Тақырыбы: М.Гумеров «Сенім» Мақсаты: Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере
отырып күрделі жоспар құру.
1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, жанрлық ерекшелігін ажырат. Әуежай үйіне кірген сәтте Кәрімді бір қартаң кісі тоқтатты. Баланың
бас-аяғына көз жүгіртті де, ентіге сөйледі.
-Қай жаққа ұшпақ едің, қарағым ?
-Мен ұшпаймын, ата.
-Е, ендеше неге келдің?
-Жай, ұшақтардың самғағанын көрейін деп.
-Ендеше, балам, мына заттарды қарай тұр. Билет жайын біліп келейін,
тірі жанға ұстатпа –деді де, әлгі кісі касса жаққа беттеді.
Сәлден кейін Кәрімнің қасына әлгі жолаушыға ілесіп кеткен бір кісі
келді. Үсті-басы алқам-салқам.
Жан-жағына жалтақтай қарап, ақырын сөйлей бастады. Оның айтуынша,
қария мына танысына жүгін әкелуді тапсырыпты.
Кәрімнің күдіктенбеске амалы қалмады.
-Тимеңіз! – деді Кәрім.
Әлгі кісі:
-Жарайды онда, өзіне айтайын, – деді де, жайына кетті.
Бір кезде әлгі қарт жолаушы келді. Қолында билеті бар. Кәрім оған
жаңағы оқиғаны айтып берді.
-Қой, ешкімге заттарымды әкел дегем жоқ,- деді жолаушы.- Рахмет,
айналайын! Мың да бір рахмет ! ...
Кәрім ұшақтардың самғағанын
тамашалай алмағанына
өкінген жоқ. (131сөз)
2-тапсырма. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ескеріп, күрделі жоспар құр.
Тақырыбы: «
Астана қаласы». Екпін түрлері. Мақсаты: Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін
түсініп қолдану.
1-тапсырма. Мәтінді оқи отырып, екпін түрлерін анықта.
Астана қаласы. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында
орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында
Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі,
Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің
алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері қойылған. Қаланың
ортасында бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.
Астана қаласында жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала
тұрғындарының саны бес жүз он сегіз мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала. (75 сөз)