Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы


Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы, оқу, білім жолындағы күресі



бет3/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
65-82 емтихан жауаптары

Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы, оқу, білім жолындағы күресі.
С.Дөнентаев 1894 жылы Павлодар облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Әкесі өз заманының көзі ашық адамы болған. Ол ұлы Сәбитке жас кезінен білім беруді мақсат етіп, алдымен ауыл молдасы, 1908-1912 жылдары Павлодардағы татар және Қасым қажы медресесіне беріп оқытады. Төте оқуға негізделген Қасым медресесі дін ғана емес, арифметика, география, тарих, ана тілі пәндерін де оқытады. Бұл медресені аяқтаған Сәбит төте (жәдит) оқудың мұғалімі болады, сөйтіп 1913-1916 жылдары Павлодар облысы, Ұрық болысында ұстаздық етеді. Ақын С.Дөнентаев осы жылдары әдебиетке деген қызығуы арта түседі. "Айқап" журналы мен "Уақыт " газетін оқыған Сәбит замана жайын, саяси оқиғалар жайын ұғына түседі. "Айқапта" істеген досы, ауылдасы С.Торайғыровпен хат арқылы ("Досыма жазғаным") пікірлесіп тұрған. Осы кезеңде Абай, Тоқай шығармаларын оқып, өзі де ел тағдырын суреттейтін өлеңдерін жаза бастайды. "Қиялым" дейтін тұңғыш өлеңінің бірі 1913 жылғы "Айқап" журналының 22 санында жарияланды.
Әдебиет әлеміне осылайша ел мұңын ойлай келген ақын 1915 жылы "Уақ-түйек" деген атпен екі бөлімді өлеңдер жинағын бастырып шығарды. Жинақта барлығы 44 өлең жинақталған. Бұл өлеңдердің көпшілігі ағарту рухындағы саяси лирика, ескілік сыны, бірқатары көңіл-күй жырлары болып келеді.
С.Дөнентаев 1916 жылдың дүрбелеңінде Екібастұзға барып жұмысқа орналасады. Бірақ ауыр жұмысқа жарамай, Семей уезінің Сейтен болысына мұғалім болады (Ригада қара жұмыста болады). 1917 жылы ақпан төңкерісі күндері ол патшаның тақтан кетуін қолап, өзінің "Бостандық" атты өлеңін жазады. Бірақ ақынның туған еліне шын мәніндегі бостандық әлдеқайда кеш тиген еді.
1917 жылы мамыр айында ақын Семейде "Абай" журналы мен "Сарыарқа" газетінің жұмысына араласады. 1919 жылдың соңына қарай еліне оралып, үйлі-жайлы болып, оқу-ағарту ісімен шұғылданады. Сібір жеріндегі Кольчак өкіметі құлаған езде С.Дөнентаев Павлодар ревкомының қаулысымен аудандық сот болып қызмет атқарады.
1924 жылы С.Дөнентаев Семей қаласындағы "Қазақ тілі" газетінде қызмет істейді. Жаңа қоғамға, жаңа әдебиетке еркін араласа бастайды. 1929 жылы ол Қазақстан жазушылар ұйымының мүшелігіне алынады. Аталған газетте жаңа тақырыпқа жазған өлеңдері, фельетон, әңгіме, очерк, мақалалары жарияланады.
1930 жылы С.Дөнентаев өз ауылына оралып, мұғалім болады. 1932 жылы қазан айында көптен қалмай жүрген безгек ауруы қозып, ауыр дертке шалдығады. Біршама уақыт төсек тартып жатады, 1933 жылдың 23 мамырында қайтыс болады.
1915 жылы "Уақ-түйек" жинағында басылған көңіл-күй формасындағы өлеңдерінің басты тақырыбы жүрек, қиял немесе ақынның даралық сезімдері емес, көбіне аллегориямен жырланған прогресс, теңдік, еркіндік мәселелері болып отырады. Оған ақынның "Қиялыма", "Менің жайым", "Бұлбұлға", "Үміт" сияқты әлеуметтік теңсіздігі тақырыбына арналған өлеңдері жатады, ал "Заман кімдікі" т.б. өлеңдерінде қазақ халқының мешеулігін сынайды.
Әлеуметтік теңсіздік тақырыбындағы⬇️
1916 жылғы оқиғаға үн қосу ретінде жазған "Өгей ұл", "Екібаста" өлеңінде кедей басындағы ауыр халді көрсетеді. Өз ұлтының опасыз ұлдары 1916 жазалаушы жасаққа еріп, елдің еркіндікке ұмтылған ұлдарын жазаға тартып жатқанда, С.Дөнентаев халық жағына шығып оның мүддесін қорғайды. "Өгей ұл" өлеңінде байлардың өз інісінің жетім баласын құл, жалшы етіп, ақырында оны суыққа үсіріп өлтіргені сутеттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет