№ 19 есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. Табыстарды пайдалану шотын құрыңыз;
2. Таза жинақ көрсеткішін анықтаңыз;
3. 1999-2004 жылдардағы қолда бар жалпы ұлттық табыстың
құрылымын анықтаңыз;
4. Ақырғы тұтыну мен жалпы жинақ көрсеткіштеріне динамикалық
талдау жасаңыз;
5. Жалпы ақырғы тұтынудағы секторлардың үлесін анықтаңыз;
6. Қолда бар жалпы ұлттық табыстағы мемелекеттік мекемелердің,
үй шаруашылықтарының және үй шаруашылықтарына қызмет
көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың ақырғы тұтынуының
үлесін анықтаңыз;
7. Қорытынды жасаңыз.
33
8– тақырып. Капиталға байланысты
операциялар шоты
Капиталға байланысты операциялар шотының мақсаты.
Шоттың жалпы сипаттамасы, үлгiсi. Ресурс көздерi: жалпы жинақ,
“қалған әлемнен” қабылданған күрделi трансферттер. Күрделi
трансферттердiң құрамы. Ресурстарды пайдалану бағыттары: негiзгi
капиталдың жалпы қор жинауы, материалдық айналым қорларының
өзгерiстерi, жердi және материалдық емес активтердi таза сатып
алу, “қалған әлемге” берiлген күрделi трансферттер, таза несие
(+) немесе таза борыш (-). Негiзгi капиталдың жалпы қор жинауы
көрсеткiшiнiң мазмұны, құрамы. Негiзгi капиталдың көрсеткiштер
жүйесi. Материалдық айналым капиталының мазмұны, көрсеткiштер
жүйесi. Материалдық емес активтердi таза сатып алу көрсеткiшiнiң
мазмұны. Шоттың баланстық статьясы – таза несие/таза борыш
көрсеткiшiн есептеу әдiстемесi. Шот көрсеткiштерiнiң ақпарат
көздерi. Шот көрсеткiштерi бойынша талдау жасау бағыттары.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шоттың баланстық статьясы - таза несие / таза борыш көрсеткiшiн
есептеудi;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.:
Финстатинформ, 1996
3. Кулагина Г.Д. и др. Система национальных счетов и платежный
баланс России. Учебное пособие. М.: МЭСИ, 1996
4. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
5. Елисеева И. И. И др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2004
34
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- күрделi трансферттер;
- негiзгi капитал;
- материалдық айналым капиталы;
- резервтер;
- материалдық емес активтер;
- құнды заттар;
- жалпы жинақ;
- таза несие;
- таза борыш.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Капиталға байланысты операциялар шотының мiндетi қандай?
2. Күрделi трансферттердiң қандай түрлерi болады?
3. Негiзгi капиталдың күй, қозғалыс, пайдалану көрсеткiштерiн
атаңыз.
4. Негiзгi капиталдың жалпы қор жинауы дегендi қалай
түсiнесiз?
5. Материалдық айналым капиталының классификациясы
қандай?
6. Материалдық айналым капиталының негiзгi көрсеткiштерi,
олардың есептеу формулалары қандай?
7. Материалдық емес активтердi таза сатып алу көрсеткiшiнiң
мазмұнын түсiндiрiңiз.
8. Таза несие (таза борыш) көрсеткiшi қалай есептеледi?
9. Жалпы iшкi өнiмдi ақырғы пайдалану әдiсi бойынша қалай
есептейдi?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Капиталға байланысты операциялар шотының үлгiсi, сипатта-
масы.
2. Күрделi трансферттердiң құрамы.
3. Жалпы қор жинау компоненттерi.
4. Жердi, материалдық емес активтердi таза сатып алу.
5. Шоттың баланстық статьясының мағынасы.
6. Есептер шығару.
35
№ 20-есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. Капиталға байланысты операциялар шотын құрыңыз;
2. Таза несие/таза борыш көрсеткішін анықтаңыз;
3. Қорытынды жасаңыз.
№ 21-есеп
Кәсіпорын бойынша келесі мәліметтер белгілі, млн.тг:
Жыл басындағы негізгі капиталдың құны – 800; жыл ішінде келіп
түскен негізгі капитал, барлығы – 150, оның ішінде жаңа күйінде – 90;
жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары – 40; істен шыққан негізгі
капитал – 120. Эксперт кәсіпорынның негізгі капталын 870 млн
теңгеге бағалады.
Осы мәліметтерді пайдаланып, мына көрсеткіштерді есептеңіз:
1. Кәсіпорынның негізгі капиталының жыл соңындағы бастапқы
толық құнын;
2. Жыл соңындағы негізгі капиталдың қалпына келтіру құнын;
3. Жыл соңындағы негізгі капиталдың қалдық құнын:
а) бастапқы құны бойынша;
б) қалпына келтіру құны бойынша;
4. Негізгі капиталдың орташа жылдық құнын;
5. Негізгі капиталдың күй көрсеткіштерін;
6. Негізгі капиталдың қозғалыс көрсеткіштерін;
7. Негізгі капитал динамикасын.
8. Қорытынды жасаңыз.
№ 22-есеп
Құрылыс компаниясының негізгі капиталының жылдық
амортизация нормасы 7%, жылдық амортизациялық аударымдар
84 млн теңге болса, негізгі капиталдың толық бастапқы құнын
анықтаңыз.
№ 23-есеп
Ғылыми зерттеу мекемесінің бір жылдағы негізгі капиталы және
оның қозғалысы туралы келесі мәліметтер белгілі:
36
Негізгі капиталдың жыл соңындағы бастапқы толық құны, млн тг
00
Жыл басындағы тозу коэффициенті, %
40
Жыл ішінде жаңадан іске қосылған негізгі капитал, млн тг
Жыл ішінде істен шыққан негізгі капитал, млн тг
бастапқы толық құны бойынша
қалдық құны бойынша
3
Жыл ішінде есептелген тозу, млн тг
Негізгі капиталдың орташа жылдық құны, млн тг
0
Өндірілген өнім көлемі, млн тг
400
Осы мәліметтер бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз:
1) Негізгі капитал балансын толық және қалдық құны бойынша
құрыңыз;
2) Негізгі капитал динамикасын анықтаңыз;
3) Негізгі капиталдың қозғалыс, күй көрсеткіштерін есептеңіз;
4) Капитал қайтарымдылығын анықтаңыз;
5) Қорытынды жасаңыз.
№24-есеп
Фирманың 1-тоқсандағы келесі мәліметтері белгілі:
Өндірілген өнім - 1940 мың тг;
Материалдық айналым капиталының қоры:
Күні
1 қаңтар
1 ақпан
1 наурыз 1 сәуір
Материалдық айналым
капиталының қоры, мың тг
0
0
0
0
Осы мәліметтер бойынша мына көрсеткіштерді есептеңіз:
1. Материалдық айналым қорларының орташа қалдығын;
2. Айналым коэффициентін;
3. 1 айналымның ұзақтығын;
4. Бекіту коэффициентін;
5. Қорытынды жасаңыз.
№25-есеп
Кәсіпорын бойынша келесі мәліметтер белгілі:
Көрсеткіштер
Өткен жыл
Есепті жыл
Материалдық айналым капиталының
орташа қалдығы, мың тг
00
0
Өнімді өткізуден түскен түсім, мың тг
1300
00
37
Осы мәліметтер бойынша келесі көрсеткіштерді анықтаңыз:
1. Екі мерзім бойынша айналым коэффициенттерін;
2. Бекіту коэффициенттерін;
3. Есепті мерзімдегі материалдық айналым капиталының орташа
қалдығының нақты өсімін, оның ішінде факторлардың әсерін
анықтаңыз:
а) бекіту коэффициентінің өзгеруі;
б) өнімді өткізуден түскен түсімнің өзгеруі.
Нақты өсімдердің өзара байланысын тексеріңіз. Қорытынды
жасаңыз.
№26-есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. ЖІӨ-ді ақырғы пайдалану әдісімен анықтаңыз;
2. Алынған нәтижені өндіріс және бөлу әдісімен анықталған
ЖІӨ-мен салыстырыңыз, статистикалық алшақтықты анықтаңыз;
3. ЖІӨ-нің пайдаланылуы бойынша құрылымын анықтаңыз;
4. ЖІӨ-нің құрылымын диаграмма түрінде көрсетіңіз;
5. Қорытынды жасаңыз.
№27-есеп
Төменде облыс кәсіпорындарындарының есепті мерзімдегі
мәліметтері берілген, мың тг.:
ЖІӨ
00
Ағымдағы трансферттер сальдосы
-30,7
Күрделі трансферттер сальдосы
-5,1
Резиденттердің резидент еместерден алған алғашқы табыстары
85,6
Резидент еместердің резиденттерден алған алғашқы табыстары
95,6
Ақырғы тұтыну
870,2
Компьютерлік бағдарламаларды сатып алу
0,3
Көлік құралдарын сатып алу
0,4
Құнды заттарды, жерді, материалдық емес активтерді таза
сатып алу
5,6
Таза несие/таза борыш
16,8
Осы мәліметтер бойынша мына көрсеткіштерді есептеңіз:
1) Қолда бар жалпы ұлттық табысты;
38
2) Жалпы жинақты;
3) Материалдық айналым қаржыларының өзгерісін.
№28-есеп
Төменде ҚР бойынша 2004 жылғы нақты мәліметтер берілген,
млн тг.:
ЖІӨ
5870134,3
«Қалған әлемге» берілген ағымдағы трансферттер
113820,7
«Қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер
47870,5
Экспорт
3065811,1
Импорт
2552967,4
ЖҰӨ
5492770,5
«Қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер
85256,2
«Қалған әлемнен» алынған күрделі трансферттер
82531,1
Негізгі капиталдың жалпы қорлануы
1472424,2
Материалдық айналым қорларының өзгерісі
72072,1
Осы мәліметтер бойынша келесі көрсеткіштерді анықтаңыз:
1) Ақырғы тұтынуды;
2) Жалпы ұлттық жинақты;
3) Таза несие/таза борышты.
№29-есеп
Төменде облыс кәсіпорындарындарының есепті мерзімдегі
мәліметтері берілген, мың тг.:
ЖІӨ
10260,5
«Қалған әлемге» берілген ағымдағы трансферттер
520,3
«Қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер
415,0
Резиденттерге резидент еместердің төлеген еңбекақылары
31,7
Резидент еместерге резиденттердің төлеген еңбекақылары
58,6
Шетелден алынған инвестициялар
308,6
Несие алғаны үшін шетелге төлеген пайыздар
4,5
Жалпы жинақ
986,0
Күрделі трансферттер сальдосы
+21,6
Материалдық айналым қорларының өзгерісі:
а) шикізат, отын-энергия
ә) аяқталмаған өндіріс
б) дайын өнім
+120,0
+56,0
+78,7
Құнды заттарды, жерді, материалдық емес активтерді таза
сатып алу
-35,0
Таза несие/таза борыш
-36,0
39
Осы мәліметтер бойынша келесі көрсеткіштерді анықтаңыз:
1) Қолда бар жалпы ұлттық табысты;
2) Ақырғы тұтынуды;
3) Негізгі капиталдың жалпы қорлануын.
№30-есеп
Есепті мерзімде кәсіпорынның негізгі капиталының бастапқы
толық құны 300720 тг., тозуды ескергендегі қалпына келтіру құны
235020 тг., жарамдылық коэффициенті 90%, амортизация нормасы
7% болды. Осы мәліметтер бойынша:
1) негізгі капиталдың толық қалпына келтіру құнын;
2) тозуды ескергендегі қалдық бастапқы құнын;,
3) амортизация мөлшерін.
№31-есеп
Есепті мерзімде кәсіпорынның негізгі капиталына есептелген
амортизация нормасы 10,5%, амортизация мөлшері 26500тг., тозу
коэффициенті 10%, тозуды ескергендегі қалпына келтіру құны
325000тг. болды. Осы мәліметтер бойынша:
1) Кәсіпорынның негізгі капиталының бастапқы толық құнын;
2) Тозуды ескергендегі қалдық құнын;
3) Толық қалпына келтіру құнын анықтаңыз.
№32-есеп
Кәсіпорын бойынша есепті мерзімдегі мынадай мәліметтер
берілген:
Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тг
5380,0
Айналым капиталының орташа жылдық қалдығы,
мың тг.
1894,0
Есептеу керек:
1) Айналым капиталының айналым жылдамдығын;
2) Бекіту коэффициентін;
3) 1 айналымның ұзақтығын.
9– тақырып. қаржы шоты
Қаржы шотының мақсаты. Шоттың жалпы сипаттамасы, үлгiсi,
ерекшелiгi. Қаржы активтерiнiң классификациясы (жiктемесi).
40
Монетарлық алтын, қарыз алудың арнайы құқығы, қолма-қол ақша,
депозиттер, акциялар, акциялардан басқа бағалы қағаздар, несие
және қарыз, техникалық сақтандыру резервтерi, таза несие/таза
борыш, дебиторлық / кредиторлық берешек көрсеткiштерi, олардың
мазмұны. Шот көрсеткiштерiнiң ақпарат көздерi. Шот мәлiметтерi
бойынша талдау жасау.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Кулагина Г.Д. и др. Система национальных счетов и платежный
баланс России. Учебное пособие. М.: МЭСИ, 1996
3. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
4. Елисеева И. И. И др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2004
5. Салин В.Н., Медведев В.Г. и др. Макроэкономическая
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- монетарлық алтын;
- қарыз алудың арнайы құқығы;
- техникалық сақтандыру резервтерi;
- бағалы қағаздар;
- депозиттер;
- қарыздар;
- басқа дебиторлық немесе кредиторлық қарыздар.
41
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Қаржы шотының ерекшелiгi қандай?
2. Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы құқығы
көрсеткiштерiнiң мазмұны қандай?
3. Техникалық сақтандыру резервтерi деп қандай қаржы құралын
айтады?
4. Акциялардың қандай түрлерi болады?
5. Депозиттер туралы не бiлесiз?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Қаржы шотының үлгiсi, жалпы сипаттамасы.
2. Қаржы шотындағы қаржы құралдары.
3. Есептер шығару.
10 – тақырып. тауарлар мен қызметтер шоты
Шоттың мақсаты, жалпы сипаттамасы, үлгiсi. Iшкi экономиканың
жиынтық шоттары жүйесiнiң соңғы шоты ретiндегi тауарлар және
қызметтер шотының маңызы. Ресурстарды құрайтын көрсеткiштер:
жалпы шығарылған өнiм, тауарлар мен қызметтер импорты, өнiмге
және импортқа салынатын таза салықтар.
Ресурстарды пайдалану бағыттары: аралық тұтыну, ақырғы
тұтыну, негiзгi капиталдың жалпы қор жинауы, материалдық
айналым капиталының өзгерiстерi, тауар және қызмет экспорты.
Шот көрсеткiштерi бойынша талдау жасау бағыттары.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
42
2. Кулагина Г.Д. и др. Система национальных счетов и платежный
баланс России. Учебное пособие. М.: МЭСИ, 1996
3. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
4. Елисеева И. И. И др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2004
5. Салин В.Н., Медведев В.Г. и др. Макроэкономическая
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- тауарлар мен қызметтер экспорты;
- тауарлар мен қызметтер импорты;
- жалпы шығарылған өнiм;
- өнiмге, импортқа салынған таза салықтар;
- аралық тұтыну;
- ақырғы тұтыну;
- негiзгi капиталдың жалпы қор жинауы;
- материалдық айналым капиталының өзгерiстерi;
- статистикалық алшақтық.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Тауарлар мен қызметтер шотының ерекшелiгi неде?
2. Шоттың ресурстар бөлiгiне қажеттi ақпараттарды қайдан алады?
3. Шоттың пайдалану бөлiгi қалай толтырылады?
4. Статистикалық алшақтықтың болу себептерi қандай?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Тауарлар мен қызметтер шотының үлгiсi, жалпы сипаттамасы.
2. Шоттың ресурстар бөлiгiндегi көрсеткiштер.
3. Шоттың пайдалану бөлiгiндегi көрсеткiштер.
4. Есептер шығару.
11–тақырып. сыртқы экономикалық
байланыстар шоттары
Ұлттық есептер жүйесiнде сыртқы экономикалық әрекеттердi
сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi. ”Қалған әлем” шоттарының
төлем балансымен байланысы.
43
Сыртқы экономикалық байланыстар шоттарының жалпы
сипаттамасы. Ағымдағы операциялар шоты, жалпы сипаттамасы,
үлгiсi. Шоттың ресурстар бөлiгi: тауар және қызмет импорты, оның
iшiнде “көрiнетiн” тауарлардың, материалдық және материалдық
емес қызметтердiң импорты; резидент үй шаруашылығының
шетелдегi ақырғы тұтынуы; резиденттердiң резидент еместерге
төлеген еңбекақысы; “қалған әлемге” төленген өндiрiс және
импорт салықтары; “қалған әлемге” берiлген меншiктен түскен
табыс; “қалған әлемге” берiлген ағымдағы трансферттер; ағымдағы
операциялар сальдосы. Ресурстарды құрайтын көрсеткiштердiң
мазмұны, құрамы.
Шоттың ресурстарды пайдалану бөлiгiндегi көрсеткiштер:
тауар мен қызмет экспорты, оның iшiнде “көрiнетiн” тауарлардың,
материалдық, материалдық емес қызметтердiң экспорты; резидент
емес үй шаруашылығының экономикалық аумақтағы ақырғы
тұтынуы; резиденттерге резидент емес жалдаушылардың төлеген
еңбекақысы; өндiрiске, импортқа “қалған әлем”берген субсидия;
“қалған әлемнен” алынған меншiктен түскен табыстар, ағымдағы
трансферттер. Шоттың ресурстарды пайдалану бөлiгiндегi
көрсеткiштердiң мазмұны, құрамы. Шот көрсеткiштерiнiң
экономиканы талдаудағы маңызы.
Капиталға байланысты операциялар шотының мiндетi. Шоттың
жалпы сипаттамасы, үлгiсi. Шоттың ресурстар бөлiгi: “қалған әлемге
“ берiлген күрделi трансферттер; таза несие (+) немесе таза борыш
(-). Күрделi трансферттер құрамы.
Шоттың пайдалану бөлiгi: ағымдағы операциялар сальдосы;
материалдық емес активтердi таза сатып алу; “қалған әлемнен”
алынған күрделi трансферттер. Шоттың пайдалану бөлiгiндегi
көрсеткiштердiң мазмұны, құрамы. Шот көрсеткiштерi бойынша
талдау жасау бағыттары.
Қаржы шоты, мiндетi, жалпы сипаттамасы, үлгiсi. Шот
көрсеткiштерiнiң мазмұны. Шот көрсеткiштерiнiң сыртқы
экономикалық байланыстарды талдаудағы ролi.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- сыртқы экономикалық байланыстар шоттарының үлгiсi мен
жалпы сипаттамасын;
44
- шоттардағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Кулагина Г.Д. и др. Система национальных счетов и платежный
баланс России. Учебное пособие. М.: МЭСИ, 1996
3. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.:
Финстатинформ, 1996
4. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
5. Елисеева И. И. И др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2004
6. Салин В.Н., Медведев В.Г. и др. Макроэкономическая
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- “ қалған әлем”;
- “көрiнетiн “ тауарлар экспорты, импорты;
- резидент үй шаруашылығының шетелдегi ақырғы тұтынуы;
- резидент емес үй шаруашылығының экономикалық аумақтағы
ақырғы тұтынуы;
- “қалған әлемге” берiлген меншiктен түскен табыстар;
- “қалған әлемге” берiлген ағымдағы трансферттер;
- жалданушы резиденттерге еңбекақыны резидент еместердiң
төлеуi;
- жалданушы резидент еместерге еңбекақыны резиденттердiң
төлеуi;
- “қалған әлемге” төлеген өндiрiс және импорт салықтары;
- ағымдағы операциялар сальдосы;
- “қалған әлемге” берiлген күрделi трансферттер;
- материалдық емес активтердi таза сатып алу.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Сыртқы экономикалық байланыстар шоттарының қандай
ерекшелiктерi болады?
45
2. Сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшiн
қандай шоттар құрылады?
3. Ағымдағы операциялар шоты ненi зерттейдi?
4. “Көрiнетiн “ тауарлар экспортының, импортының құрамы
қандай?
5. “Қалған әлемге” берiлген меншiктен түскен табыс көрсеткiшiнiң
құрамындағы элементтердi атаңыз.
6. “Қалған әлемге” берiлген ағымдағы трансферттер қандай
операцияларды қамтиды?
7. Ағымдағы операциялар сальдосы қалай есептеледi?
8. Сыртқы экономикалық байланыстарды толық сипаттау үшiн
қандай қор жинау шоттары құрылады? Олардың мiндеттерi қандай?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Сыртқы экономикалық байланыстар шоттарының ерекшелiгi.
2. Ағымдағы операциялар шоты. Шот көрсеткiштерiнiң мазмұны.
3. Капиталға байланысты операциялар шотының мiндетi, көр-
сеткiштерi.
4. Қаржы шоты.
5. Есептер шығару.
12–тақырып. Ұлттық есептер жүйесiндегi
салааралық баланс
Ұлттық есептер жүйесiндегi салааралық баланстың (САБ)
үлгiсi, құрылымы. Баланс квадранттарының мазмұны. САБ-тың
1-квадрантында аралық тұтынуды толық қамтып көрсету. САБ-
тың 2-квадрантының мазмұны. Ақырғы пайдалану компоненттерi.
САБ-тың 3-квадрантының мазмұны. Жалпы iшкi өнiмнiң құндық
құрылымы. Салааралық баланс түрлерi. Салааралық баланста
қолданылатын баға түрлерi.
“Шығындар мен шығарылған өнiм” кестесi, оның мiндетi.
“Тауарлар ресурстары мен оларды пайдалану” кестесi, оның
мiндетi.
Тура және толық шығындар коэффициенттерi, оларды
экономикалық талдауларда қолдану. Салааралық баланстың негiзгi
теңдеуi, оның маңызы. Салааралық балансты құру мәселелерi.
Салааралық баланстың мүмкiндiктерi. Ақпарат көздерi.
46
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- салааралық баланстың үлгiсiн;
- салааралық баланстың квадранттарының мазмұнын;
- “Шығындар және шығарылған өнiм” кестесiн;
- “Тауар ресурстары мен оларды пайдалану” кестесiн;
- салааралық баланс түрлерiн;
- тура, толық шығындар коэффициенттерiн есептеу әдiстемесiн;
- салааралық баланстың ролiн.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Кулагина Г.Д. и др. Система национальных счетов и платежный
баланс России. Учебное пособие. М.: МЭСИ, 1996
3. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.: Фин-
статинформ, 1996
4. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
5. Елисеева И. И. И др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2004
6. Салин В.Н., Медведев В.Г. и др. Макроэкономическая
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- салааралық баланс;
- квадрант;
- тура шығындар коэффициенттерi;
- толық шығындар коэффициенттерi;
- тура шығындар коэффициенттерiнiң матрицасы;
- керi матрица;
- өндiрушi салалар;
- тұтынушы салалар;
- салааралық баланстың негiзгi теңдеуi;
- динамикалық баланс;
47
- статикалық баланс;
- “Шығындар және шығарылған өнiм” кестесi;
- “Тауар ресурстары және оларды пайдалану” кестесi.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Ұлттық есептер жүйесiндегi салааралық баланстың үлгiсi
қандай?
2. Салааралық баланстың 1-квадрантында қандай көрсеткiш
қамтылып көрсетiледi?
3. Салааралық баланстың 2-квадрантында қандай көрсеткiш
қамтылып көрсетiледi?
4. Салааралық баланстың 3-квадрантында қандай көрсеткiш
қамтылып көрсетiледi?
5. Салааралық баланстың қандай түрлерi болады?
6. Тура шығындар коэффициенттерi ненi сипаттайды?
7. Толық шығындар коэффициенттерi қалай есептеледi?
8. “Шығындар және шығарылған өнiм” кестесiнiң мiндетi қан-
дай?
9. “Тауар ресурстары және оларды пайдалану” кестесiнiң ролi
қандай?
10. Салааралық баланстың негiзгi теңдеуi, оның мiндетi.
Практикалық сабақ жоспары:
1. Ұлттық есептер жүйесiндегi салааралық баланстың құрылымы.
2. Салааралық баланстың математикалық үлгiсi (моделi).
3. Салааралық баланстың талдау мүмкiндiктерi.
4. Салааралық баланстың ақпарат көздерi.
5. Есептер шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |