Мұханбетова С. М. Нұрзақова А. Н. Ұлттық есептер жүйесі


Ұлттық есептер жүйесI БОйыНША реФерАт



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5884
1   2   3   4   5   6   7

4. Ұлттық есептер жүйесI БОйыНША реФерАт, 
БАЯНДАМА,  КУрстық жҰМыс тАқырыптАры
1.  Нарықтық экономика жағдайында ҰЕЖ-нiң атқаратын ролi. 
2.  Ұлттық есептер жүйесiнiң даму тарихы.
3.  ҰЕЖ-дегi  негiзгi  топтастырулар.  Салалардың  халықаралық 
стандартты жiктемесiн ҰЕЖ-де қолдану ерекшелiктерi.

48
4. ҰЕЖ-дегi активтер жiктемесi.
5. Активтер мен пассивтер балансын құру әдiстемесi.
6. ҰЕЖ-де қолданылатын бағалар.
7. Нарықтық және нарықтық емес өндiрiс.
8. Тауар өндiрушi салалардың дамуын статистикалық талдау.
9. Қызметтер сферасының дамуын статистикалық талдау.
10. Қоғамдық ұйымдар әрекетiн ҰЕЖ-де қамтып көрсету.
11. Мемлекеттiк мекемелердiң әрекетiн ҰЕЖ-де қамтып көрсету.
12. ”Қаржылық емес кәсiпорындар” секторының экономикалық 
әрекетiнiң нәтижесiн статистикалық талдау.
13. Қазақстанның ”Қаржы мекемелерi” секторының экономикалық 
әрекетiн статистикалық талдау. 
14. Аралық тұтыну шығындарын статистикалық талдау.
15. Өнеркәсiп өнiмдерiн есепке алу және талдау әдiстерi.
16.  Ауыл  шаруашылығы  өнiмдерiн  есепке  алу  және  талдау 
әдiстерi.
17. Құрылыс өнiмдерiн есепке алу және талдау әдiстерi.
18. Көлiк саласының өнiмдерiн есепке алу және талдау әдiстерi.
19. Сауда өнiмдерiн есепке алу және талдау әдiстерi.
20.  Ұлттық  есептер  жүйесiнiң  мәлiметтерi  бойынша  Қазақстан     
Республикасының жалпы iшкi өнiмiн статистикалық талдау.
21. Табыстардың пайда болу процесiн статистикалық талдау. 
22. Табыстарды бөлу процесiн статистикалық талдау.
23. Экономикалық өсу факторларын статистикалық талдау.
24. Қазақстан Республикасындағы жалпы пайданы статистикалық 
талдау.
25.  Сыртқы  экономикалық  байланыстарды  ҰЕЖ  мәлiметтерi 
бойынша талдау.
26. ҚР-дағы еңбекақыны статистикалық талдау.
27. Әлеуметтiк сақтандыруға жасалған аударымдар.
28. Жалпы iшкi өнiмдi өндiрiс әдiсi бойынша есептеу.
29. Жалпы iшкi өнiмдi бөлу әдiсi бойынша есептеу.
30. Жалпы iшкi өнiмдi ақырғы пайдалану әдiсi бойынша есептеу.
31. Жалпы iшкi өнiмдi қайта бағалау әдiстерi.
32. Жалпы iшкi өнiм мен жалпы ұлттық табыс көрсеткiштерiнiң 
өзара байланысы.
33. Ұлттық есептер жүйесiндегi салықтар. 
34. Ұлттық есептер жүйесiндегi субсидия. 

49
35.  Ұлттық есептер жүйесiндегi өндiрiс салықтары. 
36.  Ұлттық есептер жүйесiндегi импорт салықтары. 
37.  Ұлттық  есептер  жүйесiндегi  аралас  табыс  көрсеткiшiн 
есептеу әдiстемесi.
38.  Қазақстан  Республикасындағы  қолда  бар  жалпы  ұлттық 
табыс көрсеткiшiн экономикалық-статистикалық талдау.
39.  ҰЕЖ-дегi  макроэкономикалық  көрсеткiштердiң  өзара 
байланысы.
40.  Ұлттық есептер жүйесiндегi тұтыну шығындарын талдау.
41.  Экономиканы  талдауда  бiрiктiрiлген  ұлттық  шоттардың 
атқаратын ролi.
42.  Өндiрiстiк әрекет нәтижесiнде алынған табыстарды ҰЕЖ-де 
қамтып көрсету.
43.  Қазақстан  экономикасына  бөлiнген  күрделi  қаржыны 
статистикалық талдау.
44.  ҰЕЖ көрсеткiштерi бойынша Қазақстан халқының  табысы 
мен шығынын статистикалық талдау.
45.  Көлеңкелi  экономиканы  ҰЕЖ-де  қамтып  көрсету 
ерекшелiктерi.
46.  Секторлық шоттарды құру ерекшелiктерi.
47.  Ұлттық  байлық  көрсеткiштерiн  ҰЕЖ-де  қамтып  көрсету 
ерекшелiктерi.
48.  Ақырғы тұтынуды есепке алу ерекшелiктерi. 
49.  ҚР қолда бар табыстарды пайдалану шотын статистикалық 
талдау.
50.  ҰЕЖ  мәлiметтерi  негiзiнде    ҚР-дағы  трасферттердi 
статистикалық талдау.
51.  Үй шаруашылығына берiлген әлеуметтiк трансферттер.
52.  ҰЕЖ-дегi меншiктен түскен табыс көрсеткiшi.
53.  Негiзгi капиталды тұтынуды  бағалау мәселелерi.
54.  ҚР-дағы  негiзгi  капиталдың  қор  жинауын  статистикалық 
талдау.
55.  Қазақстандағы негiзгi капиталды статистикалық талдау.
56.  Материалдық айналым капиталының көрсеткiштер жүйесi.
57.  Қазақстан  Республикасының  жалпы  жинақ  көрсеткiшiн 
экономикалық-статистикалық талдау.
58.  Капиталға 
байланысты 
операциялар 
шотының 
көрсеткiштерi.

0
59.  Ұлттық есептер жүйесiндегi қаржы активтерi.
60.  Салааралық баланс мүмкiншiлiктерi.
61.  Салааралық  баланс  мәлiметтерi  бойынша  салалар 
арасындағы байланысты талдау.
62.  Тура  шығындар  коэффициенттерiн  экономика  дамуын 
талдауда қолдану.
63.  Ақырғы пайдаланудың компоненттерi.
64.  Сыртқы  экономикалық  байланыстар  шоттарын  құру 
ерекшелiктерi.
65.  Қазақстан  аймақтарының  жалпы  аймақтық  өнiмдерiн 
статистикалық талдау.
66.  Бақыланбайтын экономиканы статистикалық бағалау.
67.  Iшкi  экономика  шоттарының  көрсеткiштерiнiң  өзара 
байланыстарын статистикалық талдау.
68.  ҰЕЖ  мәлiметтерi  негiзiнде  өнiм  өндiрудi,  оны  тұтынуды 
статистикалық талдау.
69.  ҰЕЖ  мәлiметтерi  негiзiнде  Қазақстан  Республикасында 
табыстардың қайта бөлiнуiн экономикалық статистикалық талдау.
70.  Қазақстанның техникалық сақтандыру резервтерi.
71.  Қазақстан  Республикасының  бағалы  қағаздар  рыногын 
статистикалық талдау.
72.  Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары және төлем 
балансы.
73.  Әлеуметтiк саладағы сателлиттiк шоттар.
74.  ”Үй шаруашылығы” секторы үшiн ҰЕЖ ерекшелiктерi.
75.  ҰЕЖ-дегi шоттар матрицасының ролi.
76.  ҰЕЖ-де  материалдық  емес  активтер  есепке  алу 
мәселелерi.
77.  Құнды заттар және оларды есепке алу мәселелерi.
78.  ҰЕЖ  мәлiметтерi  негiзiнде  Қазақстан  Республикасының 
қор жинау шоттарын  экономикалық статистикалық талдау.
79.  ҰЕЖ-нiң макроэкономикалық саясатты жасаудағы ролi.
80.  ҰЕЖ  мәлiметтерi  негiзiнде  Қазақстан  Республикасының 
халқының тұрмыс деңгейiн  экономикалық статистикалық талдау.
81.  ҰЕЖ мәлiметтерi негiзiнде мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн 
экономикалық статистикалық талдау.
82.  ҰЕЖ мәлiметтерi негiзiнде ақша айналымын статистикалық 
талдау.


83.  ҰЕЖ мәлiметтерi негізінде еңбек өнiмдiлiгiн статистикалық 
талдау.
84.  Валютаның сатып алу қабiлетi негiзiнде  есептелген ЖIӨ-дi 
халықаралық салыстыруларда қолдану.
85.  ҰЕЖ мәлiметтерiн макроэкономикалық талдау және болжам 
жасауда қолдану.
5. Ұлттық есептер жүйесI БОйыНША тест 
тАпсырМАлАры
Тест  тапсырмалары  жабық  түрде  берiлiп,  5  жауап  нұсқасынан 
бiр дұрыс жауапты таңдауды ұсынады.Тест тапсырмаларында ҰЕЖ 
пәнiнiң  оқу бағдарламасындағы барлық тақырыптар қамтылған.
1. Елдiң резидентi болатын бiрлiктер:
А) осы елдегi шетел елшiсi;
В) осы елде оқитын шетел студенттерi;
С) осы елге 6 айға жұмысқа келген шетелдiк жұмысшылар;
Д) экономикалық аумақтағы осы елдiң өз азаматтары;
Е) осы елде орналасқан шетелдiк әскери бөлiмшенiң құрамы. 
 2. Салалық топтастырудың мақсаты:
А) табыс пен шығынды зерттеу;
В) қаржы активтерi мен пассивтерiн зерттеу;
С) бiртектi өнiм шығаратын шаруашылық бiрлiктерiн зерттеу;
Д) өндiрiс тиiмдiлiгiн зерттеу;
Е) негiзгi капиталдың күйiн зерттеу.
3. Секторлық топтастырудың мақсаты:
А) бiртектi өнiм шығаратын бiрлiктердi зерттеу;
В) әртектi өнiм шығаратын бiрлiктердi зерттеу;
С) табыс пен шығынды зерттеу;
Д) материалдық емес активтердi зерттеу;
Е) өндiрiс тиiмдiлiгiн зерттеу.
4. Экономика секторы болады:
А) экономиканы басқаруға байланысты әрекеттер;
В) біртекті әрекеттің экономикалық бірліктерінің жиынтығы;
С) өнеркәсіптік кәсіпорын әрекеті;


Д) фермерлік шаруашылық әрекеті;
Е) институционалдық бірліктер жиынтығы.
5. Экономика саласы болады:
А) институционалдық бірліктер жиынтығы;
В) біртекті әрекеттің экономикалық бірліктерінің жиынтығы;
С) тауар шығаратын экономикалық бірліктердiң  жиынтығы;
Д) коммерциялық қаржы қызметтерін көрсететін мекемелер
     жиынтығы;
Е) “қалған әлем”.
6.  Мемлекеттiк мекемелер секторының бiрлiктерi:
А) “Туран” университетi;
В) “Рахат” акционерлiк қоғамы;
С) М. Әуезов атындағы драмалық театр;
Д) Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетi
Е) “Отан” партиясы.
7. Ақылы емхана мына сектордың бірлігі болады:
А) мемлекеттік мекемелер секторы;
В) қаржы мекемелері секторы;
С) қаржылық емес кәсіпорындар секторы;
Д) үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес  
     ұйымдар секторы;
Е) үй шаруашылығы секторы.
8. Қаржы мекемелері секторының бірліктері:
А) екiншi деңгейдегi банктер;
В) акционерлiк қоғамдар;
С) ақылы оқу орындары;
Д) фермерлiк шаруашылықтар;
Е) бiрлескен кәсiпорындар.
9. Мемлекеттік мекемелер секторының бірліктері:
А) ақылы мектептер;
В) фермерлiк шаруашылықтар;
С) коммерциялық банктер;
Д)  Президент әкімшілігі;
Е) діни қоғамдар.

53
10. Үй шаруашылығына қызмет көрсететiн коммерциялық емес 
ұйымдар секторының бiрлiктерi:
А) ақылы мектептер;
В) ақылы емханалар;
С) бюджеттiк мекемелер;
Д) мешiттер, шiркеулер;
Е) зауыттар.
11. “Қаржылық емес кәсiпорындар” секторының негiзгi қызметi:
А) ұжымға нарықтық емес қызметтердi көрсету;
В) қаржы ресурстарын жинау;
С) тауар өндiру, қаржылық емес қызметтер көрсету;
Д) сақтандыру қызметтерiн көрсету;
Е) үй шаруашылығына қызмет көрсету.
12.  Мемлекеттiк мекемелер секторының ресурстары құралады:
А) сатудан түскен түсiмнен;
В) салықтардан;
С) қайырымдылық қорына жасалған аударымдардан;
Д) күрделi қаржыдан;
Е) несиенiң проценттiк түсiмiнен.
13. Қаржы мекемелерi секторының қызметi: 
А) тауар өндiру;
В) сақтандыру қызметтерiн көрсету;
С) ұжымдық тұтыну үшiн нарықтық емес қызметтердi көрсету;
Д) үй шаруашылығына нарықтық емес қызметтердi көрсету;
Е) жеке адам үшiн әр түрлi қызметтер көрсету.
14. Өндiрiлген материалдық емес актив болады:
А) сақтандыру компанияларының техникалық резервтері;
В) жер;
С) материалдық емес активтер;
Д) негізгі капитал;
Е) әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасы.
15. Өндірілмейтін қаржылық емес активтер болып саналады:
А) әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасы;

54
В) негізгі капитал;
С) материалдық айналым капиталы;
Д) құнды заттар;
Е)  жер.
16.  Өндірілмейтін қаржылық емес активтер болып саналады:
А) материалдық айналым капиталы;
В) автор құқығы;
С) монетарлық алтын;
Д) геологиялық зерттеу жұмыстарының шығындары;
Е) құнды заттар.
17. Өндірістік әрекет болып саналмайды:
А) ұйқы, демалыс;
В) отбасы мүшелерінің тамақ дайындауы;
С) өз үйіне жасалған жөндеу жұмыстары;
Д) өз көлігімен жолаушыларды тасу;
Е) қосалқы шаруашылықта көкөніс өсіру.
18. Үй шаруашылығының экономикалық әрекеті болып саналады:
А) отбасы мүшелерінің тамақ дайындауы;  
В) көкөністерді қосалқы шаруашылықта өздері тұтыну үшін 
     өсіру;
С) көкөністерді қосалқы шаруашылықта сату үшін өсіру;
Д) өз үйіне жасалған жөндеу жұмыстары;
Е) ұйқы, демалыс.
19. Трансферт болып саналады:
А) жалақы;
В) зейнетақы;
С) тұрмыстық-коммуналдық қызметтер ақысы;
Д) көлік қызметінің ақысы;
Е) ақшалай сыйлық (премия).
20. Экономикалық айналым объектісі:
А) кәсіпорын еңбеккерлері
В) үй шаруашылығы;
С) институционалдық бірліктер;


Д) тауар, қызмет;
Е) кәсіпорындар.
21. Экономикалық айналым субъектісі:
А) ақша құралдары;
В) тауар және қызмет;
С) кәсіпорындар мен мекемелер;
Д) материалдық емес активтер;
Е) табиғи ресурстар.
22.  Елдің  экономикалық аумағы болып саналады:
А) осы елдегі басқа елдердің аумақтық анклавтары; 
В) осы елдегі басқа елдің елшілігі орналасқан аумақ;
С) осы елдің кәсіпорны орналасқан басқа елдегі еркін аймақ;
Д) осы елдің елшілігі орналасқан шетелдегi аумақ;
Е) кәсіпорынның шетелдегі филиалы орналасқан жер.
23. Ішкі экономика мынадай әрекеттерді қамтиды:
А) осы елдің экономикалық аумағындағы резиденттердің,
     резидент  еместердің әрекеті;
В) осы елдердің  резиденттерінің шетелдегі әрекеттері;
С) резиденттердің осы елдің экономикалық аумағындағы және
     шетелдегі әрекеттері;
Д) резидент еместердің шетелдегі әрекеттері;
Е) резидент еместердің осы елдің аумақтық анклавтардағы              
    әрекеттері.
24.Ұлттық экономика мынадай әрекеттерді қамтиды:
А) резиденттердің осы елдің экономикалық аумағындағы және    
     шетелдегі әрекеттері;
В) осы елдің экономикалық аумағындағы резиденттердің, 
     резидент  еместердің әрекеттері;
С) резидент еместердің осы елдегі әрекеттері;
Д) резидент еместердің шетелдегі әрекеттері;
Е) резидент еместердің осы елдің аумақтық анклавтардағы     
    әрекеттері


25. Материалдық өндiрiлмеген актив элементтерi:
А) автор құқығы;
В) компьютерге арналған бағдарламалар;
С) адам еңбегiнсiз пайда болатын биологиялық ресурстар;
Д) тауар белгiсi;
Е) геологиялық зерттеу жұмыстары.
26. Материалдық емес активтерге жатады:
А) табиғи ресурстар;
В) жабдықтар;
С)  ғимараттар;
Д) компьютерлiк бағдарламалар;
Е) мал.
27. Материалдық өндiрiлетiн активтердiң элементтерi:
А) ғимараттар;
В) жер;
С) жер астындағы байлықтар;
Д) биологиялық ресурстар;
Е) патент.
28.  Көтерме  және  бөлшек  саудадағы  сатушылар  өнiмi  деп 
мынадай өнiмдердi  айтады:  
А) айырбас ретiнде қолданылатын тауарларды;
В) ақырғы пайдалану үшiн қолданылатын тауарларды;
С) өткiзiлетiн тауарлардың үстеме бағасын;
Д) сатушылардың өздерi тұтынған тауарларды;
Е) қоймадағы тауарларды.
29. Қаржы операциялары:
А) қосылған құнды бөлу процестерiн зерттеу үшiн қажет;
В) өндiрiлген өнiмдi айырбастау,тұтыну процестерiн қамтиды;
С) экономика  секторларының активтерi мен пассивтерiн зерттеу 
     үшiн қажет;
Д) жинақты қайта бөлу процестерiн зерттеу үшiн қажет;
Е) өнiмнiң сапасын анықтау үшiн қажет.
 


30.  Гудвилл жатады: 
А) материалдық активке;
В) материалдық емес активке;
С) табиғи ресурсқа;
Д) салыққа;
Е) негiзгi капиталға. 
         
31. Факторлық құнның құрамында болады:
А) аралық тұтыну;
В) өнімге салынатын салық;
С) импорт салығы;
Д) өндіріс субсидиясы;
Е) импорт субсидиясы.
32. Негізгі бағаның құрамында болады:
А) ақырғы тұтыну;
В) факторлық құн
С) сауданың үстеме бағасы;
Д) көліктің үстеме бағасы;
Е) өндіріс және импорт субсидиясы.
33. Өндіруші бағасының құрамында болмайды:
А) өндіріс салықтары;
В) аралық тұтыну;
С) еңбекақы;
Д) әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
Е) сауда-көліктің үстеме бағасы.
34. Ағымдағы салықтарға жатады:
А) мұраға салынатын салық;
В) сыйға тартқан меншiкке салынатын салық;
С) қосылған құн салығы;
Д) капиталға байланысты операцияларға салынатын салық;
Е) сыйға берiлген негiзгi капиталға салынатын салық.
35. Күрделi салықтарға жатады:
А) табысқа салынатын салық;
В) пайдаға салынатын салық;


С) сыйға тартқан негiзгi капиталға салынатын салық;
Д) еңбекақы қорына салынатын салық.
36. Ағымдағы салықтарға жатады:
А) акциздер;
В) капиталға байланысты операцияларға салынатын салық;
С) сыйға тартқан меншiкке салынатын салық;
Д) мұраға қалдырылған пәтерге салынатын салық;
Е) айыптар мен өсiмдер.
37. Күрделi салықтарға жатады:
А) жалақы қорына салынатын салық; 
В) қосылған құн салығы;
С) қоршаған ортаны ластағаны үшiн салынатын салық;
Д) сыйға берген негiзгi капиталға салынатын салық;
Е) пайдаға салынатын салық.
38. Меншiктi капитал былай анықталады:
А) қаржы активтерi – қаржы пассивтерi;
В) қаржы активтерi + қаржылық емес активтер – қаржы
     пассивтерi;
С) ұлттық байлық – қаржы пассивтерi;
Д) қаржы активтерi + қаржы пассивтерi ;
Е) ұлттық байлық – қаржы активтерi.
39. Ұлттық байлық деп ненi айтады?
А) қоғамдағы материалдық игiлiктердi ;
В) экономикалық айналымға қатысатын табиғи ресурстарды;
С) экономикалық айналымға қатыспайтын табиғи ресурстарды;
Д) барлық секторлардың таза меншiктi капиталының
     қосындысын;
Е) барлық активтердiң қосындысын.
40. Ұлттық байлық былай есептелiнедi:
А) елдiң барлық активтерiн қосу арқылы;
В) қаржы активтерiнен қаржы пассивтерiн шегеру арқылы;
С) елдiң барлық активтерi – қаржы пассивтерi;
Д) меншiктi капитал – қаржы пассивтерi;
Е) қаржы активтерi + қаржы пассивтерi.


41.  Өндіріс  шотының  ресурстар  бөлігінде  мына  көрсеткіштер 
болады:
А) аралық тұтыну;
В) жалпы шығарылған өнім;
С) жалпы қосылған құн;
Д) негізгі капиталды тұтыну;
Е) таза қосылған құн.
42.  Өндіріс  шотының  пайдалану  бөлігінде  мына  көрсеткіштер 
болады:
А) ақырғы тұтыну;
В) жалпы шығарылған өнім;
С) өнімге салынған таза салық;
Д) импортқа салынатын таза салық;
Е) аралық тұтыну.
43.  Өндіріс  шотының  ресурстар  бөлігінде  мына  көрсеткіштер 
болады:
А) жалпы қосылған құн;
В) аралық тұтыну;
С) өнімге салынатын таза салық;
Д) таза қосылған құн;
Е) жалпы жинақ.
44.  Өндіріс  шотының  пайдалану  бөлігінде  мына  көрсеткіштер 
болады:
А) өнімге салынатын  таза салықтар;
В) жалпы шығарылған өнім;
С) жалпы ішкі өнім;
Д) өндiрiске салынатын  таза салықтар;
Е) еңбекақы.
45.Өндіріс  шотының  ресурстар  бөлігінде  мына  көрсеткіштер 
болады:
А) аралық тұтыну;
В) импортқа салынатын таза салық;
С) негізгі капиталды тұтыну;
Д) жалпы ішкі өнім;
Е) жалпы пайда.

0
46.Төмендегi көрсеткiштердiң қайсысы ЖIӨ-дi өндiрiс әдiсiмен 
есептеуде қолданылады?
А) таза пайда;
В) үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы;
С) өндiрiске салынған таза салықтар;
Д) жалпы пайда;
Е) барлық салалардың шығарған өнiмдерi.
47.Төмендегi көрсеткiштердiң қайсысы ЖIӨ-дi өндiрiс әдiсiмен 
есептеуде   қолданылады?
А) жалпы пайда;
В) аралық тұтыну шығындары;
С) ақырғы тұтыну шығындары;
Д) өндiрiске салынған таза салықтар;
Е) өндiрiске бөлiнген сусидия.
 48. Төмендегi көрсеткiштердiң қайсысы ЖIӨ-дi өндiрiс әдiсiмен 
есептеуде   қолданылады?
А) жалпы қосылған құн;
В) еңбекақы;
С) пайда;
Д) экспорт;
Е) импорт.
49. Жалпы қосылған құнды есептеу үшiн:
А) жалпы пайдадан негiзгi капиталды тұтынуды шегередi;
В) жалпы шығарылған өнiмнен аралық тұтыну шығындарын
     шегередi;
С) жалпы шығарылған өнiмнен ақырғы  тұтыну шығындарын
     шегередi;
Д) жалпы шығарылған өнiмнен негiзгi капиталды тұтынуды
     шегередi;
Е) жалпы ұлттық табыстан төленген салықтарды шегередi.
50. Аралық тұтыну шығыны болады:
А) пайда;
В) жалақы;
С) шикiзат және материалдар;


Д) қосылған құн;
Е) амортизация.
51.  Аралық тұтынудың құрамында болады:
А) амортизация;
В) ғимараттарға жасалған күрделi жөндеу жұмыстарының
     шығыны;
С) пайда;
Д) жалақы;
Е) өнiм шығару үшiн тұтынылған қызметтер.
52. Аралық тұтынудың құрамында болады:
А) әлеуметтiк сақтандыру аударымдары;
В) негiзгi капитал амортизациясы;
С) еңбекақы;
Д) шеттен алынған  энергия және отын;
Е) пайда.
53. Аралық тұтыну шығындарының құрамында мына элементтер 
болады:
А) амортизация;
В) кәсіпорынның өз негізгі капиталын тұтыну;
С) негiзгi капиталды сатып алу;
Д) өндірісте пайдаланылатын жабдықтарды жалға алу;
Е) негiзгi капиталға жасалған күрделi жөндеу жұмыстары.
54. Аралық тұтынудың құрамында болмайды:
А) жарнама ақысы;
В) тегін берілген жұмыс киімінің құны;
С) қаржы қызметтерінің ақысы;
Д) геологиялық барлау жұмыстарының шығындары;
Е) есептеу орталықтарының қызмет ақысы.
55. Аралық тұтынудың құрамында болмайды:
А) жабдықтарға жасалған күрделі жөндеу жұмыстарының
     шығындары;
В) жабдықтарға жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарының
     шығындары;


С) ғимараттарды жалға алу ақысы;
Д) жарнама жасау шығыны;
Е) байланыс қызметінің ақысы.
56. Аралық тұтынудың құрамында болмайды: 
А) өрт қызметiнiң ақысы;
В) еңбек жағдайын жақсартуға байланысты болған шығындар;
С) күтпеген апат шығыны;
Д) тегiн берiлген жұмыс киiмiнiң құны:
Е) сақтандыру қызметтерiнiң ақысы. 
57. Аралық тұтыну шығындарының құрамында мына элементтер 
болады: 
А) көлiк және байланыс қызметтерi;
В) жердi тазалау және игеру;
С) әскери адамдарды тамақтандыру шығындары;
Д) негiзгi капиталдың амортизациясы;
Е) компьютерлердi бағдарламалармен қамтамасыз ету
     шығындары.
58. Аралық тұтынудың құрамында болмайды:
А) күзет қызметiнiң ақысы;
В) ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру шығындары;
С) әскери адамдарды киiндiру шығындары;
Д) еңбек жағдайын жақсартуға байланысты болған шығындар;
Е) жартылай дайын өнiмдердi сатып алу шығындары.
59. Өнеркәсiп өнiмдерiнiң құрамында болмайды:
А) холдингтiк пайда;
В) аяқталмаған өндiрiс өзгерiстерi;
С) жартылай дайын өнiмдер;
Д) өз жабдықтарына жасалған күрделi жөндеу жұмыстары;
Е) шетке шығарылған өндiрiстiк жұмыстар.
60. Өнеркәсiп өнiмдерiнiң құрамында болмайды:
А) өз жабдықтарына жасалған күрделi жөндеу жұмыстары;
В) аяқталмаған өндiрiс өзгерiстерi;
С) жартылай дайын өнiмдер;

63
Д) ақаулы өнiмдердi сатудан түскен түсiм;
Е) шетке шығарылған өндiрiстiк жұмыстар.
61. Өнеркәсiп өнiмдерiнiң құрамында болмайды:
А) шетке шығарылған өндiрiстiк жұмыстар;
В) аяқталмаған өндiрiс өзгерiстерi;
С) жартылай дайын өнiмдер;
Д) өз жабдықтарына жасалған күрделi жөндеу жұмыстары;
Е) iстен шыққан негiзгi капиталды сатудан түскен түсiм.
62. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң құрамында болмайды:
А) өсiмдiк шаруашылығының жалпы өнiмi;
В) өнiмдi жинау кезiнде болған шығын;
С) мал шаруашылығының жалпы өнiмi;
Д) аяқталмаған өндiрiс өзгерiстерi;
Е )жердi өңдеу.
63. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң құрамында болмайды:
А) орман шаруашылығының жалпы өнiмi;
В) өсiмдiк шаруашылығының жалпы өнiмi;
С) мал шаруашылығының жалпы өнiмi;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет