Мы торжественно отмечаем 550-летие образования



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата12.03.2017
өлшемі8,03 Mb.
#8979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ЖАҢА СЫНАҚТАР
Алайда, салыстырмалы түрде бұл 
тыныштық ұзаққа бармады. Жоңғар-
лардың қазақ жеріне шабуылдары 
1710/11, 1713 және 1718 жылдары 
болды. Ал 1723 жыл — «Ұлы жұт» 
жылы қазақтардың бір бөлігін этника-
лық жерінен тыс шалғай аумақтарға 
бытыратып жіберді. Көбісі Орталық 
Азияға қашты, бұл жергілікті халықпен 
қатынасты шиеленістірді, басқалары 
батысқа, Ембі, Жайық, Ор, Ойылға қа-
рай қоныс аударып, олардың айнала-
сынан ноғайлар, башқұрттар, Волга 
қалмақтарымен қоса, өз жерлестері 
Кіші жүз қазақтарын қоса ығыстыр-
ды.  Аталған халықтардың әрқайсы-
сы мықты қарсыластан жаппа шек-
кен келімсектер қысымына еріксіз 
көне отырып, өз жерлерінен кетпей 
тұрақтап қалуға тырысты.  
Алғашқы қазақ хандар билігінің 
харизматикалық сипаты қоғамды 
біріктіруге арналған еді. Алайда, саяси 
сахнаға жеткілікті деңгейде беделі жоқ 
хандар шығысымен жүйе тұрақтылығы 
бұзылды. Оңтүстік Сібірде, Ертіс 
маңында, Алтай жерінде бекініп алған 
орыс билігі тарапынан экономика-
лық және саяси қысымға ең көп ұшы-
раған орта жүздегі қазақ рулары мен 
тайпалары болды. Жайылымдар мен 
малдың жаппай жоғалуы Орта және 
Ұлы жүздің шаруашылық дағдарысын 
өте қатты күрделендіріп жіберді. Билік 
қарамағындағы жерлер мен билікте-
гілердің санының қысқартылуы хан-
дардың бағдарын әлсіретіп, алауыздық 
пен тартыс күшейді. Күрделі экономи-
калық және саяси ахуал кезінде Ресей 
құрамына өту туралы сұрақ  туындады. 
Қазақтардың әрі қарайғы саяси, эко-
номикалық және этномәдени тарихы 
Ресейдің қазақ жерлерін отарлау ке-
зеңімен байланысты. 
 
ЕСТЕЛІК ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК
…Біздің ата-бабаларымыздың мәң-
гілік ел, мәңгілік мемлекет құру туралы 
ғасырлар бойғы арманы бүгінде Нұр-
сұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» – 
қазақтардың мәңгілік мемлекеті идея-
сында жаңаша дыбысталуға ие болды.  
Қазақстанның бүгінгі тағдырын 
Нұрсұлтан Назарбаевсыз елестету 
мүмкін емес. Бүкіл әлем мойындаған 
республиканың тәуелсіздігінің қа-
лыптасуы мен өркендеуі тек қана 
соның есімімен байланысты. «Тарих 
толқынында» атты кітабында мемле-
кет басшысы қазақ халқының тарихы 
ат тұяғымен жазылғанын және біздің 
тарихымызда келер ұрпақ ұялатындай 
ештеңе жоқ екенін жазады. 
Біздің ата-бабаларымыз аман қалу 
үшін күресті, ал біз ұлы халық болу 
үшін күресуіміз керек. Қырсық шалған 
тоталитарлы кезеңде түріктер та-
рихын зерттеп, ғылымға жаңа идеялар 
қосқан Л. Гумилев Кеңес үкіметінің 
күйреуі кезеңінде Еуразия даласын-
да пассионарлық дүмпу болатынын 
көріпкелдікпен болжаған еді. Бұл 
қиын, әрі күрделі кезең болады. Дәл 
осы жылдарда Еуразияда этникалық 
текетірестермен аяқталған қақтығыс-
тар бұрқ ете қалды.
Өзгерістердің аласапыран кезін-
де ел тізгінін қолға алған Нұрсұлтан 
Назарбаев елдің тәуелсіздікке барар 
жолына басшылық етті. Оның берік 
қолдарымен тәуелсіз мемлекеттің 
іргетасы қаланды, айтулы дәстүрлер 
қайта жаңғырды. Ұлтымыздың еңсесі 
түзеліп,  ауызбірлік орнады, тағдыр 
айдап жан-жаққа бытырап кеткен 
отандастар өздерінің тарихи отанына 
орала бастады.  Халықтар бірлігін жа-

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
11
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
риялаған Елбасы барлық қазақтарға: 
олар қайда жүрсе де, оларды жамағай-
ындары жылы қабылдайтын өз Отаны, 
өз тіректері бар екенін жеткізді. 
Жойқын қарулардан бас тартып, 
планетада қауіпсіздікті нығайту және 
бейбітшілікті сақтауға елеулі үлес қоса 
отырып, қазақстандық мемлекет Орта-
лық Азиядағы тұрақтылық пен келісім 
аралына айналды.  
Нұрсұлтан Назарбаев тек дамушы 
тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап 
қана қоймай, әлемдік діндер көшбас-
шылары мен мемлекет басшылары, 
өнер қайраткерлерінің жоғары дең-
гейде кездесулер өткізетін, мақтаныш 
пен таңданысты туғызатын керемет 
қалаға айналған жаңа елорданы  Аста-
наны  тұрғызды. Біздің Президентіміз 
өз елін прогресс жолына батыл 
бастаған мықты да, ықпалды басшы 
деген абыройымен танылып отыр. 
Қазіргі дәуірдің талантты және қабілет-
ті жетекшілерінің ерен жүйріктерінің 
арасында ол сирек кездесетін бол-
жампаздық қабілет пен мемлекеттік 
қызметтегі маңызды және неғұрлым 
басым бағыттарға күш жұмылдыра 
білетіндігімен ерекшеленеді. 
Елді тотальды аласапыраннан 
жұлып алып, оны анағұрлым жетістігі 
мол мемлекеттер қатарына жеткізу 
Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қо-
лынан келді. Ол мемлекеттік жүйені 
түбегейлі өзгерту үшін ғана емес, 
мемлекеттігі мен демократиялық құн-
дылықтарын жоғалтып алған халық 
 
дәтін де өзгерту үшін талмай қажыр-
лы еңбек етті. Ол елді жай басқарып 
қана қоймай, өз еліне қызмет етуде, 
сонысымен де Елбасы деген атқа лай-
ық  болып танылды. Тарихтың өзі Нұр-
сұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің 
бастауында болып, туған елін қазіргі 
заманғы мемлекеттер деңгейіне көте-
руін алдын ала жазып қойды деуге бо-
лады. Қазақстан Президенті өз халқы-
на сенеді, сондықтан да маңызды 
тапсырмаларды шешуге батыл кіріседі. 
Нәтижесі де көрініс табуда. Біз ең бас-
ты мақсатымыз – бәсекелестікке  қа-
білетті 30 елдің қатарына ену үшін алға 
нық сеніммен қадам басып келеміз. 
Қазақстанның бірлігі – бұл біздің 
көп ұлтты халқымыздың бірлігі. Елдің 
болашағы жайлы ойланғанда, біздің 
көшбасшымыз оның міндетті түрде 
жарқын болатынын, өйткені қазақтар 
бейбітшілік сүйгіш халық екенін әрқа-
шанда айрықша атап айтады. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа 
Еуразияшылық» туралы идеясы Қа-
зақстанның интеграциялық, көшбас-
шылық міндеттерінің ұлғая түсуіне 
септік етті. 1994 жылы Нұрсұлтан 
Әбішұлы ММУ қабырғасында тең 
құқылы тәуелсіз мемлекеттердің Еу-
разиялық одағын құру туралы бастама 
көтерді. Қазақстан басшысы тек әдемі 
ұрандарды алға тартып қана қоймай, 
ежелгі тарихи байланыстармен не-
гізделген идеяның жүзеге асу жолын 
көрсетті. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегін-
де туған Еуразиялық экономикалық 
одақ бүгінгі таңда жүзеге асып үлгерді. 
Бұл одақ біздің халықтарымызды бірік-
тіріп, олардың саяси, экономикалық 
және рухани өркендеу игілігіне қыз-
мет етуі тиіс.   
Халық Көшбасшыға сенеді және 
мемлекеттің өркендеуін оның есімімен 
байланыстырады. Өз бабаларымызды 
құрмет тұта отырып, біз тәуелсіздік үшін 
күресте ғасырлар бойы шыңдалған ер-
кіндік сүйгіш қазақ халқының рухынан 
күш алып, болашаққа нық сеніммен қа-
дам жасаудамыз. 
550kazakhan.kz сайтының 
материалдары 
бойынша дайындаған 
Виктория ХМЕЛЕВСКАЯ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
12
ЖАҢАЛЫҚТАР
Заңдастыру туралы акци-
яның басынан бері бюджетке 
 
3,2 млрд. теңге түсті.
Ағымдағы жылы 25 қарашадан 
бері Қазақстанда 338,3 млрд. тең-
ге соммасында 48 062 нысан және 
бағалы қағаздар заңдастырылған. ҚР 
аумағында орналасқан мүліктерді 
заңдастырудан жергілікті, атқарушы 
органдардың жанындағы комиссия-
ларға  мүліктерді заңдастыру бойын-
ша жалпы соммасы 647,5 млрд.теңге 
болатын 66 241 арыз келіп түскен, 
соның ішінде  487,6 млрд. теңге со-
масындағы 55 281  тұрғын жай нысан-
дары, 154,1 млрд. теңге сомасындағы 
29 074 тұрғын емес нысандар, соның 
ішінде 108,5 млрд.теңге болатын 
 
6 781 коммерциялық нысан, 1,7 млрд. 
теңге болатын заңды тұлғалардағы 21 
үлестік қатыс,  4,1 млрд. теңге сома-
сындағы бағалы қағаздар.  
338,3 млрд.теңге соммасындағы 
48 062 нысан  және бағалы қағаздар 
заңдастырылған.
Ал ҚР аумағына тыс орналасқан 
мүліктерді заңдастыру мәселесіне 
келетін болсақ, мемлекеттік кірістер 
органдарына мүліктерді заңдасты-
ру бойынша жалпы соммасы 1026,8 
млн. теңге болатын 36 арыз келіп 
түскен, соның ішінде  959,5 млн. тең-
ге сомасындағы 30 тұрғын жай ныса-
ны, 3,7 млн. теңге сомасы болатын 2 
тұрғын емес нысан, соның ішінде 1,5 
млн. теңге болатын 1 коммерциялық 
нысан, 3,7 млн. теңге болатын заңды 
тұлғалардағы  3 үлестік қатыс,  60 млн. 
теңге сомасындағы бағалы қағаздар.  
956,3 млн. теңге сомасындағы 33 
нысан  және бағалы қағаздар заңдас-
тырылған.
ҚР Ұлттық банкінің берген есебін-
дегі мәліметтер бойынша 2015 жыл-
дың 23 қарашасы күнгі жағдай бой-
ынша екінші деңгейлі банктерде 
жалпы сомасы 80,8 млрд. теңге бо-
латын ақшаларды заңдастыру мақса-
тында 178 жинақ шоттары ашылған, 
олардың ішінде жинақ шоттардан 31 
млрд. теңге алынған, соның есебінен 
бюджетке ақшаны заңдастыру үшін 
алынатын алым есебінде 3,1 млрд. 
теңге төленген. ҚР экономикасына 
42,1 млрд. теңге инвестицияланған.
Бюджетке заңдастыру бойынша 
акция басталғаннан бері нақты түрде 
3,2 млрд. теңге түскен.
Ағымдағы жылдың 23 қараша-
сында ҚР Үкімет отырысында «Мем-
лекет басшысының 2015 жылдың 18 
қарашасында Үкіметтің кеңейтілген 
отырысында берген тапсырмаларын 
жүзеге асыру бойынша шаралар ту-
ралы» мәселелері жөнінде сөз сөйле-
ген ҚР Қаржы министрі Б.Т.Сұлтанов 
бүгінгі таңда мүліктер мен ақшаларды 
заңдастыру процедуралары түбегей-
лі түрде оңайлатылғанын хабарлаған 
болатын.
Біріншіден. Ақшаларды заңдасты-
ру процедурасы түбегейлі оңайла-
тылған. Енді ақшаларды екі жолмен 
заңдастыруға болады. Бірінші – олар-
ды банктік есеп шоттар арқылы 
көрсетіп, кез-келген қажеттіліктер 
үшін пайдалануға болады, мәселен, 
бизнес ке салуға, жылжымайтын мүлік 
сатып алуға және т.с.с. тіпті болмаған-
да жай ғана шоттан шығарып алуға 
болады. Мұның бәрі 10 пайыздық 
алымды төлемей-ақ жүзеге асыры-
лады. Екінші тетік – шетелде немесе 
қолма-қол айналымда жүрген ақ-
шаларды, өтініш жазу түрінде, олар-
ды  банктік шоттарда көрсетпей-ақ, 
заңдастыру. Мұнда бюджетке 10 пай-
ыздық алым төленеді. 
Қай жағдайда да заңдастырушы 
субъект мемлекеттік кірістер орган-
дарына тиісті декларациялар тапсы-
рады. 
Екіншіден. Мүліктерді заңдастыру 
да айтарлықтай оңайлатылған. Енді 
Қазақстан аумағында орналасқан 
және тиісінше тәртіпте рәсімделген 
мүліктерді заңдастыру үшін мемле-
кеттік кірістер органдарына тиісті 
декларация мен ілеспе құжаттарын 
тапсырса жеткілікті. Шетелде орна-
ласқан мүліктерді заңдастыру да дәл 
осылайша, яки, мұндағы артық буын 
- мемлекеттік кірістер органдары жа-
нындағы комиссиялар – алынып тас-
талған.   
Заңдастарушы субъект жергілікті 
жердегі әкімдіктер жанындағы ко-
миссияларға тек Қазақстан аумағын-
да орналасқан және бұрын тиісті 
тәртіпте рәсімделмеген жылжымай-
тын мүлікті заңдастыруға қатысты 
ғана хабарласады.
Үшіншіден. Заңдастыру мерзім-
дері және жалпыға бірдей деклара-
циялауды енгізу туралы. Мемлекет 
басшысы айтқандай: «Заңдастыру 
– беріліп отырған ең соңғы мүмкін-
дік, одан кейін ешқандай да кешірім 
болмайды. Заңдастыру – жалпыға бір-
дей декларациялау алдындағы соңғы 
акт». Аталған акция аяқталғаннан 
кейін бүкіл әлем бойынша шетелдегі 
есеп шоттар туралы барлық ақпарат-
ЗАҢДАСТЫРУЫ БОЙЫНША АКЦИЯНЫҢ  АУҚЫМЫ ӨСУДЕ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
13
ЖАҢАЛЫҚТАР
тар қайта тексерілетін болады.
Түйіндей келгенде, аталған Заң, 
біріншіден, шетелдегі есеп шот-
тар бойынша ақпараттарды жасы-
рып қалғаны үшін тағайындалатын 
әкімшілік жазалардың қатаң бола 
түсетінін, екіншіден, шетелде орна-
ласқан мүліктер міндетті түрде декла-
рациялануға жататындығын қарасты-
рады.
Осыған байланысты акцияның 
аяқталуы мен жалпыға бірдей дек-
ларациялау үдерісінің басталуын 
үйлестіру үшін рахымшылық жасау 
мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсаны-
на дейін ұзартылған.
Бұған қоса заңдастырушы 
субъек 
тілерге қосымша кепілдіктер 
беріледі. Мүліктерді заңдастыруға 
байланысты кез-келген мәліметтер 
салықтық және банктік құпия болып 
табылады. Соған сәйкес, ешкімнің 
де, заңдастыру туралы ақпараттарды 
таратуға, соның ішінде,  заңдасты-
ру бойынша комиссия қызметкер-
лерінің де, мемлекеттік кірістер ор-
гандары қызметкерлерінің де, екінші 
деңгейлі банктердің және Қазпошта 
бөлімшелері қызметкерлерінің де 
құқы жоқ. Мұндай ақпараттарды та-
ратқаны үшін қылмыстық жауапкер-
шілік қарастырылған. 
Одан бөлек, заңдастырушы 
субъек тілер құқыққорғау және мем-
лекеттік органдар тарапынан бола-
тын заңсыз әрекеттерден қорғалған. 
Сонымен қылмыстық істер жүргізуге 
немесе дәлел ретінде мүлікті және 
ақшаны заңдастыру фактін пайда-
лануға тыйым салынады. Сондай-ақ 
заңдастырылған мүлік тәркіленбейді. 
Қаржы министрі статистиканы 
келтіре отырып, егер мүлік бойынша 
орташа айлық динамика тұрақты бо-
лып, ай сайын 21 млрд. теңгені құра-
са, онда ақша жөнінен қарқынның 
төмендеуін қадағалауға болатынын 
атап айтты.   
Сонымен ай сайын орташа есеп-
пен 5,8 млрд. теңге заңдастырылса, 
соңғы жарты жылда бұл көрсеткіш 
2,5 млрд. теңгені құрады. Ақшалар-
ды заңдастырудың ең үлкен легі 
ағымдағы жылдың сәуір айына кел-
ді – ол кезде бүгінгі таңдағы заңдас-
тырылған ақшалардың жалпы со-
масының 68 пайызын құрайтын 55 
млрд теңге заңдастырылған бола-
тын. Заңдастыру қарқыны бойынша 
көшбасшылар қатарында: Алматы 
қаласы, Алматы облысы және Астана 
қалалары тұр. Заңдастыру қарқыны 
бойынша аутсайдер болып: Батыс 
Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қа-
зақстан саналады.  
Заң өткізілген акцияға қолайлы 
әрі жағымды жағдай туғызып, ха-
лықтың оған қатысуын белсенді ете 
түсуге ықпал ететін болады. 
ҚР ҚМ баспасөз қызметі 
Астанада қаржылық қызмет-
терді тұтынушылар құқығын 
қорғау бойынша Консульта-
тивтік кеңестің бірінші жина-
лысы ЕАЭО қатысушы-мем-
лекеттердің орталық (ұлттық) 
банктер өкілдерінің қаты-
суымен өтті. 
Қаржылық сауаттылықты арт-
тыру және қаржылық қызметтерге 
қолжетімділік, қаржылық қызмет-
терді тұтынушылар құқығын қорғау-
ға байланысты мәселелерді шешу 
қажеттілігінің өрбуіне орай, Ресей 
Федерациясы, Беларусь, Қырғыз-
стан, Тәжікстан және Қазақста Рес-
публикаларының орталық (ұлттық) 
банкілерімен қаржы қызметтерін 
тұтынушылар құқығын қорғайтын 
Консультативтік Кеңесін құрудың 
орынды екені бірауыздан келісім 
тапты.  
Қазақстан Республикасының Ұлт-
тық банкі хабарлағандай, Кеңестің 
мақсаты, қаржылық қызметтерді 
тұтынушылар құқығын тиімді қорғау 
бойынша, соның ішінде,  орталық 
банктердің қызметтерін үйлестіру 
мәселелері барысында, қаржылық 
қызметтерді тұтынушылар құқығын 
қорғауға, қаржылық қызметтерге 
қолжетімділік, сондай-ақ, халықтың 
қаржылық сауаттылығын арттыру 
бағытында заңнамалар үйлесімділі-
гін табуда тәжірибе алмасу екен. 
2015 жылдың 12-13 қарашасын-
да Астана қаласында Кеңестің бірін-
ші мәжілісі өтіп, онда қаржылық қол-
жетімділік және қаржылық сауат-
тылық шеңберінде проблемалы қа-
рыз алушылар мәселелерін шешуге 
қатысты, қаржылық қызметтерді 
тұтынушылар құқығын қорғау бой-
ынша тәжірибе алмасулар болды. 
Кеңестің төрағасы болып Қа-
зақстан Республикасы Ұлттық 
банкінің Қаржылық қызметтерді 
тұтынушылар құқығын қорғау де-
партаментінің директоры Алек-
сандр Леонидович Терентьев, ал 
Төраға орынбасары болып Ресей 
Федерациясы Орталық банкінің 
Қаржылық қызметтерді тұтынушы-
лар құқығын қорғау және миниро-
тарлық акционерлер қызметінің 
жетекшісі Илья Александрович Ко-
четков сайланды.
Жиналыс қорытындысы бойын-
ша Кеңестің 2015-2016 жылдарға 
арналған жұмыс жоспары жасалды. 
Жұмыс жоспарындағы шараларды 
жүзеге асыру қаржылық қызмет-
терді тұтынушылар құқығын қорғау 
және қаржылық сауаттылық жүйесі 
бойынша бірыңғай ұсынымдар жа-
сауға мүмкіндік беретін болады.  
Кеңестің келесі жиналысы 2016 
жылдың мамырында Ресей Федера-
циясында өтеді деп күтілуде. 
ҚР Ұлттық банк  
Баспасөз-қызметі
ТҰТЫНУШЫЛАР  ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
14
ЖАҢАЛЫҚТАР
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»  
ҰЛТТЫҚ БРЕНДІМЕН
ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА  
ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Астанада «Атамекен» ұлт-
тық кәсіпкерлер палатасының 
ұйымдастыруымен «Ұлы дала 
елі» форумы мен «Қазақстанның 
үздік тауары» көрмесі өтті. 
Көрмеде отандық өндірістің сан 
алуан өнімі  жеңіл және тамақ өнер-
кәсібі, машинақұрастыру және қа-
зақстандық экономиканың өзге де 
секторларының көптеген кәсіпо-
рындары тарапынан ұсынылды. Бұл 
көрме қойылымдары нарықтың түр-
лі сегменттерінде отандық өнімнің 
анағұрлым өскенінің жарқын көрінісі 
болды. Мұнда, жеңіл өнеркәсіп тауар-
ларының ауқымды ассортименті көз 
тартады, олар осы салада танылған 
жетекші кәсіпорындармен жасалған, 
олардың алдында көптеген тұты-
нушылардың сенімін жаулап алу 
міндеті тұр, сондай-ақ, тамақ, химия, 
фармацевтика өнеркәсібінің сан түрлі 
өнімдері бар.
Көрмені аралап жүріп, ер 
адамдарға, әйелдерге және бала-
ларға арналған іскерлік, стильді 
және спорттық киімдер, киізден 
және теріден жасалған бұйымдар, 
аяқ киім және косметика, тұрмыстық 
химия, спорттық асай-мүсейлер, 
біздің кәсіпорындармен бүгінде өн-
діріліп жатқан тағысын тағы өнімдер
импорттық  ұқсас тауарлардан кем 
емес, керісінше, олардың көбісінен 
 
жақсырақ екеніне  көз жеткізесің. 
Көрмеге қойылған, жеңіл өнер-
кәсіптің тізгінін жаңадан алған  аста-
налық және аймақтық компания-
лардың трикотаждық және тігін бұй-
ымдарының пилоттық және түйдектік 
үлгілері, тіпті, талғампаз тұтынушы-
лардың сұранысын қанағаттандыра-
ры сөзсіз. 
Премьер-министрдің бірінші 
орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың 
пікірінше, бұл ұлттық бағыттағы тау-
арлардың тұсаукесері емес,  көрмеге 
келушілер мұнда біздің өнеркәсіптің 
өзге индустриалдық-технологиялық 
деңгейге көтерілгеніне куәгер бола 
алады.  
– Біз машинақұрастыру мен мед-
индустрияның өнімдерін көрдік, 
олар Siemens және Philips аналог-
тарынан еш қалыспайды. Өкініш-
ке қарай, біз инерция бойынша, өз 
сұраныстарымызды импорттан іздеп 
табуды жалғас тырып келеміз, ал шын 
мәнінде, меншікті өнеркәсіптеріміз 
көп нәрсені ұсынуға мүдделі. Менің 
ойым 
ша, бұл үлкен перспектива-
лардың бастамасы,– деді Бақытжан 
Сағынтаев.  
– Мемлекет басшысы біз Ұлы дала 
елі болуымыз керек деген ой таста-
ды. «Атамекен» еліміздің бизнес-қа-
уымдастықтарының басын біріктіруші 
ұйым ретінде осы ойды іліп алып ке-
туі керек. Біз бірінші болып осындай 
жауапкершілікті алып, «Ұлы дала елі» 
атауымен осы форумды өткізіп отыр-
мыз. Мен, отандық бизнес, Елбасының 
нұсқауларын орындай отырып, инте-
грация және бәсекелестік жағдайын-
да, биік шоқтықтан көрініп және де 
біздің бабаларымыздың армандары-
ның үдесінен шыға отырып, ұлы қазақ 
даласының даңқын асыратынына се-
немін, – деп атап өтті «Атамекен» ҚР 
кәсіпкерлер ұлттық палатасы басқар-
масының төрағасы Абылай Мырзах-
метов.
Тауарөндірушілердің бірінші фо-
румы барысында ҚР Кәсіпкерлер 
ұлттық палатасы басқармасы төраға-
сының орынбарасы Нұржан Әлтаев, 
Қазақстанда «Ұлы дала елі» ұлттық 
бренді жасалатынын мәлімдеді. 
Оның айтуынша, бұл белгі өнімі 
жоғары сапа стандарттарына сай ке-
летін отандық тауарөндірушілерге 
берілуі тиіс, ал өндірушілер өз кезе-
гінде Қазақстан халқы тарапынан үл-
кен сенім мен қолдауға ие болмақ. 
Роза АМАНОВА
Айдар Ариф-
ханов Қазақстан 
Республикасы-
ның Ұлттық эко-
номика вице-ми-
нистрі болып 
тағайындалды. 
ҚР ҰЛттық 
экономика ми-
нистрі Ерболат 
Досаев министрліктің ұжымына  ұлт-
тық экономиканың жаңа вице-мини-
стрін таныстырды. 
Айдар Арифханов Қазақ мем-
лекеттік басқару академиясын, ҚР 
Сырт қы істер министрлігінің Дипло-
матиялық академиясын үздік бітірген, 
«Болашақ» Президенттік бағдарлама 
шеңберінде Колумбия универси-
тетінде оқып, 2008 жылы экономика-
лық саясатты басқару бағдарламасы 
бойынша мемлекеттік әкімшілік маги-
стрінің дәрежесін алған. 
Әр жылдарда Айдар Арифханов 
ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Пре-
мьер-министрі канцелярия жетек-
шісінің орынбасары, ҚР еңбек және 
әлеуметтік қорғау вице-министрі, 
ҚР Ақпарат және байланыс агенттігі 
төрағасының орынбасары, «Қазақте-
леком» АҚ төрағасы орынбасары қыз-
меттерін атқарған. 
2011 жылдың мамыр айынан 
бастап «Казатомпром» НАК» АҚ 
басқармасы төрағасының экономика 
және қаржы  жөніндегі орынбасары 
қызметінде болған. 
 
ҚР Ұлттық экономика 
министрлігінің 
Баспасөз-қызметі

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
15
ЖАҢАЛЫҚТАР
2015 жылдың 17 қарашасында 
Мемлекет басшысы  «Қазақстан Ре-
спубликасының бірқатар заң актілері-
не оңалту және банкроттық мәселе-
леріне қатысты өзгерістер мен то-
лықтырулар енгізу туралы» Заңға қол 
қойды. 
Үкімет мәжілісінде Қаржы мини-
стрі Бақыт Сұлтанов, процедуралар-
дың азайтылуы және жеңілдетілуі 
қарастырылған заң, кәсіпкерлерге өз 
бизнестерін сақтап қалуға жаңа мүм-
кіндіктер беретінін атап өтті.  Бұған 
Мемлекет басшысы да 18-қарашада 
өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін-
де нұсқау бере отырып, басымдық 
берген еді. 
Заңның жаңа нормалары, бан-
кроттықтың кез келген сатысындағы  
кәсіпорынға, біріншіден – оңалтуға 
көшуге, екіншіден – кәсіпорынды сату 
арқылы меншік иесін алмастыруға 
және бұрынғы брендімен жұмыс-
ты жалғастыруға, үшіншіден – бейбіт 
келісімге қол жеткізу арқылы бұрынғы 
қызметіне қайта оралуға мүмкіндік бе-
реді. 
Сонымен қатар, банкротттыққа 
дейін төлем қабілетсіздігін реттеуге 
абсолютті жаңа мүмкіндік берілген. 
Яғни, борышкер сотқа шыға отырып, 
кредиторлармен өз қарызын өтеу 
мерзіміне қатысты келісім жасасу 
мүмкіндігіне ие болады. Бұл механиз-
мнің ерекшелігі, борышкерге осындай 
келісімнің қолданылу кезеңінде бар-
лық берешек түрлері бойынша өсім-
пұлдарды, айыппұлдарды есептеуді 
тоқтату сияқты мемлекет тарапынан 
қолдау көрсетіледі. 
Жаңа нормаларды қолданысқа ен-
гізу барысында, Қаржы министрлігінің 
үш бұйрығы негізге алынады, олар 
бизнесті сақтау мақсатында банкрот-
ты басқарушылар мен борышкер-
лердің жұмыс тиімділігі үшін қажет. 
Кәсіпорындардың қарызына қа-
тысты қалыптасып отырған бүгін-
гі жағдай алаңдаушылық тудыруда. 
Мәселен, соңғы үш жылдағы заңды 
тұлғалардың міндеттеріне қатысты 
жасалған сараптама, төлеумеушіліктің 
анағұрлым өсімін көрсетіп отыр. Егер 
осыдан үш жыл бұрын міндеттеме-
лердің жалпы сомасы 45 трлн теңгені 
құраса, ал өткен жылдың соңында бұл 
сан 62 трлн теңгеге дейін өскен. Өсім 
темпі 40 %-ға жеткен. 
Министр атап өткендей, 2015 
жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бой-
ынша, төлемеушіліктің негізгі бөлігі, 
қаржылық және сақтандыру қызметі 
саласында – 31,4 % (19,6 трлн. тең-
ге), көтерме және бөлшек саудада –  
15,2 % (9,5 трлн.теңге), көлік және 
қойма  қызметі бойынша – 9,7 % 
 
(6 трлн. теңге) құрап отыр.
Соңғы үш жылда төлемеушілік 
өсімі темпі бойынша «Көлік және қой-
ма» саласы көшбастап отыр – креди-
торлық берешек сомасы 55 % (3,9 тр-
лн-нан 6,1 трлн теңгеге дейін), «Өңдеу 
өнеркәсібі» – 49 % (3,4-тен 5 трлн тең-
геге дейін) өскен. 
Аймақтарда қалыптасып отырған 
кредиторлық берешек бойынша 
жағдайды тілге тиек Қаржы министр-
лігінің жетекшісі, төлемеушіліктің ең 
үлкен үлес салмағы – 62 трлн теңге: 
Алматы – 45,5% (28,4 трлн теңге) мен 
Астана  – 26,2 % (16,4 трлн теңге) қа-
лалары еншісінде екенін атап өтті. Ал 
облыстық аймақтар бойынша Маңғыс-
тау мен Ақтөбе облыстарына – 3,1 % 
(1.9 трлн теңгеден) келіп отыр. 
Атап өтерлігі, Алматы мен Астана 
қалаларындағы кредиторлық бере-
шектіің негізгі сомасын құрап отыр-
ғандар, бұл қаржы және сақтандыру 
қызметтері (14.4трлн. теңге немесе 
50,6 %) және 5 трлн. теңге немесе  
30,8 %, ал Маңғыстау мен Ақтөбе об-
лыстарында – бұл тау-кен өнеркәсібі 
және карьерлерді әзірлеу (1,2 трлн 
теңге -61,7 %) және (1 трлн теңге – 
52,8 %).
Осыған орай, облыс әкімдері мен 
тиісті салаларды бағыттаушы бар-
лық мемлекеттік органдарға,  креди-
торлық берешек өсіміне егжей-тег-
жейлі талдау жүргізу керек болады. 
Бұл ақпаратты мемлекеттік бағдар-
ламалар: «Аймақтарды дамытудың 
бірыңғай бағдарламасы», «Бизнестің 
жол картасы – 2020», «Халықты қамту 
жол картасы – 2020», «Нұрлы жол» 
арқылы кәсіпкерлерді қолдау шара-
ларын жүзеге асыру бойынша шешім-
дерді қабылдау кезінде пайдалануға 
болады. 
Қазыналық органдар тарапынан 
төлеуге қабілетсіз кәсіпорындарға 
жаңа Заң нормаларын, ағымдық қыз-
меттерін жалғастыру үшін олардың 
мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша 
түсіндіру шаралары қабылданатын бо-
лады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет