Мұханбетова С. М. Нұрзақова А. Н. Ұлттық есептер жүйесі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5884
  1   2   3   4   5   6   7


Мұханбетова С. М.
Нұрзақова А. Н.
Ұлттық есептер
жүйесі
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Алматы
2007


ББК 65.012.2
М 86
Баспаға Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің оқу-ғылыми кеңесі ұсынған.
пікір жазғандар:
Авров А. п. – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Молдақұлова Ғ. М. - экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент
М 86  Мұханбетова с.М., Нұрзақова А.Н.
Ұлттық есептер жүйесі: Оқу құралы. Алматы: «Нұр-пресс», 
2007. – 130 бет
ISBN 9965-813-09-4
Оқу  құралында  ұлттық  есептер  жүйесі  пәнінің  құрылымы, 
негізгі ұлттық  шоттардың үлгiлерi, пәннiң мазмұны, практикалық 
сабақтар  жоспары,  рефераттар,  баяндамалар,  курстық  жұмыстар 
тақырыптары, студенттердiң бiлiмiн тексеруге арналған материалдар 
(тест  сұрақтары,  есептер)  қамтылған.  Сонымен  қатар  ұлттық 
шоттарды  құруға,  макроэкономикалық  көрсеткiштер  бойынша 
талдау  жасауға,  шешiм  қабылдауға  дағдылану  үшiн  студенттерге 
өзiндiк  тапсырмалар (СӨЖ) ұсынылған. 
Оқу  құралы  экономика  мамандарын  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарының студенттерiне арналған.
ББК 65.012.2
М
 
 
 
 
 
© Авторлық ұжым, 2007.
ISBN  9965-813-09-4   
 
© Нұр-пресс, 2007.
0601000000
00(05)-06

3
Алғы сөз
Ұлттық  есептер  жүйесi  курсы  –  экономика  мамандарын 
даярлайтын  жоғары  оқу  орындарындағы  негiзгi  пәндердiң  бiрi. 
Ұлттық  есептер  жүйесi  –  елдегi  экономикалық  процестердi 
макродеңгейде сипаттайтын нарықтық экономиканың статистикалық 
стандартты үлгiсi. 
Оқу  құралы  ұлттық  есептер  жүйесiнiң  категорияларын,  ұлттық 
шоттардың,  экономикалық  баланстардың  маңызын  студенттердiң 
дұрыс  түсiнуiне,  әлеуметтiк-экономикалық  процестердi  талдауда, 
зерттеуде статистикалық әдiстердi дұрыс қолдана бiлуге көмектесу 
үшiн ұсынылып отыр. Оқу құралында ұлттық есептер жүйесiнiң негiз-
гi шоттарының үлгiлерi, пәннiң мазмұны, практикалық сабақтардың 
жоспары,  рефераттар,  баяндамалар,  курстық  жұмыстардың 
тақырыптары қамтылған.  Оқытудың кредиттiк технология жүйесi 
бойынша студенттердiң өз бетiмен орындайтын жұмыстарына көп 
көңiл  бөлiнетiндiктен,  оқу  құралының  негiзгi  бөлiгi  студенттердiң 
өзiндiк  жұмыстарына  (СӨЖ),  өзiн-өзi  тексеру  сұрақтарына, 
тақырып бойынша шығарылатын есептерге арналған. Студенттерге 
берiлетiн жеке тапсырмалар, яғни өзiндiк жұмыстар экономиканың 
әр түрлi секторлары үшiн құрылатын шоттарды талдауға, олардың 
ерекшелiктерiн, экономикадағы негiзгi даму үрдiстерiн айқындауға 
бағытталған. Барлық тапсырмаларда Қазақстан Республикасы Ста-
тистика агенттiгi жариялаған  нақты мәлiметтер қолданылған, мұның 
өзi есептеу, талдау жұмыстарына деген қызығушылықты арттырады 
деген сенiмдемiз. 
Оқу  құралы  экономика  мамандарын  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарының студенттерiне арналған. 

4
I-БӨліМ
1. пӘН тУрАлы НеГIЗГI МАҒлҰМАттАр
Ұлттық  есеп  жүйесi  курсы  –  экономикалық  жоғары  оқу 
орындарында  оқылатын    негiзгi  пәндердiң  бiрi.  Оның  зерттеу 
объектiсi болып ел экономикасы, экономиканың жеке салалары мен 
секторлары саналады. Өз объектiсiн зерттеу үшiн ҰЕЖ статистикалық 
әдiстердi,  соның  iшiнде  халықаралық  стандартты    жiктемелердi, 
кестелердi, графиктiк, баланстық әдiстердi, әр түрлi талдау әдiстерiн 
кеңiнен қолданады. 
ҰЕЖ-нiң  экономикалық  саясатты  дамытуда,  нарықтық 
экономиканы  реттеуге  және  инвестициялауға  байланысты  шешiм 
қабылдауда, қысқа және ұзақ мерзiмдi болжамдар жасауда атқаратын 
ролi зор. ҰЕЖ және оның көрсеткiштерiн есептеу әдiстемесiн бiлетiн 
маман экономиканың кез-келген секторында жұмыс iстей алады. 
ҰЕЖ  –  экономиканы  макродеңгейде  сипаттау,  талдау  үшiн 
қолданылатын  қазiргi  заманғы  әдiстемелiк  және  ақпараттық  жүйе. 
Оның даму тарихын екi кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең екiн-
шi  дүниежүзiлiк  соғысқа  дейiнгi  жылдарды  қамтиды.  Осы  кезде 
мемлекеттiк  басқару  органдары  ұлттық  табыс  статистикасының 
ақпараттарына айтарлықтай көңiл бөле бастады. Бұған 1929 – 1933 
жылдардағы  ұлы  экономикалық  тоқырау  себеп  болды.  Нарықтық 
экономикадағы  инфляция,  жұмыссыздық,  өндiрiстiк  қуатты  толық 
пайдаланбау  сияқты    құбылыстармен  күресу  үшiн  мемлекеттiк 
басқару  органдарына  статистикалық  ақпараттар  өте  қажет  болды. 
Дамудың алғашқы кезеңiнде ақпараттарды интеграциялауға қадам жа-
салды, ұлттық табысты есептеу әдiстерi жетiлдiрiлдi. Ақпараттарды 
интеграциялау анықтамаларды, жiктемелердi үйлестiру арқылы iске 
асырылады.
Дамудың  екiншi  кезеңi  екiншi  дүние  жүзiлiк  соғыстан  кейiн 
басталды.  Бұл  кезде  дамыған  капиталистiк  елдердiң  үкiметтерiне 
соғыстан  кейiнгi  жағдайда  экономикалық  саясаттың  бағытын 
анықтау  керек  болды,  сондықтан  экономикалық  процестердiң  әр 
түрлi  аспектiлерiн  қорытындылап  баяндауды  қамтамасыз  ететiн 
макроэкономикалық статистикаға деген қажеттiлiк туды.
ҰЕЖ-нiң  дамуының  екiншi  кезеңiнiң  ерекшелiгi  болып  ұлттық 
байлық,  қаржы  ресурстарының  қозғалысы,  сыртқы  экономикалық 
байланыстар, 
салааралық 
баланс 
сияқты 
экономикалық 


статистиканың  бөлiмдерiнiң  ұлттық  табыс  туралы  мәлiметтермен 
үйлестiрiлуi,  аталған  блоктардың  бiр  жүйеде  интеграциялануы 
саналады. Осы кезеңде халықаралық экономикалық ұйымдар (БҰҰ, 
ХВҚ, ЭЫДҰ, т.б.) ұлттық шоттардың әдiстемесiн даярлау және оны 
практикада қолдануды дамытуда белсендi роль атқарды. БҰҰ–ның 
ұлттық шоттар саласындағы бiрiншi стандарты 1953 жылы, екiншi 
стандарты  1968  жылы,  үшiншi  версиясы  1993  жылы  қабылданды. 
Қазақстанда ұлттық шоттар 1994 жылдан бастап құрылады.
Ұлттық  есеп  жүйесi  пәнiн  оқытудың  мақсаты  –  негiзгi 
макрокөрсеткiштердi,  Қазақстан    экономикасының,  сол  сияқты 
экономиканың  жеке  салалары  мен  секторларының  күй-жайын, 
дамуын талдауға қажеттi   қазiргi заманғы әдiстемелердi,  ҰЕЖ-нiң 
ақпараттық мүмкiндiктерiн бiлетiн мамандарды даярлау.
Осы  пәндi  оқу  нәтижесiнде  студенттерге  мынадай  талаптар 
қойылады:
-  нарықтық  экономиканы  басқаруда  қолданылатын  жiктемелер 
мен  топтастыруларды пайдалана бiлу;
- ұлттық шоттардағы макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде        
экономикалық жағдайды бағалай бiлу;
-  экономика  нәтижесiн  комплекстi  зерттеу  және  резервтердi 
айқындау үшiн   экономикалық процестердiң статистикалық үлгiлерiн 
құра бiлу;
-  статистикалық  үлгiлер  негiзiнде  болжам  жасаудың  теориясын 
және әдiстемесiн меңгеру;
- экономика салалары мен секторлары тұрғысынан экономикалық  
әрекеттердiң нәтижесiн және негiзгi пропорцияларды сипаттай бiлу;
-  Қазақстан  экономикасының  дамуындағы  келелi  мәселелердi 
бiлу.
Ұлттық  есептер  жүйесi  әлеуметтiк–экономикалық  процестердi 
оқып үйренудiң әдiстемесiн анықтайды, ұлттық есептердi жүргiзудiң 
ерекшелiктерiн,  сол  сияқты  макроэкономикалық  процестердi 
сипаттайтын ақпараттарды түсiнуге мүмкiндiк бередi.
2. пӘН қҰрылыМы
 Ұлттық есеп жүйесi” курсы мынадай тақырыптарды қамтиды:
1. ҰЕЖ пәнi, оның әдiстерi, мiндеттерi;
2. ҰЕЖ-дегi негiзгi ұғымдар, жiктемелер, топтастырулар;


3. Өндiрiс шоты;
4. Табыстың пайда болу шоты;
5. Алғашқы табыстарды бөлу шоты;
6. Табыстарды қайта бөлу шоттары;
7. Қолда бар табыстарды пайдалану шоты;
8. Капиталға байланысты операциялар шоты;
9. Қаржы шоты;
10. Тауарлар мен қызметтер шоты;
11. Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары;
12. ҰЕЖ-дегi салааралық баланс (САБ); 
Жүйедегi негiзгi шоттардың үлгiлерi  1-кестеде көрсетiлген.
                                                                                        
1-кесте
Ұлттық есеп жүйесIНДеГI ШОттАр
Өндiрiс шоты (тұтас экономика үшін)
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
4. Аралық тұтыну шығындары
5. Өндiрiске бөлiнген субсидия
6. Импортқа бөлiнген субсидия
7. жалпы iшкi өнiм (5=1+2+3-4-5-6)
1. Жалпы шығарылған өнiм
2. Өнiмге салынған салық
3. Импортқа салынған салық
Өндіріс шоты(салалар мен секторлар үшін)
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
2. Аралық тұтыну шығындары
3. жалпы қосылған құн (3=1-2)
1. Жалпы шығарылған өнiм
табыстардың пайда болу шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
4. Еңбекақы
5. Өндiрiске салынған салық
6. Импортқа салынған салық
7. жалпы пайда / жалпы аралас
    табыс (7=1+2+3-4-5-6)
1. Жалпы iшкi өнiм
2. Өндiрiске бөлiнген субсидия
3. Импортқа бөлiнген субсидия
          
немесе осы шоттың кестесiн былай да көрсетуге болады:


Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
2. Еңбекақы
3. Өндiрiске салынған таза салық
4. Импортқа салынған таза  салық
5. жалпы пайда / жалпы аралас 
    табыс (5=1-2-3-4-5)
1. Жалпы iшкi өнiм
Алғашқы табыстарды бөлу шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
6. Өндiрiске бөлiнген субсидия
7. Импортқа бөлiнген субсидия
8. Берiлген меншiктен түскен табыстар
9. Алғашқы табыстар сальдосы
    (жалпы ұлттық табыс)
    (9=1+2+3+4+5-6-7-8)
1. Жалпы пайда / жалпы аралас 
    табыс
2. Еңбекақы
3. Өндiрiске салынған салық
4. Импортқа салынған салық
5. Қабылданған меншiктен 
    түскен табыстар
                
табыстарды қайта бөлу шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
3. Берiлген ағымдағы трансферттер
4. қолда бар жалпы ұлттық табыс 
    (4=1+2-3)
1. Алғашқы табыстар
     сальдосы
2. Қабылданған ағымдағы
    трансферттер
                   
Заттай табыстарды қайта бөлу шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
3. Заттай берiлген әлеуметтiк 
    трансферттер
4. түзетiлген қолда бар жалпы 
    ұлттық табыс (4=1+2-3)
1. Қолда бар жалпы ұлттық 
    табыс
2. Заттай қабылданған 
    әлеуметтiк трансферттер
                 
қолда бар табыстарды пайдалану шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
2. Ақырғы тұтыну шығындары
3. жалпы ұлттық жинақ (3=1-2)
1. Қолда бар жалпы
    ұлттық табыс


түзетiлген қолда бар табысты пайдалану шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
2. Нақты ақырғы тұтыну
3. жалпы ұлттық жинақ (3=1-2)
1. Түзетiлген қолда бар жалпы 
    ұлттық табыс
Капиталға байланысты операциялар шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
3. Негiзгi капиталдың жалпы
    қор жинауы
4. Материалдық айналым
    капиталының өзгерiстерi
5. Құнды заттарды таза сатып алу
6. Жердi, материалдық емес 
    активтердi таза сатып алу
7. “Қалған әлемге” берiлген  
    күрделi трансферттер
8. таза несие / таза борыш
    (8=1+2-3-4-5-6-7)
1. Жалпы ұлттық жинақ
2. “Қалған әлемнен” қабылданған
     күрделi трансферттер
                                          
қаржы шоты
Активтердегі 
өзгерістер
Операциялар мен баланстық 
статьялар
Пассивтердегі, 
меншікті капитал 
құнындағы өзгерістер
1. Таза несие / таза борыш
2. Монетарлық алтын және қарыз 
    алудың арнайы құқығы
3. Депозиттер және қолма-қол 
    ақша
4. Акциялардан басқа бағалы 
    қағаздар
5. Акциялар
6. Қарыздар
7. Техникалық сақтандыру 
    резервтері
8. Басқа дебиторлық/кредиторлық  
    борыштар


тауарлар мен қызметтер шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
5. Аралық тұтыну шығындары
6. Ақырғы тұтынушығындары
7. Негiзгi капиталдың жалпы 
    қор жинауы
8. Материалдық айналым 
    капиталының өзгерiстерi
9. Тауарлар мен қызметтер 
    экспорты
1. Жалпы шығарылған тауарлар
    мен қызметтер
2. Тауарлар мен қызметтер импорты
3. Өнiмге салынған таза салық
4. Импортқа салынған таза салық
сыртқы экономикалық байланыстар шоттары:
1. Ағымдағы операциялар шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
7. Тауарлар мен қызметтер экспорты
8. Резидент емес үй  шаруашы-
    лығының экономикалық
    аумақтағы ақырғы тұтынуы
9. Резиденттердiң еңбекақысын 
резидент емес жалдаушы-
лардың төлеуi
10. ”Қалған әлемнен” алынған 
      өндiрiс және импорт субсидиясы
11. ”Қалған әлемнен” алынған
      меншiктен түскен табыс
12. ”Қалған әлемнен” алынған 
      ағымдағы трансферттер
13. Ағымдағы операция сальдосы
1. Тауарлар мен қызметтер импорты
2. Резидент үй шаруашылығының
     шетелдегi ақырғы тұтынуы
3. Резидент емес қызметкерлердiң 
    еңбекақысын резиденттердiң 
    төлеуi
4. ”Қалған әлемге” төлеген өндiрiс 
    және импорт салықтары
5. ”Қалған әлемге” берiген меншiктен
     түскен табыс
6. ”Қалған әлемге” берiген ағымдағы 
    трансферттер
2. Капиталға байланысты операциялар шоты
Пайдалану бөлiгi
Ресурстар бөлiгi
3. ”Қалған әлемнен” алынған
    күрделi трансферттер
4. Жердi, материалдық
    емес активтердi таза сатып алу
5. таза несие /таза борыш
1. Ағымдағы операциялар сальдосы
2. ”Қалған әлемге” берiген күрделi 
    трансферттер

0
3. пӘННIҢ МАЗМҰНы
1 – тақырып. Ұеж пәнi, оның әдiстерi, мiндеттерi
Ұлттық  есептер  жүйесi  –  экономикалық  әрекеттердi,  олардың 
нәтижесiн кешендi түрде зерттеу және сипаттау үшiн халықаралық 
практикада  қолданылатын  макроэкономикалық  көрсеткiштер 
жүйесi. Ұлттық есептер жүйесiнiң пәнi, мақсаты,  мiндеттерi, зерттеу 
объектiсi. Ұлттық есептер жүйесiнде қолданылатын статистикалық 
әдiстер:  топтастырулар,  баланстық  әдiс,  абсолюттi  және  қатысты 
шамалар, динамикалық қатарлар, индекс т.б. әдiстер. Ұлттық есептер 
жүйесiнiң мазмұны.
Ұлттық  есептер  жүйесiнiң  (ҰЕЖ)  даму  тарихы.  Халықаралық 
стандарттарды даярлаудағы БҰҰ-ның ролi. Ұлттық есептер жүйесiн 
отандық статистика практикасына енгiзу. Қазақстандағы ҰЕЖ. 
Осы тақырыпты оқып үйренген студент  мыналарды бiлуге 
тиiс:
-  макроэкономикалық үлгiлер жүйесiндегi ҰЕЖ орнын;
-  ұлттық есептер жүйесiнде қолданылатын әдiстердi;
- ҰЕЖ-нiң  даму тарихын;
- ҰЕЖ-нiң негiзгi функцияларын;
- ҰЕЖ-нiң ақпарат көздерiн;
- ҰЕЖ –нiң негiзгi шоттарын.
Сонымен қатар ұлттық есептер жүйесiнiң пәнiн, зерттеу объектiсiн 
дұрыс анықтай бiлуi керек.
Қажеттi әдебиеттер:
1.  Елемесова  А.М.,  Киiков  Е.М.,  Мұханбетова  С.М.  Ұлттық 
есептер  жүйесi –  А.: Экономика, 2000
2.  Иванов  Ю.Н.    Система  национальных  счетов.  –  М.: 
Финстатинформ,  1996
3.  Иванов  Ю.Н.    Экономическая  статистика.  –  М.:  Инфра-М, 
 
4.  Салин  В.Н.,  Медведев  В.Г.  и  др.  Макроэкономическая 
статистика:  Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
5. Система национальных счетов. Издание ООН, 1993


Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- ұлттық есептер жүйесi;
- ұлттық есептер жүйесiнiң зерттеу объектiсi;
- ұлттық есептер жүйесiнiң ақпарат көздерi.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Экономикалық процестер мен олардың нәтижелерiн сипаттауда 
ұлттық есептер жүйесiнiң  мәнi, ролi  қандай?
2. Ұлттық есептер жүйесiнiң ақпараттық мүмкiндiктерi қандай?
3. Ұлттық есептер жүйесiнiң мiндеттерiн атаңыз.
4.  Ұлттық  есептер  жүйесiнде  қолданылатын  әдiстерге  жалпы 
сипаттама берiңiз.
Практикалық сабақ жоспары:
1.  Ұлттық  есептер  жүйесi  туралы  түсiнiк.  ҰЕЖ-  нi  құрудың 
әдiстемелiк принциптерi.
2. Ұлттық есептер жүйесiнiң даму тарихы.
3. Ұлттық есептер жүйесi пәнi, оның мақсаты, мiндеттерi, зерттеу 
объектiсi
2 – тақырып. Ұеж-дегi негiзгi  ұғымдар,
жiктемелер, топтастырулар
ҰЕЖ-дегi  экономикалық  әрекет  ұғымының  түсiндiрмесi. 
Нарықтық  және  нарықтық  емес  өндiрiстiк  әрекеттер.  Елдiң 
экономикалық аумағын анықтау. Резидент, резидент емес, аймақтық 
анклавтар,  экономикалық  мүдде  орталығы  ұғымдары.  Iшкi 
және  ұлттық  экономика.  Институционалдық  бiрлiк,  экономика 
секторлары  ұғымдары.  Экономика  секторларын  құру  принциптерi. 
Салалық топтастыру. Экономикалық операциялар жiктемесi. ҰЕЖ-
нiң активтер жiктемесi. ҰЕЖ-дегi салықтар, субсидиялар. ҰЕЖ-де 
қолданылатын баға түрлерi.
Ұлттық  шоттарды  құру  принциптерi.  Жүйенiң  бухгалтерлiк 
есеппен  байланысы.  ҰЕЖ-де  екi  жақты  жазу  принципiн  қолдану. 
Ұлттық шоттарды құрудың әдiстемелiк ерекшелiктерi.


Осы тақырыпты оқып үйренген студент  мыналарды бiлуге 
тиiс:
- ұлттық есептер жүйесiнде қолданылатын негiзгi ұғымдарды;
- ұлттық есептер жүйесiнде қолданылатын негiзгi топтастырулар 
мен жiктемелердi;
-  институционалдық  бiрлiктердi  экономика  секторларына 
топтастыру  ерекшелiктерiн;
- экономикалық әрекет түрлерiнiң салалық жiктемесiн;
- ұлттық есептер жүйесiнде қолданылатын баға түрлерiн;
- ұлттық шоттарды құрудың негiзгi принциптерiн.
Қажеттi әдебиеттер:
1.  Елемесова  А.М.,  Киiков  Е.М.,  Мұханбетова  С.М.  Ұлттық 
есептер  жүйесi – А.: Экономика, 2000
2.  Иванов  Ю.Н.  Система  национальных  счетов.  –  М.: 
Финстатинформ, 1996
3.  Иванов  Ю.Н.    Экономическая  статистика.  –  М.:  Инфра-М, 

4.  Салин  В.Н.,  Медведев  В.Г.  и  др.  Макроэкономическая 
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
5. Система национальных счетов. Издание ООН, 1993
6. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы. 
Практикум. – М.: Финансы и статистика, 2002.
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- өндiрiстiк әрекет;
- экономикалық аумақ;
- резидент;
- экономикалық мүдде орталығы;
- аймақтық анклавтар;
- iшкi және ұлттық экономика;
- “қалған әлем”
- экономика салалары, секторлары.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1.  Ұлттық  есептер  жүйесiндегi  экономикалық  әрекеттiң 
статистикалық түсiндiрмесi. 

13
2.  Институционалдық  бiрлiктердi  экономика  секторларына 
топтастырудың негiзгi белгiлерi қандай?
3. Экономика секторларына жалпы сипаттама берiңiз.
4. Экономика салаларының жiктемесi туралы не бiлесiз?
5. Экономикалық операциялар жiктемесi.
6. Ұлттық есептер жүйесiнде қолданылатын активтер жiктемесi.
7.  Ұлттық  есептер  жүйесiнде  қолданылатын  бағалар,  олардың 
өзара байланыстары.
Практикалық сабақ жоспары:
1.  Ұлттық  есептер  жүйесiнiң  мазмұны,  iшкi  экономика  және 
“қалған әлем” шоттары.
2. Ұлттық есептер жүйесiнiң негiзгi ұғымдары.
3. Ұлттық есептер жүйесiндегi топтастырулар, жiктемелер.
4. Ұлттық есептер жүйесiн толықтыратын баланстық кестелер.
№1 есеп
Төменде  институционалдық  бірліктердің  есепті  мерзімдегі 
табыстары мен шығыстары туралы мәліметтер берілген:
1. Студенттердің табыстары (шартты ақша бірліктері):
- шәкіртақы – 200
- еңбекақы – 400
- мемлекеттен алынған грант – 30
2. Студенттердің шығыстары (шартты ақша бірліктері):
- отандық тауарларды сатып алу – 160
- импортталған тауарларды сатып алу – 50
- төленген салықтар – 15
3. Қалған ақшаны студенттер депозиттік шотқа аударды.
4.  «Қаржылық  емес  мекемелер»  секторы  800  шартты  бірліктің 
өнімін өндіріп сатты (аралық тұтынуды 0-ге тең деп алыңыз).
5. «Қаржылық емес мекемелер» секторының өнім сатудан түскен 
түсімі төмендегі мақсаттарда жұмсалды:
- студенттерге төленген еңбекақы – 400
- басқа үй шаруашылықтарына төленген еңбекақы – 300
- төленген салықтар – 20
6. «Қаржылық емес мекемелер» секторының өндірген өнімін:
- студенттердің сатып алуы – 160
- басқа үй шаруашылықтарының сатып алуы – 240

14
7. «Қаржылық емес мекемелер» секторы қалған өнімнің 20%-ын 
қайырымдылық көмек ретінде қарттар үйіне берсе, 80%-ы қоймаға 
өткізілді.
Осы мәліметтерді пайдалана отырып, матрица түріндегі шоттар 
жүйесін құрыңыз. 
Тапсырманы кесте түрінде орындаңыз. Кестенің баяндауышында 
секторлар  (институционалдық  бірліктер)  көрсетіледі,  студенттерді 
шартты  түрде  жеке  сектор  деп  алуға  болады.  Ал  бастауышында 
төмендегі операциялар, көрсеткіштер болуы тиіс:
1. Тауар және қызмет операциялары
2. Алғашқы табыстар
3. Қайта бөлу операциялары
4. Қаржылық операциялар
5. Барлығы
Кестенің үлгісі келесі бетте көрсетілген.
Бұл кестеде екі шарт сақталуы керек:
1.  Әр  сектор  немесе  шаруашылық  субъектілері  үшін  ресурстар 
сомасы    пайдалану  сомасына  тең  болуы  керек  (Р=П).  Бірақ  әр 
сектордағы операциялар тобы үшін ресурстардың пайдалануға тең 
болуы міндетті емес.
2.  Жиынтық  бағанада  әр  операциялар  тобы  үшін  ресурстар 
сомасы  пайдалану бөлігіндегі сомаға тең болуы керек (15=16).
3 – тақырып. Өндiрiс шоты
Өндiрiс шотын құрудың мақсаты мен мiндеттерi. Шоттың жалпы 
сипаттамасы мен үлгiсi. Жалпы шығарылған өнiм, оның құрамдас 
бөлiктерi.  Жалпы  шығарылған  өнiмдi    есептеу  әдiстемесi.  Жалпы 
шығарылған  өнiмдi  есептеудiң  салалық  ерекшелiктерi.  Өнiмге, 
импортқа салынатын салықтар. Өнiм субсидиясы. 
Аралық  тұтыну  ұғымы,  мазмұны,  құрамы,  есептеу  әдiстемесi. 
Аралық тұтынуға жатпайтын шығындар. Жалпы iшкi өнiм, таза iшкi 
өнiм,  оларды  есептеу.  Негiзгi  капиталды  тұтыну  көрсеткiшi,  оның 
мазмұны. Жалпы iшкi өнiмдi салыстырмалы бағамен есептеу. Жалпы 
iшкi  өнiмнiң  дефляторы.  Шот  көрсеткiштерiнiң  ақпарат  көздерi. 
Өндiрiс шотының көрсеткiштерi бойынша талдау жасау бағыттары.


    Секторлар
Операциялар
Студенттер
Қаржылық емес
мекемелер
Қаржылық 
мекемелер
Мемлекеттік 
мекемелер
Үй шаруа-
шылықтары
Жиыны 
«Қалған әлем»
Барлығы
П
Р
П
Р
П
Р
П
Р
П
Р
П
Р
П
Р
П
Р
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Тауар жән
е 
қызмет
Алғашқы табыстар
Ағымдағы тран
сферттер
Қаржылық операциялар
Барлығы


Осы тақырыпты оқып үйренген студент  мыналарды бiлуге 
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шоттың баланстық статьясы – ЖIӨ көрсеткiшiн есептеудi;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1.  Елемесова  А.М.,  Киiков  Е.М.,  Мұханбетова  С.М.    Ұлттық 
есептер  жүйесi – А.:Экономика, 2000
2.  Иванов  Ю.Н.  Система  национальных  счетов.  –  М.: 
Финстатинформ, 1996
3.  Иванов  Ю.Н.    Экономическая  статистика.  –  М.:  Инфра-М, 

4.  Салин  В.Н.,  Медведев  В.Г.  и  др.  Макроэкономическая 
статистика: Учебное  пособие. – М.: Дело, 2000
5. Башкатов Б.И. Макроэкономическая статистика.  М.: МЭСИ,  
00
6. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы. 
Практикум. –  М.: Финансы и статистика , 2002
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- жалпы шығарылған өнiм;
- аралық тұтыну шығындары;
- жалпы қосылған құн;
- өнiм салықтары;
- өнiм субсидиясы;
- өнiмге салынатын таза салықтар; 
- импортқа салынатын таза салықтар
- негiзгi капиталды тұтыну;
- жалпы iшкi өнiм;
- таза iшкi өнiм;
- жалпы iшкi өнiмнiң дефляторы.


Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Өндiрiс шотының мiндетi қандай?
2. Жалпы шығарылған өнiмнiң құрамдас бөлiктерi.
3. Жалпы шығарылған өнiмдi есептеудiң салалық ерекшелiктерi.
4. Өнiмге салынатын салықтарға қандай салықтар жатады?
5. Экономикалық бiрлiктерге қандай жағдайда субсидия бөлiнедi?
6. Аралық тұтыну шығындарының  мазмұны, есептеу әдiстемесi, 
элементтерi.
7. Жалпы қосылған құнның мазмұны, есептеу әдiстемесi.
8. Жалпы iшкi өнiмдi өндiрiс әдiсi бойынша қалай есептейдi?
9. Жалпы iшкi өнiмнiң экономика нәтижесiн сипаттаудағы ролi.
10. ЖIӨ-дi тұрақты бағамен қалай бағалайды?
11. Негiзгi капиталды тұтыну көрсеткiшiне түсiнiк берiңiз.
Практикалық сабақ жоспары:
1. Өндiрiс шотының үлгiсi, жалпы сипаттамасы.
2. Жалпы шығарылған өнiм көрсеткiшi, есептеу әдiстемесi.
3. Өндiрiс шотындағы таза салықтар.
4. Аралық тұтыну шығындарының  мазмұны, есептеу әдiстемесi.
5.  Жалпы  iшкi  өнiм,  таза  iшкi  өнiм  көрсеткiштерiн  есептеу 
әдiстемесi.
6. Өндiрiс шотының мәлiметтерi бойынша талдау жасау бағыттары.
7. Есептер шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет