Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

Негізгі ақпарат 
Қосымша ақпарат 
 
 
 
2-тапсырма. Мәтін бойынша ақпарат көздерін анықта. 
Тақырыбы: Отбасы татулығы 
Мақсаты: Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын 
диалогке қатысу 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап бер. 
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте 
көп екен,бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен
отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда 
ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. 
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді. Патша естігенінің ақ- 
қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза,барлығы да жеткілікті
тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа 
бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны 
төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша 
таң-тамаша болды. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің 
мәнісін білгісі келеді. 
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай 
жеткендерін айтуын өтінді. 
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет 


27 
«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. 
Үш сөзді оқып патша таң қалып: 
-Осы –ақ па? 
-Иә,- деді ақсақал. -Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден 
құралады, -деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып 
қойды. (168сөз) 
1. 
Патша көзқарасы бойынша бақытты отбасы қандай? 
2. 
Неге әр сөзді қария 100 реттен жазды. Ойыңды дәлелде. 
3. 
Патша не себепті үш сөзге таң қалды? 
2-тапсырма. Берілген суретке сүйене отырып, жұбыңмен диалог құра. 
 
Тақырыбы: Жамандыққа жақсылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет