Микробиологиялық зерттеу тәсілдері Микробиологиялық зертханаға алып келінген материалды дұрыс зерттеп, анық диагноз қою үшін зерттеуге арналған материалдың түрін (зерттеу барысында материалдың алынған жерін ескеру керек, себебі таза яғни стерильді сұйықтықтардан (қан, плевралық сұйықтық, жұлын сұйықтығы) микроорганизмдер анықталса, ол ауруды білдіреді.
Ал қақырықта, нәжісте, жұтқыншақта, тері және шырышты қабаттың бетінде шартты-патогенді микроорганизмдер болғандықтан оны патогенді микроорганизмдерден ажырата білу тиіс), науқастың алғашқы клиникалық диагнозын ескере отырып келесі 4 тәсілдер қолданылады:
Айтылған әдістер бір-бірінен зерттеу уақытының ұзақтығымен, сезімталдығымен, ақпараттылығымен ажыратылады.
Микроскопиялық тәсіл — микроорганизмнің морфологиялық, тинкториальдық қасиеттерін білдіреді. Зерттелінетін материалдан жүғынды дайындап, оны бояп (немесе боямай — нативті) микроскоп арқылы көруге негізделген.
Микроскопиялық тәсіл – патологиялық материалдан микроағзаларды микроскоп арқылы көруге болады. Вирустарды электронды микроскоппен көруге болады. Бұл тәсілдің артықшылығы: зерттеу небары 30-60 минутты талап етеді. Егер иммунофлюоресценттік зерртеу тәсілін (ИФА) колданса микроскопиялық тәсілдің нәтижесінің дәлдігін артады. Кемшілігі: диагноз қою үшін микроорганизмдер туралы ақпараттың кемдігі.
Микробиологиялық тәсіл — (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық) — өте тиімді, ақпараттылығы өте жоғары тәсіл, микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты идентификациялауға (талдауға) негізделінген.
Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның патогенділігін лабораториялық жануарлар арқылы (in vivo), немесе қоректік орта арқылы токсин түзілуін (in vivo), зерттеу арқылы, сонымен қатар антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға және фаготипирлеуге болады.Микологиялық зерттеу бактериологиялық зерттеуге қарағанда жеңілдеу, себебі көбінесе микоздарда микроскопиялық тәсіл жеткілікті.
Микробиологиялық зерттеу тәсілінің көмегімен бактериотасымалдаушыларды анықтауға болады.
Кемшілігі: жұмысының көптігі және ұзақ уақыт алатандығы.