 
Австралия  қауіпке  жақын  болды.  Озон  қабатын  қорғау.  Озон 
қабатын  қорғау  шаралары  алғаш  рет  озон  қабатындағы  зиянды 
заттардың  табылғандығы  жайлы  мәлім  болғаннан  бері  қолға 
алынып  келеді.  Бірақ  алғашқы  кезде  белсенді  түрде  жұмстар 
жасалынбады. 1985 жылы озон  тесігі  табылған кезден  бастап озон 
қабатын  қорғау  мәселесі  әлемдік  қауымдастықта  басымдыққа  ие 
болды.  ''Озон  қабатын  қорғау  туралы''  Вена  конвенциясы  
1985  жылы  22  наурызда  ''Озон  қабатын  қорғау  туралы''  Вена 

конвенциясы  қабылданды.  Қатысушы  елдер  жүйелі  және  негізгі 
зертеулер жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын 
зиянды  заттарды  қадағалау  жайлы  келісімге  келді.  ''Озон  қабатын 
құртатын 
заттар 
жайындағы'' 
Монреаль 
протоколы  
1987  жылы  16  қыркүйекте  ''Озон  қабатын  құртатын  заттар 
жайындағы''  Монреаль  протоколы  қабылданды.  Протоколға 
кейннен  жаңадан  ӛзгерістер  енгізіліп  отырды.  Осы  протоколдың 
арқасында  2050  жылға  дейінгі  озонқабатын  қорғау  іс-шаралары 
пысықталды.  Монреаль  протоколынан  кейін  ӛндірістік  технология 
саласында біраз ӛзгерістер болып, 1986 жылы әлемдегі Хлор-фтор-
карбоны  органикалық  қосылысының  мӛлшері  1  100  000  тонна 
болған  болса,  2001  жылы  бұл  кӛрсеткіш  небары  110  000  тоннаға 
жеткен.   Қазіргі  кезде  атмосфераның  тӛменгі  қабатындағы  озонды 
жоятын улы заттардың мӛлшері азайып келеді. Алдағы уақыттарды 
жоғарғы қабаттағы, стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды. 
Егер  осы  бағыттағы  шаралар  жалғасын  табатын  болса, 
ғалымдардың болжауынша 2060 жылға қарай озон қабатының күйі 
(қалыңдығы) бастапқы қалпына келеді екен.  
Қорытынды  Озон қабатының шығу тарихынан бастап бүгінгі күнге 
дейінгі  жағдайына  қарап  отырып,  оның  әр  уақытта  әр  түрлі 
болатындығын  аңғаруға  болады.  Және  соңғы  ғасырдағы  техника 
мен 
технологияның, 
ауыл 
шаруашылығы 
мен 
кӛлік 
қозғалыстарының күрт артуы тек қана ғаламдық жаппай жылынуды 
ғана емес, сонымен бірге кӛзге кӛріне бермейтін табиғи апаттарды 
да  тудырып  отыр.  Солардың  бірі  жоғарыда  толық  тоқталып  ӛткен 
озон 
қабаты 
мен 
оның 
жұқарып, 
тесілу 
процестері.  
Осыдан  25-30  жылдай  бұрын  бастау  алған  озон  қабатын  қорғау 
шараларының  нәтижелері  бүгіндері  кӛрініп  жатыр.  Оң  нәтижелер 
баршылық.  Адамзат  техникалық  дамумен  бірге  қоршаған  ортаны 
қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы 
дамыған  елдерде  бұндай  жағдайлар  ӛте  жоғары  деңгейлерде 
ұйымдастырылуда.  Зерттеу  жұмыстары  мен  кең  ауқымды 
жұмыстар  осындай  елдердің  еншісінде  екені  анық.  Солардың 
кӛмегімен  бәрімізге  ортақ  Жер  планетасын  апатты  жағдайлардан 
құтқарар күннің туары алыс емес секілді. 
ОЗОН  ТЕСІГІ (Озоновая  дыра; грек,  ozon  —  иісі  шығу,  аңқу)  — 
ғаламшардың  озон  кабатындағы  озон  (кӛк  түсті,  ӛткір  иісті газ) 
құрамының  едоуір  тӛмендеуінен  I  (50 %-ға  дейін  және  одан  да 
жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік. 

Бұл  —  жердің  озон  қабатының  тозуындағы  күрделі   экологиялық  
моселенің  бір  бӛлігі.  Антропогендік  факторлардың  салдарынан  
атмосфераға   суытқыштар  (фреондар)  мен азотоксиді  (космостық 
аппараттар  және  ұшақтардың  органикалық  отынының  толық 
жанбаған ӛнімі) шығарындыларының кӛп бӛлінуінен ғаламшардың 
озон қабатында бұзылу процесі басталған. 
ОЙЫС –  құрлықтың  мұхит  деңгейінен  тӛмен  жатқан  бӛлігі, 
барлық 
жағынан 
тұйықталған, 
ортасына 
қарай шұңғыма.  
Ойыстектоникалық,  карстық,  эрозиялық болып  бӛлінеді.  Кейде  
Ойыс термині  "қазаншұңқыр",  "депрессия",  "тектоникалық", 
"майысу"  терминдерінің  синонимі  ретінде  колданылады. 
[2]
 Мұхит 
түбіндегі  тар  әрі  терең  Ойыс  терең  сулы  шоңғалдар  деп  аталады. 
Тектоникалық ойыс – тектоникалық қозғалыстар әсерінен; карстық 
ойыс  –  карст  облыстарында  ойылып  түсу  нәтижесінде;  эрозиялық 
ойыс – ӛзен эрозиясының әрекетінен пайда болады. Құрлықтағы ең 
терең ойыс – Турфан ойысы (–154 м, Қытай). Мұхит түбіндегі ойыс 
–  шұңғыма  деп  аталады.  Ең  терең  мұхит  ойысы  –  Мариана 
шұңғымасы (–11022 м). Қазақстанда Қарақия (–132 м), Қауынды (–
57 м), Қарынжарық (–52 м), т.б. ойыстар бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет