№ 2 есеп
ҚР 2004 жыл бойынша келесі нақты мәліметтер белгілі, млн.тг.:
Жалпы шығарылған өнім, негізгі бағамен
11669306,2
Аралық тұтыну, нарықтық бағамен
6152495,2
Өнімге және импортқа салынған салық
358192,2
Өнім мен импортқа бөлінген субсидия
4868,9
Осы мәліметтер бойынша мына көрсеткіштерді анықтаңыз:
1. Жалпы қосылған құнды;
2. Өнім мен ипортқа салынған таза салықтарды;
3. Негізгі бағамен есептелген жалпы ішкі өнімді.
№ 3 есеп
Экономика саласы бойынша екі мерзімдегі төмендегі мәліметтер
белгілі:
Базалық мерзімде өндірілген өнім, мың тг (∑p
0
q
0
)
0
физикалық көлем индексі (I
q
)
1,15
баға индексі (I
p
)
1,07
Есепті мерзімде шығарылған жалпы өнімдегі жалпы қосылған
құнның үлесі (d) ,%
38
Осы мәліметтерді пайдаланып, төмендегі көрсеткіштерді
анықтаңыз:
1) есепті мерзімде шығарылған өнімді базалық мерзімдегі
бағамен (∑p
0
q
);
2) есепті мерзімде шығарылған өнімді есепті мерзімдегі бағамен
(∑p
q
);
3) аталған сала бойынша есепті мерзімдегі жалпы қосылған
құнды ағымдағы бағамен (∑q
жққ1
p
).
№ 4 есеп
Аудан бойынша қаржы мекемелерінің қызметі келесі
көрсеткіштермен сипатталады, млрд тг:
Банктердің несие бойынша алған пайыздық түсімдері
Халықтың ақшалай салымдары бойынша пайыздық төлемдер
306
Құнды заттарды сақтағаны үшін алған төлем
0
Басқа да көрсетілген банк қызметтерінің құны
Осы мәліметтер бойынша төмендегі көрсеткіштерді есептеңіз:
1. Банктің жалпы шығарған өнімін;
2. Банктің жалпы шығарған өнімінің құрылымын.
№ 5 есеп
Облыстың коммерциялық банктерінің есепті жылғы экономи-
калық әрекеті келесі көрсеткіштермен сипатталады, млн.теңге:
Банктердің берілген несие бойынша алған пайыздық түсімдері
00
Банктердің басқа инвестициялар бойынша алған пайыздық
түсімдері
350
Банктердің қабылданған депозиттік салымдар бойынша пайыздық
төлемдері
430
Басқа міндеттемелер бойынша пайыздық төлемдер
Банктердің өз меншікті капиталын инвестициялаудан түскен
табыстары
00
Банктердің өз клиенттеріне көрсеткен анықтамалық қызметтері
Банк операцияларын жүргізуден түскен комиссиялық сыйақылар
Валютаны сату бағамының сатып алу бағамынан артуынан түскен
табыс
Осы мәліметтер бойынша келесі көрсеткіштерді есептеңіз:
1. Қаржы делдалдарының шартты түрде есептелген қызметінің
құнын;
2. Коммерциялық банктердің жалпы шығарған өнімін.
№ 6 есеп
Елдің «Мемлекеттік мекемелер» секторының экономикалық
әрекеті келесі көрсеткіштермен сипатталады, млрд теңге:
Аралық тұтыну мақсатында сатып алынған тауарлар мен қызметтер
450
Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу
0
Негізгі капиталды тұтыну
Өндіріске салынған таза салықтар
00
Қызмет көрсетуден түскен түсім
Тұтынушылардың тауарлар мен қызметтер құнын бөлшектеп өтеуден
алынған қаржы
Анықтау керек:
1. «Мемлекеттік мекемелер» секторының жалпы шығарған
өнімін;
2. Жалпы шығарылған өнімдегі нарықтық шығарылымның
үлесін.
№ 7 есеп
Облыстың көлік мекемелерінің экономикалық әрекеті келесі
көрсеткіштермен сипатталады, нарықтық бағамен, млн.теңге:
0
Жүк тасымалдаудан түскен түсім
0
Жолаушылар мен жүкті тасымалдаудан түскен түсім
0
Қол жүгі мен жүкті уақытша сақтау орындарының түсімдері
Қойма орындарын, жер учаскілері мен ғимараттарды жалға беру
ақысы
Жолаушылар пойыздарында көрсетілген қызметтен алынған
қаржы
Тиеу-түсіру жұмыстарынан түскен табыс
Көлік-экспедиторлық операциялардан түскен түсім
Тасымалдау кезіндегі өмір мен мүлікті сақтандырудан түскен
түсім
Өнім салықтары
23
Өнім субсидиясы
Көлік мекемелеріндегі жалпы шығарылған өнімді негізгі және
өндіруші бағасымен анықтаңыз.
№ 8 есеп
Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорынның есепті мерзімдегі келесі
мәліметтері белгілі (мың тг):
Дайын өнімді сатудан түскен түсім,
оның ішінде
өткен мерзімде тиеліп жіберілген дайын өнімді сатудан түскен
түсім,мың тг
470
35
Өндірілген жартылай дайын өнімдер,
оның ішінде
сатылғаны
қайта өңделгені, мың тг
0
0
0
Сырттан тапсырыс бойынша орындалған жұмыстар, мың тг
Есепті мерзім басындағы аяқталмаған өндіріс, мың тг
0
Есепті мерзім соңындағы аяқталмаған өндіріс, мың тг
Кәсіпорынның есепті мерзімдегі келесі көрсеткіштерін
анықтаңыз:
1. Жалпы шығарылған өнімді;
2. Жалпы шығарылған өнімдегі дайын өнімнің үлесін;
3. Есепті мерзімде өндірілген өнімді сатудан және көрсетілген
қызметтен түскен табысты;
4. Есепті мерзімдегі жалпы айналымды.
№ 9 есеп
Төмендегі шартты мәліметтер бойынша жалпы қосылған құнды
факторлық және нарықтық бағамен анықтаңыз, млн теңге:
Материалдық өндіріс салаларында жалпы шығарылған өнім
(нақты баға)
450
Ақылы қызмет көрсетуден түскен түсім
00
Тегін қызмет көрсету шығындары
130
Банктердің берген несие үшін алған пайыздық түсімдері
0
Банктердің депозиттер бойынша төлеген пайыздары
0
Тауарлар мен қызметтер өндіруге жұмсалған материалдық
шығындар,
оның ішінде
негізгі капитал амортизациясы,
істен шыққан негізгі капиталдың амортизацияланбаған құны
380
0
Аралық тұтынудың басқа элементтері
130
Материалдық айналым қорларының өзгерісі
+
Өнім мен импортқа салынған таза салықтар
№ 10 есеп
Мынадай шартты мәліметтер берілген, (млн.тг.):
Еңбекақы
000
Аралық тұтыну
45000
Жалпы пайда
000
Өндіріске салынған таза салықтар
000
Өнімге салынған таза салықтар
4500
Көлік-сауда үстемесі
3000
Осы мәліметтер бойынша жалпы шығарылған өнімді
анықтаңыз:
а) факторлық бағамен;
б) негізгі бағамен;
в) нарықтық бағамен.
№ 11 есеп
Кәсіпорынның есепті мерзімде өнім өндіріп, қызмет көрсетуге
байланысты мынандай шығындары белгілі, мың тг.:
Шикізат пен материалдар, отын, энергия
3650
оның ішінде
қосылған құн салығы
0
Еңбекақы төлеу
000
Жарнама шығындары
0
Құрал-жабдықтарды жалға алу шығындары
370
Байланыс ақысын төлеу
0
Сақтандыру ақысын төлеу
Амортизация
Осы мәліметтер бойынша аралық тұтынуды анықтаңыз.
№ 12 есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. 1995-2004 жылдар бойынша тұтас экономика үшін өндіріс
шотын құрыңыз;
2. Әр жыл үшін ЖІӨ-ді өндіріс әдісі бойынша анықтаңыз;
3. ЖІӨ-нің динамикасының негізгі және орташа көрсеткіштерін
есептеңіз;
4. ЖІӨ-нің 1995-2004 жылдар аралығында өзгеруін график
түрінде көрсетіңіз;
5. 1995-2004 жылғы ЖШӨ-дегі аралық тұтынудың үлесін
анықтаңыз және оның өзгеруін құрылымдық диаграмма түрінде
көрсетіңіз;
6. Қорытынды жасаңыз.
№ 13 есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып, келесі
тапсырмаларды орындаңыз:
1. ЖІӨ-ді тұрақты бағамен қайта бағалаңыздар (базалық мерзім-
1999 жыл);
2. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді тұрақты бағамен анықтаңыз;
3. ЖІӨ-нің нақты өсіміне факторлық талдау жүргізіңіз, яғни мына
факторлардың әсерін анықтаңыз:
а) халықтың орташа жылдық саны;
б) жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі.
23
Есептің осы шартын орындау үшін 5 вариант ұсынылады:
1-вариант 2000жылды 1999 жылмен салыстырады;
2-вариант 2001жылды 2000 жылмен салыстырады;
3-вариант 2002жылды 2001 жылмен салыстырады;
4-вариант 2003жылды 2002 жылмен салыстырады;
5-вариант 2004жылды 2003 жылмен салыстырады.
4. Қорытынды жасаңыз.
4 – тақырып. табыстардың пайда болу шоты
Табыстардың пайда болу шотының мақсаты. Шоттың жалпы
сипаттамасы мен үлгiсi. Ресурстарды құрайтын көрсеткiштер:
жалпы iшкi өнiм, өндiрiс және импорт субсидиялары. Ресурстарды
пайдаланудың негiзгi бағыттары: жалданушы еңбеккерлерге
төленетiн еңбекақы, өндiрiс салықтарын, импорт салықтарын төлеу,
жалпы пайда немесе жалпы аралас табыс.
Жалданушы еңбеккерлердiң еңбекақысы. Еңбекақының құрамдас
бөлiктерi: жалпы жалақы, әлеуметтiк сақтандыруға нақты және
шартты түрде жасалған аударымдар. Еңбекақыны есептеу әдiстемесi.
Өндiрiс салықтарының құрамы. Импортқа салынатын салықтар
құрамы. Жалпы пайда/жалпы аралас табыс көрсеткiшi, оның
мазмұны, есептеу әдiстемесi. Таза пайданы есептеу. Жалпы iшкi
өнiмдi табыстар (бөлу) әдiсi бойынша есептеу. Шот көрсеткiштерiнiң
ақпарат көздерi. Табыстардың пайда болу шотының көрсеткiштерi
бойынша талдау жасау бағыттары.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шоттың баланстық статьясы – жалпы пайда/жалпы аралас табыс
көрсеткiшiн есептеудi;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
24
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.: Фин-
статинформ, 1996
3. Салин В.Н., Медведев В.Г. и др. Макроэкономическая
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
4. Башкатов Б.И. Макроэкономическая статистика. М.: МЭСИ,
00
5. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- еңбекақы;
- жалпы жалақы;
- әлеуметтiк сақтандыруға жасалған нақты және шартты ау-
дарымдар;
- атаулы және нақты жалақы;
- өндiрiске, импортқа салынатын салықтар;
- өндiрiс субсидиясы;
- жалпы пайда;
- таза пайда;
- жалпы аралас табыс.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Табыстардың пайда болу шотының мiндетi.
2. Жалпы жалақының құрамы.
3. Әлеуметтiк сақтандыруға жасалған нақты және шартты
аударымдардың айырмашылығы қандай?
4. Өндiрiске қандай салықтар салынады?
5. Жалпы аралас табыс көрсеткiшi ненi бiлдiредi?
6. Жалпы пайда көрсеткiшi қалай есептеледi?
7. Алғашқы табыстардың қандай түрлерi жалпы iшкi өнiмдi
құрайды?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Табыстардың пайда болу шотының үлгiсi, жалпы сипаттамасы.
2. Еңбекақы көрсеткiшiнiң құрамы, есептеу әдiстемесi.
3. Өндiрiске салынатын салықтар.
4. Өндiрiске бөлiнген субсидия.
5. Жалпы пайда/жалпы аралас табыс көрсеткiшi – шоттың
баланстық статьясы.
6. Есептер шығару.
№ 14 есеп
«Қаржылық емес мекемелер» секторының кәсіпорны бойынша
есепті мерзімдегі келесі шартты мәліметтер белгілі, млн.тг.:
Жалпы қосылған құн
4780
Шикізат, отын мен энергияға жұмсалған шығындар
4850
Жұмыс берушілердің жалданбалы жұмыскерлерге төлеген негізгі
еңбекақысы
400
Жұмыскерлерге берілген сыйақылар
0
Жұмыскерлердің тамақтануына берілген дотациялар
30
Іс-сапар шығындары
Жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру қорларына жасаған
міндетті аударымдары
0
Зейнетақыға қосылатын үстемелер
0
Құрал-жабдықтарды жалға алу
40
Мүлік салығын төлеу
Жарнама шығындары
53
Байланыс шығындары
Сақтандыру ақысын төлеу
Мүгедектерге жұмыс орнын ашуға байланысты жұмыс
берушілердің мемлекеттен алған өтемақылары
Осы мәліметтер бойынша «Табыстардың пайда болу» шотын
құрыңыз.
№ 15 есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. 2000-2004 жылдар үшін тұтас экономика бойынша табыстардың
пайда болу шотын құрыңыз;
2. ЖІӨ-нің құрылымын анықтаңыз және секторлық диаграмма
арқылы бейнелеңіз;
3. Шот көрсеткіштеріне динамикалық талдау жасаңыз;
4. Әр жыл бойынша өндірілген өнімнің 1теңгесіне шаққанда
төленген еңбекақы мөлшерін анықтаңыз;
5. 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда еңбекақы бойынша
болған үнем немесе шығынның жалпы көлемін есептеңіз, оның
ішінде мына факторлардың әсерін анықтаңыз:
а) шығарылған өнім көлемінің өзгеруі;
б) өндірілген өнімнің 1теңгесіне шаққандағы төленген еңбекақы
мөлшерінің өзгеруі.
Нақты өсімдердің өзара байланысын тексеріңіз.
6. Қорытынды жасаңыз.
5 – тақырып. Алғашқы табыстарды бөлу шоты
Алғашқы табыстарды бөлу шотының мақсаты. Шоттың жалпы
сипаттамасы мен үлгiсi. Шоттың ресурстар бөлiгi: жалпы пайда/
жалпы аралас табыс, жалданушы еңбеккерлердiң еңбекақысы,
өндiрiске және импортқа салынған салықтар, “қалған әлемнен”
қабылданған меншiктен түскен табыстар. Меншiктен түскен
табыстар көрсеткiшiнiң құрамы.
Шоттың ресурстарды пайдалану бөлiгi: өндiрiске және импортқа
бөлiнген субсидия, “қалған әлемге” берiлген меншiктен түскен
табыстар, алғашқы табыстар сальдосы (жалпы ұлттық табыс).
Алғашқы табыстар сальдосын (жалпы ұлттық табысты) есептеу
әдiстемесi. Жалпы iшкi өнiм мен жалпы ұлттық табыс көрсеткiштерi
арасындағы өзара байланыс. Шот көрсеткiштерiнiң ақпарат көздерi.
Шот көрсеткiштерi бойынша талдау жасау бағыттары.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шоттың баланстық статьясы – алғашқы табыстар сальдосын
(жалпы ұлттық табысты) есептеудi;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.:
Финстатинформ, 1996
3. Рябушкин Б.Т. Национальные счета и экономические балансы.
Практикум. – М.: Финансы и статистика , 2002
4. Курс социально –экономической статистики. Учебник. Под
ред. М.Т. Назарова – М.:Финстатинформ, 2000
5. Елисеева И. И. И др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2000
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- меншiктен түскен табыстар;
- алғашқы табыстар сальдосы;
- жалпы ұлттық табыс.
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Алғашқы табыстарды бөлу шотының мiндетi қандай?
2. Шоттың ресурстар бөлiгi табыстың қандай түрлерiнен
құралады?
3. Меншiктен түскен табыстың элементтерiн атаңыз.
4. Жалпы ұлттық табысты қалай анықтайды?
5. Резиденттердiң шетелдiк алғашқы табыстарының сальдосы
деп қандай көрсеткiштi айтады?
6. Жалпы iшкi өнiм мен жалпы ұлттық табыс көрсеткiштерiнiң
арасында қандай байланыс бар?
7. Алғашқы табыстарды бөлу шотының баланстық статьясы
қалай аталады?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Алғашқы табыстарды бөлу шотының үлгiсi, жалпы сипаттамасы.
2. Шоттың ресурстар бөлiгiндегi көрсеткiштер.
3. Шоттың пайдалану бөлiгiндегi көрсеткiштер.
4. Жалпы iшкi өнiм мен жалпы ұлттық табыс көрсеткiштерiнiң
арасындағы өзара байланыс.
5. Есептер шығару.
№16 есеп
ҚР 2004 жыл бойынша келесі нақты мәліметтер белгілі, млрд.тг.:
Жалпы пайда/жалпы аралас табыс
3376,1
Еңбекақы
1899,5
Өндіріс және импортқа салынған салықтар
543,8
Өндіріс және импортқа бөлінген субсидиялар
4,9
«Қалған әлемнен» қабылданған меншіктен түскен табыстар
61,7
«Қалған әлемге» берілген меншіктен түскен табыстар
383,5
Осы мәліметтерді пайдаланып, мынадай көрсеткіштерді
есептеңіз:
1. Өндіріс пен импортқа салынған таза салықтарды;
2. Меншіктен түскен табыстар сальдосын;
3. Жалпы ішкі өнімді;
4. Жалпы ұлттық өнімді.
№17 есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. 2000-2004 жылдар үшін тұтас экономика бойынша алғашқы
табыстарды бөлу және қайта бөлу, заттай табыстарды қайта бөлу
шоттарын құрыңыз;
2. Таза ұлттық табыс, қолда бар жалпы ұлттық табыс және
түзетілген жалпы ұлттық табыс көрсеткіштерін анықтаңыз;
3. Алғашқы табыстардың құрылымын анықтаңыз;
4. ЖҰӨ-нің динамикасын анықтаңыз;
5. ЖІӨ мен ЖҰӨ өзгеруін салыстырыңыз;
6. Қорытынды жасаңыз.
6 – тақырып. табыстарды қайта бөлу шоттары
Табыстарды қайта бөлу шоттарының мақсаты. Шоттардың
жалпы сипаттамалары, үлгiлерi. Жалпы ұлттық табыс көрсеткiшiнен
қолда бар жалпы ұлттық табыс көрсеткiшiне көшу. “Қалған әлемге”
берiлген (қабылданған) ағымдағы трансферттер, олардың құрамы.
Қолда бар жалпы ұлттық табысты есптеу әдiстемесi. Заттай берiлген
(қабылданған) ағымдағы трансферттер, олардың құрамы. Табыстарды
қайта бөлу процесiнде заттай берiлген ағымдағы трансферттердi
қамтып көрсету. Шот көрсеткiштерiнiң ақпарат көздерi. Түзетiлген
қолда бар жалпы ұлттық табысты есептеу.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шоттың баланстық статьясы – қолда бар жалпы ұлттық табысты
есептеудi;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.:
Финстатинформ, 1996
3. Салин В.Н., Медведев В.Г. и др. Макроэкономическая
статистика: Учебное пособие. – М.: Дело, 2000
4. Башкатов Б.И. Макроэкономическая статистика. М.: МЭСИ,
00
5. Елисеева И. И. и др. Практикум по макроэкономической
статистике. – М.: Проспект, 2004
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- ағымдағы трансферттер;
- қолда бар жалпы ұлттық табыс;
- заттай берiлетiн әлеуметтiк трансферттер;
- түзетiлген қолда бар жалпы ұлттық табыс.
30
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Табыстарды қайта бөлу шотының үлгiсi қандай?
2. Ағымдағы трансферттердiң құрамы қандай?
3. Заттай берiлетiн трансферттерге түсiнiк берiңiз.
4. Қолда бар жалпы ұлттық табыс қалай есептеледi?
5. Әлеуметтiк трансферттердi үй шаруашылығына қандай сек-
торлар береді?
6. Қолда бар жалпы ұлттық табыс қандай жағдайда жалпы ұлттық
табыстан артық болады?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Табыстарды қайта бөлу шотының үлгiсi, жалпы сипаттамасы.
2. Шоттың ресурстар бөлiгiндегi көрсеткiштер.
3. Шоттың пайдалану бөлiгiндегi көрсеткiштер.
4. Есептер шығару.
№ 18 есеп
№1-қосымша мәліметтерін пайдалана отырып:
1. 2000-2004 жылдар үшін тұтас экономика бойынша қайта бөлу
шотын құрыңыз;
2. Қолда бар жалпы ұлттық табыс көрсеткішін анықтаңыз;
3. 2000-2004 жылдар үшін тұтас экономика бойынша заттай
табыстарды қайта бөлу шотын құрыңыз;
4. Түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табыс көрсеткішін анық-
таңыз;
5. Әр шот бойынша ресурстар мен пайдалану бөліктерінің
құрылымын анықтаңыз;
6. ҚБЖҰТ пен түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табыстың
динамикасын анықтаңыз;
7. ЖҰӨ мен ҚБЖҰТ көрсеткіштерінің өзгеруін салыстырыңыз;
8. Қорытынды жасаңыз.
7 – тақырып. қолда бар табыстарды
пайдалану шоты
Қолда бар табыстарды пайдалану шотының мақсаты. Шоттың
жалпы сипаттамасы, үлгiсi. Қолда бар жалпы ұлттық табыс – ресурс
31
көзi. Қолда бар жалпы ұлттық табысты пайдалану бағыттары.
Экономика секторларының ақырғы тұтынуы концепциясы. Үй
шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары, олардың құрамы.
Мемлекеттiк мекемелердiң ақырғы тұтыну шығындары, олардың
құрамы. Үй шаруашылығына қызмет көрсететiн коммерциялық емес
ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары, олардың құрамы. Жалпы
жинақ –шоттың баланстық статьясы. Жалпы жинақты, таза жинақты
есептеу әдiстемесi. Шот көрсеткiштерiнiң ақпарат көздерi. Шот
көрсеткiштерi бойынша талдау жасау бағыттары.
Осы тақырыпты оқып үйренген студент мыналарды бiлуге
тиiс:
- шоттың үлгiсi мен жалпы сипаттамасын;
- шоттағы көрсеткiштердiң мазмұнын;
- шоттың баланстық статьясы –жалпы жинақты есептеудi;
- шот көрсеткiштерi бойынша жасалатын талдау бағыттарын.
Қажеттi әдебиеттер:
1. Елемесова А.М., Киiков Е.М., Мұханбетова С.М. Ұлттық
есептер жүйесi – А.: Экономика, 2000
2. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов. – М.:
Финстатинформ, 1996
3. Кулагина Г.Д. и др. Система национальных счетов и платежный
баланс России. Учебное пособие. М.: МЭСИ, 1996
4. Башкатов Б.И. Макроэкономическая статистика. М.: МЭСИ,
00
Көңiл бөлуге тиiстi ұғымдар:
- үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары;
- мемлекеттiк мекемелердiң ақырғы тұтыну шығындары;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететiн коммерциялық емес
ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары;
- нақты ақырғы тұтыну;
- жалпы жинақ;
- таза жинақ.
32
Өзiн - өзi тексеру сұрақтары:
1. Қолда бар табыстарды пайдалану шотының үлгiсi қандай?
2. Ақырғы тұтыну қандай секторлар үшiн есептеледi?
3. Үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындарының құрамы
қандай?
4. Мемлекеттiк мекемелердiң ақырғы тұтынуы қалай есептеледi?
5. Үй шаруашылығына қызмет көрсететiн коммерциялық емес
ұйымдардың ақырғы тұтынуын есептеу әдiстемесi.
6. Нақты ақырғы тұтыну деп қандай көрсеткiштi айтады?
7. Ақырғы тұтыну және нақты ақырғы тұтыну көрсеткiштерiнiң
қандай айырмашылығы бар?
8. Жалпы жинақ көрсеткiшiн қалай анықтайды?
Практикалық сабақ жоспары:
1. Қолда бар табыстарды пайдалану шотының үлгiсi, жалпы
сипаттамасы.
2. Ақырғы тұтыну шығындары, құрамы, есептеу әдiстемесi.
3. Жалпы жинақ көрсеткiшi.
4. Есептер шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |