Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет60/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   138
 
 


147 
3-
қосымша 
 
Ортаңғы сыныптар оқушыларына арналған сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Ерекше балалар» 
Сабақтың мақсаты: 
Мүгедектіктің дұрыс түсінігін қалыптастыру. Жалпы білім беретін мектеп 
оқушыларында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар туралы түсінікті 
кеңейту. 
Міндеттер: 

«Ерекше бала» туралы түсінік қалыптастыру. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамда әлеуметтендіру 
қиындықтарымен байланысты проблемаларды қарастыру. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға эмпатия сезімін дамыту. 
Педагогтың кіріспе сөзі: 
Қымбатты балалар! Біздің бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы: «Ерекше 
балалар». Сендер қалай ойлайсыңдар, кім туралы әңгіме болып жатыр? Ерекше 
балалар деген кімдер? «Ерекше» дегеніміз не? 
Балалардың жауаптары. 
Педагог: Неміс тілінде «Sonderkind» (зондер кинд) деген ұғым бар, яғни 
«ерекше бала». Бұл ұғым дарынды балаларға да, ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларға да тең дәрежеде қолданылады. Біздің елімізде 
мүгедектігі бар балаларды да, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды 
да «ерекше балалар» деп атау қабылданған. 
Мүгедектер деген кімдер? (балалардың жауаптары).
Педагог: Үлкен энциклопедиялық сөздікте: «Мүгедек» (лат. invalidus - 
нашар, шамасы жоқ) ‒ еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан адам.
Мүгедектер ‒ бұл бөгде адамның көмегінсіз және мемлекеттің 
қолдауынсыз өмір сүре алмайтындай, сырқатына немесе бұзылулары болуына 
байланысты дамуы шектелген адамдар.
Осылайша, біз, мүгедек дегеніміз оның мүмкіндіктерін шектейтін қандай 
да бір денсаулығының бұзылуы бар адам екенін анықтап алдық. Сендердің 
барлықтарың осы тұжырыммен келісесіңдер ме? (Балалардың жауаптары).  
Шын мәнінде бұл мүлдем солай емес. Мынадай мысалды қарастырайық: 
адам арбада отыр деп ойлайық, ол қоғамдық кітапханадан кітап алғысы келеді. 
Неліктен ол кітапханаға бара алмайды? Егер біз білетін мүгедектік ұғымын 
басшылыққа алатын болсақ, онда «Өйткені ол арбада отыр» немесе «оның 
аяқтары ауырады» деген жауаптар аламыз. Проблема оның аяқтарында немесе 
оның арбада отырғанында емес. Егер проблеманың мәні – мүгедектің өзінде 
болса, ол кітапханаға бару үшін оның аяқтарын «жөндеу» керектігінде. Ал егер 
біз оны жасай алмасақ, біз мүгедектігі бар адамдардың көпшілігін «жөндеу» 
мүмкін еместігін білеміз? Онда ол ешқашан кітапханаға жете алмайды. Бұл 
жағдайда осы проблема шешілмейді. Алайда, бұл жағдайға басқа жағынан 
қарайтын болсақ, бұл адам ... сатыларға байланысты кітапханаға жете алмай 
отыр деп айтсақ. Және бұл оның кітапханаға жете алмауының жалғыз себебі 


148 
деп есептейік. Кітапхананы салған архитекторлар, құрылысшылар, 
жоспарлаушылар мүгедектігі бар адамдарды қоғамның бір бөлігі деп 
есептемеген. Бұл мамандардың осындай көзқарасы мен іс-әрекеттері адамды 
мүгедек ететін қоршаған ортаны құрды. Егер пандус салынса, онда бұл 
адамның осы жағдайда мүгедек болмайтыны анық, өйткені ол кітапханаға кез 
келген басқа адам сияқты бара алар еді.
Адамды мүгедек ететін оның науқасы емес, біздің қоғамда олар үшін 
ешқандай жағдайдың ойластырылмағаны, олар басқа адамдардың ортасында 
өмір сүруге «жоспарланбаған», бірақ оған барлық құқықтары бар. 
Ал сендер біздің қалада, басқа жерлерде осындай адамдарды көрдіңдер 
ме? (Балалардың жауаптары) 
Иә, шын мәнінде, оларды көшеден сирек көресің. Енді сендер оның 
себебін де білесіңдер.
Ал мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалар, ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалар біздің қаламызда өте көп. Кейде біз оларды ‒ 
осындай балаларды жай ғана байқамаймыз. Біз оларды білмейміз.
Осындай балалар туралы роликтер көруді және ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалар туралы не біліп, өзіміз үшін қандай қырларын 
ашқанымызды талқылауды ұсынамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет