Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы


Сәбит Дөнентаевтың ақындық өнері, ақын жырларында көтерген тақырыптар, әлеумет теңсіздігі мәселелері, сатиралық өлеңдерінің мәні мен маңызы



бет4/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Сәбит Дөнентаевтың ақындық өнері, ақын жырларында көтерген тақырыптар, әлеумет теңсіздігі мәселелері, сатиралық өлеңдерінің мәні мен маңызы.
Ақын С.Дөнентаев әлеумет теңсіздігі мен саяси тәртіп сынын сатира түрінде жырлайды. Оның үлгілері - "Бозторғай", "Қайтып қарғыс алмайсың", "Ұлтшылға", "У жеген қасқырғы", т.б. өлеңдер. «Бозтоғай» аллегорияға құрылған нағыз саяси сатира, мысал үлгісі. Бұл шығармада ақын әлеумет теңсіздігін саяси тәртіп сынымен ұштастырған. Осы жағынан ол Абайдың "Ала қойлар" сияқты сатирасымен үндес. Бұл мысалдың негізгі кейіпкері - бозторғай езілуші елдің уәкілі. Әділет іздеген бозторғай ақырында бүркітті іздеп кетеді.
Сөйтіп бұл мысал арқылы ақын тұтас саяси тәртіпті сынап, азатшыл бозторғай бейнесін жасайды. "У жеген қасқырға" парақор болыстың ел бүлдіріп, ақырында істі болғанын суреттейтін сатира. 1916 жылы елін сатқан кейбір билік басындағы адамдардың бейнесін ақын ұнамсыз пішінде суреттейді. Ал "Қайтып қарғыс алмайсың" өлеңінде ол халық, заман мұңынан аулақ, құлқын қамына түскен ұсақ пысықтардың екіжүзділігін, азғындығын сынайды.
Сәбит те өз дәуіріндегі өзге ақындар секілді халықты, жастарды оқуға, мәдениетке, өнер-білімге, техника үйренуге үндейді. Жоғарыда аталған "Замандастар" өлеңінде ізденіп, қажетті өнердің, ғылым мен білімнің еңбек етумен, талаппен ғана келер, табылар бақыт екендігін айтып, халықты осы өнер-білім жолында аянбай еңбек етуге шақырады.
Сәбит Дөнентаевтың әйел теңсіздігі тақырыбы. Ақын өзі өмір сүрген феодалдық қоғамдағы көп қайшылықтың бірі, күрделі мәселенің бірі адам бостандығын өз шығармаларына арқау етіп отырды. Оның тамаша үлгісі - "Жәмила қыз" (1915). Бұл тақырыпты ақын жалпылай жырламайды, нақты бейне, драмалық сурет жасай отырып, үлкен әлеуметтік негізде көтереді.
Қызын еріксіз малға сатқан дүниқоңыз әкені, сол заман ескілігін, адам еркіндігін аяққа басқан топастықты әшкерелеп, өткір сынайды. Ақын кейін осы тақырыпқа қайта оралып, қазақ қыздарының енді хат танып, жаңа өмірдің белсенді бір күрескеріне айналғанын тілге тиек етеді. Осы орындалған арманды ақын "Ерікті Айша", "Азат жетті", "Әйелдер мейрамына", "Әйелдер мектебіне" сияқты өлеңдеріне арқау етті. Осы тақырыптағы ұтымды шығармалардың бірі - "Ерікті Айша". Бұл өлеңде ақын Айшаның бұрынғы өмірі мен бүгінгі күнін салыстырып, соның еркіндікке жетуіне аса сүйсініп қарайды.
Ақын ерекшелігі С.Дөнентаевтың өз стилі, ырғағы, алуан түрлі образдау тәсілі бар ақын. Ол өлең жанрын көңіл-күй, саяси лирика, сатира, күлдіргі мысал түрлерімен байытады. Сатирасының ашық және жабық формалары бар.
С.Дөнентаевтың өлеңдері өте қысқа, бірақ мазмұнды, ойлы, көркем жазылған. Ол ықшамдылыққа (локонизм) толы өлеңдермен-ақ образ тоқып, үлкен идеяны, терең ойды береді. Мысалы 1914 жылы жазылған "Бұлбұлға", "Биік тау" атты өлеңдері алты-сегіз жол ғана өлең, бірақ терең мағына, асқан образдылығымен құнды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет