Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет11/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

Ойын жаттығуларын орындау, қозғалмалы немесе жеңілдетілген ойындарды талдау, нәтижелерді және жіберілген қателерді анықтаудың да маңызы жоғары. Қорытындылаған кезде және рефлексия кезінде ойын әрекеттердің жылдамдығын ғана емес, орындалу сапасын да ескеру қажет. Білім алушылардың өз әрекеттерін, командаластары мен қарсыластарының әрекеттерін бағалау, алаңда үздік өнер көрсеткендерді атап өту де маңызды.
Оқу процесінде қолданылатын қозғалмалы ойындар сан-алуан және олардың ішіндегі бірнешеуін атап өтуге болады:
- өзара бірігіп әрекет өтуге арналған тартымды ойындар (логикалық ойлануға арналған және т.б.);
- түрлі оқиғаларға толы және команда құруды қажет ететін ойындар (оқушылардың өздері ұйымдастыратын, яғни «көше» ойындары, жарыс сипатында өткізілетін ойындар);
- басып кіру сипатындағы ойындар (спорт ойындарындағы тактикалық әрекеттерге үйрету);
- жаңартылған командалық ойындар (спорт ойындарындағы әрекеттерді үйретуге арналған жеңілдетілген ойындар).
Ойын түріндегі тапсырмалар, қозғалмалы ойындар және жеңілдетілген ойындарды таңдауға келесі талаптар қойылады:
- ұсынылып отырған іс-әрекеттер оқушының бойында жаңа түсінік қалыптастыруы керек;
- білім алушының бойында кеңістікті сезіну және уақытты дұрыс өлшей білу, жиі өзгеретін жағдайға жылдам бейімделу қабілеттерін дамытуы керек;
- ойын мазмұны бағдарлама материалдарының ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
- тапсырманың қиындық дәрежесі игерілген біліктілік пен дағды деңгейлеріне сәйкес келуі керек.
Ойындарды ұйымдастырған және өткізген кезде келесі ережелерді сақтау керек:
- ереженің қарапайымдылығы және қолжетімдігі;
- білім алушылар ойынның белсенді қатысушысы болуы керек;
- білім алушылардың өміріне ешқандай да қауіп төнбеуі тиіс;
- қолтанылатын спорттық құралдардың қауіпсіздігі;
- ойын ережесі білім алушылардың ар-ождандарына нұсқан келтірмеуі керек.
Қозғалмалы ойындар, ойын түріндегі жаттығулар және жеңілдетілген ойындар [19].
ЖДЖ және жеңіл атлетика элементтерінен тұратын ойындар
(2-сур. (4 жаттығулар)
«Сынып, тік тұр!». Білім алушылар бір қатарда тұрып мұғалімнің «сынып» деп бастап беретін пәрмендерін орындаулары керек. Мысалы, «Сынып, қол алға!», «Сынып, отыр!». Егер мұғалім «Қол алға!», «Отыр!» деген пәрмен берсе, оқушылар оларды орындамаулары керек. Қателік жіберген білім алушы бір адым алға жасайды да, ойынды жалғастыра береді. Саптан көп алға шығып кеткен білім алушы жеңілген боп саналады.
«Бос орын». Ойыншылар шеңбер құрып орналасады. Ойынды бастаушы шеңбер бойымен қозғала отырып, оқушылардың бірінің иығына қолын тигізеді де, шеңбер айналып қашады. Иығына бастаушының қолы тиген ойыншы шеңберді кері бағытта айнала жүгіріп, бастаушыдан бұрын өз орнына тұруы керек. Орынсыз қалған ойыншы бастаушы болып тағайындалады.
«Аяғын жерге тигізбей қуыспақ «аяқсыз қашпақ». Кәдімгі қуыспақ (қашпақ) тәрізді ойнайды, тек аяғы жерге тимей тұрған адамды (орындықта тұрған, гимнастикалық қабырғаға шығып кеткен және т.с.с). ұстауға болмайды.
«Допқа тигіз». Алаңда доп лақтыратын сызық сызылады. Сызықтан 4-5 метр жерге, гимнастикалық орындықтың үстіне үлкен доп қойылады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Ойыншылар кезектесе отырып (алдымен бір команданың ойыншысы, содан соң екінші команданың ойыншысы) шағын допты үлкен топқа лақтырып, оны құлатуға тырысады. Әрбір тигізгені үшін командаға ұпай беріледі және көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Кім озады?». Ойыншылар 4-5 командаға бөлініп, сызық бойына өз команда ойыншыларымен қол ұстасып бір қатарға тұрады. Мұғалімнің бұйрығы бойынша барлық команда ойыншылары белгіленген сызыққа дейін бір аяқпен секіреді. Сызыққа бірінші боп жеткен команда жеңіске жетеді.
«Алдыңғыны қуып жет». Сынып 2 командаға бөлінеді және бір-бірінің артынан екі қатарға орналасады. Қатар аралығы 2-3 метр. Бірінші қатардың алдынан 30-40 метр жерге сызық сызылады. Мұғалімнің белгісі бойынша екі команда да сызыққа қарай жүгіреді. Артқы шептегі ойыншылар алдындағыларды қуып жетіп ұстауға тырысады. Сызыққа дейін ұсталған ойыншылар сол жерде тоқтап, қолдарын көтерулері тиіс және олардың саны есептеледі. Содан соң, командалар орындарымен алмасады. Жүгіру қалпын түрлендіруге болады: биік және төмен мәрелік қалып, отырған қалыптан жүгіруді бастау, жүрелеп отырып бастау, етпеттен жатқан қалыптан бастау және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет