26
- Менің әміршім…. Сізге «қылаң сәйгүлік беріп жіберсін» дейді… Егер
ондай сәйгүлік болмаса….
-Әрі
қарай тыңдағым да келмейді, — дейді патша шабарманның сөзін
бөліп. – Патшаңа айта бар, менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса…
Осы жерге келгенде ол кідіріп қалады. Шабарман осы уақытқа дейін өз
әміршісімен тату қарым-қатынастағы көршісінен мұндай сөз естігеніне сасып
қалады. Сарайдан қалай атып шыққанын да байқамай,
жауабын тезірек
жеткізбек болып, кері шабады.
Патша көршісінің сәлемін естіп, қаны басына шығып,
көрші
патшалыққа соғыс жариялайды. Соғыс ұзаққа созылады, екі жақ та әбден
шаршайды. Ақыры ұзақ соғыс титықтарына
жеткен екі жақ келіссөз
жүргізбекші болады.
Келіссөз кезінде екінші патша:
-
«Қылаң сәйгүлік беріп жіберсін, болмаса…» дегенде не айтқың
келді?– деп сұрайды.
-
«… басқа түсті ат берсең болады » дегім келген, бар болғаны сол
ғана. Ал сенің «менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса…»
деген жауабыңды
қалай түсінуге болады?
-«...тату отырған көршіме міндетті түрде сыйлар едім» дегенім ғой.
(148сөз)
Достарыңызбен бөлісу: