Микробиология тарихында Рим профессоры


Температураға төзімділігіне байланысты микроағзаларды топтастырып сипаттаңыз



бет34/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Байланысты:
микро

2. Температураға төзімділігіне байланысты микроағзаларды топтастырып сипаттаңыз.
Температураның әсері. Көптеген микроорганизмдер адамға жағымды температурада жақсы өседі. Ал баскалары үшін одан төмен не жоғары температура да өсу үшін колайлы болады.
Температураның әсерін үш көрсеткішпен, минимум, оптимум және максимуммен, сипаттайды. Осы үш көрсеткішті негізгі нүкте деп те атайды. Оптимум - бактериялардың тіршілік әрекетіне өте колайлы жағдай. Температура оптимумнан жоғарыласа немесе төмендесе өсу жылдамдығы төмендей түседі де, бірте-бірте нөлге жетеді
Минимуммен салыстырғанда, оптимум максимумға жақындау болады. Температура өскен сайын ферменттік реакциялардың жылдамдығы арта бастайды. Соның салдарынан барып протеиннің, нуклеиннің және басқа да клетка компоненттері мен қышқылдарының түзілуі тежеледі. Сонымен, өсу жылдамдығы тек белгілі бір температураға дейін өседі, ал температура әрі карай жоғарыласа, өсу процесі тежеледі де, протеиндер денатурацияға ұшырайды. Осыған керісінше төменгі температураның да кері әсері бар, ол мембранадағы липидтердің қоюлануына әкеледі.
Әр түрлі микроорганизмдердің өздеріне тән минималды, оптималды және максималды температурасы болады. Осы қасиетіне байланысты микроорганизмдерді үш топқа бөледі: психрофилдер, мезофилдер және термофилдер
Психрофилдер. Бұл топка жататын микроорганизмдердің барлығы 0°С температурада өсе алады. Температураның оптимумы мен максимумына қарай оларды облигатты психрофилдер және психротрофтар деп екі топқа бөледі. Облигатты психрофилдер үшін ең қолайлы (оптималды) температура - 15°C, одан артса, клеткалар зақымданады. Бөлме температурасында, яғни 20°С-де өспейді. Мысалы, температура көтерілгенде, Vibrio psychroerythrus (вибрио психроэритрус) пен Bacillus psychrophilus-тың (бациллус психрофилус) клетка бөлінуі нашарлайды, жіпше пішіндері пайда болады, ал температура максимум нүктесіне жеткенде, клеткалары ериді (лизиске ұшырайды).
Психротрофтарға жататын бактериялар 0°С-де өсе алады, бірақ оптималды температурасы-25°С, ал максималды температурасы 30-35°С аралығында. Психротрофтар тоңазытқышта да, төмен температурада өсіп, ондағы сакталатын тағамдарды бүлдіреді.
Психрофилдердің төмен температурада өсуі олардың ерекше қасиеттеріне байланысты: мембранадағы липидтер қаныққан майлы қышқылдарға бай, ферменттер мен қоректік заттарды мембранадан өткізуші белоктардың белсенділігі төмен температураға бейімделген.
Мезофилдер. Бактериялардың басым көпшілігі мезофилдерге жатады. Олар үшін оптималды өсу температурасы 25 - 35°С, максималды 40 - 50°С аралығында, ал минималды температура 10°С болып саналады.
Термофилдер. Бұл топқа жоғары температурада жақсы өсетін бактериялар жатады. Оларды біркелкі экстремалды термофилдер мен термотолеранттыларға бөледі. Біркелкі термофилдер үшін оптималды температура - 40-45°С, максималды - 55-60°С, ал минималды температура - 30-80°С. Экстремалды термофилдер 70 80°С-ден жоғары температурада өсе алады. Кейбір термофилдер үшін 90°С шамасындағы температура оптималды температура болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет